Нормативтік сілтемелер


Мақал мен мәтелдің ұқсастығы мен айырмашылығы



жүктеу 139,84 Kb.
бет11/27
Дата30.05.2023
өлшемі139,84 Kb.
#42849
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Аширбаева Айсулу Амангельдиевна

1.3 Мақал мен мәтелдің ұқсастығы мен айырмашылығы
Мақал – сан ғасырлық өмір құбылыстары сарапталып, бүкіл бір халықтың ой елегінен екшеліп жинақталған, мағынасы жан-жақты, кең әрі терең, адами өнеге мен парасат түйіні.
ММ-дердің тілі көркем, мағынасы терең, сөйлем құрылысы жеңіл. Халық ММ-дердің мағынасымен қатар сыртқы сұлулығына, дыбыстық үйлесіміне көңіл аударып, әсерін күшейтуді ескерген.
ММ-дер фольклор жанрының бір түрі болғандықтан, халық ауыз әдебиетінің ерекшеліктерін бойында сақтаған, алайда поэзиядан айырмашылығы өлең құрылысында буын санының біркелкі болуы сақталса, ММ-дерде олай емес. ММ-дердің барлығы бірдей ұйқасқа құрыла бермейді, тек екі және төрт тармақтылары ғана ұйқасып келеді. ММ-дер халық арасына кең тараған және ұзақ өмір сүретіні де, себебі ММ-дер күнделікті өмірде қолдануға бейім.
ММ-дер жайында алғаш пікір айтқан Ахмет Байтұрсынұлы мақал мен мəтел жайлы былай дейді: "... Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылатын пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызды, шыны келеді.
Мəтел дегеніміз – кезіне келгенде кезегімен айтылатын белгілі сөздер. Мəтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тəжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады", − деп мақал мен мəтелдің ара-жігін қысқа да нұсқа айырып көрсетеді [19].
Мақал мен мәтелдің бір еместігі – айқын нәрсе. Оларды ажырату үшін ұқсастықтарынан гөрі айырмашылықтарына көбірек көңіл бөлу керек.
І. Кеңесбаев: “Мəтел өзінің құрамы жағынан мақалдан гөрі фразеологизмге жуық көрінеді. Мəтелдің ерекшелігі, сірә, оның мағынасына байланысты болу керек. Едәуір зерттеушілердің пікірінше, мəтел белгілі бір ұғымды меңзеп атаса, мақал сол ұғымның өзін тікелей білдіреді. Орыс халқы “мəтел − гүл, мақал − жеміс” деп, тауып айтқан. Мақал-мәтелде ұғымнан гөрі кесек ой басым жатады. Сондықтан да бұлар сырт тұрқы жағынан сөйлем түрінде келеді деген концепцияны қолдау орынды”, − дейді [20].
М. Əуезов: "Мақал толық тұлғалы болады, ойы тұтас келеді, əдетте ол бір немесе бірнеше толық сөйлемнен құралады. Ал мəтел, мақал сияқты толық түрінде құрылмай, сөз тіркесі, қалыптасқан нақышты, орамды сөйлемше түрінде жасалады", – деп жазған еді [21].
Ғалым К. Аханов: "Мақалдар көбінесе екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды түйінді пікір айтылады", – деген пікір айтады [22].
Ғ. Қалиев: “ Мақал дегеніміз – халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымы, тәжірибесі жинақталып берілген, мазмұны жағынан ғибрат, өсиет сияқты ізгі қасиеттерді уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі көркем, әрі ырғақты, ықшам нақыл сөз. Мақал формасы жағынан аяқталған сөйлем іспеттес. Мақалдардың көпшілігі екі компонентті, яғни құрмалас сөйлем типтес болып келеді (Түстік өмірің болса, кештік мал жина; Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі т.б.)
Ал мəтелге келсек, жоғарыда мақалға берілген анықтаманы оған да беруге болады. Мəтел де халық даналығынан туған, мағынасы уағыз, өсиетке негізделген, құрылымы көркем, ырғақты, әрі ықшам сөз үлгісі. Мəтелдің мақалдан айырмасы − мəтелде айтылатын ой-пікір мақалдағыдай емес, негізінен, жанама түрде астарлау, меңзеу түрінде берілетіндігінде. Мысалы: Кісідегінің кілті аспанда; Естіген құлақта жазық жоқ; Сұлуынан жылуы; Жаман күйеу қайынсақ; Күлегештің тұзы жеңіл, таз әулекі, соқыр әңгүдік деген мəтелдерде мақалдардағыдай байымдау, оны қорытындылау жоқ, тек бір жағдайды жанамалап, меңзеп, тұспалдап білдіру ғана бар” [23].
М. Əлімбаев: "Мақал дегеніміз – өмір құбылыстарын жинақтайтын жəне типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі əрі ырғақты халық нақылы", − деген өте орынды пайымдауында мақал табиғатына тəн ерекшеліктердің барлығы тұтастай қамтылған [24].
Бұл берілген ережелердің бәрі бірін-бірі толықтырып, мақал мен мәтелдің айырмашылығын айқындап беріп тұр.
Мақал – бір, екі тармақтан құралған, қара сөз не өлең түзілімді, әдемі ұйқасты, көркем бейнелі, қысқа да нұсқа нақыл сөздер мәйегі. Алдыңғы тармақта айтпақ ой жалпы пайымдалады да, соңғысында қорытындыланып, пікір сомдалады.

жүктеу 139,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау