ОблыСтыҚ ҚОғАМдыҚ-саяси газет



жүктеу 8,96 Mb.
Pdf просмотр
бет6/21
Дата19.11.2018
өлшемі8,96 Mb.
#21016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

7

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  14 қаңтар 2016 жыл

ҒАЛЫМ


Өмірдің  мәнін  ғылымнан  тапқан

М

ектепті бітіргеннен ке­ 

йін  бірден  А.  Пушкин  

атындағы  Орал  пед­

институтының тарих факультетіне 

түсті.  Студент  кезінде  үздік  оқуы­ 

мен  және  көп  ғылыми  конферен­

цияларға  қатысуымен  танылды. 

1978  жылы  оқуды  тәмамдап,  та­ 

рих және қоғам тану пәнінің мұға­

лімі мамандығын алып шықты. Мұ­

рат  Наурызғалиұлының  өмірлік 

тәжірибе  жинақтап,  іскерлік  қабі­ 

летінің  көрінуіне  облыстық  кәсіп­

одақ  кеңесінде  жұмыс  жасаған 

кезі маңызды. Ол 1983 жылы Отан 

тарихы (КСРО тарихы) мамандығы 

бойынша  кәсіподақтардың  жоға­

ры  мектебінің  аспирантурасына  

түсті. 1987 жылы Мәскеу қаласын­ 

да  кандидаттық  диссертациясын  

қорғап, тарих ғылымдарының  кан­ 



Бұл мақала облыстық тарих және археология 

орталығының директоры, тарих ғылымдарының 

докторы, профессор Мұрат Сыдықовтың 

жетістіктері туралы болмақ. Ол 1956 жылдың 5 

қаңтарында Орал қаласында дүниеге келді. Күні 

кеше алпысты алқымдаған Мұрат сонау заманда  

кей пән бойынша, соның ішінде, әсіресе, тарих-

тан қалалық және облыстық олимпиадаларға 

қатысып, ғылыми шығармашылық жұмысқа 

бейімділігімен ерекшеленді. 

дидаты  атанды.  Оның  Орал  пед­

институтының 

қабырғасындағы 

оқытушылық қызметі 1988 жылдан  

басталды.  1991  жылы  доцент,  ал  

1996  жылы  отандық  тарих  (Қазақ­

стан тарихы) саласы бойынша Ал­ 

матыда    Ш.  Уәлиханов  атындағы 

тарих  және  этнология  институ­

тында  «Батыс  Қазақстан  тұрғын­

дарының  этникалық  және  әлеу­

меттік  құрамының  өзгеруі  (1897 

жылдан  қазіргі  кезеңге  дейін)» 

тақырыбында  докторлық  диссер­

тация  қорғады.  1997  жылы  ҚР  гу­ 

манитарлық ғылымдар Академия­

сының  мүше­корреспонденті  бо­

лып  сайланып,  2005  жылы  жоғар­

ғы  аттестациялық  комиссияның 

шешімімен  оған  профессор  атағы 

берілді.


Мұрат  Наурызғалиұлының  не­

гізгі  ғылыми­педагогикалық  және 

әкімшілік  қызметі  өзі  оқыған  оқу 

орнымен  байланысты.  1989­1990 

жылдары жалпы тарих және КСРО 

тарихы  кафедрасын  басқарса,  ал  

1991­1993 жылдары тарих факуль­ 

тетінің  деканы  қызметін  атқарды.  

1991  жылы  факультетте  «Қазақ­

стан тарихы» кафедрасы ашылып,  

Отан  тарихы  бойынша  алғашқы 

оқу  жоспары  мен    бағдарламасы 

жасақталды. Сол кезеңде М. Сыды­ 

қов  алғашқы  оқу­әдістемелік  құ­

ралдарының  бірі  ­  «Қазақстан  та­

рихы  бойынша»  оқу  бағдарлама­ 

 сын  және  осы  сала  бойынша  ма­ 

мандарға арналған оқу жоспарын  

дайындап,  дәріс,  машықтық  са­ 

бақтар  курсын  жасақтайды.  Сон­

дықтан  Отан тарихын қайта зерт­

теп  зерделеуді  түсінген  Мұрат 

Наурызғалиұлы 1992 жылдан бас­ 

тап, облыс тұрғындарының қоныс­

тану  тарихы  бойынша  еңбек  жа­

зуға кірісті. Қажырлы  ізденістің нә­ 

тижесінде  сол  кезде  ғалым  1995 

жылы Алматы қаласынан 14,3 бас­ 

па табақтан тұратын «Батыс Қазақ­

стан халқы: қалыптасу тарихы жә­

не дамуы»  және 10,2 баспа табақ­

ты  «XVIII­XIX  ғасырлардағы  Батыс 

Қазақстан  халқының  қалыптасуы» 

атты    ғылыми  еңбектерін  басып 

шығарды.  1996­1998  жылдары 

БҚГУ­да  ғылыми  жұмыс  және  ха­

лықаралық  байланыс  жөніндегі 

проректор  қызметін  атқарғанда, 

университет жанынан жаңа құры­

лымдардың ашылуына, соның ішін­ 

де 1997 жылы Отан тарихы (Қазақ­ 

 стан  тарихы)  мамандығы  бойын­ 

ша  Батыс  Қазақстандағы  алғашқы  

диссертациялық  Кеңес  ашуға  ық­ 

пал  етті.  Осы  кезеңде  Мұрат  Нау­

рызғалиұлы  ғылым  тұрғысындағы  

азаматтық  ұстанымын  тарихи­мә­

дени  мұраларды  қорғауға  бұра 

отырып,  халқымыздың  ғасырлар 

бойы қалдырған мұраларын зерт­

теп, оны ұлттың игілігіне жаратуда 

жемісті еңбек етуде.  Соның ішінде, 

Төменгі  Еділ  өңірі  археологиялық 

ғылыми  зерттеу  институтының 

(Волгоград)  директоры,  тарих  ғы­ 

лымдарының  докторы  Б.  Желез­

чиковпен  бірлесе  отырып,  бас­

тапқыда  жоспарланған  Еуразия 

кеңістігінде теңдесі жоқ Қырықоба 

археология  оба  кешені  арқылы 

өтетін  Ақсай­Атырау  газ  құбыры 

құрылысы әсерінен жойылу қаупі­ 

не   жұртшылықтың  назарын ауда­ 

ра  отырып,  түрлі  қоғамдық  тың­

даулар, құрылыс жүретін аймақта­ 

ғы тұрғындар арасында сауалдар,  

ғылыми  жұртшылықтың  шетелдік  

компания жетекшілерімен жүргіз­ 

ген  кездесулер  арқасында  аймақ­

ты сақтап қалды.  Бұл ­ 1998 жылы  

ғалымдардың  жұмысын  үйлестіру 

мақсатында  құрылған  ғылым  мен  

білімді  қолдайтын  қоғамдық  «Ақ­ 

жол»  қорының,  оның  президенті  

М.  Сыдықовтың  зор  еңбегінің  нә­ 

тижесі.  Сол  жылдары  облыс  бас­

шылығының бастамасымен облыс 

аумағында  кешенді  археология­

лық зерттеу жұмысын жүргізу қол­ 

ға алынды. Осы жұмысты іске асы­

ру  археолог  маман  болмаса  да, 

Мұрат  Наурызғалиұлына  тапсы­

рылды.  2001  жылы  облыстық  та­

рихи­өлекетану  музейі  құрамын­ 

да М. Сыдықовтың  жетекшілігімен  

облыста  археологиялық  зерттеу  

жұмысын  жүргізу  үшін  бөлім  жа­

сақталды. Міне, осы уақытта қазір­ 

гі  Орал  қаласының  алғашқы  «ір­ 

гетасы»  XIII  ғасырға  жататын  «Жа­

йық»  қалашығының  орны  ашыл­

ды.  2002  жылы  ғалымның  баста­

масымен  және  облыс  әкімдігінің 

қолдауымен Қазақстанда алғашқы 

рет Батыс Қазақстан облыстық та­

рих  және  археология  орталығы 

өмірге  келді.  Осы  жылы  қысқа 

уақытта  өзінің  ұйымдастырушы­ 

лық  қабілеті  және  табандылығы­

ның  арқасында  бірнеше  археоло­ 

гиялық  экспедициялар  ұйымдас­

тырды. Бұдан басқа тәжірибелі ға­ 

лымның  2002­2003  жылдары  М. 

Өтемісов  атындағы  БҚМУ­дың  рек­

торы қызметін атқарғаны да бар.

Мұрат Наурызғалиұлы 2003 жы­ 

лы аталмыш орталыққа басшы бо­ 

лып  қайта  оралғаннан  соң  облыс  

аумағындағы  тарихи­мәдени  ес­ 

керткіштердің тізімі алынып, оның  

2100­ден  астамы  мемлекет  қор­

ғауына  қабылданды.  Сонымен  қа­ 

тар  республикамызда  алғаш  рет 

облыстың  барлық  аудандары  мен  

Орал  қаласын  қамтитын  14  том­

нан тұратын «Табиғи және тарихи­ 

мәдени  мұралар  ескерткіштер  

жинағы»  басылып  шықты.  Бұдан 

басқа  «Аруна»  баспасынан  қазақ 

және  орыс  тілдерінде  «Батыс  Қа­ 

зақстан  облысының  тарихи­мәде­

ни  мұралар  ескерткіштер  жина­ 

ғы» жарық көрді. Орталықтан жыл 

сайын «Батыс Қазақстанның тари­

хы  мен  археология  мәселелері» 

атты жинақ басылып шығады.

Орталық  жылма­жыл  облысы­

мыздың аймағына археологиялық 

барлау  және  қазба  жұмыстарын 

жүргізуде.  Міне,  осы  жұмыстар  

М.  Сыдықовтың  жетекшілігімен 

атқарылып  келеді.  Нәтижесінде 

өңірде  көптеген  тарихи­археоло­ 

гиялық  нысандар  ашылып,  зерт­

теу  жұмыстары  атқарылуда.  2012  

жылы  Батыс  Қазақстан  облыстық 

тарих  және  археология  орталы­

ғының  археологтары  Мұрат  Нау­

рызғалиұлының 

жетекшілігімен 

Тақсай  кешенінде  жүргізген  қазба 

жұмысы  барысында  ежелгі  сар­

мат кезеңіне жататын ақсүйек бай 

әйелдің  жерленген  орнын  тапты. 

Бұл  ескерткіш  тарихи­ғылыми  ай­

налымға «Алтын ханшайым» деген 

атпен енді. Осы жүргізілген ғылы­ 

ми  зерттеу  жұмысының  қортын­ 

дысы  болып  табылатын  М.  Сыды­

қов және Я. Лұқпанованың «Батыс  

Қазақстанның  ежелгі  көшпенділе­

рі» атты қазақ, орыс, ағылшын тіл­

дерінде ауқымды монографиялық 

еңбегі  жарық  көрді.  Сонымен  қа­ 

тар  «Жайық  қалашығынан  Сарай­ 

шыққа»  және  Қазақ  хандығының 

550  жылдық  мерейтойына  арна­ 

лып,  «Астанадан  Астанаға  дейін»  

атты  танымдық  тарихи  экспеди­

циялардың  ұйымдастыруына  мұ­ 

рындық  болды.  Бұл  экспедиция­

ларға қатысушылар бұрынғы Қазақ 

мемлекетіне  қатысты    астаналар 

Сарайшық, Хан ордасы ауылдарын­

да  және  Орынбор  қаласында  бо­ 

лып,  біздің  мемлекетімізге  қатыс­

ты  тарихи  орындарды  аралады.  

М.  Сыдықовтың  қаламынан  160­

тан астам ғылыми еңбектер жарық  

көрді,  олар  Қазақстан,  Ресей  мен  

Германияда  басылып  шықты.  Со­

ның ішінде, 15  монографиялық, 6  

оқу­әдістемелік құралдар бар. 

Мұрат  Наурызғалиұлының  ғы­ 

лыми, педагогикалық және қоғам­ 

дық  қызметі  әрқашанда  мемле­

кеттің  және  облыс  басшыларының 

қолдауына  ие  болды.  Еліміздің 

әлеуметтік­экономикалық  және 

мәдениетінің  дамуына  қосқан 

үлесі  және  белсенді  қоғамдық 

қызметі үшін 2012 жылы «Құрмет» 

ордені  және  2005  жылы  «Ерен 

еңбегі  үшін»,  бірнеше  мерекелік 

медальдармен марапатталды.

серік  РАМАЗАНОв,

облыстық  тарих және 

археология орталығы 

директорының

орынбасары, география 

ғылымдарының 

кандидаты



жүктеу 8,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау