Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту



жүктеу 261,81 Kb.
Pdf просмотр
бет22/25
Дата14.11.2018
өлшемі261,81 Kb.
#19507
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

      2) жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті 

органға құрылатын жұмыс орындары санының көрсеткіштерімен қоса, іріктелген инфрақұрылымдық 

жобалар бойынша жобалардың тізбесін жыл сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.

      Жобаларды күрделі, ағымдағы жөндеу, абаттандыру бойынша бюджет қаражаты үнемделген 

жағдайда жергілікті атқарушы органдар көрсетілген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша 

іске асырылатын өзге де жобаларға немесе жобалардың түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштерін 

жақсартуға өздігінен жұмсай алады;

      3) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері ай сайын, есепті айдан кейінгі 

айдың 10-күніне қарай халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға 

инфрақұрылымдық жобаларды және абаттандыруды іске асыру бойынша:

      3-1) басталған (аяқталған) жобалардың саны, жобалар бөлінісінде орындалған жұмыстардың 

көлемі;


      3-2) құрылған жұмыс орындарының саны және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы 

бойынша жұмысқа орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың саны, сондай-ақ олардың орташа 

айлық жалақысының мөлшері;

      3-3) қаржыландыру көлемдері, бөлінген қаражаттың игерілуі және уақтылы игерілмеуінің 

себептері;

      3-4) жол берілген бұзушылықтар және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы 

мәліметтер қамтылған есептерді ұсынады;

      4) іске асырылып жатқан жобаларға жұмысқа орналасуға ниет білдірген және мүмкіндігі бар 

Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға 

өтінішпен жүгініп, мынадай құжаттарды қоса береді:

      4-1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;

      4-2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін (мекенжай анықтамасы, ауылдық әкімдердің

анықтамасы), уақытша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      4-3) болған жағдайда, білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом) және/

немесе оқу курстарынан өткенін растайтын басқа да құжаттар (куәлік, сертификат).

      Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігін ескере 

отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылдайды 

және оларды іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына 

жұмысқа орналасу үшін жібереді;



      5) инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс 

берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде 

орналастырылады.

      Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру

      Бағдарламаның іске асырылуы жоғарыдан төмен басқару құрылымымен басқарылады, оның 

құрамына Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ВАК (Ведомствоаралық комиссия), 

Бағдарламаның операторы, Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі өңірлік және 

аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық және облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар 

жергілікті атқарушы органдар кіреді.

      Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды:

      республикалық деңгейде:

      1) ВАК;

      2) Бағдарлама операторлары;

      облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде:       

      1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия;

      2) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері 

жөніндегі жергілікті атқарушы органдар;

      аудандық (қалалық) деңгейде:

      1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия;

      2) халықты жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері 

жөніндегі жергілікті атқарушы органдар;

      3) кент, ауыл және ауылдық округтер деңгейінде – кенттердің, ауылдар мен ауылдық 

округтердің әкімдері жүзеге асырады.

      ВАК мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:

      1) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарайды және орталық және жергілікті

атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын 




құру және жұмысқа орналастыру бөлігінде тиісінше мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар мен 

аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша есептерін тыңдайды;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты 

мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.

      Бағдарлама операторлары өз құзыреті шегінде бір-бірімен және басқа да орталық және 

жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып:

      1) Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге 

асырады;


      2) қаржыландыру лимиттерін белгілеу және қаражатты бөлу жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      3) Бағдарламаның бағыттары бойынша тетіктердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      4) Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді;

      5) Бағдарламаның бағыттарын іске асыру тетіктерін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді 

және енгізеді;

      6) жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпарат негізінде халықты жұмыспен қамту 

мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ай сайын ақпарат ұсынады.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

      1) Бағдарламаның бағыттарын іске асыруды жалпы үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) Бағдарламаны іске асыруға мониторингті қамтамасыз етеді;

      3) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

      4) Бағдарламаның басқа да операторларымен бірлесіп Бағдарламаны нормативтік құқықтық, 

әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

      5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік 

комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлеп, бекітеді;

      6) Бағдарламаның басқа да операторларымен бірлесіп республикалық бюджеттік бағдарламалар 

әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде қаржыландыру лимитін белгілеу және қаражат бөлу бойынша 

ұсыныстар дайындайды;




жүктеу 261,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау