Октябрь кенті әкімінің
2009 жылғы «____» ___________№_____
шешімімен бекітілген
«Октябрь кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламенті
Жалпы ережелер
1. Октябрь кенті әкімінің аппараты (бұдан әрі – Аппарат) кент әкімінің ақпараттық - талдау, ұйымдық- құқықтық және материалдық - техникалық қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады.
2. Аппарат қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңымен, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы регламентпен ретттеледі.
3. Кент әкіміне арналған хат – хабарларды, соның ішінде әртүрлі байланыс арналары бойынша келіп түскен хабарламаларды қабылдау, өңдеу және тарату және мәліметтерді беру, іс жүргізуді ұйымдастыру осы регламентта көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Аппаратта іс жүргізу мемлекеттік тілінде жүзеге асырылады, қажеттілік болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса берілуі мүмкін. Номативтік актілерді қоспағанда, фирма бланкісінде құжаттардың мәтіні тек қана мемлекеттік тілінде жүзеге асырылады.
5. Сотттарда аппарат мүдделерін қорғау және ұсыну кент әкімі немесе кент әкімінің сенімхаты бойынша апарат қызметкерлері жүзеге асырады.
6. Кент әкімі аппаратының лауазымды адамдары кент әкімімен белгіленген міндеттерге, бөлінген міндеттерге сәйкес міндеттерді орындайды.
Әкім ұзақ уақыт болмаған кезінде немесе өз міндеттерін орындау мүмкіндігі болмай қалғанда, кент әкімінің немесе жоғары тұрған мемлекеттік органның тапсырмасы бойынша оның өкілеттігін бас маман жүзеге асырады.
7. Аппарат қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары кент әкімімен әзірленеді және бекітіледі.
2. Кіріс хат – хабарларды қарау және
шығыс хат – хабарларды жөнелту
8. Кент әкіміне, аппаратқа арналған хат –хабарларды, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және хаттарын бас ман тіркейді және орындау мерзімі мен орындаушы көрсетіліп нақты тапсырмаларды (қарарларды) анықтау және қарау үшін кент әкіміне беріледі.
9. Егер мәселе белгіленген құзыретінің шегінен шықса, онда әкім үш күннің мерзімінде өтініш берушіге міндетті хабарлама жолдап, құзыретті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға өтінішті жолдауға тапсырады.
Аппаратқа құжаттарды қайтаруға қажеттілік болған жағдайда, оның үстіне тиісті белгі қойылады.
10. Қарарға сәйкес құжаттардың сақталуы үшін жауапкершілік орындаушыларға жүктеледі.
11. Қызметтік құжаттарды бақылаудан кент әкімі алып тастайды.
12. Құжаттарға кент әкімі қол қояды, оның жоқ болған кезінде кент әкімі аппаратының бас маманы.
13. Бас маман қол қойылған күнінен аппараттың барлық хат – хабарларын жөнелтеді, жеделхаттар және шұғыл хат –хабарлар дереу қабылданады және жіберіледі.
14. Бас маман белгіленген тәртіпте қызметтік құжаттардың өтуі үшін жүйелі қадағалайды, жұмыс жағдайын талдайды, ол туралы кент әкіміне хабарлайды.
15. Кент әкімі аппарат құжаттарын көбейтуге және көшіруге рұқсат береді.
16. Аппараттың ресми бланкілерін алған орындаушылар мақсатты пайлану үшін жеке жауапты болады.
3. Жұмысты жоспарлау
17. Аппарат негізгі іс- шаралардың жылдық, тоқсандық айлық жоспарлар бойынша жұмыс істейді.
18. Кент әкімі аппаратының жұмыс жоспарлары кент әкімімен бекітіледі. Аппарат қызметкерлері жоспарларды қалыптастыру кезеңінде аппараттың жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді.
19. Аппарат жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау кент әкімі жүзеге асырады.
20. Аппараттың жұмыс жоспарының бір данасы Лисаков қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру - бақылау және кадрлармен жұмыс бөліміне жіберіледі.
4. Кент әкімінің өкімдерін және шешімдерін әзірлеу,
ресімдеу, көбейту және тарату тәртібі
21. Кент әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, « Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, ресімдеу, келісу, тіркеу және жариялау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, сонымен қатар кент әкімімен бекітілген іс жүргізу бойынша нұсқаулығына және регламентіне сәйкес әзірленеді.
22. Кент әкіміне қол қоюға енгізілген жобалар мүдделі органдармен келісілген, белгіленген үлгідегі бланкта мемлекеттік және орыс тілдерінде басып шығарылған, түзетулер болуға тиісті.
23. Белгіленген мерзімде жобаларды уақытылы сапалы әзірлеу және әкімге ұсыну, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобалар мәтіннің түпнұсқаға сайма - сай болуына кент әкімі аппаратының бас маманы жауапты болады.
24. Әкімінің шешімдеріне және өкімдеріне кент әкімі қол қояды.
25. Кент әкімімен бекітілген жіберілімге сәйкес расталған әкім шешімдерінің және өкімдерінің көшірмелері кент әкімі аппаратының бас маманы жіберіледі.
Әкім шешімдерінің және өкімдерінің түпнұсқалары кент әкімі аппаратының бас маман істерінде сақталады.
Құжаттарды уақытылы шығару және хат алушыларға тарату үшін кент әкімі аппаратының бас маманы жауапты болады.
26. Жалпы міндетті маңызы, ведомствоаралық сипаты бар немесе азаматтардың міндеттеріне және құқықтары мен бостандықтарына қатысты кент әкімінің барлық актілері әділет органдарында тіркеуге және бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрінде жариялануға тиісті.
27. Мемлекеттік тіркеуге жататын әкім шешімдері кент әкімінің қолы қойылған негіздеме – анықтамасымен және ілеспе хатпен бірге мемлекеттік және орыс тілдерінде 3 данада әділет басқармасына жіберіледі.
28. Нормативтік актілерде белгіленген мерзімде немесе қол қойылған күнінен бастап кент әкімінің шешімдері мен өкімдері қолданысқа енгізіледі.
29. Қабылданған шешімдерінің, өкімдерінің жобаларына осы регламент талаптарының бұзушылықтарымен енгізілген үшін орындаушы (жобаны әзірлеуші) жауапты болады.
30. Кент әкімінің рұқсатымен ертерек жіберілген шешімдерді, өкімдерді
(техникалық қателер кезінде) ауыстыру жасалуы мүмкін, ондай жағдайда жіберілген алғашқы құжаттар кент әкімінің аппаратына кері қайталып алынуы тиісті.
5. Ұйымдастыру, бақылау, орындау тәртібі
31. «Қазақстан Республикасының Президент тапсырмаларының және актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Презиндентінің нормативтік құқықтық Жарлықтарының мониторингін жүргізу, Қазақстан Республикасының Президент актілердің және тапсырмалардың жобаларына қол қоюға ұсыну, келісілу, әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, Облыс әкімдіктің және Лисаков қаласының регламітіне, осы регламентке және аппаратта іс жүргізу бойынша нұсқаулыққа сәйкес заңнама актілердің, Президент, Үкімет, Қазақстан Республикасының Премьер – Министр, Қостанай облысының және Лисаков қаласының әкім мен әкімдік актілердің орындалуы ұйымдастырылады.
32. Заңнамалық актілер, Республика Президентінің, Үкіметінің, Республика Премьер-Министрдің, әкімдіктердің және облыс, қала әкімдердің актілері мен тапсырмалары және кент әкіміне нақты тапсырмасы бар мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың тапсырмалары бақылауға алынады.
33. Орындау бойынша нақты шаралар қолдануды талап етілетін кіріс құжатта әкімінің карары болса, «Бақылау» деген белгі қойылады және құжаттардың орындалуын бақылау журналына мәселелердің мазмұны енгізіледі.
34. Бақылау журналында құжаттың орындалу барысы белгіленеді.
35. Бөлінген міндеттерге және лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес келіп түскен құжаттардың орындалу мерзімін бақылауды кент әкімі аппаратының бас маманы жүзеге асырады.
36. Бақылау үшін жауапты тұлға бақылауға қойылған құжатты алғаннан кейін үш күндік мерзімде құжаттың орындалуын ұйымдастыру бойынша белгіленген шаралар туралы кент әкіміне хабарлайды.
37. Бақылау құжаттардың орындау мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер - Министр Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы органдарында құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықпен регламенттеледі.
38. Әкім тапсырмаларында құжаттардың орындау мерзімдері белгіленеді.
Мерзімі белгіленбеген жағдайда, құжаттың келіп түскен күнінен есептеліп, орындау мерзімі бір айлық мерзім белгіленеді, «жедел» грифі болған уақытта он күндік мерзімде.
39. Белгіленген мерзімде тапсырма орындалмаса, онда тапсырманың орындалуы үшін жауапты тұлға (не оның міндетін атқарушы адам) кешігу себептері туралы хабарлауға және белгіленген тәртіппен оның орындалу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауға тиісті. Бір реттен кем емес тапсырманың орындалу мерзімін ұзартуға жол беріледі.
40. Әкіммен белгіленген тәртіппен заңанамалық актілердің, Республика Президентінің, Үкіметінің, Республика Премьер-Министрдің, облыс және қала әкімдіктердің және әкімдердің актілерін және тапсырмаларын орындау мерзімдерді бақылау жөніндегі қызметін ақпараттық – талдау жағынан қамтамасыз етуді бас маман жүзеге асырады.
41. Әрбір бақылауға алынған Президенттің және Үкіметтің актісіне, Премьер–Министрдің өкіміне, ұзақ мерзімді күші бар өзге де құжаттарға орындаушы жинақтау папкасын жүргізеді. Жинақтау папкасындағы құжаттар мынадай тәртіппен топтастырылады:
- бақыланатын құжаттың көшірмесі;
- ақпараттар, анықтамалар, кеңестердің хаттамалары, тексеру материалдары, осы мәселелер бойынша басшылардың тапсырмалары және бақылау құжаттың және оның жеке тармақтарының (мерзімдік ретінде орналасқан) орындалу барысы туралы өзге де құжаттар;
- бақылаудан алынған туралы анықтама.
42. Заңнамалық актілердің, Республика Президентінің, Үкіметінің, Республика Премьер-Министрдің, облыс және қала әкімдіктердің және әкімдердің актілерін және тапсырмаларын орындау барысы туралы кент әкімі аппаратының бас маманы әкімге жүйелі хабарлап отырып, олардың орындалуын бақылау жөніндегі әкімінің қызметін қамтамасыз етеді.
43. Қала әкімінің қарарымен орындалған туралы ақпараттар, анықтамалар, сондай-ақ жаңа құжаттың негізінде күші жойылған кезінде, актінің күші жойылған немесе оның қолдану мерзімі аяқталған кезінде, қойылған мәселелердің толық шешілгеннен және мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға ол жөнінде шығарған құжат туралы хабарламадан кейін құжаттар бақылаудан алынып тасталады.
44. Белгіленген мерзімдерде бақылау құжаттарды орындамау немесе оларды сапасыз орындау тәртіптік теріс қылық болып табылады. «Саяси мемлекеттік қызметшілердің лауазымдар тізілімін және Саяси мемлекеттік қызметшілерге тәртіпк жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен және «Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен белгіленген тәртіппен мерзімдерді орындамау фактілері және/немесе бақылау құжаттарды сапалы орындамау бойынша қызметтік тергеулер жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша кінәлі лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
6. Кадрлармен жұмыс
45. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне сәйкес кадрламен жұмысты кент әкімі аппаратының бас маманы қамтамасыз етеді:
аппарат қызметкерлердің лауазымдар санаттарының есебін жүргізеді;
- мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін қалыптастырады, олардың қызмет ету тізіміне қажетті жазбаларды енгізеді;
мемлекеттік қызметшілерді, техникалық қызметкерлерді лауазымға тағайындау немесе лауазымынан босату, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы кент әкімінің өкім жобаларын әзірлейді;
мемлекеттік қызметінің бос жұмыс орнына орналасуға конкурстарды, аттестаттауларды, ант беруді, мемлекеттік қызметінің лауазымын атқару кезінде мемлекеттік қызметшілерді сынақтан өткізуді қамтамасыз етеді;
әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының біліктілік талаптар жинағын әзірлейді және уәкілетті органға келісілуге ұсынады;
мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайының мәселелері жөнінде кеңес береді, мемлекеттік қызметпен байланысты шектеулердің сақталуын бақылайды;
мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығының деңгейін талдайды, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығына оқуға жолдама беру жолымен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлауды (қайта мамандану) ұйымдастырады.
7. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс
және аппарата жеке қабылдауды ұйымдастыру
46. Қазақстан Республикасының заңнамасына, аппарат регламентіне, сондай- ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы нұсқаулығына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты (бұдан әрі – өтініштер) және аппарата жеке қабылдауды ұйымдастыруды және олардың орындалуын бақылауды аппаратының бас маманы қамтамасыз етеді.
47. Аппаратта өтініштерімен жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін кент әкімі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мәселелері бойынша бас маман жауапты болады.
48. Келіп түскен күні өтініштер тіркеледі және қарау үшін әкімге беріледі. Өтініштерді орындау туралы нұсқаулар қағида бойынша әкімнің қарары жазылады
49. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарды әкім береді немесе оның тапсырмасы бойынша аппараттың бас маманы.
50. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізуді тоқтату және оны бақылаудан алып тастау туралы шешімді әкім қыбылдайды. Келіп түскен өтінішті бақылаудан алып тастаудың негізі белгіленген нысандағы құжат болып табылады ( қызметтік жазба, анықтама немесе өтініш берушіге жауап).
51. «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін, азаматтардың қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысына сәйкес азаматтардың қабылдауы жүзеге асырылады.
Кестеде белгіленген күніне және мерзіміне сәйкес әкім жеке қабылдауды жүргізеді. Аппарат ғимаратының күту залында қабылдау кестесі ақпараттық стендтінде ілініп тұр және қалалыұ газетінде жарияланады, аппарат сайтында орналастырады.
8. Халықпен жұмыс
52. Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы регламентке, бекітілген жоспарларға сәйкес халықпен жұмысты кент әкімі және апараттың қызметкерлері жүргізеді.
53. Халықпен жұмыс түрлері жиындар, кездесулер, БАҚ арқылы өтініштер, кент тұрғындарымен жеке кездесулер, мәдени-көпшілік іс-шаралар, қоғамдық құрамалармен жұмыс болып табылады.
Халықпен негізгі жұмыс түрлері азаматтардың жиындары, есептік кездесулер болып табылады.
54. Аппарат кент әкімінің басшылығымен жиындардың даярлығын жүргізеді. Жиындардың уақыты әкіммен белгіленеді, жоспарларда көрсетіліп бекітіледі.
55. Халықпен ұжымдық сипаттағы барлық жұмыс түрлеріне ( жиындар, қоғамдық құрамалармен кездесулер) хатамалар жүргізіледі. Қажеттілік болған жағдайда олардың нәтижелері бойынша жиындарда көтерілген мәселелерді орындау жөніндегі іс - шаралар әзірленеді, орындау бойынша бақылауға қойылады.
Халықтың қажеттіліктерін көздейтін және қоғамдық – маңызды мәселелерді шешуге жағдай жасайтын басқа да жұмыс түрлері болуы мүмкін.
9. Кеңестерге дайындалу және өткізу тәртібі
56. Кеңестер және өзге де көпшілік іс – шаралар жұмыс жоспарлаға сәйкес немесе әкімнің шешімі және оның келісімі бойынша кент мекемелердің, кәсіпорындардың басшылары шақырылып өткізіледі.
10. Аппаратта жұмыс уақытының регламенті
57. Аппаратта жұмыс күні 9.00-де басталады және 18.00-ге дейін созылады, түскі үзіліс 13.00-ден – 14.00-ге дейін.
Аппараттың жауапты және техникалық қызметкелерге нормаланбаған жұмыс күні белгіленеді.
Нормаланбаған жұмыс күнімен қызметкелерге Еңбек заңнамасының негізгі ережелері таратылады.
58. Жұмыс кеңестерін өткізу, басшыларды шақыру күндері және өзге де іс-шаралар кент әкімі анықтайды.
Кент әкімі аппараттың жауапты қызметкерлерімен, барлық меншік нысанының кәсіпорындар басшыларымен апта сайын дүйсенбі бойынша сағат 15.00-де өткізілетін кент әкімінің жанындағы жедел кеңестерге кентінің әлеуметтік - экономикалық дамуына, коммуналдық шаруашылыққа қатысты мәселелерді шығарады.
_____________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |