138
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
13. Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі:
Бұл бөлікте еңбекақы төлеу тәртібі және қосымша берілетін ақшалай
сыйлық көлемі мен оның берілу тәртібі айтылады. Мекеме немесе
ұйымның өз ерекшелігіне, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы
келісім жағдайына қарай:
а) лауазымдық төлемақы көлемі (айына_____теңге);
ә) сағаттық төлемақы көлемі (сағатына _____теңге);
б) атқарылатын жұмыс ерекшелігіне қарай үстеме ақы (лауазымдық
төлемақы мөлшерінің ____ пайызы);
в) басқа қосымша ақы мөлшері (теңгемен я пайызбен);
г) мереке күндері берілетін ақшалай сыйлық мөлшері (теңгемен, па-
йызбен) көрсетіледі.
14. Демалыс алу тәртібі:
Бұл бөлікте негізгі еңбек демалысының ұзақтығы, қосымша алынатын
демалыс ұзақтығы, оларды алу тәртібі, сонымен қатар ақы төленбейтін
демалыс алу тәртібі анықталады. Мысалы:
«Жұмысшыға жылына бір рет Қазақстан Республикасының Еңбек
туралы заңы кодексіне сәйкес, ұзақтығы 18 жұмыс күні мөлшерінде
ақылы демалыс беріледі. Демалыстың берілу мерзімін әкімшілік
анықтайды. Жұмысшының қалауына қарай екі бөлікке бөлініп те
беріледі. Мұнда демалыстың бір бөлігінің ұзақтығы кемінде бес жұмыс
күнінен тұрады.
Ақы төленбейтін қосымша демалыс 10 жұмыс күні мөлшерінде
жұмысшының жеке басының жағдайына байланысты әкімшілік
шешімімен беріледі».
15. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарт-
тар:
Бұл бөлікте келісімнің негізгі бөлімдерінде айтылмаған, екі жақтың
қосымша міндеттері сөз болады. Мысалы:
«Жұмысшыға жылына бір рет арнайы жұмыс киімі мен аяқ киім
беріледі». «Жұмысшының мектеп жасына дейінгі баласы болса,
ұйымның балабақшасынан орын беріледі» т.б.
16. Келісімдегі ерекше жағдайлар:
Бұл бөлікте екі жақтың жазбаша келісімін қажет ететін ерекше
жағдайлар айтылады. Бұл жағдайлар әр мекемедегі еңбекті ұйымдастыру
ерекшелігіне байланысты, сондықтан әр мекеменің ішкі жағдайына
қарай қаралады. Сонымен қатар бұл бөлікте ерекше жағдайлардан басқа
келісім бұзылатын немесе қайта қаралатын, күшін жоятын жағдайлар сөз
болады.
139
Орынғазы Әбутәліп
17. Келісімнің тоқтатылуы:
Бұл бөлікте келісім күшін жоятын жағдайлар атап көрсетіледі.
Мысалы:
«Келісім мынадай жағдайда тоқтатылады:
– екі жақтың бірі келісім мерзімін ұзартудан бас тартқанда (бұл
жөнінде келісім аяқталудан 1 ай бұрын жазбаша хабарлауы керек);
– мезгілінен бұрын, егер екі жақтың бірі үнемі өз міндетін
орындамаған жағдайда;
– кәсіпорын я мекеме таратылған жағдайда.
Келісім мезгілінен бұрын тоқтатылатын болса, ол жайлы екі жақ
бір-біріне мерзімінен 15 жұмыс күні бұрын жазбаша хабарлауы керек».
18. Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері:
Бұл бөлікте екі жақтың толық мекенжайы мен реквизиттері жазы-
лады. Жұмыс беруші мекенжайы сол жаққа, жұмысшы мекенжайы оң
жаққа жазылады. Мысалы,
«индекс 480100,
«индекс 480005,
Алматы қаласы,
Алматы қаласы,
Сәтбаев көшесі,
Тастақ ықшамауданы,
Қаныш Сәтбаев атындағы
№2 үй, 89 пәтер,
Қазақ ұлттық техникалық
А.Ж.Бейсенова»”
университетінің ректоры Е.Н.Нүсіпов»
19. Сигнатура: /екі жақтың қойылатын қолы/.
20. Күні: /шартқа қол қойылған күн/.
Еңбек келісіміндегі сигнатура, дата бөліктерінің жазылуы, безендірілуі
басқа ісқағаздарындағы сияқты.
21. Келісімге қосымша:
Егер келісімге қосымша берілетін құжат немесе мәліметтер болса, ол
жайында екі жақ қол қоятын жолдан 1 интервал төмен алынып, ескерту
жазылады.
,
1-үлгі
№7 Еңбек келісімі
Алматы қаласы
7 сәуір, 2009 жыл
«ВЕН» ААҚ-ның директоры, Мамыров Дәулетқожа Қуанышбекұлы,
бұдан былай қарай келісімде «жұмыс беруші» деп аталады, екінші жақтан
Бизнес экономикасы факультетінің аспиранты Бейсеев Хамит Жәнібекұлы,
бұдан былай келісімде «жұмысшы» деп аталады.
140
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Жұмысшы Бейсеев Хамит Жәнібекұлы қазіргі «ВЕН» ААҚ-ның бас
экономисі болып қабылданды.
Бұл еңбек келісімі – негізгі жұмыс келісімі.
Жұмысшы уақытша бос тұрған орынға қабылданып отырғандықтан,
келісім шектеулі мерзімге жасалады.
Келісім (18.05.2008) екі мың сегізінші жылдың он сегізінші мамырында
күшіне енеді, (18.05.2010) екі мың оныншы жылдың он сегізінші мамы-
рында өз күшін жояды.
Жұмысшыға екі апта сынақ мерзімі белгіленеді.
Жұмысшы:
Өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атқаруға;
Еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға;
Техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
Мемлекеттік құпияны жария етпеуге;
Ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
Жұмыс беруші:
жұмысшының осы келісім бойынша белгіленген міндеттерін атқаруы
үшін қалыпты жағдай жасауға;
қазіргі күші бар еңбек заңдары актілерінің орындалуын қамтамасыз
етуге міндетті.
Жұмысшыға алты күндік жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс
күніне көшіру қосымша өзара келісім негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес, жұмысшы
өз міндетін атқаруға демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мүмкін.
Жұмысшы еңбегі үшін «компания» бірыңғай тариф кестесі негізінде
жүз елу мың (150000) теңге көлемінде әр айдың штат кестесіне сәйкес
еңбекақы белгілейді.
Жұмысшыға жылына бір рет, ұзақтығы он сегіз жұмыс күн мөлшерінде
ақылы демалыс беріледі.
Келісім мынадай жағдайда тоқтатылады:
Екі рет келісім мерзімін ұзартудан бас тартқанда;
Кәсіпорын я мекеме таратылған жағдайда;
Компанияда қысқарту болған жағдайда;
Жұмыс көлемінде қысқарту болған жағдайда;
Заңда көрсетілген басқа да жағдайлар негізінде.
Достарыңызбен бөлісу: |