3
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 14 қаңтар 2016 жыл
АҚпАрАт
Облыс
педагогтары кеңесті
Кеше «Нұр
Отан» партиясы
облыстық филиалы
ғимаратының
үлкен залында
ел президентінің
«Қазақстан жаңа
жаһандық нақты
ахуалда: өсім,
реформалар, даму»
атты Жолдауында
көрсетілген мақсат-
міндеттерге орай
өңірдегі білім беру
қызметкерлерінің
кеңейтілген
кеңесі өтті. Оған
облыс әкімінің
орынбасары
Бақтияр Мәкен
арнайы қатысты.
Жиынға
облыстық білім
басқармасының
басшысы Айгүл
Мыңбаева
төрағалық етті.
Білім беруді жаңғырту үдерісі
«100 нақты қадам» Ұлт жоспа
рында нақты көрсетілді. 76, 77,
78, 79, 89қадамдар – білім беру
саласындағы 5 қадам – Эконо
микалық ынтымақтастық және
даму ұйымдары (ЭЫДҰ) елдерінің
стандарттары негізінде адами ка
питал сапасын көтеру жолдарын
анықтады. Онда 12 жылдық білім
беруге көшу арқылы функционал
дық сауаттылықты дамыту тетік
тері белгіленген. «100 нақты қа
дам» Ұлт жоспарында көрсетілген
тапсырмалар Қазақстан Республи
касында білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасында да
қамтылған, деді жиында сөз алған
облыстық білім басқармасының
басшысы Айгүл Мыңбаева.
«Техникалық және кәсіптік
білім беру жүйесінің еңбек
нарығы мен экономика саласын
дамытудағы рөлі» тақырыбында
баяндама жасаған облыстық білім
басқармасы басшысының орынба
сары Нұрлан Сабыров Елбасы өз
Жолдауында нақты атап көрсеткен
техникалық және кәсіптік білім
беру екі бағыт бойынша жүзеге
асырылатынына тоқталды. Оның
біріншісі техникалық және кәсіп
тік мамандарды даярлау жүйесін
дамыту болса, екіншісі – техни
калық және кәсіптік білім беру
жүйесін жаңғырту.
Ағымдағы оқу жылы өңірдегі
38 колледжде 20,5 мың студент
77 мамандық бойынша білім алу
да. Олардың 47 пайызы техника
лық, технологиялық және ауыл
шаруашылығы мамандығы бағы
тында оқиды. Бұл оқу орындары
кәсіпорындармен, шаруа қожа
лықтарымен және жеке кәсіпкер
лермен мамандарды даярлау ба
ғытындағы ынтымақтастық жөнін
де 1,6 мыңнан астам келісімшарт
жасасқан. 2015 жылы облысымыз
дың сегіз ауданында аудан әкім
дері, мектеп директорлары, фер
мерлік шаруашылықтардың же
текшілері және кәсіпкерлердің
қатысуымен ауылдық колледж
дердегі мамандарды даярлау жә
не оларды жұмысқа орналастыру
жөніндегі кеңейтілген отырыстар
өткізілген. Аталған мәселелер ау
дандық әкімдіктер тарапынан кең
қолдау тапқан. Бұл жұмыстар биыл
да жалғасын таба бермек.
«Халықты жұмыспен қамту –
басты мақсатымыз» тақырыбын
да баяндама жасаған облыстық
жұмыспен қамтуды үйлестіру жә
не әлеуметтік бағдарламалар бас
қармасының басшысы Жанболат
Иманғалиев жаңа Жолдаудың бас
ты ерекшелігі ретінде еліміздің
экономикасын одан әрі дамыту,
көзделген жобаларды жүзеге асы
ру, «Нұрлы жол» бағдарламасы,
жаңа жұмыс орындарын құруды
ескеру керектігін айтты. Оның
айтуынша, өңірде азаматтарды
әлеуметтік тұрғыдан қолдауды
кеңейту бағытында 2016 жылы
еңбек нарығында сұранысқа ие
мамандықтар бойынша 650ден
астам адам оқытылатын болады.
Ағымдағы жылда халықтың әлеу
меттік қолдауды қажетсінетін бө
лігіне жататын адамдарды, соның
ішінде қызметтен босағандарды
жұмысқа орналастыратын мыңнан
астам әлеуметтік жұмыс орында
рын ашу жоспарланған. Жастар
тәжірибесі бойынша жұмыс жа
сауға мыңнан астам түлек жол
данбақ. Ал қоғамдық жұмыстарға
жеті мыңға жуық жұмыссыздар
ды тарту жоспарланған.
Облыстық білім басқармасы
басшысының орынбасары Зәуре
Ғұмарова еліміздің “Білім туралы”
заңына енгізілген өзгертулер ту
ралы баяндады. Өткен жылдың
13 қарашасында қабылданған өз
гертулер көптеген мәселелерді
шешуге мүмкіндік берген. Атап
айтқанда, әдістемелік кабинет, сы
нып жетекшісі, мұғалімдердің мәр
тебесін анықтау, мектеп форма
сы жөніндегі толықтырулар мен
өзгертулер білім беру жүйесінің
тиімділігін арттырмақ. Аталмыш
заңда көрсетілгендей, Білім және
ғылым министрлігі міндетті мек
теп формасына қатысты талап
тарды әзірлеп бекітеді. Мектеп
формасы оқушылардың ортақ қо
ғамдық іс пен міндеттерді сезінуін
арттырмақ. Олардың арасындағы
киім киюдегі өзара бақталастық
пен қызғанышты, сондайақ ма
териалдық жағдайы әр түрлі от
басы балаларының сыртқы ерек
шеліктерін жояды.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспа
рынан туындайтын кәсіби мем
лекеттік аппарат қалыптастыру
бойынша 15 қадамды іске асыру
дағы жұмыстар туралы ҚР Мемле
кеттік қызмет істері және сыбай
лас жемқорлыққа қарсы ісқимыл
агенттігінің облыс бойынша де
партамент басшысының орынба
сары, тәртіптік кеңес төрағасы
ның міндетін атқарушы Мерболат
Нұртазин баяндап өтті.
М. Өтемісов атындағы БҚМУ
дың доценті, аға оқытушы Тұрар
бек Шайхиев облыстағы білім са
ласы қызметкерлерінің сыбайлас
жемқорлыққа қатысты пікірлерін
зерттеу нәтижелеріне тоқталды.
Өткен жылдың бекітілген жоспа
рына сай облыстық ішкі саясат
басқармасы өңірдегі сыбайлас
жемқорлық көріністері туралы қо
ғамдық пікірді айқындау мақса
тында осы әлеуметтік зерттеуді
жүргізген. Зерттеу қорытындысы
на сай батысқазақстандық педа
гогтар жемқорлықты шенеунік
тер аппаратының ісәрекетімен,
мемлекеттік қызметтермен бай
ланыстырған. Респонденттердің
көпшілігі сыбайлас жемқорлықтың
ең көп тараған жүйелері деп жер
гілікті атқарушы және құқық қор
ғау органдарын атаған. Зерттеу
мәліметтеріне сәйкес, азаматтар
мәселені заңды жолмен шешуге
уақыттың немесе басқа жолдың
болмауы себепті және солай қа
лыптасқандықтан пара береді. Об
лыс
мұғалімдері
билік
органдарының сыбайлас жем
қорлықпен күресін ақпараттан
дырудағы облыстық БАҚ қызмет
теріне қанағаттанады. Респон
денттер соңғы 34 жылда облыс
тағы сыбайлас жемқорлық факті
лерінің көбейгендігін айтқан. Олар
көп жағдайда мұндай фактілер
ді БАҚ мәліметтері мен жақын
ортаның әңгімелеріне негіздейді.
Жолдаудан туындайтын мін
деттер өте ауқымды. Экономика
лық өсім, табысты реформалар
және тұрақты даму кешенді жос
пардың басты мақсаттары бол
мақ. Бүгінге дейін Ұлт жоспары
аясында 80нен астам заң шыға
рылды. Олар 2016 жылдың 1 қаң
тарынан бастап жұмыс істей бас
тады. Жаңа заңдар мемлекеттік
атқарушы органдарға, бизнес, бі
лім беру, денсаулық сақтау және
тағы басқа салаларға мол мүмкін
діктер беретін болады. Мемлекет
басшысы адами капиталға инвес
тицияларды тартуды әлеуметтік
саясаттың негізгі басымдылығы
ретінде белгілеп келеді. Осыған
байланысты әрбір білім беру
ұйымы, мемлекеттік орган, жалпы
қоғам бірігіп, аталмыш мақсатта
жұмыстануы керек. Әлеуметтік,
экономикалық мәселелердің тү
бінде азаматтардың білім, білікті
лік пен сауаттылық деңгейі тұрға
ны мәлім. Бәсекеге қабілетті қо
ғам құру, нарықтық сұранысқа ие
мамандарды даярлау, кәсіпкер
лікті дамыту, сыбайлас жемқор
лық көріністеріне әрдайым қар
сы тұру – өзімізге байланысты
өзекті мәселе. Қазіргі таңда бір
жеңнен қол, бір жағадан бас шы
ғарып, жұмысқа жұмыла кірісуіміз
қажет, деді жиынды қорытынды
лаған облыс әкімінің орынбаса
ры Бақтияр Мәкен.
Нұрлыбек РАХМАНОв,
Нұртас сАФУЛЛиН,
«Орал өңірі»
суреттерді түсірген
темірболат тОҚМАМБЕтОв