Нормативтік сілтемелер



жүктеу 139,84 Kb.
бет12/27
Дата30.05.2023
өлшемі139,84 Kb.
#42849
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Аширбаева Айсулу Амангельдиевна

Жаманнан қойсаң жасауыл,
Жұртыңды жауға алдырар.
Наданнан қойсаң жасауыл,
Еліңді дауға алдырар.
Мақал төрт тармақтан, яғни екі шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнен құралған. Өлең түрінде әдемі ұйқасқа құрылған. Бірінші, үшінші жай сөйлемдер шарттық қатынасты білдірсе, екінші, төртінші басыңқы сөйлемдер содан туындайтын нәтижені көрсетеді. Мұндағы жасауыл дегеніміз әскербасының оң қолы, шабарманы дегенді білдіреді. Осындай жауапты қызметке қойғанда, жаман мен наданнан не күтуге болады? Жаман мен надан салыстыра алынып, жаманның жауға, наданның дауға алдыратынын, яғни оларға жауапкершілік жүктеуге болмайтынын ескертеді.
Мәтел – мақалға өте ұқсас, ықшам әрі кестелі нақыл сөз. Бірақ мақалдағыдай айтпақ ойды қарама-қарсы шендестірмейді. Пікір ашық айтылып түйінделмейді. Адам сезіміне әсерлі сөйлемдер қысқа, сөздері айшықты және өткір келеді.
Жаман жаңбыр жаумай су болады.
Жаман айтпай, жақсы жоқ.
Ит – тойған жеріне,
Ер – туған жеріне.
Мақал мен мәтелге ортақ бір сипат – олардың тура өз мағынасында да, ауыспалы мағынада да қолданылатындығы. Бір тұлғаның не бір нәрсенің қасиет-әрекеттері баяндалғанмен, соларға негізделген сөз мәні астарланып, терең тамырлы «білгенге маржан» ой-ұғым меңзелінеді.
«Қарастырып отырған тіл бірліктерінің ерекшеліктерін талдау олардың ортақ және ерекше өзгешеліктерінің бар екендігін көрсетеді. Енді соған тоқталайық:
Ортақ белгілері:
1. ММ-дер – халықтың өмірден алған тәжірибесінің жиынтығы, ой-тұжырымының қорытындысы. “Олардың әрқайсысында өзіне ғана тән философиялық ой және саналы логика мен жүйеліліктің нәтижесінде пайда болған өзіндік тұжырым бар”.
2. ММ-дер – тұлғасы жағынан тілге жеңіл, белгілі бір ұйқасқа құрылғандықтан, құлаққа өте жағымды естіледі, көлемі шағын, тілі көркем, мазмұны терең және аз ғана сөзбен толық бір мағынаны өз дәрежесінде нақты жеткізеді, қолдануға даяр тұрады.
3. ММ-дер – предикативті сөз тіркесі және сөйлем түрінде келген коммуникативті фразеологиялық оралымдар.
4. ММ-дер бейнелі, экспрессивті мәнде келеді.
5. ММ-дер сөйлеу тілімізде дәстүрлі тұлғасында да, трансформацияланған түрде де қолданылады.
Мақал мен мәтел арасындағы айырмашылықтар:
1. Мақал уағыз, өсиет, үндеу сипатында келеді, онда дәлел мен қорытынды пікір қатар беріледі. Мысалы:
Жүйелі сөз жүйесін табады,
Жүйесіз сөз иесін табады.
Мәтел айтылатын ойды тұспалдап, емеурін арқылы білдіреді. Мысалы:
Дария жанынан құдық қазба.
2. Мақалдың компоненттерінің саны мәтелге қарағанда көбірек болып, ауқымды келеді.
Мақал: Ат баспаймын деген жерін үш басады,
Ер көрмеймін деген жерін үш көреді.
Мәтел: Мәуелі ағаш майысқақ.
3. ММ-дер өзара синтаксистік құрылысы жағынан да өзгеше болады. Мақал салалас, сабақтас құрмалас сөйлем түрінде жиі ұшырайды. Өйткені мақал өмір тәжірибесінде кездесетін оқиға, жағдай, іс-әрекеттерді бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы немесе салыстыру арқылы баяндап отырады. Ал мәтел, көбіне, жай сөйлем түрінде , онда да толымсыз жай сөйлем түрінде кездеседі.
4. ММ-дердің синтаксистік құрылысындағы тағы бір айырмашылық – ол етістік баяндауыш сөздердің түсіп қалу заңдылығына байланысты жағдай. Мәтелдің құрамында етістіктен болған сөз, көбіне, айтылмай түсіп қалады. Бұл жағдай – мәтелдің оқиғаны ишаратпен ғана жеткізуіне лайықты жасалатын тәсіл. Өйткені күрделі ойды толық білдіретін сөйлем баяндауышсыз жасалмайды. Мысалы:
Ақыл – жастан /шығады/,
Асыл – тастан /шығады/ [25].
Осы айтылғандардан мақал мен мәтелдердің айырмашылықтарынан гөрі ортақ белгілерінің басым екендігі байқалады. Сондықтан ұқсастықтарына баса назар аударылып, халық арасында мәтел дегеннен гөрі мақал басымдау айтылады.
Мақал-мәтелдердің ұқсастықтарына қарай көбінесе синонимдік бір мағына беретін тілдік құбылыс ретінде де қабылданады, сондықтан оларды кітаптарда бөліп-жарып көрсетпей, бірге бере береді.
ММ-дер − халқымыздың ұлттық болмысын, тұрмыс-тіршілігін, өткен тарихын, рухани құндылығын көрсететін асыл мұрасы. Қазақ халқы өткір де терең мағыналы бір ауыз сөзге тоқтаған. Сөзге ерекше мән берген. Би, шешендер үлкен дауларды бір ауыз сөзбен шешкен, айтайын деген ойларын аз сөздің аясына сыйдырған.
Орта ғасырларда sаv сөзін мақал мағынасында пайдаланған: sаvdа mundаγ kеlir мақалда былай келеді (МҚ ІІІ 154) [27]. Ал ҚБ, ҺХ ескерткіштерінің тілінде масал сөзі кездеседі: «Безадим китабны маваиз масал. – Кітабымды өнегелі нақыл сөздермен ажарладым» (ҺХ, 77) [28]. Мақал мен мәтел сөздерінің тілімізге араб тілінен ауысқандығы белгілі. Мақал да, мәтел де араб тілінде мақалдың мағынасын береді, тек мәтел деп жүргеніміз араб тілінде масал түрінде дыбысталады [26]. Мақал араб тілінде де осылай жазылады. Түбірі қала етістігі “айту, сөйлеу, әңгімелеу” дегенді білдіреді. Ал масал сөзінің мәтел түрінде жазылуы, яғни мұндағы с дыбысының т-ға өзгеріп кетуінің себебі, бұл дыбыс қазақ тіліндегідей анық айтылмай, өзгеше дыбысталуына байланысты болу керек.
Ә. Құрышжанов «... осыдан барып мақал-мәтелдер көбінесе «халық даналығы» деп аталады. Ежелгі түркі тілдерінде «аталар сөзі» деп те аталады, яғни бұл – «атадан балаға мирас болып келе жатқан қазына» деген сөз – дейді [29].
«Аталар сөзі – ақылдың кені» деп жайдан жай айтылмаса керек. Бұл сөздің ұғымының кеңдігі сондай мақал, мәтел деп атап жатпай-ақ, халқымыз аталы сөз, нақыл сөз, ғибратты сөз, шешендік сөз, ұлағатты сөз, тәрбиелі сөз, өсиет сөз, қанатты сөз, орынды сөз деп сан түрлі атаумен атаған. Сондықтан паремиологиялық жүйенің тарихи тұрғыдан қалыптасқандығы анық, дегенмен ММ-дерді жинақтап, жеке жинақ, кітап етіп шығара бастағаннан кейін ғылыми тұрғыдан олардың қалыптасу, даму, жасалу жолдарына мән беріліп, синтаксистік құрылысына талдаулар жасалына бастады. Нәтижесінде тіл білімінде мақал, мәтел, шешендік сөз, қанатты сөз, афоризм сынды терминдер қалыптасты. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары айырып көрсетіле бастады. ММ-дердің ұзақ уақыттар бойы сақталып, халық жүрегінен орын алуына ММ-дердің бойында қалыптасқан төмендегідей негізгі белгілер себеп болған.
Біріншіден, көлемінің шағын, айтуға жеңіл, есте сақтауға ыңғайлылығы;
Екіншіден, ұйқасқа құрылып, ойды әдемі жеткізуге бейімділігі;
Үшіншіден, әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғауы;
Төртіншіден, үгіт-насихатқа құрылуы;
Бесіншіден, дайын қалпында қолданылуы;
Алтыншыдан, тыңдаушыға әсер ететін эстетикалық, эмоционалдық әсерінің болуы;
Жетіншіден, тәрбиелік мәнінің болуы.



жүктеу 139,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау