11
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 14 қаңтар 2016 жыл
еЛ-Жұрт
Қалаубек тЕМІРОв,
Жаңақала аудандық ішкі
саясат бөлімінің басшысы:
Ауданда 24 мың халық бар. Өткен
жылы діни сауат ашу орталығын аш
тық. Күні бүгін курста 15 жас оқып жүр.
Бірақ облыстағы діни ахуалы күрделі
үш ауданның бірі екеніміз рас. Аудан
да теріс бағыттағы салафилік жолда жүрген азаматтар бар.
20132017 жылдарға арналған экстремизмтерроризммен
күрес бағдарламасы бойынша аудан әкімі жанындағы діни бір
лестіктермен, құқық қорғау құрылымдарымен, антитеррорлық
комиссиямен, қоғамдық ұйымдармен, теологтармен бірлесіп
жұмыс істеудеміз. Жұмыссыз жастарды қолдаудамыз.
Жасұлан ҚисАМЕДиН,
аудан ақсақалы:
Ауданда исламды бұрмалаушы
жастар бар. Дәстүрлі киім үлгісінің
болмауы да бізді қынжылтады. Жұма
намазға келгенде көремін, «Намаз
оқымаған адам – кәпір» дейтін жастар
пайда болып жатыр. Олар базардан
алған етті жемейді дейді. Бұл дұрыс емес, бисмилланы айтып
жесең, адал деп ойлаймын. Құран араб тілінде түскенмен де, біз
қазақпыз, намаз оқып, мұсылманның бес парызын орындасақ
та, салтдәстүрден алыс кетпеуіміз керек. Бұл адасу ислам дінін
кеш әрі дұрыс бастамаудан, әрі атааналардың діни сауатсызды
ғынан деп ойлаймын. Ауданда сауат ашу курсы ашылды, енді
жастарды оқытуды ғаламтор немесе әр үйден емес, осы орта
лықта қолға алынуы керек.
Жарас АХАНОв,
Батыс Қазақстан облысы
дін мәселелерін зерттеу
орталығының басшысы:
Дін – халықты біріктіруші құндылық.
Бұзып жаратын күш емес. Қазақтың
тарихында жалған діни ағымға бөліну
болған емес. Қазіргі ғаламтор (интер
нет) кеңістігі, демократиялық көзқарас
деген желеумен толассыз идеологиялар осындай тосыннан
теріс діни ағымдар жолындағы азаматтарды қалыптастырды.
Мемлекет тарапынан жекелей және жалпылай, басқа да мүм
кіндіктер арқылы оңалту және дәстүрлі бағытқа қалыптастыру
жұмыстары жүргізіліп келеді. Жеке тұлғаның осындай діни эс
тремистік сипатқа қалыптасуының бірнеше себептері бар: қо
ғамға ренжуі, психологиялық күйзеліске ұшырауы әлеуметтік
жағдайының төмендігі және оны өзінің жалқаулығынан емес,
мемлекеттен көруі (әйтпесе жұмыс жасаймын деген адамға
елде екі қолға бір күрек табылады), рухани құлдырауы. Жалпы
психологияда азғантай топ өзара ауызбіршілікте болады. Теріс
діни ағым өкілдерінің аздығы, олардың бірбіріне қамқор бо
лып көрініп, кез келген сәтте бірбірінің жанынан табылуы сол
ортаның әрі қарай сақталуына ықпал етіп отырады. Жалған
жиһадшылдық, діни экстремистік көзқарасқа алып келетін
теріс идеологиялар салдары осы арбауға түскен азаматтар
дың мәліметті бір көзден алуынан туындайды. Яғни жанжақ
ты іздену жоқ. Оның үстіне теріс діни көзқарастағы азаматтар
арасында кез келгені шейхұстаз бола салады. Яғни оларда су
бординация (жоғарыдан төмен қарай бағыну немесе білімділі
гіне қарай реттілік) деген ұғым жоқ. Мысалы, кез келген идео
логияда немесе қоғамда жүйе бар. Жүйесіз құрылым, түптеп
келгенде, мемлекетте «хаос» тудыратын жағдайға алып келе
тін жәйттар. Бұндай көзқарастағы азаматтардың діни бағытын
дағы жүйесіздігі, эмоцияның жетегінде кетуі түсініспеушілікті
тудырады. Дегенмен мемлекет тарапынан бұл жағдайлардың
жанжақты бағыттары зерттеліп, талданып, жүйелі жұмыстар ат
қарылуда.
алғандар
М
ен 2010 жылы жүре алмай, қатты ауырып қалдым. Омыртқа, буындарым зақымданып, қос
балдаққа сүйеніп, кейін тіпті төсекке таңылып жатып қалғанымда, орнымнан тік тұрғызған
сынықшы, бүкілодақтық емшілер қоғамының мүшесі Әмина Әлмұқанова апай еді (суретте).
Содан бері емші апама айына екі рет келемін. Бір аптада 4 күн массаж жасайды. Шипалы алақанымен сы
лапсипап қатарға қосқан Әмина апаға деген алғысым шексіз. Бүгінде облыста апамызды білмейтін адам
кемдекем. Анасы Нұрыштың ақ сүтімен дарыған қасиеті Әмина апаны өз еліміз ғана емес, алысжақын ше
телге де танытты. СанктПетербор қаласының тұрғыны Элина Цыганова «Әмина апа жақсы өмірге жолдама
беруші. Ол – адамдарға денсаулық сыйлауды өзіне мақсат еткен жан. Ол бізге аса қымбат әрі қажет адам»
дейді. Н. Қаржауова (Ақтөбе), Л. Тұрғалиева (Тольятти), Ұлдана (Тасқала ауданы), О. Лаптенво (Германия,
Гемунеп қаласы) сияқты апамыздан ем алғандар шынайы тілектерін ақ қағаздың бетіне тізіпті. Мысалы,
Лиза есімді әйел сынып, гипстен кейін қисық біткен оң қолын қайта салған емшіге дүниедегі бар жақсы
лықты үйіп төгеді. Ал Болгария елінен келген Я. Янко есімді науқас жүре алмай қалғанын, Әми
на апаға емделген соң өмірге қайта оралып, бүгінде жүгіріп кеткенін қуана айтады.
Атақты күйші анамыз Дина Нұрпейісованың жиені Ұлмекен әже Әмина апаға «Өмірдің айдынында
кеше берсін, Аруағың құдірет берген өсе берсін. Халықтың ақ батасы қабыл болып, Амансау, жасың
100ге жете берсін» деп ақ батасын беріпті. Шипалы алақаны арқылы халықтың алғысына бөленген
емші – қандай құрметке де лайық жан. 1976 жылдан бастап сынық сала бастаған апамыздың алды
нан мыңдаған адам дертіне дауа тапты, мен сияқты аяғын басып, қатарға қосылды. Қызы Майра
мен ұлы Мереке де сынықшы. Мереке – Жаңақала ауданының Красногор ауылында мұға
лім. Отағасы Асқар аға екеуі қалаға жалғас жатқан Мичурин ауылында тұрады. Қанша кел
сем де, жайдары қарсылап, емдомын жасап, адамға жақсылық тілеп шығарып салып оты
ратын алтын қолды апама өмірдегі бар бақытты тілеймін.
Емдеп балашағаны киесімен,
Бас ием қасиетіңе құрметпенен.
Аман бол, ұзақ жаса, Әулиеана,
Өзіңе ешбір адам тең келмеген, – деген жүрегімнен шыққан ақ тілегімді
қабыл алыңыз, апа!
Жанар ДҮЙсЕНБАЕвА,
Бостандық ауылы,
Қазталов ауданы
Сынықшы
Әмина апаға
шексіз ризамын
М
енің осы арманым
былтыр орындалған
дай болады. Нақты
лап айтсам, Қазақстан театр қай
раткерлері одағының төраға
сы Тұңғышбай Жаманқұловтың
қолдауымен А. Чехов атындағы
ХII халықаралық театр фес
Өзінің кәсіби біліктілігін шыңдау үшін басқа елдерге
барып, тәжірибе алмасу – өнер адамының да арманы.
Тәжірибемді
шыңдап қайттым
тивалінің аясында өткен режис
серлердің лабораториясына қа
тыстым. Оған ТМД, Балтық ел
дері және Ұлыбританиядан әріп
тестерім келді. Мәскеу қаласын
да өткен бұл шара барысында
есімдері әлемге әйгілі режис
сер Кама Гинкас, режиссерпе
дагогтар Адольф Шапиро, Влади
мир Панков, театр және кино ре
жиссері Андрей Кончаловский,
В. Мейерхольд атындағы театр
дың көркемдік жетекшісі, режис
сері Виктор Рыжаков және театр
режиссері Анатолий Васильев
тардан дәріс алдым. Дәрістен
кейін оларға режиссураның бү
гінгі ахуалы, шығармашылық дағ
дарыс, одан шығудың жолдары
туралы сұрақтарымызды қойып,
тұшымды жауап алдық. Одан соң
жас режиссерлер үшін әлемге
танымал қойылымдар қойылды.
Шара барысында өзге елдер
дегі әріптестермен танысып, пі
кір алмасып, бірлесіп жоба жа
сауды үйреніп, түрлі халықара
лық фестивальдерге шақырту
алып, үлкен әсермен оралдым.
Арманымның орындалуына мүм
кіндік туғызғаны үшін Қазақстан
театр қайраткерлері одағы, об
лыстық мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасы, об
лыстық қазақ драма театры бас
шылығына өз алғысымды біл
діремін.
самал ӘБУОв,
облыстық қазақ драма
театрының режиссері