Шығармашылыққа толы кітапханалық шаралар



жүктеу 254,71 Kb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата22.05.2018
өлшемі254,71 Kb.
#15645
  1   2   3   4   5   6   7   8



Шығармашылыққа толы кітапханалық шаралар

(Денисов ОКЖ кітапханаларының жұмыс тəжірибелері)



Біздің əрқайсымыз кітапханадан жанымызға

тыныштық тауып, бойымызды сергіте аламыз,

ойымызды жаңартып, іздегенімізді таба аламыз.

                                                                                                        Джон Леббок

      


Кітапхана  қызметі  басқалармен  бірге  қоғам  өмірінде  белгілі  бір  қызметті:

ақпараттық, білім  берушілік, азаматтардың  бос  уақыттарын  тиімді  өткізуді  жүзеге

асыруға  бағытталған əлеуметтік институт болып табылады. Кітапхананың аталған

міндеттерді  жүзеге  асыруы  көпшілік  жағдайда  мəдени  шаралар  мен  бос  уақытты

тиімді ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

     


Кітапхананың  мəдени  шаралар  мен  бос  уақытты  тиімді  ұйымдастыру

бағытындағы  жұмысы – пайдаланушылардың  күнделікті  рухани  қажеттіліктерін

жан-жақты  қанағаттандыруға, қалыптастыруға, арттыруға  жəне  тұлғаның  тұрақты

дамуын  қамтамасыз  етуге  арналған  мақсатты, жүйеге  келтірілген  жұмыс  болып

табылады. Кітапхананың 

мəдени 


шаралар 

мен 


бос 

уақытты 


тиімді

ұйымдастырудағы  ерекшелігі  ретінде  оның  жұмысының  тек  қана  кітапхана

қызметін  пайдаланушыларға (онда  ресми  түрде  тіркеуде  тұрғандарға)

арналмағандығын атауға болады. Оның қызмет көрсету аясы өте кең. Елді мекеннің

барлық тұрғындары оның атқарып жатқан жұмыстарын өздерінің балаларынан, ата-

аналардан, таныстарынан  естіп  жатады, адамдар  ол  туралы  ақпараттар  алып, оған

кітапхананың  өткізген  шаралары  туралы  пікірлер  жетіп  жатады. Ол  мұндай

жұмыстарды  тек  кітапханалық  шараларда  ғана  жүзеге  асырып  қоймайды.

Кітапханаға  келу, оқу  залында  отырып  кітап  оқу, абонементтен  алатын  жəне  қол

боста  үйде  отырып  оқитын  құжаттардың  өзі  кітапхананың  бос  уақытты  тиімді

ұйымдастыру  міндетін  жүзеге  асыруға  көмектеседі. Көпшілікпен  жүргізілетін

жұмыстар  кітапхананың  мəдени  шаралар  мен  бос  уақытты  тиімді  ұйымдастыру

жұмысының  тек  бір  бөлігі  ғана  болып  табылады. Көпшілікпен  жүргізілетін

жұмыстар  кітапхананың  мəдени  шаралар  мен  бос  уақытты  тиімді  ұйымдастыру

жұмысын кітапханалық шаралар арқылы жүзеге асыратын жүйе болып табылады.

     


Көпшілікпен  жүргізілетін  жұмыстар  бойынша  үнемі  ізденісте  жүретін  қазіргі

кездегі  кітапханатанушылардың  ішінен  С.Г.Матлинаны  ерекше  атауға  болады. Ол

қазіргі кездің негізгі мəселелері мен көпшілікпен өткізілетін жұмыстардың бағытын

бағамдау  бойынша  ең  беделді  адам  болып  табылады. Оның  мақалалары

кітапханалардың  инновациялық  жұмыстарына  деген  ерекше  көзқараспен

ерекшеленеді  жəне  бұл  оның  қорытындыларын  іс  жүзінде  қолдануға  ықпал  етеді.

Аталған  мəселе  саласында  одан  басқа  Г.К. Олзоева, М.Я. Дворкина, Т.Б. Ловкова

жəне басқалар елеулі еңбек сіңіріп келеді.

     Қазіргі  кезде  көпшілікпен  жүргізілетін  жұмыстардың  елеулі  түрде  өзгерістерге

ұшырағаны  белгілі. Оған  елімізде  орын  алған  əлеуметтік-экономикалық өзгерістер

ықпал  етті. Идеологиялық  қысымның  келмеске  кетуі, сөз  бен  ақпарат  еркіндігінің

пайда  болуы  кітапханашылардың  шығармашылық  қабілеттерінің  оянуына, өмірге




жаңа, қалыптан  тыс  жұмыс  түрлерінің  келуіне  ықпал  етіп, аталған  жұмысқа  жаңа

леп  алып  келді. Шығармашылық  шегінің  кеңейе  түсуіне  кітапханалардың

компьютерленуі – мультимедиялық  технологияларды, интернетті  жəне  т.б.

пайдалану мол мүмкіндік беріп отыр.

     

Кез  келген  жұмысты  бастамас  бұрын  оның  мақсаты  мен  міндеттерін  анықтап



алудың  қажеттігі  белгілі. Көпшілік  жұмыстар  үшін  ол  кітапханалық  қызмет

көрсетудің  М.Я.Дворкина  айтқан «кітапхана  қызметін  пайдаланушылардың

қажеттіліктерін  мейлінше  толық  қанағаттандыру  жəне  дамыту» секілді

мақсаттарына сəйкес келеді.

     

Кітапханалардың 



көпшілікпен 

жұмыс 


істеу 

бағытындағы 

міндеттері

кітапханалардың  негізгі  міндеттерінен – тұрғындардың  ақпарат  алуын, рухани,

білімге 

деген 


жəне 

күнделікті (əлеуметтік-тұрмыстық) қажеттіліктерін

қанағаттандырудан, оқырмандардың  шығармашылық  қабілеттерінің  ашылуына

жəне бос уақыттарын тиімді өткізулеріне жағдай жасаудан туындайды.

      

Күнделікті  өміріміздің  тұрақты  өзгеріп  отыруы  жұртшылықтың  эстетикалық,



ақпараттық, мəдени сұраныстарына өз əсерін тигізді. Сонымен бірге сұраныстарды

орындауға  ұмтылған  кітапханалардың  жұмыстары  да  өзгеріске  ұшырады.

Кітапханалардың  көпшілік-ағартушылық  жұмыстарында  ағартушылық  жұмыстың,

мəдени-демалыс шараларының жаңа түрлері пайдаланыла бастады. Кітаппен жұмыс

істеудің əдістері мен түрлері де өзгеруде, түрлі жаңалықтар енгізіліп, кітапхананың

мəдени-демалыс  жұмыстары  заманауи  талаптарға  сəйкес  жүргізілуде. Кітапхана

өмірі  ешқашан  тоқтап  қалған  емес. Ол  өзінің  жұмыстарына  түзетулер  енгізіп,

жұмыстың жаңа жолдарын қабылдай отырып үнемі жетілу үстінде.

      

Кітапханалар  тұрғындар  үшін  ақпарат  алуға,  білімі  мен  мəдени  деңгейін



толықтыруға  немесе  демалуға ең  қолайлы  орын  болып  табылады. Кейде  олар  елді

мекендегі жалғыз мəдени мекеме болғандықтан тұрғындарға арналған ағартушылық

жəне  мəдени  міндеттердің  барлығын  өз  мойнына  алуына  тура  келеді.   Іс  жүзінде

тегін  демалуға, мəдениет  пен  өнердің  үздік  үлгілерімен  тегін  танысуға  мүмкіндік

беретін бірден-бір мəдени мекеме кітапхана болып қалып отыр.

       


Денисов 

ОКЖ 


кітапханаларының 

барлық 


жұмыстары 

кітапхана

қызметкерлерінің  алдында  тұрған  басты  міндетке – жұмысты  шығармашылықпен

байланыстыруға, ел  ішінде  болып  жатқан  барлық  маңызды  оқиғаларды  назардан

тыс қалдырмауға, үнемі жұмыстың жаңа жолдарын іздестіріп отыруға негізделген.

      


Денисов  ОКЖ  кітапханашылары  көпшілік  жұмыстарын  өткізу  барысында

көбінесе  жұмыстың  оқырмандарды  қызықтыра  алатын  жолдары  мен  əдістерін

таңдап алуға  тырысады.  Олар  кездесулердің, ойындардың, пікірталастардың  жəне

т.б. тақырыптарын  ауыстырып  отырады. Кітапханалық  деуге  келмейтін,

жиналғандардың  көңілдерін  көтеруге  əсер  ететін  əдістер – театрландыру,

музыкалық  қойылымдар  жиі  қолданылады. Түрлі  əдістерді  қолдана  отырып

өткізілетін  кітапханалық  іс-шаралар  оқырмандардың  əдеби  шығармалардың,

оқиғалар мен құбылыстардың мазмұнын, маңызы мен мəнін оңай қабылдауларына

көмектеседі.

      


ОКЖ  кітапханалары  жұмыстарында  жұмыстың  дəстүрлі  жолдарымен  қатар

пікірталас, денсаулық  айнасы, əдеби  ринг, ойын-викторина, кітапханалық  казино,

танымдық сағаты, виртуалды экскурсия, бейнеəңгіме, бейнесабақ секілді жұмыстар



жүктеу 254,71 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау