ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫЛЫҚТАР!
Алматы қаласының әкімдігі «2017-2020 жылдарға арналған Алматы қаласы жастарын қолдаудың жол картасы» бойынша «Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру шеңберінде e-gov.kz электрондық үкімет порталының қолдауымен ww.almaty-zhastary.kz өтінімдерді қабылдау сайты арқылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – «ТҮҚЖБ» АҚ) арқылы тұрғын үй алуға Алматы қаласының жастарынан 2017 жылғы «23» қазаннан бастап «3» қараша аралығында өтініштер мен құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.
«АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАРТТАРЫ
35 жастан аспайтын Алматы қаласының жастары қатысады;
Бюджет – кем дегенде 1 млрд. теңге;
«ТҮҚЖБ» АҚ-да қарыздың максималды сомасы –10 млн. теңгеге дейін;
Несиенің пайыздық мөлшерлемесі – 5%;
Кепілді қамтамасыз етуі – сатып алынатын тұрғын үй. Кепілді қамтамасыз етуі жетпеген жағдайда, жылжымайтын мүлік немесе «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да тұрғын үй құрылыс жинақтары түрінде қосымша кепіл қажет.
Өтініштерді және құжаттарды беру электрондық үкіметтің egov.kz
порталы және Алматы қаласы әкімдігінің www.almaty.gov.kz. порталының көмегімен www.almaty-zhastary.kz өтінімдерді қабылдау порталы арқылы жүзеге асырылады. www.almaty-zhastary.kz өтінімдерді қабылдау порталында авторизация электрондық цифрлік қолтаңба арқылы жүргізіледі. Оны ХҚО-дан алуға болады.
Тұрғын үйді Қатысушылар пайдалануға жаңадан енгізілген тұрғын үй кешендерінен бастапқы нарықта өз еркімен таңдайды.
«АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУ ҮШІН МЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІМ ҚАНДАЙ?
«Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасының қандай талаптарына мен сай болу керекпін? (құжаттар, құжаттардың жарамдылық мерзімдері, құжаттарды қалай тапсыру және басқа да талаптар)
Келесі талаптарға сай келетін Алматы қаласының жастарынан 10 жұмыс күні ішінде құжаттар мен өтініштер қабылданатын болады:
Өтініш беру кезіне Қатысушы және жұбайының жасы 35 жасқа дейін болуы тиіс. Бағдарламаға қатысуға негізгі Қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
Өтініш беру кезіне ерлі-зайыптылардың екеуінде де, Алматы қаласында кем дегенде 1 жыл тұрақты тіркеудің болуы, сондай-ақ онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (кәмелетке толмаған балалар және т.б.) Алматы қаласында тұрақты тіркеудің болуы;
Қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайының, кәмелетке толмаған балалардың), сондай-ақ отбасы мүшесіне қосылған және өтініште кқрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында сатып алумен жалдамалы тұрғын үйдің немесе меншік құқығында тұрғын үйдің (ортақ бірлескен меншіктегі, тұрғын үйдің бірлігі ретінде осы тармақта көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлестің) болмауы. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатымен тұрғын үйге мұқтаж азаматтар Бағдарламаға қатыса алмайды;
Қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайының, кәмелетке толмаған балалардың), сондай-ақ отбасы мүшесіне қосылған және өтініште кқрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағында соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығына тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару немесе тұрғын үй-жайларды ауыстыру арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;
Қатысушының Алматы қаласында ресми жұмысының өтілі кем дегенде жарты жыл немесе кем дегенде жарты жыл мерзіммен Алматы қаласында тіркелген қолданыстағы ЖК.
Аталған талап «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабының 2), 3), 4), 6), 9) тармақшаларында көрсетілген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына, атап айтқанда:
1 және 2 топтағы мүгедектерге;
мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасыларға;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы/балалары бар көп балалы отбасыларға;
1 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы/балалары бар толық емес отбасыларға қарастырылмайды.
Кепілді қамтамасыз етуі сатып алынатын тұрғын үй болып табылады. Кепілді қамтамасыз етуі жетпеген жағдайда, жылжымайтын мүлік немесе «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да тұрғын үй құрылыс жинақтары түрінде қосымша кепіл қажет.
Мен құжаттарды тапсыру үшін қандай құжаттарды дайындау керекпін?
Өтініш пен құжаттар www.almaty-zhastary.kz порталы арқылы тапсырылатындықтан, негізгі құжаттар (жеке куәлік, 2008 жылдан кейін туған балалардың туу туралы куәліктері, 2008 жылдан кейін тіркелген неке туралы куәлік) ЭҮӨШ порталымен автоматты түрде қалыптасады және өтінімге қоса тіркеледі. Қатысушыға тек келесі сканерленген құжаттарды (фотосуреттер және ақ-қара түсті сканерленген құжаттар қарастырылмайды):
1) еңбек өтілін, шығыс нөмірін және берілген күні өтініш пен құжаттарды тапсыру кезіне 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімді көрсетумен ұйымның реквизиттерімен ресми бланкіде өтініш берушінің жұмыс орнынан анықтама. Ресми бланкі болмаған жағдайда, анықтамада ұйымның мөрлері болуы тиіс.
2) өтініш пен құжаттарды тапсыру кезіне бір ай бұрын берілген шоттың жағдайы туралы «ТҮҚЖБ» АҚ-дан үзінді көшірме.
3) некеге тұру (некені бұзу), жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік;
4) балалардың туу туралы куәліктері, қамқорлықты белгілеу туралы әкімнің өкімі;
5) минимум жарты жылға қызметі бойынша айналымдарымен декларацияны (кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған режимі немесе салық салудың ортақ белгіленген тәртібі бойынша жүргізген жағдайда) немесе есеп айырысуларды көрсетумен, ЖК болуы туралы хабарлама;
6) белгіленген нысан бойынша өтініш берушіде немесе балада/балаларда мүгедектіктің немесе ҚР Үкіметінің қаулысында көрсетілген созылмалы аурулардың кейбір ауыр түрлерінің болуын растайтын анықтама.
7) жеке куәлік, 2008 жылға дейін туылған балалардың туу туралы куәліктері, 2008 жылға дейін тіркелген неке туралы куәлік және эектрондық үкіметтің порталы автоматы түрде шығармайтын құжаттар.
«Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға кезек қалай анықталады?
Тізімге қосу кезегі жинаған балл санымен анықталады. Өтініш берушілердің балл саны бірдей болған кезде, мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметкерлерге, меншік нысанына арамастан білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне жататын қатысушылардың басымдығы болады.
Соңғы тізімге қосу туралы шешім ең көп дауыспен Алматы қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясы қабылдайды.
Менің балл саным қалай есептеледі?
Өтініш берушілердің тізімі балл жүйесін (ең көп балл саны бойынша) есепке алумен жасалады.
КРИТЕРИЛЕР
|
БАЛЛ САНЫ
|
тіркелген некедегі әр жылға
|
2
|
бірінші балаға
|
10
|
әр келесі балаға
|
15
|
Алматы қаласындағы ұйымдардағы өтілдің әр жылына *
|
2
|
Алматы қаласындағы басқа мекемелердегі өтілдің әр жылына
|
1
|
халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жатқаны үшін **
|
10
|
Алматы қаласында қолданыстағы жеке кәсіпкерліктің (ЖК кем дегенде бір жыл жұмыс істеу керек) әр жылына
|
1,5
|
Алматы қаласында тұрақты тіркеудің әр жылына
|
1
|
«ТҮҚЖБ» АҚ-да шотқа бастапқы жарнаның әр 5 %, сонымен бірге минималды бастапқы жарна 10%-дан. (1 млн.теңгеге жуық)
|
10
|
*оларға: мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, меншік нысанына арамастан білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері;
** осы хабарландырудың 5 тармағында халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары көрсетілген.
Құжаттарды тапсырғандардың тізімін қайдан көре аламын?
Төлем қабілеттілік бағасын өтуге жолдама алу үшін өтініш берушілердің алдын ала тізіміне қосылған Қатысушалырдың тізімдері Алматы қаласы Әкімдігінің (www.almaty.gov.kz), Алмат қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының (www.uzh-almaty.kz), "Алматы Жастары" бағдарламасы бойынша құжаттарды өткізу сайтында (www.almaty-zhastary.kz) және "ТҮҚЖБ» АҚ» (www.hcsbk.kz) сайттарында орналастырылады.
Мен құжаттарды тапсырдым, келесі қадамым қандай? Төлем қабілеттілік бағасын қалай өтемін?
Жолдама немесе негізделген бас тарту ЭҮӨШ порталында жеке кабинете беріледі. Жолдама алған өтініш берушілерге төлем қабілеттілік бағасын өту үшін «ТҮҚЖБ» АҚ-ның кез-келген қызмет көрсету орталығына 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүгіну қажет. Мекенжайлар тізімі https://www.hcsbk.kz/contacts/ сайтынан алуға болады.
Банкке бармаған жағдайда, Алматы қаласының әкімдігі жолдаманы тізім бойынша келесі Қатысушыға беруге құқылы.
Алдын ала тұрғын үй қарыздарын алу үшін «ТҮҚЖБ» АҚ-ға алып келетін құжаттар:
Клиенттің және клиент жұбайының жеке басын куәландыратын құжат (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
Некеге тұру / Некені бұзу туралы куәлік / Қайтыс болу туралы куәлік (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
Балалардың туу туралы куәліктері (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
e-gov.kz веб-порталынан мекенжай анықтамасы, 3 ай аралығында жарамды;
Отбасының барлық мүшелеріне (жұбайына, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларға) ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің жоғы (бары) туралы анықтама 1 күнге жарамды;
Барлық ұсталған соманы көрсету арқылы жалақы туралы анықтама (соңғы 7 немесе 13 айға);
e-gov.kz веб-порталынан клиенттің және клиент жұбайының зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме (соңғы 6 немесе 12 айға);
«Бірінші несие бюросы» ЖШС-дан несие тарифы e-gov.kz веб-порталында немесе ХҚО-да беріледі.
Қосымша (болған жағдайда): 1. Зейнетақы кітабы немесе зейнетақы куәлігі (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері); 2. зейнетақы мөлшері туралы ЕДБ карта шотынан үзінді көшірме немесе хейнетақы мөлшері туралы ЗТМО-дан анықтама; 3. Шәкіртақы мөлшерін растайтын құжат; 4. Біліктілікті көтеруге жолдама туралы бұйрық және қызметті сақтау туралы анықтама;
Шоттан үзінді көшірмемен тұрғын үй төлемдерін алу туралы анықтама (6 айға және одан көп).
Табыстарды растаған жағдайда, жеке кәсіпкерлерге «ТҮҚЖБ» АҚ-ға келесі құжаттар алып келу қажет:
ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
Қарыздың жоғы туралы салық органынан анықтама;
Соңғы есепті жылға салық есебі (200 н., 240 н., 220 н.);
Соңғы есепті жылға табысты көрсетумен кәсіпкерлік қызметке патент;
Салық органының белгісімен соңғы есепті жылға декларация (911.00 нысан) (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
Кіші бизнес субъектілері үшін соңғы есепті жылға оңайлатылған декларация (911.00 нысан);
Салық төлеуші салық есебін бергені туралы хабарлама (растау);
Жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттары/ ЖК және СЗЛ кәсіпкерлік қызметін жүргізу орындары және/немесе жылжымайтын мүлікті жалдау шарттарының көшірмелері/ бизнес орындары (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
Кәсіпкерлік қызмет объектісінің фотосуреттері (6 және одан көп дана, ішінен және сыртынан);
Ағымдағы лицензия, егер аталған қызмет түрі лицензиялауға жататын болса (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
Банктік шот бойынша үзінді көшірме;
Жеке қызметті растайтын қолданыстағы шарттар/келісімшарттар (болған кезде) (құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері);
Кассалық аппараттың деректері (Банк маманы шығу уақытының алдындағы уақыт аралығына алдыңғы күнге және сол күнге)
Несие өтінімін берген айдың алдындағы соңғы 3 күнтізбелік айға табыстар /шығыстар туралы жазбалар (осы тармақшаның 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды беруге мүмкіндік болмаған жағдайда беріледі).
«ТҮҚЖБ» АҚ-ға жолдамамен жүгінгеннен және төлем қабілеттілік бағасын өту үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде Несие комитетінің оң шешімі кезінде қатысушыға банктік біліктілікті өту туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) беріледі.
Төлем қабілеттілік бағасын өткеннен кейін менің келесі іс-әрекеттерім қандай?
Қатысушы банктік рәсімді өтпеген жағдайда, Әкімдік тізім бойынша келесі Қатысушыға жолдама беруге құқылы.
Банктік біліктілікті өткеннен кейін хабарламаны алған кезден 10 (он) жұмыс күні ішінде Қатысушы тұрғын үйді таңдауға және «ТҮҚЖБ» АҚ-ға құжаттарды тапсыруға міндетті.
Егер Қатысушы белгіленген мерзімде тұрғын үйді таңдап үлгермесе, Әкімдік келесі Қатысушыға жолдама беруге құқылы.
7 (жеті) жұмыс күні ішінде Қатысушы және «ТҮҚЖБ» АҚ банктік қарыз шартын, жылжымайтын мүліктің кепіл шартын дайындайды және жылжымайтын мүліктің кепіл шартын жасасады.
Жылжымайтын мүліктің кепіл шарты 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органда және ХҚО-да міндетті тіркеуден өтуі керек. Жылжымайтын мүліктің кепіл шартын алып келген соң, банк Қатысушыға қарыз береді.
Пайда болған сұрақтарға жауаптарды қайдан ала аламын?
Қосымша ақпарат үшін келесі телефондары арқылы хабарласыңыз:
ТЕЛЕФОН
|
МЕКЕМЕ
|
+7 (727) 380 05 23
+7 (727) 380 05 02
|
Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы
|
300
8-8000-801-880
|
«ТҮҚЖБ» АҚ тегін сенім телефондары
|
Достарыңызбен бөлісу: |