Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к лабораториям"



жүктеу 0,86 Mb.
бет1/5
Дата15.05.2018
өлшемі0,86 Mb.
#13575
түріКодекс
  1   2   3   4   5

"Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 13 Қаулысы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 


Үкіметінің       
2012 жылғы 10 қаңтардағы
№ 13 қаулысымен    
бекітілген       

"Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық қағидалары


1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) орындамау адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ аурудың пайда болу және таралу қаупін тудыратын органолептикалық, токсикологиялық, санитариялық-химиялық, микробиологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық зертханалық зерттеулерді, шуды, дірілді, электромагниттік өрістерді және физикалық факторларды өлшеуді, радиометрия мен дозиметрияны қамтитын радиациялық зерттеулерді орындайтын зертханаларға (бұдан әрі – зертхана) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.


      2. Санитариялық қағидалар:
      1) зертхана ғимараттарының құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, қайта жаңартуға және пайдалануға беруге;
      2) сумен жабдықтауға, кәріз жүргізуге, жарық беруге және желдетуге;
      3) зертханаларды күтіп-ұстауға, пайдалануға және жұмыс жағдайларына;
      4) радиациялық, химиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге (оның ішінде аварияларды жою кезінде);
      5) материалдарды (микроорганизмдерді) сақтауға және тасымалдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды да белгілейді.
      3. Осы Санитариялық қағидалардың талаптарын сақтау меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға міндетті болады.
      4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
      1) авариялық жағдай (бұдан әрі – авария) – биологиялық материалмен жұмыс істеу кезінде, өндірістік аймақтың ауасына, қоршаған ортаға патогенді биологиялық агенттің бөлінуінің, персоналға жұқтырудың нақты немесе әлеуетті мүмкіндігін тудыратын, зертханада туындаған жағдай;
      2) бактериологиялық зертхана – биологиялық материалдан және қоршаған орта объектілерінен бактерияларды бөлу, антигендерді және антиденелерді анықтау бойынша зерттеулерді орындайтын зертхана;
      3) бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі – БӨП) – адамдардың және көлік құралдарының рұқсат етілген түрінің өтуін қамтамасыз етуге арналған арнайы үй-жай;
      4) биологиялық агенттер немесе уыттар – адамның немесе жануарлардың организміне түскен кезде немесе олармен, сондай-ақ өсімдіктермен жанасқан кезде олардың сырқаттануын немесе өлім-жітімін тудыруға бейім микроорганизмдер және бактериялық, өсімдіктен немесе жануардан шығатын белоктық күрделі қосындылар;
      5) биологиялық қауіпсіздік – жұмыс істейтін персоналды, тұрғындарды және қоршаған ортаны биологиялық агенттердің (бұдан әрі – БА) әсерінен қорғауға бағытталған медициналық-биологиялық, ұйымдастыру және инженерлік-техникалық іс-шаралар жүйесі;
      6) биологиялық қауіпсіздік боксы (бұдан әрі – БҚБ) – персоналдың жұқтыруын және жұмыс аймағы мен қоршаған орта ауасының ластану мүмкіндігін болдырмау мақсатында микроорганизмдерді физикалық оқшаулау үшін (жұмыс аймағына енгізбеу және бақыланатын шығару) пайдаланылатын конструкция;
      7) биологиялық қорғаныш (бұдан әрі – биоқорғаныш) – БА және уыттарды жоғалтуды, ұрлатуды, дұрыс пайдаланбауды, диверсиясын, рұқсат етілмеген қол жетімділікті немесе алдын ала жоспарланған рұқсат етілмеген таралуын болдырмау мақсатында оларды қорғауды, бақылауды және есепке алуды қамтамасыз ету;
      8) боксталған үй-жай (бұдан әрі – бокс) – тамбуры (боксқа кіреберісі) бар оқшауланған үй-жай;
      9) виварий – тәжірибелер үшін пайдаланылатын зертханалық жануарлардың алуан түрлері ұсталатын ұйымның бөлімшесі;
      10) вирусологиялық зертхана – биологиялық материалдан және қоршаған орта объектілерінен вирустарды бөлу, антигендерді және антиденелерді анықтау бойынша зерттеулерді орындайтын зертхана;
      11) дезактивация – қандай да бір беттен немесе қандай да бір ортадан радиоактивті ластануды жою немесе азайту;
      12) дезарлар – ультракүлгін бактерицидті сәулелегіш, үй-жайлардағы ауаны дезинфекциялау үшін қолданылады;
      13) демеркуризация – сынапты төгіп алған жағдайда оны жинау бойынша іс-шаралар кешені;
      14) диагностикалық зерттеулер – қоздырғышты, оның антигенін немесе оған антиденені анықтау және сәйкестендіру мақсатында өткізілетін шығу тегі биотикалық және абиотикалық объектілерді зерттеу;
      15) жұқпалы аймақ – патогенді биологиялық агенттермен немесе ықтимал жұқтырған патогенді биологиялық агентпен материалмен әрекеттер және оларды сақтау жүзеге асырылатын зертхананың үй-жайы немесе зертхананың үй-жайлар тобы;
      16) жұқпалы материал – құрамында инфекциялық аурулардың қоздырғыштары бар екені белгілі немесе негізді болжанатын заттар;
      17) зертхана – патогенді биологиялық агенттермен және (немесе) уыттармен тәжірибелік, диагностикалық немесе өндірістік жұмыстарды орындайтын ұйым немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
      18) иммундық-ферментті талдау (бұдан әрі – ИФТ) – ферментті белгіні қолдана отырып, антигеннің антиденемен өзара әрекеттесуіне негізделген әртүрлі биологиялық молекулаларды анықтау әдісі;
      19) инсектарий – тәжірибелік мақсатта қолдану үшін жәндіктерді күтіп-ұстауға, шығаруға немесе көбейтуге арналған ұйымның бөлімшесі;
      20) микробиологиялық зертхана – биологиялық материалда және қоршаған орта объектілерінде микроорганизмдерді анықтау бойынша зерттеулерді орындайтын зертхана;
      21) микробиологиялық зерттеулер бактериологиялық, вирусологиялық және паразитологиялық зерттеулерді қамтиды;
      22) микроорганизмдер – бұл белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануда адамның денсаулығына әсер етуі мүмкін шығу тегі белоктық күрделі қосындылар бактериялар, вирустар, микоплазмалар, риккетсийлер, хламидийлер және грибоктар;
      23) объектінің (үй-жайдың) техникалық нығайтылуы – ғимараттың, үй-жайлардың, олардың периметрлерінің, күзеттің арнайы техникалық құралдарының (күзет, қауіп-қатер дабылы; қол жетімділікті бақылау жүйесі; теледидарлық бақылаудың бейнебақылау және бейнекүзет жүйелері; радиоактивті, химиялық және өзге де уландырғыш заттарды анықтау детекторлары; қаруды, жарылғыш заттар мен құрылғыларды  анықтау детекторлары) және өрт дабылы жүйесінің, оның ішінде өртті автоматты түрде анықтау және өшіру жүйесінің конструкциялық элементтерін инженерлік қорғау жиынтығы;
      24) отқа қауіпті заттар – тұтанудың сыртқы көзінен жанатын, жеңіл тұтанатын заттар мен жанғыш сұйықтықтар;
      25) патогенді биологиялық агент (бұдан әрі – ПБА) – адамдар үшін патогенді  микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, риккетсийлер, хламидийлер, қарапайымдылар, грибоктар, микоплазмалар, эндо- және эктопаразиттер),  гендік-инженерлік түрлендірілген микроорганизмдер, биологиялық және өсімдік тектес улар (уыттар), гельминттер, сондай-ақ құрамында санамаланған агенттердің болуы ықтимал материал (қанды, басқа да биологиялық сұйықтықтарды және организмнің нәжістерін қоса алғанда);
      26) паразитологиялық зертхана – биологиялық материалда және қоршаған орта объектілерінде гельминттерді және қарапайымдыларды анықтау бойынша зерттеулерді орындайтын зертхана;
      27) периметр – қоршайтын құрылыс конструкцияларымен (тосқауылдармен) және бақылау-өткізу пункттерімен жабдықталған күзетілетін аумақтың (аймақтың) шекарасы;
      28) полимеразды тізбекті реакция (бұдан әрі – ПТР) – зерттелетін микроорганизм геномының ерекше учаскесін анықтауға мүмкіндік беретін, ДНҚ-РНҚ (амплификация) фрагменті көшірмелерінің санын көп еселеп көбейтуге негізделген реакция;
      29) таза аймақ – зертхананың БА-мен әрекеттер жүргізілмейтін үй-жайы немесе үй-жайлар тобы;
      30) тәжірибелік зерттеулер – шығу тегі биологиялық микроорганизмдерді, гельминттерді, уыттар мен уларды пайдаланатын жұмыстардың барлық түрлері;
      31) тәуекелді бағалау – БА-ның ену және таралу ықтималдығын және онымен байланысты әлеуетті әлеуметтік, медициналық-биологиялық, фито-ветеринариялық, экологиялық және экономикалық салдарларын ғылыми негізделген бағалау;
      32) уақытша зертханалар (эпидемиологиялық жасақтар, экспедициялар) – эпидемиялық белең алулар пайда болғанда ұйымдастырылатын мерзімдік жұмыс істейтін зертханалар;
      33) улы және қатты әсер ететін заттар – организмге аз мөлшерде және аз шоғырлануда түскен кезде патологиялық өзгерістер тудыратын химиялық қосындылар;
      34) шартты жұқпалы аймақ – жұқпалы аймақ шегіндегі үй-жай немесе үй-жайлар тобы;
      35) штамм – микроорганизмнің таза өсіріндісі;
      36) эпидемиологиялық маңызды объектілер – өндірілетін өнімдері және (немесе) қызметі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда, тұрғындар арасында тамақтан улануды және инфекциялық аурулардың белең алуын тудыруы мүмкін объектілер.

2. Ғимараттың(тардың) құрылысына жер учаскесін таңдауға,
зертханаларды жобалауға, салуға, қайта жаңартуға және
пайдалануға беруге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      5. Ғимараттың құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, қайта жаңартуға және зертханаларды пайдалануға беруге оның осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болғанда жол беріледі.


      6. Мынадай:
      1) бұрын мал өлексесін және уытты қалдықтарды көму орындарына пайдаланылған;
      2) табиғи аядан гамма-сәулелену дозасы қуатының деңгейлері сағатына 0,2 микроЗиверттен асатын;
      3) жер учаскесінде күйдіргі бойынша стационарлық қолайсыз елді мекен орналасқан жағдайларда жер учаскесінде құрылысты жобалауға және жүзеге асыруға жол берілмейді.
      7. Зертханалардың ғимараттары дербес жер учаскелерінде орналасуы немесе құрамына кіретін ұйымның жер учаскесінде орналасуы тиіс.
      8. Зертханалар: дербес ғимаратта, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда немесе ұйым ғимаратының жекелеген қабаттарында орналасады.
      9. Микробиологиялық зерттеулерді орындайтын зертханалар тұрғын үй ғимараттарынан және басқа да азаматтық құрылыс ғимараттарынан кемінде 50 метр (бұдан әрі – м) қашықтықта орналасады.
      10. Зертхананың аумағы, ғимараттары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы және осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үй-жайлар жиыны мен аудандары болуы тиіс.
      11. Микробиологиялық зерттеулерді орындайтын зертханалардың: қызметкерлер үшін санитариялық өткізгіші бар және материалды зерттеуге жеткізуге арналған кемінде кіретін екі есігі болуы тиіс. Зерттеуге арналған материалды арнайы беретін терезе арқылы алуға жол беріледі.
      12. Патогендік тобы I-II ПБА-мен немесе патогендігі I-II топқа жататын ПБА жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыстар жүргізілетін стационарлық зертханалардың қоршаулары күрделі болуы және типтік жобалар бойынша салынуы тиіс.
      13. Сыртқы қоршауда жабылмайтын есіктің, қақпаның, қақпалы есіктің, сондай-ақ ойылған жерлердің және басқа да бұзылулардың болуына жол берілмейді.
      14. Қоршауға оның периметрінің бір бөлігі болып табылатын ғимараттан басқа жапсарлас құрылыстар жанасып салынбауы тиіс, бұл ретте күзетілмейтін аумаққа қараған ғимараттың бірінші қабатындағы терезелер металл торлармен жабдықталады.
      15. Аумақ қоршауының периметрі бойынша жарық орнатылады.
      16. Зертхананы бірінші қабатқа орналастырған жағдайда барлық бөлмелердің терезелерінде темір торлар орнатылады.
      17. Уақытша зертханалар қауіпсіздік талаптарын сақтаған кезде жеткілікті сумен, электр қуатымен, кәрізбен қамтамасыз етілген жағдайда бейімделген ғимараттарда, үй-жайларда орналасуы мүмкін.
      18. Қоршау үшін қарапайым қоршауларды (ағаш, металл, тор, керегекөз) пайдалануға жол беріледі.
      19. Зертхананың үй-жайлары өзінің тікелей мақсатына қарай пайдаланылуы тиіс. Қызметтік міндеттерді орындауға байланысты емес жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
      20. Зертханалар үй-жайларының конструкциялық сәулет-жоспарлау орындалуы және кіруден қорғауды бірігіп қамтамасыз ететін техникалық қауіпсіздік жүйелерімен жарақталуы тиіс.
      21. Тәжірибелік, диагностикалық және өндірістік жұмыстар жүргізумен, сондай-ақ патогендігі I-II топтағы ПБА сақтаумен айналысатын объектілерде рұқсат беру режімі белгіленеді.
      22. Үй-жайлардың ішкі әрлеуі олардың функционалдық мақсатына сәйкес орындалуы тиіс.
      Жұқпалы аймақтың зертханалық үй-жайларының едені, қабырғасы, төбесі тегіс, саңылаусыз, оңай өңделетін, дезинфекциялау және жуу құралдарының әсеріне төзімді болуы тиіс, едені тайғанақ болмауы тиіс.
      23. Еден жабынының шеттері көтеріліп, қабырғаның бетімен бірдей болып бекітілуі тиіс. Траптар болған жағдайда еденде еңіс болуы тиіс.
      24. Санитариялық-химиялық зертханада еден қышқылға төзімді материалмен жабылады.
      25. Радиологиялық зертханада еден, төбесі және қабырғасы жуу құралдарына төзімді, нашар сіңіретін материалмен жабылады.
      26. От-жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істейтін үй-жайларда екі шығатын есік көзделеді.
      Жұмыс үстелдері жанбайтын, тотығуға төзімді материалмен қапталады, қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істеу үшін ернеу құрылғысы болады.
      27. Улы заттармен жұмыстар бөлек үй-жайларда (бөлмелерде) жүргізіледі.
      28. Бокстардың және басқа бөлмелердің есіктері мен терезелері саңылаусыз тығыз жабылуы тиіс. Желдеткіштер жәндіктерден тормен қорғалады. Есіктердің бекітетін құрылғысы болуы тиіс.
      29. Микробиологиялық зертханалардың үй-жайларын жоспарлау таза және жұқпалы ағындардың қиылысуын болдырмауы тиіс. Үй-жайлардың есігінде олардың тағайындалуы көрсетілген тақта ілінеді.
      30. Сынамаларды алуға және тіркеуге арналған үй-жайлар зертханаға кіре берісте орналасады. Зертханада материал алуға арналған пункт болған жағдайда персонал және тексерілетін адамдар үшін бөлек дәретханалар көзделеді.
      31. Барлық бокстарда бокс кіреберісі болуы тиіс, онда қол жууға арналған раковина (қол жуғыштар), айна және дезинфекциялау ерітінділері бар сыйымдылықтар орнатылады.
      32. Жұмыс орындарына өтетін негізгі жолдардың ені немесе екі қатар орналасқан жабдықтардың арасы шығып тұратын конструкцияларды есепке алғанда 1,5 метрден кем болмауы тиіс.
      33. Өрт болған жағдайда патогендігі І-ІІ топтардың ПБА-сы сақталатын тоңазытқыштар (термостаттар, сейфтер) шығарылмайды.
      34. ПБА-мен жұмыс жүргізілетін үй-жайлар бактерицидті сәулелегіштермен жабдықталуы тиіс. Әрбір сәулелегіштің жұмыс уақытын есепке алу журналда белгілеу арқылы жүргізіледі.
      35. Зертхана жұмысында қолданылатын аспаптар, жабдықтар және өлшеу құралдары аттестатталуы, техникалық жарамды болуы тиіс, техникалық паспорты және қауіпсіздік талаптары ескерілген пайдалану жөніндегі жұмысшы нұсқаулығы болуы тиіс.
      36. Зертханалық жабдықтарды және бөлімшенің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инженерлік жүйесін жөндеуді инженерлік-техникалық қызметтер және мамандар жылдық кестеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Зертханадағы сумен жабдықтауға, кәріз жүргізуге,
жарық беруге және желдетуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      37. Зертхананың орталықтандырылған ыстық және суық сумен жабдықтау, кәріз жүргізу, электрмен жабдықтау, жылыту жүйелері болуы тиіс.


      38. Елді мекенде орталықтандырылған су құбыры және кәріз жүргізу болмаған жағдайда, автономды сумен жабдықтау және кәріз жүйелері орнатылады.
      39. Зертханада персоналдың қолдарын жууға арналған раковина және араластырғыш арқылы ыстық және суық су келтірілген ыдыстар мен мүкәммалды жууға арналған ванналар жабдықталады.
      40. Зертхана жасанды іске қосылатын ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен және сыртқа шығару шкафтарынан ауаны соруға арналған жеке (автономды) желдеткіш құрылғыларымен жабдықталады.
      41. Жұмысшы үй-жайлары ауасында жарылыс қаупі бар және улы газдардың, булардың және шаңның болуы рұқсат етілген шекті шоғырланудан аспауы тиіс.
      42. Зиянды және ыстық булар мен газдар бөлетін заттармен жұмыстар жүргізілетін сыртқа шығару шкафтары будың тығыздығына байланысты автоматты іске қосылатын жоғарғы және төменгі сорғыштармен және сұйықтықтың еденге ағып кетуін болдырмайтын ернеулермен жабдықталады.
      43. Сыртқа шығару құрылғылары 15-20 сантиметрге (бұдан әрі – см) ашық тұрған шкафтардың қайырма жақтауларында ауаны сору жылдамдығы секундына шамамен 0,5-тен 0,7 метр (бұдан әрі – м/сек) дейін жылдамдықты қамтамасыз етуі тиіс. Қауіптілігі 1 және 2 сыныпқа жататын аса қауіпті заттармен жұмыс істеу кезінде ауаның жылдамдығы 1 м/сек дейін көбейтілуі тиіс.
      44. Сыртқа шығару шкафтарының жүйесін ажыратқыштар оларға жақын орналасады, шкафтарда орнатылған аспаптарды қосатын розеткалар сыртқы панелінде, газ шүмектері алдыңғы ернеуінде, штепсельдік розеткалар сыртқа шығару шкафынан тыс жұмыс үстелінің бүйірінде немесе шкафтың ішінде орналастырылады.
      45. Сыртқа шығару шкафтарының және БҚБ-ның желдету жүйесінің ажыратқыштары оларға жақын орналасуы тиіс, шкафтарда және БҚБ-да орнатылған аспаптарды қосатын розеткалар сыртқы панелінде; газ шүмектері алдыңғы ернеуінде; штепсельдік розеткалары сыртқа шығару шкафтан немесе БҚБ-дан тыс жұмыс үстелінің бүйірінде орналасуы тиіс.
      46. Сыртқа шығару шкафтарының жақтаулары (есіктері) жұмыс кезінде төменгі жағында кішігірім саңылаумен жабылады. Көтеріңкі жақтаулары олардың құлап кетуін болдырмайтындай құрылғылармен мықтап бекітіледі.
      47. Егер зерттеу әдістемесінде өзгеше көзделмесе, зертхана үй-жайларындағы ауаның температурасы плюс 18-21 градус Цельсий (бұдан әрі - оС) шамасында, салыстырмалы ылғалдығы 40 пайыздан (бұдан әрі - %) 70 %-ға дейін ұсталады.
      48. Үшінші және төртінші климаттық аймақ аудандарында орналасқан ғимараттарда жазғы кезеңде ауа баптағыштар, микробиологиялық зертханаларда қосымша дезарлар орнатылады. Жұқтырылған материалмен жұмыс істеген кезде ауа баптағыш ажыратылады.
      49. Зертхана үй-жайларының табиғи және жасанды жарығы болуы тиіс. Жұмыс бөлмелерінің терезелері оңтүстікке бағытталған кезде жұмыс үстелдерін және оптиканы күн сәулесінің тікелей түсуінен жалюзді пайдалану арқылы қорғау қамтамасыз етіледі.
      50. Люминесцентті микроскоппен жұмыс жүргізілетін үй-жайда, фото бөлмеде, себезгі бөлмелерінде, санитариялық тораптарда және қойма үй-жайларында табиғи жарықты көздемеуге жол беріледі.

4. Зертханаларды күтіп-ұстауға, пайдалануға, ондағы
жұмыс жағдайларына және радиациялық, химиялық,
токсикологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық,
паразитологиялық қауіпсіздікті (оның ішінде аварияларды
жою кезінде) қамтамасыз етуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      51. Микробиологиялық зертхананың патогендігі I-IІ топтағы микроорганизмдерді жұқтырған немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс жүргізуі үшін жұқпалы, шартты таза, таза аймақтары, патогендігі IІІ-IV топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеу үшін жұқпалы және таза аймақтар болуы тиіс.


      52. БҚБ өтетін жолдардан және әртүрлі ауа ағындарынан алыс орында орнатылуы тиіс. Техникалық қызмет көрсетуге қол жетімді болу үшін шкафтың артынан және екі бүйірінен кемінде 30 см бос кеңістік қалдырылады.
      53. БҚБ-да жұмыс таза аймақтан жұқпалы аймаққа қарай бағытталып ұйымдастырылуы тиіс. БҚБ-ның ішкі беттері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарымен өңделеді.
      54. Патогендігі I-IV топтардың қоздырғыштарын жұқтырған немесе жұқтыруы ықтимал инфекциялық материалмен жұмысқа эпидемиология, бактериология, вирусология, паразитология және аса қауіпті инфекциялар бойынша мамандандырудан өткен мамандар жіберіледі.
      56. Зертхананың үй-жайларын жұмыс басталғанға дейін ылғалды тәсілмен жинайды және бактерицидті сәулелегіштермен қуаты 1 текше метрге (бұдан әрі – м3) 2,5 ватт жағдайында 30-60 минут бойы сәулелейді. Жұмыс аяқталғаннан кейін үстелдерді, аспаптарды, жабдықты, еденді, БҚБ-ны дезинфекциялық ерітіндіні қолданып сүртеді.
      57. ИФТ жүргізілетін бөлмелерде үстелдерді, аспаптарды, жабдықтарды өңдеу 70% этил спиртімен жүргізіледі, ПТР жүргізген кезде 70% этил спиртін (күн сайын) және осы мақсаттарға қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, өндірушінің нұсқаулығына сәйкес (ай сайын) жүргізіледі.
      58. Инфекциялық материалды жеткізу және оны бір зертханадан ұйымның (зертхананың) аумағындағы екіншісіне тасымалдау жабық металл ыдыста (биксте, бактарда) жүзеге асырылады. Материалды ашқан кезде бикстер мен түтікшелерді дезинфекциялық ерітіндімен сүртеді және металл табаққа қояды.
      59. Инфекциялық материалды бокстан боксқа немесе автоклавқа ауыстыру металл бикстерде немесе бактарда жүргізіледі.
      60. Инфекциялық материалды түтіктерде, шыны аяқтарда, құтыларда себу кезінде материалдың атауы, талдау нөмірі, себу күні және тіркеу нөмірі көрсетіліп жазылады.
      61. Құрамында инфекциялық аурулардың қоздырғыштары бар сұйық орталар автоматты тамшуырдың немесе бір рет пайдаланылатын стерилді тамшуырдың көмегімен сорып алынады. Сұйық орталарды түтіктен екінші түтікке жиегінен асырып құюға жол берілмейді. Пайдалану алдында ыдыстың, тамшуырлардың, жабдықтардың, шприцтердің тұтастығы және жарамдылығы тексеріледі.
      62. Кептірілген микроорганизмдер бар ампулаларды ашу кювет үстінде үстелдік бокстарда дезинфекциялық ерітіндімен жүргізіледі. Кесілген ампуланың ұшы дезинфекциялық ерітіндіге батырылған үш қабатты дәке салфеткамен жабылады және пинцетпен сындырып алынады. Ашылған ампула бір-екі минут бойы сол салфеткамен жабылған күйінде қалдырылады, одан әрі салфетка дезинфекциялық ерітіндіге батырылады, содан кейін ампула стерилді тампонмен жабылады.
      63. Мынаған:
      1) инфекциялық материалмен зерттеу жүргізілетін үй-жайда тірі вакцинамен жұмыс істеуге;
      2) зерттелетін микроорганизмдер сезімтал болатын дәрілік препараттар болмаған кезде микробиологиялық зертханада вирулентті антибиотикке төзімді микроорганизмдермен тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
      64. Істен шыққан материалды (жұмысшы себінділерін, науқастардың биологиялық материалын, кеміргіштердің, зертханалық жануарлардың өлекселерін, індік материалды) рұқсат етілген әдістердің бірімен зарарсыздандырады. Есепке алынбаған жұғындыларды, Петри тостағанын, түтіктерді және инфекциялық материалы бар басқа да зертханалық ыдыстарды жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс үстелдерінде қалдыруға жол берілмейді.
      65. Жұқпалы материалды сақтағаннан кейін тоңазытқыштарды еріту оны дезинфекциялаумен бірге жүргізіледі. Конденсациялық су залалсыздандыруға жатады.
      66. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін және түнгі уақытта зерттеу жүргізу ұйым басшысының рұқсатымен ауысымдық жұмыс орындалған және зертханада кемінде екі адам (дәрігер және зертханашы) қатысқан жағдайда жүргізіледі.
      67. Жұмыс күнінің соңында термостаттар, тоңазытқыштар, шкафтар пломбаланады, өндірістік үй-жайлардың есіктері құлыппен жабылады.
      68. Патогендігі I-II топтағы қоздырғыштармен жұмыс жүргізген кезде мынаны сақтау қажет:
      1) зертханалық үй-жайлар тұмшаланған болуы тиіс;
      2) жұқпалы аймақтың үй-жайлары жасанды іске қосылатын және шығатын жерінде жеңіл тазалайтын сүзгісі бар ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен жабдықталады;
      3) тоқсан сайын сарқынды судағы дезинфектанттың қалдық шоғырлануын және патогендік микрофлораны анықтау жүргізіледі;
      4) жұқтырылған жануарлармен жұмыс жүргізілетін үй-жайларға кіретін жерде биіктігі 30 см болатын табалдырық орнатылады, бактериологиялық бокстардың, серологиялық және жедел зерттеулер жүргізілетін үй-жайлардың есіктері алдында дезинфекциялық ерітіндіге батырылған кілемшелер төселеді;
      5) патогендігі І-ІІ топтағы қоздырғыштармен барлық зертханалық жұмыстарды жүргізу қорғаныш костюмімен жүзеге асырылады. Қорғаныш костюмін қолдануға қойылатын талаптар осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.
      Адамдардың, кеміргіштердің, эктопаразиттердің биологиялық материалын, сыртқы ортаның, жұқтырылған жануарлардың сынамаларын алуға және бастапқы өңдеуге байланысты барлық жұмыстар және оларды патогендігі І-ІІ топтың қоздырғыштарына зерттеу жұқпалы блокта 1-2 типті қорғаныш костюмдерін пайдаланып жүргізіледі.
      Сап және мелиоидоз қоздырғыштарымен зерттеулер 4 типті қорғаныш костюмінде, резеңке қолғаппен, мақта-дәке бетпердесімен және қорғаныш көзілдірігімен жүргізіледі. Жұқпалы бөлімшелердің боксқа кіреберістерінде жұмыс аяқталған соң қорғаныш костюмдері шешіледі және залалсыздандырылады. ЖИТС орталықтарының зертханаларындағы жұмыс үшін, сондай-ақ ПТР қоюға арналған үй-жайларда 4 типті қорғаныш костюмі (мақта-дәке бетпердесі, резеңке қолғап, қалпақ немесе орамал, халат немесе пижама) пайдаланылады.
      Зертхананың үй-жайынан қызметкердің қорғаныш киімімен шығуына және қызметкер жұқпалы материалмен немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істеп жатқан кезде оны үй-жайдан шақыруға жол берілмейді;
      6) патогендігі І топтың қоздырғышын жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істейтін адамдардың жұмыс күнінің соңында дене қызуын арнайы журналда тіркеу арқылы термометрия жүргізіледі;
      7) патогендігі І-ІІ топтың микроорганизмдерін жұқтыруы ықтимал материалды жұқтырған жануарлар басқа жануарлардан бөлек ұсталады;
      8) күйдіргі қоздырғыштарымен жұмыс кезінде зерттеу ақталғаннан кейін зертхана үй-жайлары мен жабдықтарға осы қоздырғыштың көбеюіне тексеру жүргізіледі;
      9) зерттеулер нәтижелерін жазу шимай дәптерге жүргізіледі, бокстан шығару алдында дезинфекцияланады;
      10) жыртқыш құстардың және аңдардың нәжістерін бөлшектеу оларды 1% формалин ерітіндісінде 12-18 сағат ұстағаннан кейін жүргізіледі;
      11) жәндіктер және кенелер, олардың тарап кетуін болдырмайтын арнайы үй-жайларда (инсектарийде) шарбақтарда немесе банкілерде ұсталады. Инсектарийді толықтыру үшін ауланған бүргелер қан сормаған жастары пайда болғанға дейін жеке банкілерде ұсталады;
      12) буын аяқтылармен жұмыс істеу кезінде қолданылған ыдысты қайнату арқылы дезинфекцияланады, қалдықтарға дезинфекциялық ерітінді құйылады немесе өртеледі. Құрал-саймандар қайнатылады немесе отқа қақталады. Бөзден жасалған қаптар сулы-сабынды ерітіндіде 30 минут бойы қайнату арқылы дезинфекцияланады;
      13) жұмыс аяқталғаннан кейін зерттелетін материал температурасы 18-20оС тоңазытқыш термостатқа салынады, үстел дезинфекциялық ерітіндімен, қолдар - 70о спиртпен өңделеді. Қызметкер аз уақытқа бокстан шыққан кезде есік кілтпен жабылады, кілт зерттеу жүргізетін қызметкерде сақталады.
      69. Патогендігі I-II топтың қоздырғыштарымен жұмыс жүргізетін микробиологиялық зертханада қызметкерлерде ауруға күдікті симптомдар анықталған жағдайда олар үшін және аварияға жол берген адамдар үшін изолятор көзделеді.
      Изолятор негізгі және резервті ерекше дәрілік препараттар қорымен, шокқа қарсы дәрі-дәрмектермен және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етіледі.
      Зертхана ішіндегі қызметкерлердің патогендігі I-IV топтың микроорганизмдерін жұқтырғаны туралы барлық ақпарат тез арада тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органға беріледі.
      70. Виварийлерде және инсектарийлерде омыртқалылар мен буын аяқтылардың қозғалысын тіркеу ауланған күні мен орнын, зерттеу және карантин нәтижелерін көрсете отырып арнайы нөмірленген және ау өткізілген журналда жүргізіледі. Виварий және инсектарий үй-жайларына жұмыс күні аяқталғаннан кейін сүргі салынады.
      71. Виварийлер мен инсектарийлерден омыртқалылар және буын аяқтыларды басқа ұйымдарға беру ұйым (зертхана) басшысының рұқсатымен таза виварийде туған аңдар қатарынан жүргізіледі.
      72. ПТР әдісімен зерттеулер жүргізген кезде мынадай қағидалар сақталуы тиіс:
      1) мына аймақтар үшін жеке үй-жайлар бөлінеді: сынама дайындау, реакциялық қоспаларды, детекциялар ( нәтижелерді есепке алу) дайындау;
      2) сынама дайындау үй-жайы (бөлмесі) материалды қабылдау бөлмесіне жақын, детекцияға арналған бөлме мүмкіндігінше басқа аймақтардан алыс немесе оларға ауа ағынымен амплификация өнімдерінің енуін болдырмайтын оқшауланған бөлікте орналасады;
      3) әр аймақта өзіне тиесілі жиһаздар жиыны, тоңазытқыштар/мұздатқыштар, зертханалық жабдықтар, реагенттер, автоматты тамшуырлар (дозаторлар), ұштықтар, пластикалық және шыны ыдыстар, қорғаныш киімдері, аяқ киімдер, ұнтақсыз бір рет қолданылатын қолғаптар, жинау мүкәммалы және тек осы бөлмеде қолданылатын басқа да шығыс материалдары болуы тиіс;
      4) ПТР-дің әрбір кезеңі бір рет қолданылатын шығыс материалын қолдану арқылы автоматты тамшуырдың (дозатордың) жеке жинағымен жүзеге асырылады. Бір рет қолданылатын шығыс материалы (ұштықтар және түтіктер) ДНҚ-аздан және РНҚ-аздан бос, апирогенді болуы тиіс. Ұштықтарда сүзгіштер бар (аэрозолдық кедергі) болуы тиіс;
      5) ПТР бойынша барлық жұмыстар жұмыстың әрбір кезеңі қамтамасыз етілетін ұнтақсыз бір рет қолданылатын қолғаппен жүргізіледі;
      6) жабдықтарды, шығыс материалдарын, реактивтерді, қолғаптарды, халаттарды бір үй-жайдан екінші үй-жайға тасымалдауға жол берілмейді;
      7) сынама дайындау және реакциялық қоспаларды дайындау кезеңдері БҚБ-да жүргізіледі;
      8) ПТР жүргізуге арналған барлық үй-жайлар жуу және дезинфекциялық құралдардың әсеріне төзімді материалмен жабылады; барлық үй-жайларда бактерицидті сәулелегіштер орнатылады;
      9) ПТР-дің барлық кезеңдерін өткізуге арналған реагенттерді сақтау шарттары қолдану бойынша нұсқаулыққа сәйкес болуы тиіс. Клиникалық үлгілер реагенттерден бөлек сақталады;
      10) терезелер тығыз жабылуы тиіс. Жұмыс үстелдеріне күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғау үшін дезинфекциялық құралдарға төзімді материалдан жасалған жарықтан қорғаушы үлдір қолданылады. Жалюздерді шаң жиналуына байланысты қолдану ұсынылмайды;
      11) ПТР зерттеулеріне арналған үй-жайларды жеке ғимаратта орналастыру кезінде мыналар көзделеді: материалды қабылдайтын, үлгілерді тіркейтін және алғашқы өңдеуден өткізетін бөлме, дәрігерлерге арналған бөлме, киім ілетін орын, дәретхана, себезгі, қойма үй-жайлары, автоклав, жуатын бөлме;
      12) ПТР зерттеулерін нақты уақыт режімінде жүргізген кезде детекция үшін жеке үй-жай қажет етілмейді.
      73. ИФТ жүргізу кезінде:
      1) ИФТ арналған үй-жайдың оңтайлы температурасы плюс 18оС - 22оС болуы тиіс;
      2) планшеттерді қыздырғыш аспаптардың жанында инкубация жасауға жол берілмейді;
      3) күн сайын (жұмыстан кейін) жабдықтарды, дозаторларды, штативтерді өңдеу 70% этил спиртімен жүргізіледі, планшеттерді автоматты жуғыш дистиллденген сумен, аптасына бір рет 70% этил спиртімен мұқият жуылады;
      4) планшеттерді автоматты жуғышта жұмыс істеу кезінде күн сайын ұяшықтарды толтыру және ерітінді төгу сапасына көзбен шолып бақылау жүргізіледі;
      5) оптикалық тығыздықты өлшеу спекрофотометрді алдын ала қыздырғаннан кейін жүргізіледі;
      6) жууға арналған ерітіндінің ұсақ тамшыларын сорғытуға арналған сүзгіш қағаз бір рет қана қолданылады;
      7) бір рет қолданылатын ұштықтарды және ыдыстарды қайта пайдалануға, жабдықтарды, шығыс материалдарын, реактивтерді, қолғаптарды, халаттарды ИФТ арналған үй-жайлардан басқа үй-жайларға тасымалдауға жол берілмейді;
      8) термостаттың жоғарғы және төменгі сөрелеріндегі температура күн сайын бақылануы тиіс, ұзақ уақыт инкубация жасау кезінде ылғалды камера қолданылады немесе ұяшықтар тест-жүйелер жинағының құрамына кіретін арнайы қағазбен желімделеді;
      9) дистиллденген су әрбір қойылымға дайындалады.
      74. Вирустарды индикациялау бойынша зерттеулер жүргізу кезінде мынадай шарттар сақталуы тиіс:
      1) зертханалық жануарларды жұқтыру және сою, жұқтырылған жануарларды күтіп-ұстау, центрифугалау, кептіру, аэрозоль түзуі мүмкін басқа да операциялар; жасушалардың өсірінділерін және тауықтың эмбриондарын жұқтыру; суспензиялар дайындау; лиофилизацияланған ПБА-мен жұмыс; коллекциялық штаммдарды жүргізу бойынша жұмыс зертхананың жұқпалы аймағындағы боксталған үй-жайларында БҚБ-да жүргізіледі;
      2) тірі вирустармен серологиялық зерттеулер, тін өсіріндісінің әртүрлі алғашқы және қайта себілетін желілерін дайындау, клиникалық материалдарды алғашқы өңдеу БҚБ-да жүргізіледі;
      3) бокстағы жұмыстар стерилді киіммен (халаттар, орамалдар, маскалар) және бір рет қолданылатын қолғаппен жүргізілуі тиіс. Жасушалық желілерді тарату және инфекциялық материалмен жұмыс істеу резеңке қолғаппен орындалады;
      4) ПБА бар сыйымдылықтар дезинфекциялық ерітіндіге батырылған көп қабатты салфетка жабылған табаққа немесе астауға орналастырылады.
      75. Адамдар қанындағы сарысулардың антигенін анықтауға немесе патогендігі II топтағы қоздырғыштардың антиденелерін анықтауға зерттеулер жеке бокстарда құрамында тірі микроорганизмдер жоқ диагностикумдарды қолданып жүргізеді.
      Қан сарысуын центрифугалау арқылы бөліп алу бокста немесе БҚБ-да жүргізіледі.
      76. Патогендігі I топтың микроорганизмдерімен жұмыс бокстарды өзара жалғастыратын жүйемен жарақталған арнайы тағайындалған зертханаларда жүргізіледі. Жұқпалы аймақтағы үй-жайларда есіктері автоматты түрде блокталатын өткізгіш автоклав орнатылады.
      77. Биологиялық материалды сақтау төменгі температураға шыдамды, төменгі температурадағы шкафтарға немесе сұйық азотты ыдыстарға орналастырылған сынбайтын, тұмшаланған контейнерлерде жүзеге асырылады.
      78. Биологиялық материалды технологиялық желілер арасында немесе қоймаларға тасымалдау залалсыздандыруға жататын, тұмшаланып жабылатын ылғал өтпейтін контейнерлерде жүргізіледі.
      79. Жұқтырылған немесе патогендігі I-II топтағы вирустарды жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс кезінде персонал обаға қарсы 2 типті костюмді қолданады, тауықтың эмбриондарын, жануарларды, эктопаразиттерді жұқтыру, биологиялық материалды центрифугалау және вакуумдық кептіру кезінде 1 типті қорғаныш костюмінде жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін персонал гигиеналық себезгі қабылдайды.
      80. Кептірілген риккетсий өсіріндісі бар ампуланы ашу, риккетсийдің биомассасын гомогендеу 2 типті қорғаныш костюмінде БҚБ-да жүзеге асырылады.
      81. ЖИТС орталықтарының зертханаларында АИТВ-жұқтырғандардың қан сарысулары үлгілерінің банкін" ұйымдастыру үшін жеке бөлме көзделеді. Бөлме 2-камералық минустық (минус 40оС) тоңазытқыштармен жабдықталады, құлыппен жабылады және сүргі салынады.
      82. Мицелиалды өсірінділермен зерттеу жүргізу кезінде мынадай шарттар сақталуы тиіс:
      1) мицелиалды фазадағы өсірінділермен жұмыс бокстан шығатын және кіретін ауаны тиімділігі жоғары сүзгіштер арқылы сүзуді қамтамасыз ететін желдету жүйесі бар тұмшаланған бокста жүргізіледі;
      2) жұмыс басталу алдында 15 минут бұрын бокста бактерицидті сәулелегіштерді және сыртқа шығару желдеткіш жүйесін қосады. Боксты тиеген кезде желдеткішті ажыратады. Егер бокстағы жұмыс кезінде ауаны сору тоқтатылса, жұмысты жедел тоқтатады. Бокстың ауасына бактериологиялық зерттеу тоқсанына бір реттен кем емес, сүзгіштің жұмысына бақылау айына бір рет жүргізіледі;
      3) мицелиалды өсірінділерді себу бокстарда өсірінділерді алдын ала түтіктерге және матрастарға физиологиялық ертіндімен немесе сорпамен енгізгеннен кейін жасалады. Өсіріндінің шайындысы жағдайында сұйықтықты матрастарға ұзын инесі бар шприцпен түтік арқылы енгізеді. Себінділерді металл сыйымдылықтарда инкубация жасайды;
      4) грибоктардың мицелиалды фазасымен жұмыс істеу кезінде себінді бар агарлық пластинкалар термостатта 5 тәуліктен асырмай ұсталады (споралардың пайда болғанына дейін), себінді бар матрастар, түтіктер бокстың сыртында ашылмауы тиіс. Себінділерді қарау бокстарда 4 типті костюмде мақта-дәке бетпердесімен, бокстағы грибоктардың ашытқы фазасымен жұмыс 3 типті костюмде, бетпердемен, серологиялық зерттеулер 4 типті костюмде жүргізіледі;
      5) жасушалық элементтерді есептеу алдында, грибоктардың жүзгінің автоклавтайды немесе оған 10 % формалин қосып, әрі қарай термостатта 37оС температурада 2 сағат ұстайды.
      83. Жұмысқа тұру кезінде және одан әрі жыл сайын зертхананың барлық қызметкерлері үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізілуі тиіс.
      84. БҚБ-да жұмыс басталар алдында сыртқа шығару желдеткіші іске қосылуы тиіс. Материалды тиеу теріс қысымда жүргізілуі тиіс.
      85. Сыртқа шығару шкафында жұмыс кезінде соратын тесіктің астына басын тосуға, тез буланатын сұйықтық қайнап жатқан кезде немесе құйылған ыдыстың үстінен еңкеюге жол берілмейді.
      86. Зертхана үй-жайларында:
      1) жағылған оттықтарды және басқа да қыздыратын аспаптарды бақылаусыз қалдыруға, шүмектері жарамсыз оттықтармен жұмыс істеуге, оларды тез тұтанатын заттардың жанында ұстауға;
      2) жанып тұрған оттықтар және қосылып тұрған электрлі қыздырғыш аспаптарының жанында кездейсоқ төгілген өртке қауіпті сұйықтықтарды жинауға;
      3) ақауы бар желдеткішпен жұмыс жүргізуге;
      4) жұмыс уақытында бокстың есігін ашуға;
      5) затбелгісі жоқ реактивтерді сақтауға және қолдануға;
      6) улы, қатты әсер ететін, жарылыс қауіпті заттарды және ерітінділерді жұмыс орындарында және сөрелерде сақтауға;
      7) жұмыс үй-жайларында темекі шегуге, тамақты сақтауға және ішуге;
      8) арнайы киімсіз жұмыс істеуге;
      9) жылыту құралдарында қандай да бір нәрсені кептіруге жол берілмейді.
      87. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілуі тиіс. Ыдыстар мен баллондар таңбалануы және арнайы журналда еркін түрде тіркелуі тиіс.
      88. Баллондарда қысыммен тұрған газ түріндегі заттармен жұмыс істеу кезінде:
      1) оларды жұмыс үй-жайларында сақтауға;
      2) талап етілетін реттеусіз және баллонның қондырғымен қосылуын тексерусіз газды шығаруға;
      3) баллонның вентилін тез ашуға
      4) вентильді ашу кезінде вентиль штуцері білігінің бағыты бойынша редуктордың алдында тұруға;
      5) таңбаланбаған баллондарды пайдалануға;
      6) оттегі бар баллон үшін "Оттегі" деген жазуы жоқ редукторды қолдануға жол берілмейді.
      89. Жұмыс уақытында сыртқа шығару шкафтарының жақтаулары жабық болуы тиіс, көтеріңкі жақтаулар – құрылғылармен мықты бекітілуі тиіс.
      90. Автоклавтар мен термостаттарды пайдалану кезінде мынадай талаптар орындалуы тиіс:
      1) автоклавта жұмыс істейтін адамға, егер онымен екі және одан көп жұмыскер айналысса, пломбыланған бактар мен басқа да жұқпалы материал бар ыдысты қолхат арқылы тапсыру;
      2) автоклав жұмысын бақылау журналын жүргізу;
      3) термостатқа тез жанатын заттарды қоймау;
      4) реттейтін құрылғылардың сақтандырғыш қалпақтарын алмау.
      91. Тез жанатын сұйықтықтарды 100оС дейін қыздыру сулы моншада, 100оС-тан астам – майлы моншада жүргізілуі тиіс. Тез жанатын сұйықтығы бар колбаны біртіндеп алдын ала қыздырмай, ыстық суға салуға жол берілмейді.
      92. Спирттік шаммен немесе тез жанатын сұйықтықтармен жұмыс істеу кезінде жұмыс орнында авариялық жағдайда өртті тез сөндіру үшін тығыз мата болуы қажет.
      93. Шыны аспаптармен жұмыс істеген кезде:
      1) шыны аспаптарды жинау немесе оның жекелеген бөліктерін каучук көмегімен қосу кезінде – қолды сүлгімен қорғау; шыны түтікшелер сынған кезде түтікшені кесіндінің маңынан ұстау;
      2) каучук кигізгенге дейін түтікшелер мен таяқшалардың ұштарын балқыту және сумен сулау, түтікшелер мен таяқшалардың ұштары балқыған кезде ұстағыштарды қолдану;
      3) шыны түтікшелерді резеңке тығындарға немесе резеңке түтікшелерге кигізген кезде (аспапты жинау кезінде) шыны түтікшені сыртынан алдын ала сулау және резеңке түтікшенің ішкі жақ жиектерін немесе саңылауларын сулы тығында сулау, глицеринмен немесе вазелин майымен майлау керек. Түтікшелердің өткір жиектері балқытылуы тиіс;
      4) шыны түтікшелерді немесе термометрді тесілген сынамаға орнатқан кезде соңғысын алақанмен тіремеу, ал бүйір жақтарынан ұстау қажет;
      5) қыздырылған ыдыс салқындатылғаннан кейін берік кептелген тығынмен жабу керек.
      94. Сұйықтықтарды ауыстырып құю кезінде (құрамында инфекциялық аурулардың қоздырғыштары бар сұйықтықтардан басқа) май құйғыш қолдану қажет.
      95. Жұмыс істеу барысында шыны аспаптардың қызуы немесе оның сынуы мүмкін жұмыстар сыртқа шығару шкафтарында астауларда көзілдірікпен, қолғаппен және резеңке алжапқышпен орындалуы тиіс.
      96. Спирт, бензол, ацетон, бром, йод құйылған құтылар берік кептелген шыны тығындармен, сілті құйылғандары бұрандалы тығындармен жабылуы тиіс.
      97. Зертханада: жедел көмек қажеттілігі және авариялық жағдайға дәрі қобдишасы болуы тиіс. Ботулиндік уыттармен жұмыс жүргізу кезінде – уытқа қарсы сарысулар болуы тиіс.

жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау