105
Орынғазы Әбутәліп
3. Талғар күре жолы бойындағы саяжайыңызды балаңыздың сатуына
және сіз үшін қол қоюына рұқсат беретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.
4. Ініңізге өз атыңыздан қол қойып, үйіңіздің техникалық құжатын
(техпаспортын) жасатуға сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.
5. «Атамұра» баспасынан шыққан кітаптарды ініңізге өзіңіздің
атыңыздан алуға рұқсат беретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.
h
Сөздік және сөз тіркестері:
сенімхат
– доверенность
куәландыру
– удостоверять
адамның жеке басын анықтау
– установить личность
іс-әрекетке қабілеттілігі
– дееспособность
шәкіртақы
– стипендия
зейнетақы
– пенсия
тұрғын үй
– жилой дом
пәтер
– квартира
сыйлау
– подарить
сату
– продать
айырбастау
– обменять
мұрагерлікке қалдыру
– оставить в наследство
.....дейін өз күшінде
– действителен по .....
ағама сеніп тапсырамын
– доверяю своему брату
банкоматтық карточкамды
– ..... на пользование
пайдалануға .....
банкоматной карточкой
банктік есептер мен
– распоряжаться банковскими
салымдарға билік ету
счетами и вкладами
барлық әрекеттерді жүргізуге
– на совершение всех действий
жалға беруге сенім білдіру
– оказать доверие на аренду
кәсіпорын атынан мәміле жасау үшін – для совершения сделки от
имени предприятия
келісімшартқа сәйкес несие
– ссуда, кредит в соответствии
с договором
қажетті анықтамалар мен
– получать необходимые
құжаттарды алу
документы и справки
құқықтық іс-әрекет
– правовые действия
маған тиесілі мүлікті алу
– получить причитающееся
мне имущество
маған тиесілі ақшаларды алуға
– на получение
принадлежащих мне денег
мемлекеттік баж салығы
– государственная пошлина
менің атымнан өтініш беру
– подать заявление от моего
имени
менің орныма қол қою
– расписываться за меня
106
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
осы тапсырманы орындауға
– совершать все действия и
байланысты барлық шарттарға
формальности, связанные
қол қойып мәміле жасау
с выполнением настоящего
поручения
өкілетті ету
– уполномочить
сенім білдіремін
– доверяю
сенім білдіруші
– доверитель
сенімхат .... мерзімге берілді
– доверенность выдана
сроком на .....
сенімхат үш жыл мерзімге берілді
– доверенность дана сроком
на три года
сенімхаттың мәтінін нотариус
– нотариус огласил текст
дауыстап оқыды
доверенности вслух
үш дана етіп жасалған
– составлено в трех
экземплярах
107
Орынғазы Әбутәліп
14-cабақ
КЕПІЛХАТ
Анықтамасы:
Кепілхат – белгілі бір құндылықтардың (мүлік, зат, ақша т.б.)
алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып
беретіндігін міндеттеп көрсетіп, келісімшарттың негізінде жасала-
тын ісқағазының бір түрі.
Кепілхаттың құқықтық дәрежесі жоғары, заңдық күші бар. Себебі,
кепілхат міндетті түрде нотариалдық кеңседе нотариус жазбасымен рас-
талады, мөр басылады.
Кепілхат алушы, беруші және нотариалдық кеңсе үшін 3 дана етіп
толтырылады.
õ
Кепілхаттың ерекшелігі:
•
Келісімшарт негізінде жасалынады.
•
Даналары туралы мәлімет көрсетіледі.
•
Кепілдіктері көрсетіледі.
6
Құрылымы:
1. Құжаттың атауы.
2. Күні, айы, жылы, жасалған орны.
3. Кепілхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке
куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені).
4. Кепілхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке
куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені).
5. Алынған заттың атауы (егер ақша болса, сомасы санмен де, жазба-
ша да көрсетіледі).
6. Қайтарылатын нақты уақыты.
7. Затқа берілетін кепілдіктері.
8. Даналар туралы мәлімет.
9. Тараптардың қолы.
10. Нотариалдық кеңсенің жазбасы, қолы, мөрі.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Кепілхат қандай құжат?
2. Кепілхат қандай құжаттың негізінде жасалынады?
3. Сенімхаттан кепілхаттың айырмашылықтары неде?
4. Кепілхат қайда куәландырылады?
5. Кепілхаттың құрылымы қандай?
6. Кепілхат қанша дана болып дайындалады?
108
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Үлгі:
Кепілхат
Алматы қаласы, 2009 жыл 10 қазан
Мен, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 23 үй, 89 пәтердің тұрғыны,
11.03.2005 жылы ҚР ӘМ-гі берген №46578978011 жеке куәліктің иегері
азамат Оразова Әйгерім Құдайбергенқызы,
Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 2 үй, 12 пәтердің тұрғыны,
10.05.2003 жылы ҚР Әділет министрлігі берген №08974657 жеке куәліктің
иегері азамат Тайлақова Мөлдір Даниярқызынан үш жүз мың (300 000) теңге
алдым. Алған ақшаны 2010 жылы 20 қыркүйекте қайтаруға міндеттенемін.
Өз міндеттерімді орындауға:
– келісімшартқа сәйкес пайызын төлеп тұруға;
– алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;
– келісімшарт талабы орындалмаған жағдайда айып төлеуге;
– мекенжайым өзгерген жағдайда бұл туралы 3 күн ішінде хабарлауға
кепілдік беремін.
Кепілхат үш дана етіп жасалған, бірінші данасы – Алматы қаласы
№122 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы – азамат Тайлақова
Мөлдір Даниярқызында, үшінші данасы – азамат Оразова Әйгерім
Құдайбергенқызында сақталады.
Тараптардың қолы:
Ә. Оразова
М.Тайлақова
Мен, 11.03.2003 жылы ҚР ӘМ-гі берген №46578978011 лицензия
негізінде әрекет ететін, Алматы қаласы, №122 нотариалдық кеңсенің
нотариусы Рамазанов Досан Талғатұлы, 2009 жылы 10 қазанда жоғарыда
жазылған кепілхат мазмұнын куәландырдым.
Кепілхатқа менің қатысуыммен азамат Оразова Әйгерім
Құдайбергенқызы мен Тайлақова Мөлдір Даниярқызы қол қойды.
Кепілхат иесінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке
қабілеттілігі тексерілді.
№245 тізбесіне тіркелген.
1800 (бір мың сегіз жүз) теңге мемлекеттік салық алынды.
______________ Нотариус Д.Рамазанов
Достарыңызбен бөлісу: |