ҮЛГІТҮР НЕГІЗІНДЕ ПРЕЗЕНТАЦИЯ ЖАСАУ
Медетова Арайлым Қарасайқызы
Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Студенттерге үлгітүр негізінде презентация жасау жолдарын үйрету және оны тиімді қолдана білу дағдыларын бекіту;
ә) дамытушылық: Студенттердің информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, презентациямен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, ақпараттық дүниетанымын кеңейту;
б) тәрбиелік: Студенттерді өз беттерімен ізденуге, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау әдісі, сәйкестендіру тесті, шығармашылық жұмыс, «Түртіп алу» стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: өмірмен байланыс, сызу, дене шынықтыру, орыс тілі
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, сызбалар
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1 – 2минут
Студенттерді екі топқа бөлу;
Студенттермен сәлемдесу;
Түгелдеу;
Оқу – құралдарын тексеру;
Назарларын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрап, қорытындылау: 7 -8 мин
Екі топқа бірдей тапсырмалар беріледі, топтар бір- бірін тексереді.
І . «Сандарды сөйлет» ( Терезе элементтерін ата.)
1
|
Қалып- күй жолағы
|
6
|
Тақырып жолы
|
2
|
Мәзір жолы
|
3
|
Стандартты құралдар үстелі
|
5
|
Жұмыс аймағы
|
4
|
Пішімдеу құралдар үстелі
|
ІІ. «Сәйкестендіру тесті»
Презентация
|
тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, дыбыстық үзінділерді іске қоса алатын күрделі объект.
|
Слайд
|
Тақырып жолы, мәзір жолы, жұмыс аймағы, қалып- күй қатары т.б
|
MS Power Point іске қосу жолы
|
Файл сақтау
|
Терезе элементтері
|
Слайдтарды жасауға, нысандарды орналастыруға арналған аймақ
|
Көрмені сақтау
|
Бастау – бағдарламалар- MS Power Point
|
Жұмыс аймағы
|
Компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы
|
ІІІ. Жаңа сабақ: 15 – 20 мин
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Power Point бағдарламасында үлгітүр негізінде презентация жасау.
Үлгітүр негізінде презентация жасаудың Power Point бағдарламасында екі типін ұсынады:
презентациялар үлгітүрі;
көркемдеу үлгітүрі.
Презентация үлгітүрлерін ашу үшін:
Файл- Создать- Презентации (файл- құру- көрме) командасын орындаймыз.
Аталған команданы орындағаннан кейін экранда презентациялар үлгітүрлері көрінеді. Ашылған презентациялардың ішінен өзімізге қажетті үлгітүрді ерекшелеп алып, Жүктеу (загрузить) батырмасын басамыз.
Презентация үлгітүрлері:
Сату жоспары, Бизнес-жоспар, т.б. атаулары бар. Пайдаланушы үлгітүр ұсынған мәтінді ала алады немесе оны авторлыққа ауыстыра алады.
Көркемдеу үлгітүрлерін таңдау үшін:
Файл-создать- темы (файл-құру-көркемдеу үлгітүрі) командасын орындаймыз. Сол кезде экранда төмендегідей терезе пайда болады, осы терезеден өзімізге ұнайтын үлгітүрді таңдап, құру (создать) батырмасын шертеміз.
Көркемдеу үлгітүрлері профессионалды әрлендірушілермен жасалған және прзентацияның барлық слайдтарына біркелкі көркемдеуді беру үшін қызмет етеді. Үлгітүрдің әрқайсысының белгілі бір түстік гаммасы, өзінің стилистикасы бар, әр түрлі графикалық элементтері, өлшем параметрлері және қарпі, арнайы эффектілері бар. Презентациямен жұмыс кезінде көркемдеу үлгітүрін таңдауға зейін қою керек, себебі ол презентация тақырыбымен үйлеспеуінен басқа, мұнда енгізілген мәтін немесе графикалық объектілер жоғалып кетуі мүмкін.
ІV. « Ел қорғаны – Жанқожа батыр» тақырыбында шығармашылық тапсырма. 7 - 8 мин
Студенттерге Жанқожа бабаның 240 жылдығына орай 2-3 слайдтан тұратын презентация жасау тапсырылады. (Жұмыс үстелінде батыр бабамыздың дайын суреттер топтамасы орналасқан)
Бір студент 1 шумақ өлең оқиды.
Кең кеуде, бөрі қабақ, жолбарыс бет,
Жаурыны еніменен теңдес келген…
Жұмырлау жолбарыстың жотасындай.
Шығыңқы құлақ жағы, жуан мұрын,
Айбатты жан көрінер арыстандай!
Алдынан не келсе де қайтпайтұғын,
Шұбар көз айға шапқан қабыландай!
Қабағы төмен түскен, ұзын мұртты,
Жауатын күннің қара бұлытындай…
V.Сергіту сәті. 1-2 мин
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
(Б.Бөрiбаев)
VІ. Сабақты қорытындылау. 7-8мин
1.Power Point бағдарламасында үлгітүр негізінде презентация жасаудың қандай типтері ұсынылады?
2.Презентацияны үлгітүр негізінде құру үшін қандай әрекеттер орындалады?
«Түртіп алу» стратегиясы.
Студенттерге таратылады, студенттер жеке-жеке толтырады.
VІІ. Студенттер білімін бағалау. 1- 2 мин
Бағалау парағы арқылы жеңімпаз топты анықтау.
Тапсырмалар
|
І топ
|
ІІ топ
|
Сандарды сөйлет
|
|
|
Сәйкестендіру тесті
|
|
|
Шығармашылық тапсырма
|
|
|
Сұрақ- жауап
|
|
|
Жалпы ұпай
|
|
|
Сабаққа белсене араласқан студенттерді бағалау.
VIІІ. Үйге тапсырма. 1 мин
Оқулық тақырып аясында 5 тест сұрағын құрастырып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |