ОблыСтыҚ ҚОғАМдыҚ-саяси газет



жүктеу 8,96 Mb.
Pdf просмотр
бет7/21
Дата19.11.2018
өлшемі8,96 Mb.
#21016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

8

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  14  қаңтар  2016 жыл

рейД


Х.  Қапанов  атындағы  Орал  ха­ 

лықаралық  гимназиясы  директо­

рының орынбасары Светлана Му­

синаның  айтуынша,  балабақшада 

100­ге  жуық  балдырған  бар.  2014  

жылы  ашылған  мектепке  дейінгі  

ұйымда  тәрбие  алғысы  келетін  

бөбектер  саны  жыл  санап  артып  

келеді. Әр топта 20 баладан, олар­ 

ға  екі  тәрбиешіден  бөлінген.  Ба­ 

лалар  аптасына  екі  рет  бассейн­ 

ге  түсіп,  шынықтыру  сабақтары 

жүргізіледі. Қысқасы, баланы жан­ 

жақты дамыту үшін бар жағдай жа­ 

салуда.  Мекемеде  70­тен  астам  

адам жұмыспен қамтылған. Бөбек­ 

тер  «Біз  мектепке  барамыз»  және 

«Зерек»  бағдарламалары  бойын­

ша тәлім­тәрбие алуда. 

Біз болған келесі нысан «Жаңа тол­

қын  Орал»  балабақшасының  ди­ 

ректоры  Борис  Лаврентьев    кот­ 

теджді жалға алып, жұмысын жан­ 

дандыруда екен. Ұядай ғана бала­ 

лар  мекені  бөлмелерден  жылы­ 

лық  сезіледі.  Балалар  мекені  көз­ 

тартарлықтай  әдемі  безендірілген.  

Екі  қабатты  шағын  балабақша  60 

балаға  арналған.  Балабақша  ди­

ректоры өз жұмысы  туралы былай 

дейді:  

­ Біздің «Жаңа толқын Орал ба­

лабақшасы»  өткен  жылдың  қазан 

Оралда 13 жеке меншік 

балабақша бар

Елбасы тапсырмасымен қолға 

алынған  «Балапан» бағдарламасы 

бойынша өңірімізде біраз жұмыс 

атқарылды. Аталмыш бағдарламаға 

сәйкес жеке меншік балабақшалар да  

жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұл 

жерде  мемлекеттік-жеке меншік 

әріптестік тетігі өзінің тиімділігін 

дәлелдеуде. Өткен жылы Орал 

қаласында 7 жеке меншік балабақша 

ашылып, 403 бүлдіршін мемлекет-

тік тапсырыспен балабақшадан орын 

тапқан. Бүгінгі таңда 13 жеке мен-

шік балабақша бүлдіршіндер игілігі 

үшін қызмет атқаруда. Жақында БАҚ 

өкілдері Х. Қапанов атындағы Орал 

халықаралық гимназиясының жанынан 

ашылған балабақша мен «Жаңа толқын 

Орал» балабақшасында  

болып, мемлекеттік- 

жеке меншік  

әріптестік аясында  

атқарылып жатқан  

жұмыстармен  

танысып қайтты. 

айында  ашылды.  Вальдорф  педа­

гогикасы аясында жұмыстанамыз. 

Қаламыздағы  Вальдорф  бағытын­

да оқытатын мектеп­гимназиямен 

келісімге  келдік.  Балаларға  ерте 

жастан  тіл  үйретіп,    эстетикалық 

бағытта  тәрбие  беруге  тырысуда­ 

мыз. Сөз орайы келгенде, мен қа­ 

зақ елінде тұрып, осындай қызмет 

жасап  жүргенімді  мақтаныш  ете­

тінімді  айта  кеткім  келеді.  Шыны 

керек,  қазір  түрлі    қиындықтарға 

қарамастан  мемлекет  тарапынан  

бізге  қолдау  көрсетіліп,  бар  жағ­ 

дай жасалуда.  Елбасымыз  әр Жол­ 

дауында  жеке  меншік  балабақша­

лардың санын арттыру бүгінгі күн­ 

нің  талабы  екендігін  жиі  айтады.   

Жергілікті  басшылық  та  жұмысы­

мыздың  жанданып  кетуі  үшін  кө­ 

мек  көрсетуден  аянып  қалған 

емес.  Әсіресе,  қала  әкімі  Алтай 

Көлгіновке,  қалалық  білім  беру 

бөлімінің  ұжымына  өзімнің  риза­

шылығымды білдіремін. 

Аталмыш  балабақшадағы  тө­

лемақы 34 мың теңге. Оның 20 мы­ 

ңын ата­ана, қалған 14 мыңын мем­ 

лекет төлейді. Әр топта 15 бүлдір­

шіннен. Оларға  үш тілді меңгеру­

мен  қатар,  қолөнер,  сурет,  ырғақ 

сабақтары өткізіледі. 

Пресс­тур  барысында  

Орал қалалық білім беру  

бөлімінің  басшысы  Жан­

сұлу  Төремұратованы 

әңгімеге тарттық: 

­  Бүгінгі  таңда  ша­ 

һарда  15900  балдыр­ 

ған  балабақша  кезегін­ 

де тұр. Жыл сайын 6 мың­ 

дай  балабалабақша  мен 

мектепке  дейінгі  шағын 

орталықтарға  қабылданады. 

Биылғы  жылы  тағы  төрт  кәсіп­ 

кер мемлекеттік тапсырыспен же­ 

ке  меншік  балабақша  ашуға  өті­ 

ніш  білдірді.  Олардың  талап­тіле­ 

гін  қамтамасыз  ету  мақсатында 

қалалық  білім  беру  бөлімінің  жа

 

­ 



нынан ашылған арнайы комиссия 

және  тиісті  мекемелер  жұмыста­

нуда.  Мемлекеттік  жеке  меншік 

әріптестік  аясында  егер  100  ба­ 

ладан  жоғары  қам­ 

титын  болса,  мем­ 

лекет  әр  балаға  

биылғы  жылдан  бас­ 

тап  ай  сайын  18  800  

теңге,  100­ден  кем 

болса,  16800  теңге  

қаржы бөледі. Бұл кә­ 

сіпкерлер  үшін  үлкен 

көмек.  Өйткені  ата­ 

ана  тек  баланың  та­ 

мағына  ғана  ақша  тө­ 

 лейді.  Ал  тамақтың  ай 

сайынғы  төлемақысы  

мемлекеттік  бала­бақ­ 

шада  10  мыңнан,  жеке 

меншік 

балабақшада 



20  мың  теңгеден  аспауы 

тиіс, ­ деді ол.

 

Гүлжамал  

ЖОЛДыҒАЛи,

"Орал өңірі"

суреттерді түсірген 

темірболат 

тОҚМАМБЕтОв

Х. Қапанов  атындағы  

орал  халықаралық  гимназиясының  

жанынан  ашылған  балабақшада

«Жаңа толқын орал» балабақшасы

ойын  сәті

балақайларды 

шынықтыратын  бассейн



9

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  14 қаңтар 2016 жыл

еЛ  Және  әЛеМ



Д

үниежүзінің  ірі  қаржы 

алпауыттары­Лондон 

мен  Париж,  Гонконг­

ты  айтпағанның  өзінде,  Қытай 

және  Үндістан  сынды  Азияның 

ең  үлкен  елдерінің  ислам  банк­ 

терімен  іскерлік  қарым­қатынас­

тарға аңсары ауып отыр. Көршіміз 

Ресей  де  аталмыш  қаржы  құры­

лымдарымен  ынтымақтасуға  мүд­

делі.  Ал  Қазақстан  болса,  бұл  істе 

көршісінен көш ілгері. Елбасымыз 

Н.  Назарбаев  2020  жылы  Алматы­

да ислам банкінің өңірлік орталы­ 

ғын  ашу  міндетін  қойды.  Сондай­

ақ былтыр елімізде ислам банкте­ 

рінің  облигацияларының  шыға­

рылуына  және  таратылуына  заң 

жүзінде  рұқсат  етілді. 

Сонымен  Ислам  банкі  қандай 

қаржылық құрылым? Әңгімені бас­

тамас  бұрын  ең  әуелі  қасиетті  ис­ 

лам  дінінің  рухани  бір  алғышар­

тына  тоқтала  кетейік.  «Құран­Кә­ 

рім» мен шариғат заңдарына сәй­ 

кес, исламда  кез келген мүміннің 

байлығы,  яғни  қаржысы  мен  мал­ 

мүлкі  еңбегі  және  іскерлік  әре­

кетінің  нәтижесінде  жинақталса,  

ол адал. Сондай­ақ мұраға қалған 

немесе  сыйға  берілген  жоғары­

дағы игілік те адалдың қатарынан. 

Ал  пара,  кісі  өлтіру,  ұрлау  және 

өсімқорлық, тағы басқасы арқылы 

баю  харамға  жатады.  Аталмыш  әре­

кеттердің екі  дүниеде де өзіне ла­

йықты  жазасы  бар.  Араб  тіліндегі 

«риба»  және  «харар»  зат  есімде­ 

рі соған арналған. «Риба» сөзі не­ 

сие  беру  мен  сауда  келісімінде­ 

гі    өсім  ақшаның  атауы.  Яғни  қан­ 

ша  несие  алынса,  дәл  сондай 

қайтарымы  болуы  керек.  Сауда 

келісімінде  де  солай.    Одан  арты­

ғы  –  біреудің  қалтасына  түсетін 

арам ақша. «Харар» дегеніміз – кә­

дімгі  өсімқорлық,  белгілі  бір  та­ 

уарды  сатып  алғаннан  соң,  кейін 

сатқанда  оның  құнын  кемінде 

жарты  (50  пайыз)  немесе  екі  есе  ар­

тық бағамен ұсыну. Ешқандай тер 

төкпестен,  біреудің  ақшасын  ием­ 

дену.  Мәселен,  бүгінгі  теңге  на­ 

рығындағы  алыпсатарлық  –  кү­

нәнің  бір  түрі.  Ал  исламның  қа­

ғидаты  бойынша  іске  салынба­ 

ған  қаржыға  (артық  ақшаға)  ке­

дейлер  мен  мүмкіндігі  шектеулі 

жандардың  есебіне  ізгілік  салығы 

салынуы  тиіс.  Ал  кейде  адам  қа­ 

білетіне  байланысты  ақшасын  ұсы­

нақты  пайдалана  алмаса,  оның 

қаржысын  кәсіпкер  немесе  сауда 

ісінің  адамына  беріп,  оның  табы­

сынан лайықты үлесін алуына бо­

лады.  Тек  ол  берген  ақшасының 

өсімін  талап  етпеуі  тиіс.  Мәселен, 

сүйікті  пайғамбарымыз  Мұхаммед 

(с.ғ.с.)  жас  кезінде  табыскер  көпес 

болған.  Кезінде  оның  саудасына 

бай  жесір  Хадиша  әжеміз  өзінің 

ақшасын салыпты. Жас азаматтың 

саудадағы  адалдығына  көзі  жет­

кен  соң  және  басқа  да  тамаша 

қасиеттеріне  сүйсінген  Хадиша 



Соңғы онжылдықта 

әлемде «Ислам банкі» 

сықылды сөз тіркесі халық-

аралық басқосулар мен іс-

керлік кездесулерде жүйелі 

естіліп жүр. Араб әлемі 

және Малайзия, Индоне-

зия сынды ірі мұсылман 

мемлекеттері барған сайын 

қаржылық үдерімдерде 

ислам  банктерінің  әлеуетін 

ұдайы  пайдаланып  келеді. 

Ислам банкі, 

ол қандай жүйе?

әжеміз  кейін  оның  адал  жарына 

айналды. 

Енді  ислам  банкіне  оралайық. 

Өткен  ғасырдың  басында  отар­

ланған  араб  және  өзге  мұсылман 

елдерінде АҚШ пен Батыс банкте­

рінің  бөлімшелері  ашыла  баста­ 

ды.  Алайда  ол  банктердің  негізгі 

жұмыс  әдісі  –  өсімқорлық  еке­ 

нін  терең  түсінген  көптеген  дін­

дар  бай  адамдар  оларға  ақша 

салуға  немесе  алудан  тартынды. 

Нәтижесінде  асыл  дініміз  бен  ша­ 

риғатқа  қайшы  келмейтін  ислам­

дық  банк  ашуға  ұмтылыс  пайда 

болды.  Сөйтіп  өткен  ғасырдың 

алпысыншы  жылдары  ислам  банк­ 

тері  өмірге  келді.  Ең  біріншісі  – 

Ислам  жинақ  банкі  ретінде  1963 

жылы  Мысыр  елінде  ашылған. 

Жетпісінші  жылдардан  бастап,  ол 

кең  өріс  ала  түсті.  1974  жылы  Ис­

лам  мемлекеттерінің  ұйымы  ке­ 

зекті  отырысында  халықаралық 

«Ислам  даму  банкін»  құру  жөнінде 

шешім  қабылдады.  Жалпы,  ислам 

банктерінің  бастауында  Сауд  Ара­

биясының  мәлігі  әулетінің  мүше­ 

сі,  ханзада  Мохамед  әл­Фейсал 

мен  катарлық    Салех  Кәміл  тұр. 

Ал  ХХ  ғасырдың  сексенінші  жыл­

дары  Оңтүстік­шығыс  Азияда  ис­

лам  банктері  ашылып,  жедел  кө­

бейді.  Бұл  аймақтағы  банк  ісінің 

көшбасшылығына  Малайзия  ие. 

Ал  Қазақстанда  алғаш  рет  2010 

жылы  Араб  әмірліктерінің  «Әл­

Хилал»  ислам  банкінің  өкілдігі 

ашылды.  Көршіміз  де  бізден  қа­

лыс  қалмауды  ұйғарыпты.  Был­ 

тыр  көктемде  Ресей  Мемлекеттік 

Думасының    қаржы  істері  жөнін­

дегі  комитет  төрағасының  орын­ 

 басары  Дмитрий  Савельев  елін­

де  20  миллион  мұсылман  өмір 

сүріп жатқанын тілге тиек ете оты­ 

рып,  ислам  банкингін  ендіру  жо­

лындағы  кедергілерді  жоятын  заң 

жобасын ұсынды. Жаңа ғасырдың 

алғашқы  онжылдығы  ислам  бан­

ктері  дамуының  шарықтау  ше­ 

гіне  айналды.  Клиенттер  жыл  са­

йын  өсіп,  пассивтік  үдерімдер  са­ 

лынған  инвестициялар  өсті.  Ис­ 

лам  инвестициялық  банктері  ли­

зингтік  үдерімдер  мен  тәуекел­

дік  капитал  нарығында  белсенді 

әрекет  жасауда.  Нәтижесінде  Ба­

тыстық  бәсекелестерімен  еркін 

тайталасқа  жарап  қалды.  Бүгінде 

АҚШ  пен  Батыстың  алпауыт  банк­

тері  ислам  банктерін  еріксіз  мо­

йындауға мәжбүр.

Ислам банкі қалай жұмыс істей­

ді?  Ол  пайыздың  орнына  банкте 

салымы  бар  клиентке  кәсіпорын 

табысының  өзіне  тиесілі  үлесін 

алуына ұсыныс жасайды. Тек оған 

міндетті түрде бір шарт қойылады, 

яғни  аталмыш  ақша  істің  мүмкін­ 

дігі  ықтимал  шығынын  да  бірге 

өтеуі  керек.  Банк  клиенттер  үшін 

үш  есепшоттың  кез  келгенін  ұсына­ 

ды. бірі – ағымдағы есепшот. Басқа 

банктен айырмашылығы – оған па­ 

йыз  төленбейді.  Қанша  саласың, 

сонша  аласың.  екіншісі,  жинақ 

есепшоты.  Аталмыш  есепшот  ие­

сінің  банк  табысына  ортақтасуы­ 

на құқығы жоқ. Алайда банк әкім­

шілігі  өзінің  қалауы  бойынша 

клиентіне  сыйақы  ретінде  белгі­ 

лі  бір  мөлшерде  ақша  ұсына  ала­

ды.  Клиенттердің  жинақ  есепшот­

тарында  қордаланған  ақшасын 

сол  банк  әкімшілігінің  тәуекелі  аз 

үдерімдерге,  әдетте  сауда  келі­ 

сімдерін  қаржыландыруына  мүм­ 

кіндігі  бар.  Үшіншісі,  инвестиция­ 

лық  есепшот  болып  табылады. 

Оның  иесі  банк  әкімшілігімен  кі­ 

рісті  де,  шығысты  да  өзіне  тиесі­

лі  үлесі  бойынша  бөліседі.  Үлес­ 

керлер  салым  бойынша  кірісін 

алғанымен,  табыстың  болуы  не­ 

месе  болмауына  банк  кепілдік 

бермейді.  Өйткені  банк  шығы­ 

нын  инвестициялық  салым  арқы­

лы  өтейді.  Егер  банк  клиентте­ 

ріне  кәсіби  тұрғыдан  сапасыз 

қызмет  көрсетсе,  олар  сотқа  ша­ 

ғынуға  құқылы.    Сонымен  ислам­

да  ақша  жадығаттарын  жұмыл­

дыру  әдісі  акционерлік  капитал­ 

дағы  қаржыны  тек  іске  ғана  тар­

ту  болып  табылады.  Нәтижесін­ 

 де  ақшадан  ақша  «тумайды»,  қар­

жы  тек  өндірістік  мақсаттарға  ба­ 

ғытталады.  Бұдан  басқа  ислам 



банктеріне  темекі,  арақ­шарап 

өндіру,  есірткі  өсіру,  қару­жа­ 

рақ  жасау  және  басқа  харам  іс­

терді  қаржыландыруға  тыйым 

салынған. 

Көптеген  әлемдік  экономистер­ 

дің  пайымдауынша,  үлестік  қар­

жының  өзіндік  артықшылықта­ 

ры  бар.  Мәселен,  батыстық  банк­

терде  несиелік  пайыздың  көлемі 

әр  елдің  орталық  банкісі  белгіле­

ген  есептік  ставкасына  тәуелді, 

нәтижесінде  ол  нақты  сектордың, 

яғни  экономиканың  дамуына  мей­ 

лінше  қатқыл  шарттарын  қояды. 

Ал  исламдық  жүйеде  үлес  бо­

йынша  кіріс  банк  үлескерлерінің 

қаржысы  салынған  компания  ак­ 

цияларының  табысына  байланыс­ 

ты. Нәтижесінде нақты сектордың 

даму  қарқынына  оңтайлы  инвес­

тициялық  ахуалдың  орнауына  жә­ 

 не  экономиканың  айрықша  та­

бысты  салаларына  қаржы  жады­ 

ғаттарының  барынша  тиімді  бө­

лінуіне  жол  ашылады.  Сөйтіп,  өн­ 

діріс  өсімқор  банктің  өктемдігі­

нен құтылады. Демек, банк эконо­ 

микаға  емес,  керісінше  экономи­ 

ка банкке  талап қояды. Сондықтан 

исламдық банктердің келешегі ке­

мел  екендігі  сөзсіз.  Қазір  елімізде 

де  исламдық  банктер  ашылып, 

жұмысын  жүргізуде.  Оған  отан­ 

дық  клиенттердің  ықылас  таныта­

рына  сенім  мол.



серік   иХсАНҒАЛи,

«Орал өңірі»

түрмеде   кәсіпкер 

БОЛЫп  тіркеЛДі...

прокуратура құрылымдары пенитенциарлық жүйенің 

жұмысын жақсарту бағытында кешенді шаралар алуда. 

Соның нәтижесінде Қазақстан әлемдік рейтингте өз по-

зициясын жақсартып, 55-орынға дейін көтерілді. 

2013  жылы  «Түрмедегілердің 

санын азайту бойынша 10 қадам» 

жобасы  аясында  алғашқы  кон­

ференция  өтті.  Екінші  форумда 

«Колонияларда  жұмыспен  қам­

ту»  жобасының  басталғандығы 

жарияланды. 2015 жылы 11 жел­

тоқсанда  өткен  үшінші  форум 

сотталғандарды  қоғам  өміріне 

қайта бейімдеу мәселелеріне ар­ 

налды.  Бұл  туралы  ОКҚ­да  өткен 

баспасөз  мәслихатында  ҚР  Бас 

прокуратурасы  жанындағы  Құ­ 

қық  қорғау  құрылымдары  акаде­ 

миясының  бірінші  проректоры 

Еркін  Оңғарбаев  мәлім  етті.  «Біз 

осы  жұмыстардың  алғашқы  же­ 

містерін де көрудеміз, – деді ол. 

– 2013 жылдан бері республи­

ка  түрмелеріндегі  адам  саны  25  

пайызға, яғни 52 мыңнан 40 мың­

ға  дейін  азайды.  Бұл  90­жылдар­

мен салыстырғанда екі есе аз. Сон­ 

дай­ақ  колонияларда шағын кә­

сіпкерлік  қанат  жайып  келеді. 

Бүгінде  133  жеке  кәсіпкерлік  су­ 

бъектісі  бар.  Олар  1865  сотталу­

шыны  жұмыспен  қамтып  отыр. 

Колония тарихында алғаш рет 20 

сотталушы  жеке  кәсіпкер  ретін­ 

де тіркелді».



Мәди  ыҚыЛАс

көрермені  көп  театр



«Астана Опера» театры 

«EXPO - 2017» көрмесіне 

арнайы мәдени бағдар-

лама дайындауда.

ОКҚ­дағы  брифингке  қатыс­

қан  театр  директоры  Төлеубек 

Әлпиевтің  айтуынша,  «ЭКСПО  ­ 

2017» көрмесі 93 күн бойы өтеді, 

сол себепті театр ұжымында бұл 

кезде  еңбек  демалысы  болмай­ 

ды.  Көрме  кезінде  Дж.  Пуччини­

дің  «Мадам  Баттерфляй»  опера­

сы  қойылмақшы.  Ролан  Петидің 

қорымен  «Собор  Парижской  Бо­ 

гоматери»  операсын  қою  жөнін­

де  келіссөздер  жүргізілуде.  Сон­ 

дай­ақ  «Қыз  Жібек»,  «Абай»  опе­

ралары  да  көрермен  назарына 

ұсынылмақ.

–  Біздің  қойылымдарымызды 

тамашалау  үшін  Қарағанды,  Көк­

шетау  сынды  жақын  қалалар­

дың  тұрғындары  ғана  емес,  ел­ 

дің шетіндегі өңірлерден, ондағы 

мекеме­кәсіпорындар  ұжымдар 

арнайы  келуде.  Бүгінде  премье­

раларымызға  Ресейден  келетін 

көрермендер  саны  артып  отыр. 

Жақында премьерасы өткен «Бая­

дерка»  балетіне  АҚШ,  Франция 

азаматтары  келді.  Оларға  Алты­ 

най  Асылмұратованың  орында­ 

уындағы  спектакльді  көру  қызы­

ғушылық  туғызған.  Себебі  Алты­

най  кезінде  Парижде  «Баядер­ 

ка»  балетінде  ойнаған»,  –  дейді 

ол.


«Батыс» ай- 

мақтық қолбас-

шылығында 

Ұлттық ұланның 

құрылған күні-

не (қазіргі Ұлт-

тық ұланның 

құрамындағы 

бұрынғы ішкі әс- 

керлер құрылы-

мы 1992 жылы 

10 қаңтарда құ-

рылған болатын) 

орай салтанатты шара өтті. Оған  қолбасшылықтың  

жеке  құрамы, құқық қорғау органдарының  өкілдері  

және  ардагерлер қатысты.

Жиынды  ашқан  аталмыш  қол­

басшылықтың  қолбасшысы,  ге­ 

нерал­майор Қайрат Ақтанов қо­

ғамдық тәртіпті сақтаудағы әске­ 

ри  қызметтің  рөліне,  бұл  бағыт­ 

тағы  жауынгерлердің  ерлігіне, 

бүгінгі  Ұлттық  ұлан  жасағы  қыз­

метінің  ерекшелігіне  тоқталды. 

Айта кетеу керек, өткен жыл ішін­

де  «Батыс»  қолбасшылығының 

әскери  қызметшілері  полицей­

лермен  бірігіп  құқықбұзушылық 

әрекеттер  жасаған  6  мыңнан 

аса  адамды  ұстаған.  Тәртіп  бұзу­ 

шылардан  1  атыс  қаруы,  3  трав­

Мерекелеріңізбен!

матикалық қару және 3225 грамм 

есірткі заттары тәркіленді.

Өз  кезегінде  сөз  алған  Петр 

Грибан,  Сергей  Арендарь  сын­

ды  ардагерлер  естелік  айтып, 

Ұлттық  ұлан  сардарлары  мен 

сарбаздарын  кәсіби  мерекемен 

құттықтады. 

Шара  барысында  ҚР  Ұлттық 

ұланы  Бас  қолбасшының  бұйры­

ғына сәйкес бірқатар әскери қыз­

метшілер  төс  белгілермен  және 

құрмет  грамоталармен  марапат­

талды.

сәкен  МұРАтұЛы



жүктеу 8,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау