Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
ОСӨЖ
Мәнжазба
Тақырыбы: Практик психологиялық жұмыстың іс-қағаздарын жүргізу ережелері
Орындаған :Буранова А.Е
Тексерген: Ергарина.Ж.М
Жоспары:
1.Практикалық психологтың қызметіне тапсырыс беру ұғымы жайында
2. Психологиялық міндет және психологиялық көмек.
Практикалық психологтың қызметіне деген нақты сұраныс тапсырыс берушіге немесе клиентке байланысты. Практикалық психологтың қызметіне тапсырыс беру ұғымының астарында кеңесшілердің, психотерапевттердің және өзгеше маманданған практикалық психологтардың қызметін пайдалану даярлығында көрінетін кәсіби іс –әрекеттің аталмыш формасының қажеттігін тиімді қоғамдық мойындау жағдайы анықталады.
Жалпы бұндай тапсырыс күрделі ішкі немесе тұлғааралық мәселелерге қатысты кеңес қажет психикалық дені сау адамдардан түседі. Әрине психологқа мәселелерін өз бетінше шеше алатын, өмірін психологиялық зақымдайтын жағдайлардың пайда болуының алдын алатындай құра алатын адамдар келмейді. Алайда оның іс –әрекетіндегі немес өміріндегі экстремалды оқиғалар да кәсіби психологиялық көмекке деген қажеттілікті тудыруы мүмкін.
Клиенттер және тапсырыс берушілер де психологтың қызметіне тікелей тапсырыс беретіндер болып табылады. Практикалық психологиядағы клиент бұл психологтан көмек алатын адам. Психологқа өзі, басқа адамдар немесе олармен өзара қатынастары жайлы психологиялық ақпаратты табыс ететін ересек адам немесе бала практикалық психологтың клиенті болып табылады. Ол өзін сол ақпараттың мазмұнына жауапты санайды, өйткені ол оның күйзелістері мен тиімсіз ойларының өнімі болып табылады. Сонымен бірге клиент психологиялық ақпаратты алушы да болып табылады, яғни дәл ол проблемасын психологқа артпай өзі шешуі тиіс.
Психологқа мектептегі білім жүйесінен келіп түсетін едәуір кеңнен танылған тапсырыстарды қарастырып көрелік. Мұғалімдердің және ата –аналардың тарапынан түсетін тапсырыстар көбінде кейбір балалар мен жас өспірімдердің оқығысы және қабілеттерін пайдаланғысы келмеуімен, барлық немесе нақты пәндер бойынша төмен үлгеріммен байланысты. Оқушылар өздерін нақты іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге, есті дамытуға, сабақта анағұрлым зейінді болуға, уақыттарын орынды бөлуге үйретуді сұрай келеді.
Көптеген тапсырыстар жеке проблемалар жөнінде болады: баланың мазасыздығы (әсіресе мектептегі), әртекті кешендер, баланың өз –өзіне сенімсіздігі, мінез –құлықтағы және өзгелермен өзара қатынастарындағы қиындықтар. Оқушылар психологтан құрдастарымен әсіресе қарама –қарсы жыныстағы құрдастарымен қарым – қатынастарындағы, мүғалімдермен және ата –аналарымен өзарақатынастарындағы қиындықтарды жеңуге көмектесуді сұрайды. Жоғары сыныптағы жас өспірімдер мен боз балалар нақты қасиеттерін қалай дамытуға болатынын, қандай мамандықты таңдауға болатынын сұрайды. Психологқа «қиын» сыныптармен тәрбие жұмысының бағдарламасын қалай құруға болатыны жөнінде, нашар отбасыларындағы балаламен қалай жұмыс жасауға болатыны жайлы; сынып пен мұғалімнің, ата –аналар мен балалардың, өзара оқушылардың арасындағы дауларды қалай шешуге болатыны, мектеп пен ата –аналардың арасындағы қатынасты қалай реттеуге болатыны жайлы тапсырыстар келеді.
Психологқа келіп түсетін сұраныстардың бірқатары оқуда елеулі нәтижелерге жетпеген, өздерінің кәсіби қызығушылықтарын сезіне қоймаған, өздерін қабілетсіз сезінетін оқушыларға қатысты кәсіби бағдарға байланысты. Психологқа баланың дарындылығына орай оның оқу курсын тездетіп өтудің орындылына байланысты тапсырыстар да келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |