98
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
õ
Сенімхаттың ерекшелігі:
1) Жарамдылық мерзімі көрсетіледі.
2) 3 түрге бөлінеді.
Сенімхатты мынандай түрлерге бөлуге болады:
1. Бас сенімхат.
2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
3. Арнайы сенімхат.
1. Бас сенімхат дегеніміз – белгілі бір тұлғаға толықтай құқық
беретін құжат. Мысалы, көлік жүргізуде көлік иесімен бірдей құқықта
болады, яғни көлікті сатуға, айырбастауға, сыйға беруге т.б. болады.
2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат дегеніміз – әртүрлі
іс-әрекеттер орындауға белгілі бір мерзімге ғана құқық беретін құжат.
Мысалы, көлікті жүргізуге ғана, пәтерді уақытша пайдалануға т.б. бола-
ды.
3. Арнайы сенімхат дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында сенім
білдірушінің атынан қандай да бір іс-әрекеттер орындауға құқық беретін
құжат. Мысалы, мекеме басшысының іссапарға кетуіне немесе басқа да
жағдайлармен байланысты өз құқығын орынбасарына уақытша беруі.
6
Құрылымы:
1. Құжат атауы;
2. Күні, айы, жылы, жасалған орны (қаласы);
3. Сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы,
жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);
4. Сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-
жайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);
5. Берілген құқық немесе алынған зат туралы мәлімет;
6. Сенімхаттың жарамдылығы (cенімхаттың қандай мерзімге дейін
күшін сақтайтыны туралы);
7. Сенімхат берушінің қолы;
8. Нотариалдық кеңсенің жазбасы;
9. Нотариустың аты-жөні, қолы, мөрі.
Сенімхат өз күшін мынадай жағдайда жоғалтады:
1. Сенімхат мерзімі аяқталғанда;
2. Сенім білдіруші сенімхат күшін тоқтатқанда;
3. Сенімхат берілген тұлға сенімхаттан бас тартқанда;
4. Сенімхат берушінің өлімінен кейін немесе еңбекке жарамсыз
болғанда;
5. Сенімхат берілген тұлғаның өлімінен кейін немесе еңбекке жа-
рамсыз болғанда.
99
Орынғазы Әбутәліп
,
1-үлгі. Пәтерді сату туралы
СЕНІМХАТ
1997 жылғы 7 қаңтар, Алматы қаласы
Мен, Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 19 үй тұрғыны, Қазақстан
Республикасының Ішкі істер министрлігі 1993 жылы 25 қазанда берген,
№0136197836 жеке куәліктің иегері Өскенұлы Жандос,
Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 21 үй, 28 пәтерде тұратын
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 1995 жылы 19 ақпанда
берген, №0136197836 жеке куәлік иегері азамат Рақымбайұлы Өтегенге,
Алматы қаласы, С.Дөнентаев көшесі, 19 үй мекенжайдағы үйімді сатуға
сенім білдіремін.
Бұл үшін азамат Рақымбайұлы Өтегенге менің атымнан:
– өтініш жазуға;
– қажетті құжаттар мен анықтамаларды алуға;
– сатуға қажетті құжаттарды толтыруға;
– оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге;
– мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге;
– осы аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық іс-
әрекеттерге менің орныма қол қою құқығын беремін.
Сенімхат 6 ай өз күшінде.
1997 жылғы 7 қаңтар (қолы) _________________
Осы сенімхатты мен, 1991 жылы 3 ақпанда ҚР Әділет министрлігі
берген №0004577 лицензия негізінде әрекет жасаушы Алматы қаласының
«Іскер» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Әміреев Нұрлан Әденұлы
1997 жылғы 7 қаңтарда куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде
азамат Өскенұлы Жандос қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке
қабілеттілігі тексерілді. Сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды.
№97/41 тізбеге тіркелді. 650 (алты жүз елу) теңге мемлекеттік салық
алынды.
Нотариус _______________ (Қолы) _________________
(Мөрдің орны)
100
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
2-үлгі. Мұрагерлік істі жүргізу жөнінде
СЕНІМХАТ
1999 жылғы 18 мамыр, Қостанай қаласы
Мен, Қостанай қаласы, Төле би көшесі, 71 үй, 5 пәтер тұрғыны, ҚР
ІІМ 1990 жылы 19 қыркүйекте берген, №0136197836 жеке куәліктің иегері
Өскенбаев Азамат Қанатұлы,
Қостанай қаласы, Ж.Аймауытов көшесі, 97 үйде тұратын ҚР ІІМ
2001 жылы 14 ақпанда берген, №0136197836 жеке куәліктің иегері
азамат Есенгелдин Жомарттың менің туған атам Бақытов Өскенбайдың
қайтыс болуына байланысты одан қалған мүлік – 3 бөлмелі пәтерге менің
мұрагерлік құқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін.
Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомарттың:
– менің атымнан өтініш жазуға;
– анықтамалар мен құжаттар алуға;
– менің орныма қол қоюға;
– мұрагерлік құқық туралы куәлікті алуына өкілетті етемін.
Сенімхат 1999 жылдың 18 қарашасына дейін берілген.
1999 жылғы 18 мамыр Қолы ___________
Осы сенімхатты мен, 1991 жылы 3 ақпанда ҚР Әділет министрлігі
берген №0004577 лицензия негізінде әрекет жасаушы Алматы қаласының
«Іскер» нотариалдық кеңсесінің нотариусы Әміреев Нұрлан Әденұлы
1999 жылы 18 мамырда куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде
азамат Өскенбаев Азамат Қанатұлы қол қойды.
Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке
қабілеті тексерілді. Сенімхаттың мәтіні дауыстап оқылды. №107 тізбеге
тіркелді. 650 (алты жүз елу) теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус __________________ (Қолы) _________________
( Мөрдің орны)
Достарыңызбен бөлісу: |