Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұРАҚтандырудағы рөЛІ



жүктеу 29,57 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі29,57 Kb.
#22550

ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУДАҒЫ РӨЛІ
Қазақстанда өтіп жатқан нарықтық қатыныстар экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 20 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсендігін өмір көрсетіп отыр. Соның ішінде несие жүйесі мен банктердің экономикалық рөлі аса маңызды. Несие - кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың экономиканың бос ақшалай қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді. Несие мәні қатынастардың Несиенің – қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма-қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптермен анықталады. Қазақстандағы коммерциялық банктер соңғы бес жылда экономикадағы несие салымдарын күрт арттырады[1]. Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде тұрғындар өзінің жыл сайынғы табысының 10-12% - ын тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда несиенің бұл формасы мүлдем дамымай қалды десе де болады. Халық борышқор болудан қорқады, оның үстіне, тұтыну несиенің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, жылына 16-18% - ды құрайды. 2012 жылғы 2 - тоқсанда кәсіпорындар тараптарынан кредиттерге сұраныс 58% банктің деректері бойынша аз ғана ұлғайған (56% - алдыңғы тоқсан). Банктер кредит ресурстарының ұсынысынан кәсіпорындар сұранысының айтарлықтай артуын көрсетіп отыр. Бұл ретте қорландырудың ұзақ мерзімді көздерінің жетіспеушілігі және жиынтық несие портфелінде проблемалық кредиттер үлесінің үлкен болуы себепті банктер орын алған алшақтықты дербес жаза алмайды. Осыған байланысты шағын және орта бизнесті жеңілдікпен кредиттеу және индустриалдық – инновациялық жобалар бойынша мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру кредит ресурстарының сұранысы мен ұсынысыарасындағы орын алған алшақтықты біртіндеп азайтуға мүмкіндік береді. ҚҚК деректері бойынша кредиттердің өсу қарқыны 2,3% құрады.

ҚҚК деректері бойынша 2012 жылғы 2 – тоқсанда ипотекалық кредиттеудің көлемі 2,4% - ға ұлғайды, бұл халық тарапынан сұраныстың жоғары деңгейіне байланысты. Сонымен қатар, ипотекалық кредиттеудің өсу қарқыны банктік қызмет нарығында «ұзын» ақшаның жетіспеушілігіне байланыты төмен деңгейде сақталып отыр. 0% банктің деректері бойынша тұтынушылық заемдарға сұраныс өскен (39% - өткен тоқсан). Тұтынушылық кредиттеуге деген сұраныстың өсуі тұтынушылардың сенімдерінің (қарыз ауырпалығын қабылдау) өсуіне, ұзақ пайдалану тауаларына тұтынушылық шығыстардың ұлғаюына және кредит ресурстарына пайыздық ставкалардың төмендеуіне байланысты. Оның үстіне 1 – тоқсанда ұсынылған 2 – тоқсандағы сұраныстың және болжамды күтулерді іске асырудың оң динамикасы сақталуына ықпал еткен халықты тарту үшін кейбір банктер 2012 жылғы 2 – тоқсанда түрлі акциялар жүргізді. Бұл ретте ҚҚК деректері бойынша 2 – тоқсанда банктер тұтынушылық кредиттеудің 11% - ға өскені атап өтті. Несиелендіру секторы 2012 жылдың қорытындысы бойынша: Ұлттық банктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің деректеріне сәйкес, екінші деңгейлі (ЕДБ) несиелендіру көлемі 2009 жылы төмендеп, 8974,27 миилиард теңге болған. Одан кейінгі жылдары несиелендіру көлемі өсіп, берілген несиелердің сомасы былтыр рекордты деңгейге – 11 657,87 миллиард теңгеге жеткен. 2013 жылдың қаңтар айының 1 – індегі есеп бойынша экономика салаларына берілген несиелердің құрылымы: Несиелердің жалпы сомасының 45,6 пайызы «Басқа салаларға» берілген. Жеке тұлғаларға берілген несиелердің 94,5 пайызы да «Басқа салаларға кеткен». Бір қызығы, барлық несиенің 63,2% Алматы қаласына, ал 10,1% Астана қаласына тиесілі екен. Яғни бұл екі қаланың несиелік үлесі 73,3%, 26,7% - ы елдің басқа қалаларына тиесілі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында біршама тұрақты несие жүйесі қалыптасқандай. Әрине бұл тез арада батыс банктік жүйесіндегідей болып болып кетті деген сөз емес. Бірақта осыдан 3 – 5 жылдағы банктік жүйемен салыстырғанда қазіргі банктік жүйе өзінің өткен кемшіліктерін жоюға тырысып, барынша интенсивті даму бағытын ұстауда. Егерде 1993 – 94 жылдары елімізде 204 банк қызмет етсе, ал қазір саны банк қызмет етсе, ал қазір саны 35 дейін қысқарған. Банктік жүйенің алғашқы қалыптасуы кезінде банктеріміз жиырма - отыз шақты қызмет түрлерін көрсетсе, бүгінгі күні олардың саны жоғарлап отыр.



Несиелендіру секторы 2012 жылдың қорытындысы бойынша: Ұлттық банктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің деректеріне сәйкес, екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) несиелендіру көлемі 2009 жылы төмендеп, 8974,27 миллиард теңге болған. Одан кейінгі жылдары несиелендіру көлемі өсіп, берілген несиелердің сомасы былтыр рекордты деңгейге - 11 657,87 миллиард теңгеге жеткен. 2013 жылдың қаңтар айының 1-індегі есеп  бойынша экономика салаларына берілген несиелердің құрылымы: Несиелердің жалпы сомасының 45,6 пайызы «Басқа салаларға» берілген. Жеке тұлғаларға берілген несиелердің 94,5 пайызы да «Басқа салаларға» кеткен. Біздің банктеріміз үшін бірінші кезекте есеп айырысу кассалық қызметті жетілдірудіңмаңызы жоғары. Себебі, бүгінгі банктердің несиелік ресурстары да осы клиенттердің есеп – айырысу және ағымдық шоттардағы қаражат қалдықтары мен депозиттердің көлеміне тікелей байланысты болуда. Бұл тұрғыда шетел тәжірибесінде бар тиімді қызмет түрлерін, мысалға чекпен, вексельдердің түрлерімен, сондай – ақ электрондық төлем құралдары ретінде – пластикалық карточкаларды пайдалануға қатысты қызмет көрсету түрлерін кеңінен дамытудың маңызы зор. Оларды тарату үшін, біріншіден, қоғамдық көзқарасты өзгертуге ықпал ету, яғни олардың артықшылықтарын айтып жеткізу қажет. Екіншіден, электрондық төлемдер жүйесін енгізуде байланыстың жоғары қарқынды сенімді каналдарын ұйымдастырып, оларға деген банк эмитетенттердің мүмкіндігін жасау керек. Екінші бір жетілдіретін қызмет– бұл несие беру. Клиенттер үшін несиенің бүгінгі берілу мерзімі тиімсіз эәне оның бағасы қымбат. Банктің басым бөлігі өндірістік кәсіпорындарға несиенің қайтарылмауынан ауыр қайшылықтарға келіп тіркелді.оның қайтарылмауының объективтік себебі, бұл берілген несие мен өндірістің арасындағы байланысты болмауынан туындайды, яғни банктердің несиелері өндірісті жүргізушіге көбіне қысқа мерзімге ғана тиіп, оны тек қана өндіріске қажетті ресурстар сатып алу үшін ғана жұмсағанда – ақ оның қайтарылатын мерзімі келіп жетеді де, өнім шығармаған өндіріс орыны қай көзден несиені қайтаруды білмей нәтижесінде банктің несиелері қайтпай қалып банктеріміз зиян шегеді. Сондықтан да бұл жерде менің айтарым, банктік несиенің жаңа түрлерін ипотекалық, инвестициялық (лизингтік), факторингтік және форфейтингтік несиелерді дамыту қажет сияқты. Сонымен қатар, қазіргі банк клиенттері үшін дифференциалдық несие беру қағидасының өз мағынасында жұмыс жасағаны тиімді. Өйткені клиенттердің несиелік қабілеттеріне талдау жасасақ олардың бәрінің бірдей еместігі; яғни біреудің қабілеті өте жоғары, ал екіншілерінікі өте төменболып келеді. Міне осы жағдайларды несие беру барысында ескеретін жеңілдікпен берілетін несиенің түрлерін дамыту қажет деп санаймын. Банктер үшін тағыда маңызды қызмет түрі – бұл ұзақ мерзімге тартылатын депозиттер түрлерін дамыту қажет. Себебі, біріншіден, олар банктер үшін ең арзан ресурсты білдіретін болса, екіншіден, олардың қаншалықты ұзақ мерзімде жинақталуы өз кезегінде несиелік ресурстарды ұзақ мерзімде жинақталуы өз кезегінде орналастыруға мүмкіндік жасайды.
жүктеу 29,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау