Нормативтік сілтемелер


Мақал-мәтелдердің варианттылығы. Олардың пайда болу себептері мен жасалу жолдары



жүктеу 139,84 Kb.
бет13/27
Дата30.05.2023
өлшемі139,84 Kb.
#42849
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Аширбаева Айсулу Амангельдиевна

1.4 Мақал-мәтелдердің варианттылығы. Олардың пайда болу себептері мен жасалу жолдары
Тіл білімінің маңызды салаларының бірі – варианттылық. Тіл – қоғамдық құбылыс. Тілдің қоғамдық сипаты әлеуметтік ерекшеліктермен тығыз байланысты. Қоғамның дамуымен бірге тіл де дамып, өзгерістерге түсіп отырады. Варианттылық тілдің тарихи дамуының нәтижесінде пайда болады.
Варианттылық латын тілінің varians ‘өзгеретін’ деген сөзінен алынған. «Варианттылық – тілдің, тіл бірліктерінің коммуникативтік қызметіне қатысты күрделі және жан-жақты қасиеттерінің бірі. Оның мәні “вариант”, “инвариант” ұғымдары арқылы ашылады. Әрбір лексикалық бірлік өзінің мағыналық бірлігін сақтай отырып, көптеген варианттар түрінде көрінеді. Кең көлемде тілдің территориялық, әлеуметтік, стилистикалық, функционалдық, ұлттық т.б. формаларда өмір сүруі де варианттылықтың көрінісі болып табылады» [20].
Варианттылық алғашында фонология саласында, кейіннен тілдің басқа деңгейлерінде қарастырылған.
Варианттылық жайында профессор Г. Смағұлова былай дейді: «Варианттылық (латынша varians – өзгермелі) ұғымы жалпы алғанда бір сөздің нормадан ауытқып, әртүрлі айтылуы (қазір – кәзір) немесе мазмұн, түсініктің бірнеше нұсқада жеткізілуі» [24].
Варианттылық жайлы алғашқы зерттеулерде сөз варианттары, оның фонетикалық, морфологиялық түрлері сөз болып келді. С. Бизақов кандидаттық диссертациясында қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің фонетикалық варианттарын [25] зерттесе, варианттылық жайында жан-жақты зерттеу жүргізген ғалым И.Қ. Ұйықбаев «Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық проблемасы» атты еңбегінде сөз варианттарын тілдік салаларда қарастырып, фонетикалық, лексикалық-семантикалық, грамматикалық-стильдік, орфографиялық, орфоэпиялық варианттарын нақты тілдік материалдар негізінде талдайды [26]. Г. Смағұлова «Фразеологизмдердің варианттылығы» атты кітабында тұрақты сөз тіркестерінің варианттылығын зерттей отырып, олардың пайда болу себептері, түрлері мен жасалу жолдары жайлы өзіндік пікірлерін білдірген.
ММ-дер әдеби тұрғыдан қалыптасқан, компоненттерінің орны тұрақты десек те, тілдік қолдану аясында сандық, сапалық тұрғыдан өзгерістерге ұшырап отырады. Осындай ауыспалы компоненттердің нәтижесінде ММ-дердің варианттары пайда болады. Варианттылық – ММ-дердің әртүрлі жағдайларда қолданылуына және әлеуметтік, территориялық сипатына байланысты анықталатын түрлері мен өзгерістері.
Ғалымдардың пікірлеріне жүгінсек, варианттылыққа қойылатын негізгі талап лексикалық мағына дәлдігінің сақталуы болып табылады. Фонетикалық, морфологиялық варианттар үшін де мағына дәлдігінің сақталуы алғашқы шарт болып табылады.
Сөз варианттары мынадай үш түрлі белгі арқылы ажыратылады: а) сөздің түбірінде ортақ ұқсастық болуы арқылы, ә) лексика-семантикалық жалпылығының (ұқсастығының) сақталуы арқылы, б) дыбыстық өзгешелігі лексика-семантикалық өзгеріс тудырмайтыны арқылы [27]. Бұл белгілер ММ-дерге де қатысты.
Лексикалық бірліктер өздерінің негізгі мағыналарын сақтай отырып, түрлі варианттар түрінде көрінеді. Сөз варианттары фонетикалық, лексика-морфологиялық, лексика-семантикалық, әдеби-диалектілік сипатта кездеседі. ММ-дердің лексикалық және грамматикалық варианттары бар.
Варианттылық сөздерге, сөз тіркестеріне қарағанда ММ-дерде күрделілеу. Мұнда аяқталған ой бір немесе бірнеше сөйлеммен берілетіндіктен, варианттылық бір дыбыстың (саудагер – сәудегер, әжім – ажым, пейіл – бейіл), бір грамматикалық тұлғаның (көргенмін – көргем, бітіргенмін – бітіргем) немесе бір сөздің өзгеруі арқылы (алып бермекші – әпермекші, бұл күн – бүгін) ғана емес, әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы жасалады, сондықтан мағынаның ұқсастығы сақталғанмен, дәлдігі белгілі бір дәрежеде сақталмауы мүмкін. Дегенмен мұндай ММ-дерді вариантты деп есептеген дұрыс болар, себебі компоненттердің құрамындағы негізгі тірек сөздер сақталады.
Тілімізде ММ-дердің әртүрлі семантика-құрылымдық нұсқалары қалыптасқан. Мақал-мәтел варианттары лексика-грамматикалық жағынан әртүрлі болуы мүмкін, бірақ олар мағына тұтастығына нұқсан келтірмеуі тиіс. ММ-дердің ішіндегі өзгерістер олардың вариантын жасауға себепші болады. ММ-дердегі лексикалық варианттар ұқсас лексикалық компоненттер арқылы құралады.
Батырды жауда,
Шешенді дауда сына.
Батыр жігіт жау жеңер,
Шешен жігіт дау шешер.
Батырдың атын жау шығарады,
Шешеннің атын дау шығарады.
Батыр болсаң, жауды қайтар.
Шаруа болсаң, малды қайтар.
Шешен болсаң, дауды қайтар.
Батырсыған жігітті
Жау келгенде көрерміз.
Менменсіген жігітті
Дау келгенде көрерміз
Би жаманы дауға алдырады,
Жігіт жаманы жауға алдырады.
Бұл мақалдардың варианттарына ұйтқы, тірек болып тұрған – батыр мен шешен сөздері. Батырдың ерлігі жауда сыналса, шешеннің тапқырлығы дауда сыналады. Осы екі нәрсе олардың бойындағы негізгі қасиет болып есептелінеді. Сондықтан айтыла-айтыла өзгермейтін қағидаға айналған. Себебі олардың біз білетін алты вариантты болып келуінің өзі тақырыптың маңыздылығын көрсетеді. Бұл арада варианттардың жасалуына стильдік тұрғыдан, ауызша жеткізу амалы, образ бірлігі себеп болып тұр. Ауызша жеткізу амалы айтушының сөз саптау шеберлігіне байланысты өзгерістерге ұшыраған. Өзгеріс енгізіп тұрған баяндауыштардың әртүрлі қимыл-амалды білдіруіне сәйкес мазмұндарында да, қосымша морфемаларда да аздаған айырмашылықтар бар. Варианттылық бір ғана тәсілмен жасалып тұрған жоқ. Сонымен ММ-дердің варианттарының жасалуында, біріншіден, тірек, ұйтқы сөздердің қайталанып келуі шарт, екіншіден, оларда образ бірлігі сақталуы қажет. Мұндай ММ-дердің образы және беретін ұғымы жақын немесе бірдей болып келеді.
Енді ММ-дердің варианттарын жасайтын тәсілдерге тоқталып көрейік:
1. Варианттылық бір сөздің орнына екінші бір сөзді қолдану арқылы жасалады. Мұндай ММ-дерде сөйлем құрылысы сақталады. Мысалы:
Таспен атқанды аспен ат.
Таспен ұрғанды аспен ұр.
Ұлың өссе, ұлықтымен ауылдас бол,
Қызың өссе, қылықтымен ауылдас бол.
Ұлың өссе, ұлы үлгілімен ауылдас бол,
Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол т.б.
2. Бір сөздің орнына екінші бір сөзді ауыстырып қолдану арқылы және ілік септік жалғауының бірінде жалғанып келуі арқылы жасалады.
Жолаушы ақысы жүрсе бітеді.
Жолаушының ісі жүрсе өнеді.
3. Бір сөздің орнына екінші бір сөзді ауыстырып қолдану арқылы және екінші компонентті түсіріп айту арқылы жасалады.
Қарты бар елдің қазынасы бар.
Қызы бар елдің базынасы бар.
Қарты бар үйдің құты бар.
4. Варианттылық жалпы халықтық қолданыстағы мақалға өзгеріс енгізу арқылы жасалған. Мазмұндарына көңіл аударсақ, ұқсастықтың бар екені аңғарылады. Тірек сөздер Алла, еңбек бөлек ұғымды береді десек те, олардың арасында мағыналық байланыс бар. Халық арасында Алладан тек сұрап қою жеткіліксіз, сонымен қатар еңбектену керек деген де түсінік бар.
Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады,
Адамнан сұрағанның екі көзі шығады.
Еңбектен алғанның бүйірі шығады,
Кісіден алғанның екі көзі шығады.
Мақалдың негізгі идеясы «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Адамнан тілегеннен гөрі еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ескертеді.
5. Алғашқы мақал әдеби нормаға сай жасалып қалыптасқан. Мақалдың екінші варианты осы мақалға ұқсастырып, ұйқасқа құру жағына көбірек мән берген. Мысалы:
Жалғыз ағаш
Орман болмас.
Жалғыз кірпіш
Қорған болмас.
Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас.
Варианттылық қосымша морфемалардың фонетикалық өзгерістерге ұшырауы арқылы жасалады.
Көне -ман жұрнағының орнына -ма болымсыз етістіктің жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
Адам айдаса барман,
Дәм айдаса қалман.
Адам айдаса барма,
Дәм айдаса қалма.
ММ-дердің бұлайша әртүрлі тұлғаланып келуі көне мен жаңаның арасындағы байланысты көрсетеді.
Алдыңғы ММ-дер кейінгі нұсқасымен қолданысқа түседі. Бұл сынды ММ-дер сөздіктерде қатар беріліп жүр. Осындай вариантты ММ-дер қазақ тілінде молынан пайдаланылады.
Қазіргі заманғы тіл білімінде варианттылықтың пайда болуын тілдің: 1) территориялық жағына, 2) әлеуметтік ортасына, 3) тілдің ішкі құрылысына қатысты деп қарастырады [28].
Бір дәуірлерде әдеби норма ретінде қолданылған ММ екінші бір дәуірде норма болмай қалуы мүмкін немесе керісінше болуы да мүмкін. ММ-ді шығарушы белгілі бір аймақта өмір сүретіндіктен, онда жергілікті тілдік ерекшелік сақталуы мүмкін, алайда әдеби тілдің дамуына байланысты көпшілігі өзгерістерге ұшыраған. Мәселен, «Қарын тойса, қарта әлем сасиды», ауызекі сөйлеу тілінде «Қарын тойса, қарта боқ сасиды» деп айтылады.
ММ-дердің варианттары мақсатты түрде де, мақсатсыз да жасалады. Айтушы сөйлеу процесінде ММ-дердің ұзақтығына байланысты қысқартып немесе қажетті компонентін алып пайдаланады. Бұл үрдіс дағдыға айналып, вариант жасалуы мүмкін. ММ-дердің мақсатсыз түрде жасалуына келе-келе жергілікті жерлерде өзгеріске ұшырауы, яғни бір сөздің орнына басқа сөзді қолдануы мысал бола алады. Мақсатты түрде жасалуына көбінесе ақын, жазушылар қаламынан туған инварианттар, даналардың айтып кеткен нақыл сөздері себеп болады. Мұндай варианттардың біреуі қолданыла келе әдеби нормаға айналады.
Ғалымдарымыз «Бір түбірден таралған, дыбысталуы бір-біріне өте ұқсас келген сөздердің бәрін вариантты сөздер тобына жатқыза беруге мүлдем болмайды» (аға, ағатай, ағеке, ағашым) деген пікірлерін білдірген [27].
Мүмкін ММ-дердің де варианттары жан-жақты қарастырылып, сараптама жасалуы керек шығар.


жүктеу 139,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау