Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже



жүктеу 45,28 Kb.
Дата15.02.2018
өлшемі45,28 Kb.
#9701


Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2017 жылғы «__»________

№___ өкіміне

2-қосымша

Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы

күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық

комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

2. Комиссия қызметінің басты мақсаты адам саудасына қарсы іс-қимыл және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеуден тұрады.

3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2-тарау. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
4. Комиссияның негізгі міндеттері:

1) адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сату және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету саласындағы қазіргі ахуалды талдау;

2) мыналар:

адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету мәселелері;

адам саудасының жағдайы және осы құбылыстың қауіптілігі туралы, көрсетілген салада қалыптасқан құқық қорғау шаралары мен көмекке жүгіну мүмкіндігі туралы халықты хабардар ету;

адам саудасының алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ адам саудасының құрбандарын қорғау және оларға көмек көрсету саласында қабылданған халықаралық-құқықтық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру;

адам саудасына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға және оларға көмек көрсетуге бағытталған жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

3-тарау. Комиссияның құқықтары
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға;

2) адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өздері жүргізген жұмысы туралы есептерін тыңдауға және олардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;

3) тәуелсіз сарапшыларды, мамандарды және ғалымдарды тартуға;

4) адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға;

5) заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету мәселелері бойынша тиісті бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеуге құқылы.


4-тарау. Комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмыс тәртібі
6. Комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады.

7. Комиссияға басшылық етуді оның төрағалары болып табылатын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі екі жылдық кезеңділікпен ротация негізінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі ротация негізінде Комиссия төрағаларының орынбасарлары болып табылады.

Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.

8. Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді. Комиссия мүшелері отырыстарда алмастыру құқығынсыз қатысады. Комиссия отырыстарына шақырылған тұлғалар қатыса алады.

9. Комиссия жұмысы ағымдағы және перспективалық жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады.

10. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.

11. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады.

12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі екі жылдық кезеңділікпен ротация негізінде Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.

13. Комиссияның отырысы өткізілгеннен кейін Комиссияның хатшысы хаттама ресімдейді.

Хатшы комиссияның мүшесi болып табылмайды.

14. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.

Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.



Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

15. Дауыс беру парақтарымен қоса, Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
жүктеу 45,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау