Нұрғожаева Айдана Бағдәулетқызы
ДОТ 502 математика-физика
Электрондардың металдан шығу жұмысы. • Кернеулік сызығы.
Фото–грек сөзінен аударғанда-жарық, эффект латын сөзінен аударғанда-әсер деген мағынаны білдіреді.
Фотоэффект-сәулелердің әсерінен электрондардың сұйық және қатты дене бетінен босап шығу құбылысын сыртқы фотоэлектрлік эффект немесе фотоэффект деп атайды.
Фотоэффект құбылысын тәжірибе жүзінде алғаш зерттеп, заңдылықтарын тағайындаған орыс ғалымы А.Г.Столетов. 1887 жылы орыс ғалымы Генрих Герц пен Александр Григориевич Столетов екеуі электромагниттік толқындар қабылдағышын құрастыру барысында кішкене шарларға әсер етіп және арақашықтықты өзгерте отырып сигнал қабылдауды жеңілдету барысында шарларға ультракүлгін сәуле түсіргенде олардың арасында ұшқын байқалды, және осы ұшқын арқылы шарлардың ауа қабаты тесілуі байқалды. Жарық түскен кезде металл беттерінен теріс зарядталған бөлшектердің босап шығатыны белгілі болды. Фотоэффект құбылысы осылай ашылды.
Фотоэффект құбылысын түсіндіру жолын А.Эйнштейн тапты. Ол фотоэффект құбылысын түсіндіру үшін жарықтың бөлшектік әрі кванттық қасиетіне сүйенді. Жарық екіжақтылығымен сипатталады: біріншісінде, ол толқындық жағынан танылса, екінші жолы бөлшек (корпускула), яғни Эйнштейн сөзімен айтқанда фотондар ағыны ретінде көрінеді. Бұл құбылыс жарықтың толқындық -корпускулалық дуализмі (екі жақтылығы) деп аталады.
Эйнштейн эксперимент арқылы жарық жекелеген порциялармен жұтылатындығын дәлелдеп берді. Әрбір порцияның кванттық энергиясы: E=h ν.
Электронның металдан босап, ұшып шығуы үшін жасайтын жұмысын электронның шығу жұмысы деп атайды. Ашығу - деп белгіленеді.
Энергияның сақталу заңы бойынша жұтылған жарық фотонының h ν энергиясы электронның шығу Ашығу жұмысына және оның E= кинетикалық энергиясына жұмсалады: E =h ν
h ν = Ашығу + - Эйнштейн формуласы , E =
Фотоэффект құбылысы мына шарт орындалса, жарықтың жиілігі тек белгілі бір ν0 шамаға жеткенде ғана байқала бастайды: h ν0 ≥ Ашығу
Фотоэффект жарықтың затпен әсерлесуі кезінде білінеді. Ішкі фотоэффект – жартылай өткізгіштердің ішінде атомдармен байланысқан электрондарды босатуы болып табылады,ол жартылай өткізгіщте электрөткізгішті арттырудың салдары. Сыртқы фотоэффект деп, қатты және сұйық заттардан жарық әсерінен электрондарды бөліп шығаруды айтады.
Фотоэффект байқалатын жарықтың ең аз дегендегі жиілігін немесе оған сәйкес келетін толқын ұзындығын фотоэффектінің қызыл шекарасы деп атайды. Мысалы, мырыш үшін жарық толқынының ұзындығы (қызыл шекарасы)-370 мкм, калий-450 мкм, натрий-680 мкм.
Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құралды фотоэлемент деп атайды. Ол катод, анод және саңылаудан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |