Нормативтік сілтемелер


Төле бидің ММ-дерге айналып кеткен сөздері



жүктеу 139,84 Kb.
бет9/27
Дата30.05.2023
өлшемі139,84 Kb.
#42849
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Аширбаева Айсулу Амангельдиевна

Төле бидің ММ-дерге айналып кеткен сөздері:
Атадан ұл туса игі.
Ата жолын қуса игі.
Өлеңді жерде өгіз семіреді,
Өлімді жерде молда семіреді
Өгізді өрге салма, қанатың талар,
Наданға көзіңді салма, сағың сынар.
Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер,
Дұшпанға сырыңды айтпа, түбіңе жетер.
Қару жисаң, мылтық жи,
Жаяу жүрсең – таяқ,
Қарның ашса – тамақ.
Ұрыншақ ат жаз жарға жығар,
Қыс қарға жығар.
Тұмау түбі құрт болар,
Тұман түбі жұт болар.
Елге бай құт емес, би құт.
Қабырғадан қар жауса,
Атан менен нарға күш.
Ел шетіне жау келсе,
Батырлар мен биге күш.
Қарап отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр,
Кәсіп болмай, нәсіп болмас [53].
Қазыбек бидің ММ-дерге айналып кеткен сөздері:
Бір бала бар –
Атаға жете туады.
Бір бала бар –
Атадан өте туады.
Бір бала бар –
Кері кете туады!
Ерден ердің несі артық,
Ептестірген сөзі артық,
Малдан малдың несі артық,
Бір-ақ асым еті артық.
Жерден жердің несі артық,
Бір-ақ уыс шөбі артық.
Міндетіне алған сөзден
Шегінген жігіттен аштан өлген
Аюдың өзі артық [53].
Жиренше шешеннің сөзі:
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Абыздың сөзі:
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
Ә. Қайдар өз мақаласында мақал-мәтелдердің о бастағы пайда болу қайнар бұлағына, объективті, субъективті себептеріне, жағдаяты мен мотивтеріне көңіл аударуды, екіншіден, мақал-мәтелдердің тұсына (жақша ішінде) авторларын көрсетіп отыру дәстүрін қабылдауды мақсат етіп алады. Бұл, әрине, құптарлық іс, себебі ММ-дердің о бастағы пайда болу қайнар бұлағын, объективті, субъективті себептерін ашуға бізде жағдай да жоқ емес сияқты. Шешендік сөздерге арналған бірнеше жинақ жарық көрді.
Осы орайда тіл тарихына қатысты жазба ескерткіштер тіліндегі ММ-дер де арнайы зерттелуі керек. Көне замандардан қалыптасқан ММ-дердің тарихи даму жолын, жетілу әдістерін, авторларын айқындау үшін әр дәуір ескерткіштерінің тілі арнайы зерттелуі қажет.
Ә.Қайдар: «...этнос табиғатын толық танып-білуге қажетті тілдік фактілерді, сол фактілердің қабатында, астарында, қайнар көзінде жатқан небір ғажайып этнолингвистикалық деректерді тауып сөйлетуге болады. Олардың «ірілерін ғана емес, «майда-шүйделеріне» дейін түгел қамту ләзім. «Індете зерттеуге» әрбір зат пен құбылыстың, ұғым мен түсініктің жеке бастарын ғана емес, олардан туындап, өркендеп, бұтақтап, балалап, тарап жатқан туынды да қатысты дүниенің бәрін (олардың атауы арқылы) түгел қамту міндеті де жатады», – дейді [1].
Алдымызда Ә. Қайдар айтқан этнос табиғатын толық танып-білуде «Індете зерттеу»-ді қолға алып, этнолингвистикалық деректерді тауып сөйлетіп, халыққа жеткізу міндеті тұр. Мұндай зерттеудің өз нәтижесін берері анық.
6. Бір мақал екінші бір мақалдың шығуына себепші болады. Жоғарыда берілген “Әкесі тұрып, ұл сөйлегеннен без. Шешесі тұрып, қыз сөйлегеннен без” мақалының орнына
Әке тұрып бала сөйлесе,
Ер жеткені.
Шеше тұрып қыз сөйлесе,
Бой жеткені [4] нұсқасы беріліп жүр. Егер осы мақалдың шығу тарихына үңілсек, бір мақал екінші бір мақалдың шығуына себепші болады екен.
«Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.
– Балалар, аман ба? – депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:

  • Жүр , кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! – дейді.

Малайсары жалт қарап:
– Ата тұрып ұл сөйлегеннен без.
Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді? – деді.
– Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе, бой жеткені болар, – дейді Сырым.

  • Сен толған екенсің, мен тозған екенмін, – деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен» [53].

Тәрбиелік мәні зор ММ-дер еш уақытта сөздік қорымыздан түсіп қалуға тиісті емес. Ол халық – қазынасы, сөздің мәйегі, әруақытта толықтырылып, жинақталып беріліп отырғаны дұрыс. Өкінішке орай, ММ-дердің соңғы шыққан жинақтарында бір нұсқасы берілмей, кейінгі бір нұсқалары беріліп жүр. “Көзден кетсе, көңілден де кетеді” дегендей біртіндеп көне бір нұсқасының ұмыт болуы ақиқат. Тағы бір мысал:
«Ел аузындағы аңызға қарағанда, Байдалы шешен бай бола алмапты. Ол ақылын азық, асыл сөзін сусын етіп дүниеден өткен адамның бірі екен. Бір жылы құрбан айты келіпті. Байдалы айтқа құрбан шалмапты. Шалуға қолайлы малы да болмайды. Сондықтан ешнәрсені білмеген адам тәрізденіп отыра береді. Байдалының бұл «айыбын» бетіне басқысы келген Таумұрын молда:
– Ауқатты ағаң, бай балаң бар, інің де отқа қарап отырған жоқ, солардан неге сұрамайсың, құдайдан қорықсаң қайтеді, – депті.
Құрбан шалмауын айыпқа санамағанмен, жұрт алдында орынды сөз айтпай қалуды кемдік көретін Байдалы шешен молдаға:
– Сөйлемесе сөздің атасы өледі. Айтпаса естімейтін саңыраулар бар, ашпаса көрмейтін соқырлар бар. Ағадағы мал – аспандағы мал, інідегі мал – індегі мал, баладағы мал – даладағы мал. Сұраған адам – қайыршы, ұрлаған адам – қарақшы. Ұятсыз адамнан алып борышты болғанымша, алмай құдайдың өзіне-ақ борышты болайын деп, құрбан шалмағаным рас, – депті. Отырған ақсақалдардың ішінен Қоңқабай деген:
«Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар, баласы бардың панасы бар», – деген мақал бар емес пе, бұрынғылардың сөзін ұмытқаның ба? – депті Байдалыға. Сонда Байдалы:
– Е, Қоңқабайым, сен жігіт кезіңде жалтаң едің, қартайғанда қалтаң болайын деген екенсің. Мақалдап сөйлегің келеді, оған мініп қанша жерге барасың. Мақалға жармаса берме, онда да мін бар. Молда айтқанның бәрі шариғат емес, бұрынғылар айтқанның бәрі қағидат емес, – дейді.
Осы арада шешенді өз сөзінен ұстап, бір сүріндіріп алмақшы болған молда:
– Мақалда бір мін бар дейсің бе? Онда әлгі мақалдың мінін тапшы, данышпан болсаң өзің түзеп айт, – деп шап ете түседі.
Хан-қара, би-төренің алдында сөзден сүрінбеген шешен, Таумұрын молдадан тайсалсын ба:
– Ол мақалды түзеп айтсам мен былай дер едім, – дейді Байдалы:

жүктеу 139,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау