Әож 78. Шағын жинақты мектептерге педагог мамандарды даярлаудың жаңА Үлгісі



жүктеу 236,28 Kb.
Pdf просмотр
Дата13.02.2020
өлшемі236,28 Kb.
#28931
түріБағдарламасы


   

ӘОЖ 378.1 



 

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРГЕ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ 

ЖАҢА ҮЛГІСІ 

 

Әбілдина С.Қ. 



Қарағанды қаласы 

 

Қазақстан  Республикасында  білім  берудің  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 



бағдарламасында:  «Шағын  жинақталған  мектептерге  педагогикалық  кадрлар  даярлау,  жоғары  оқу 

орындарындағы бейіндік мектептер үшін білім беру магистрлерін даярлау»- міндеті қойылған[1]. 

Шағын жинақталған мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік-

экономикалық  дамуының  өзегі.  Ауылдық  шағын  мектептердің  барлығы  дерлік  қазақ  мектебі  болып 

табылады. Сондықтан ауылдық мектептердің мәселесі – қашанда қазақ елдігінің өзекті мәселесі болып 

қала бермек. 

Шағын  жинақталған  мектептер  –  жаңадан  пайда  болған  құбылыс  емес.  Мұндай  мектептердің 

өмірге  келуі  XІX  ғасырдың  екінші  жартысынан  басталатыны  белгілі.  Оларды  алғашқылары  және  ең 

белгілілері Бөкей ордасындағы мектептер, Орынбор шекарасы жанындағы мектептер, «Мамания» мектебі, 

Ы. Алтынсарин үлгісімен ашылған мектептер т.б. екенін айта кеткен жөн. Ал қазіргі уақытта, яғни бүгінгі 

күнде мұндай мектептердің жалпы саны 4000-нан асып отыр.  

Сөйтіп,  шағын  жинақталған  мектептердің  қазақ  топырағында  тұңғыш  білім  көзі  болған  Бөкей 

ордасындағы  мектептерден  бастау  алып,  қазіргі  уақытқа  дейін  ауылдық  жерлерде  өмір  сүруі,  әлі  де 

сақтаулы, жалпы, педегогика тарихында шағын комплектілі мектептерге деген сұраныстың еш уақытта 

жойылмағанын,  қайта  ауылдың  мәдени  және  рухани  өмірінің  бірден-бір  ошағы  болып  отырғынын 

дәлелдейді.  

Ұлы  М.  Әуезовтың  «Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе»,  М.  Жұмабаевтың  «Қазақтың  тағдыры, 

келешекте  ел  болуы  да  мектебінің  қандай  негізге  құрылуына  барып  тіреледі»  деген  ұлағатты  сөздері 

шағын ауыл мектебінің тағдыры – ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейдегі ең өзекті мәселе екенін 

айғақтайды.  

Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.А.Назарбаевтың 2012 жылдың 27 

қаңтарындағы  “Әлеуметтiк-экономикалық  жаңғырту  -  Қазақстан  дамытуының  басым  бағыты”  атты 

Қазақстан халқына жолдауында елдiң дамуының басты бағыттарының бірі ретінде Қазақстандағы адам 

капиталының  сапалы  өсуі  атап  көрсетiлсе, 

«Қазақстан  жолы  –  2050: Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ»  атты  Жолдауында

:  «

Ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының  сапасын  жақсартуда  бізді 



ауқымды  жұмыс  күтіп  тұр.  2020  жылға  қарай  Қазақстандағы  3-6  жас  аралығындағы  балаларды 

мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар 

мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін 

мектептерді  Назарбаев  зияткерлік  мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне  жеткізу  керек.  Мектеп  түлектері 

қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  білуге  тиіс.  Оларды  оқыту  нәтижесі  оқушылардың  сындарлы 

ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» - делінген [2,3]. 

Сонымен, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына әр жылғы 

жолдауларында,  «Интеллектуалды  ұлт  -2020»  жобасында  ұлттық  білім  беру  жүйесін  әлемдік  білім 

жүйесімен  кіріктіру,  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына  ену 

стратегиясы,  білім  беру  жүйесін  жаңашылдық  тұрғыда  дамыту,  жалпы  қоғамды  ақпараттандыру, 

болашақ  ұрпақтың  ұлттық  мәдени  құндылықтарын  қалыптастыруға  негізделген  рухани-адамгершілік 

тәрбие беру стратегиялық бағыттардың біріне айналуда.   

Шағын жинақталған мектептерге кадрлардың тұрақтануына кедергі болатын жайлар: 

-  шағын  жинақталған  мектеп  мұғалімдерінің  сағат  жүктемесі  жоғарылығына  қарамастан 

жалақысының төмендігі; 

-  ақпарат көздерінің аздық жасауы

 кітапханалары қазіргі ғылыми және әдістемелік әдебиеттермен жабдықталуы төмен болуы; 

 бір мұғалім өзінің пәнінен басқа арнаулы дайындығы жоқ бірнеше басқа пәндерді беруі

Жоғарыда  айтылғандардан  келіп,  біз  баяндамамызда  шағын  кешенді  мектептерге  кадрлар 

даярлау мәселесін сөз еткенді жөн көрдік.  

1999-жылғы  маусымның  7-сінде  (№389-І  ҚРЗ)  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  «Білім 

туралы»  заңында  ШЖМ-ке  мынадай  анықтама  беріледі:  «Шағын  жинақталған  мектеп -  сынып-

жинақтамалары  аралас  және  оқу  сабақтарын  ұйымдастырудың  өзіндік  нысаны  бар,  оқушылар  саны 

шағын жалпы білім беретін мектеп». Шағын комплектілі мектеп — әртүрлі жастағы балаларды қосып 

оқытатын интегративті модель. Оның негізгі белгілері: 



а) әртүрлі жастағы бірнеше сынып оқушылары бір мезгілде қатар оқытылады; 

ә) бір пәндік принцип негізінде барлық сыныпта бір мезгілде біртектес, туыс пәндер жүргізіледі; 

б)  ортақ  тақырыптық  принципке  негізделіп,  бір  пән  ішіндегі  мазмұны,  идеясы  жақын 

материалдар алдын ала іріктеліп, бір мезгілде оқытылады

в)  оқушылардың  дербестігі,  өзіндік  жұмыс  пен  әрбір  оқушымен  жеке  жұмыс  басты  орын 

алады[4]. 

Өзіндік  ерекшелігі  мен  дербес  белгілері  бар  ШЖМ-ны  мамандармен  қамтамасыз  ету  мәселесі 

жоғары оқу орындарының алдында тұрған абыройлы іс.  

Қазақстанда білім беру  жүйесін  модернизациялау  бағытында жүргізіліп  жатқан  іс-шаралар мен 

олардың нәтижелері елімізде білім беру реформасының жаңа кезеңге өтуге бет алғанын көрсетті. 2011-

2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада білім берудің барлық жүйесінің ерекшелігі ретінде 

шағын  жинақталған  мектептердегі  білім  сапасын  арттыру  қарастырылған[1].  Ондағы  мақсат 

экономиканың  және  азаматтардың  әл-ауқатының  тұрақты  дамуын  қамтамасыз  ететін  білім  беру 

жүйесінің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру,  адам  капиталын  дамыту  үшін  оны  түбегейлі  жаңғырту, 

дамыту және 2020 жылға қарай шағын жинақты мектептер бастауыш мектеп (1-4 сыныптар) деңгейінде 

ғана  болып,  5-12  сынып  оқушылары  үшін  интернаттарда,  ресурстық  орталықтарда  немесе 

ұйымдастырылған  жеткізумен  немесе  оқытудың  интерактивті  құралдарымен  қамтамасыз  етілген 

мектептерде оқытуды ұйымдастыру көзделіп отыр. Соңғы жылдары демографиялық бағдар бойынша, 

ауылдық  жердегі  тұрғындарға,  соның  ішінде  17-40  жас  аралығындағы  адамдардың  қоныс 

аударуларына байланысты жыл сайын шағын жинақталған мектептердің өсуі байқалады. 

Республикада 4272 жалпы бiлiм беретiн шағын жинақталған мектеп (бұдан әрi - ШЖМ) жұмыс 

iстейдi (жалпы мектептер санының 52%-ы). Оларда 429,1 мың бала (жалпы оқитындар контингентiнiң 

14,1%-ы)  оқиды.  Мектептердiң  тұрғын  жерден  алыс  орналасуына  байланысты  37  мың  баланы 

тасымалдау  ұйымдастырылған.  Шағын  жинақталған  мектептерде  64  мыңнан  астам  мұғалім  жұмыс 

iстейдi.  Дегенмен,  өзіндік  қиыншылықтары  да  кездесіп,  шағын  жинақталған  мектептердің  төмен 

дәрежеде қаржыландырылуы, тиімсіз басқару, материалдық-техникалық базаның нашарлығы, педагог 

кадрлардың  тұрақтанбауы;  кәсіптік,  техникалық  және  жоғары  оқу  орнын  бітірген  түлектердің  еңбек 

рыногының сұранысына жауап бермеуі байқалады.  

Сонымен  шағын  жинақталған  мектептегі  педагогикалық  үдерістің  нәтижелілігі,  ең  алдымен, 

педагог  кадрларды  даярлау  сапасына  және  педагог  мәртебесінің  айқындалатындығымен  байланысты 

болғандықтан  жоғары  оқу  орындарында  педагогикалық  кадрларды  дайындауда  қандай  мәселелерге 

көңіл бөлінуі қажет деген сұрақ туады. 

Ең бастысы бүгінгі күнге дейін шағын жинақталған мектептерге педагог кадрларды дайындауды 

жүзеге  асыру  қажеттілігі  негізге  алынғанымен  оны  жүзеге  асыру  тетіктерінің  жеткілікті  деңгейде 

айқындалмағаны  анық.  Себебі  мұғалімге  шағын  жинақталған  мектепте  жұмыс  істеу  қиын  да, 

күрделілігіне байланысты олардың сол ортаға жеңіл бейімделуі үшін алдын ала кәсіби даярлықтан өз 

деңгейінде және төмендегі жағдайларды ескеріп даярлануы шарт: 

- мұғалім сабақтың жартысында сыныппен жұмыс істейді, қалған уақытта оқушылардың білімді 

өздігінен меңгеруіне мүмкіндік береді. Өздігімен жұмысқа сабақтың 50% бөлу; 

- мұғалімнің бір мезетте зейінін екі немесе үш сыныпқа қатар бөле алуы;  

-  оқушылардың  өздігінен  орындайтын  жұмыстарында  мұғалімнен  тез  арада  көмектің  болмауы 

(себебі бұл уақытта басқа сыныптармен жұмыс жасайды);  

-  оқушылардың  өздігінен  орындайтын  жұмыстарына  басқа  сыныппен  жүргізіліп  жатқан 

әңгімелесу немесе түсіндірулердің кедергі болуы; 

- мұғалімнің педагогикалық әрекетінің көппәнділігі;  

-   шағын  кешенді  мектеп  мұғалімі  бірдей  уақытта  түрлі  жастағы,  түрлі  сынып  бағдарламасына 

сәйкес сабақтарға дайындалуы; 

-  бірнеше  сыныппен  бірдей  уақытта  сабақ  жүргізу  мұғалімнен  тыңғылықты  ізденісті,  оқу 

әрекетін дұрыс ұйымдастыруды, сабақ кестесін тиімді құруды және ұтқыр педагогикалық тактіні талап 

ететіні;  

- шағын жинақталған мектепте мұғалім күніне 8, 12 сабаққа дайындалатыны.  

Ауыл мектеп мұғалімдерінің қоғамдық-саяси, психологиялық-педагогикалық, ауылшаруашылық, 

мәдени-ағарту  жұмыстарына  тұлғалық,  адамгершілік  дайындықтары,  ауыл  өміріне  психологиялық 

дайындықтары  қажет.  Сондықтан  шағын  жинақталған  мектептерге  маман  дайындауда  мынадай 

бағыттар ескерілуі қажет: болашақ маманның пәндік білімін тереңдету, кеңейту (кең бейімді мұғалім), 

психология,  педагогика  салаларынан  білімі  мол,  тәрбиелік  және  әлеуметтік  жұмыстар  бойынша 

тереңдетіп  дайындау  керек.  Шағын  жинақталған  мектептердегі  педагогтардың  ауылдық  социумға 

бағдарланған  педагогикалық  қызметі,  кез-келген  педагогикалық  жағдайда  өзінің  білімі,  төзімділігі, 

отанжандылығы,  парасаттылығы,  ақылдылығы,  мәдениеттілігі,  іскерлігі,  шеберлігі  арқасында  шеше 



алатын,  педагогикалық  үдерістің  нәтижесін  жақсартуға  ұмтылатын  жаңашыл  әрі  шығармашылықпен 

жұмыс істей алатын жеке тұлға болуын талап етеді. 

Бұл  күрделі  міндетті  шешуде  академик  Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік 

университетінде  барлық  педагогикалық  мамандықтар  бойынша  шағын  жинақталған  мектептерге 

кадрлар  дайындау  қолға  алынып,  таңдау  пәндерінің  есебінен  қосымша  мамандандыру  жүргізіліп 

келеді.  

Атап  айтсақ,  шағын  кешенді  мектептер  үшін  бір-біріне  шектес,  яғни  жақын  мамандықтар 

бойынша: «Биология – Химия», «География – Тарих», «Орыс тілі және әдебиет – Шет тілі», «Қазақ тілі 

және әдебиет – Шет тілі», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі – шет тілі», «Орыс тілі және 

әдебиет  –  Өзін  өзі  тану»,  «Математика  –  Информатика»,  «Физика  -  Информатика»  эксперименттік 

білім беру бағдарламалары әзірленді. 

Барлық  бағдарлама  құрылымында  арнайы,  ақпараттық,  әлеуметтік,  кәсіптік-бағдарлық  т.б. 

құзіреттіліктер мазмұны айқындалды.  

Қай  кезде  де  шағын  жинақталған  бастауыш  мектеп  ауылдық  елді  мекендерде  сақталады.  Осы 

мақсатпен  5В010200  -  Бастауыш  оқытудың  педагогикасы  және  әдістемесі  мамандығы  бойынша 

«Кәсіби  пәндер»  таңдауы  бойынша  «Шағын  мектептерде  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі»,  «Шағын 

жинақталған мектептерде дүниетануды оқыту әдістемесі», «Шағын жинақталған мектептерде бейнелеу 

өнерін  оқыту  әдістемесі»,  «Шағын  жинақталған  мектептерде  еңбекке  баулу  әдістемесі»,  «Шағын 

жинақталған мектептерде дене тәрбиесін оқыту әдістемесі», «Шағын жинақталған бастауыш мектепте 

педагогикалық үрдісті ұйымдастыру» атты пәндер енгізіліп, барлығына 8 кредит беріліп отыр.  

Студенттерге  психологиялық-педагогикалық  және  әдістемелік  пәндерді  оқыту  шеңберінде 

шешіліп,  түрлі  аймақтағы  ауыл  мектептеріндегі  іс-тәжірибелермен  танысып,  саны  аз  сыныптағы 

оқыту-тәрбиелеу технологиясымен танысады. Кешенді сынып жағдайында оқытудың тиімді әдістерін 

таңдауға,  үйлестіруге,  түрлі  жастағы  балалардың  ұжымын  басқаруға,  бір  пәндік  немесе  бір 

тақырыптағы  сабақты  өткізудегі  оқушыларды  басқаруды,  білім  алушылардың  жеке  білім  алу 

траекториясының    толық  жүйелі  іске  асуы  мен жобалау мәселесін түсінуге,  түрлі  жастағы  балаларды 

елді мекеннің әлеуметтік-мәдени, экономикалық үрдісіне араластыру біліктілігін меңгерту көзделеді. 

Диплом  жұмысының  тақырыптары  шағын  жинақталған  мектептің  мәселелеріне  арналып 

қорғалуда.  Мәселен,  «Шағын  жинақты  бастауыш  мектепте  оқушылардың  тілін  дамыту»,  «Шағын 

жинақты  бастауыш  мектепте  ақпараттық  технологияларды  пайдалану»,  «Шағын  жинақты  бастауыш 

мектеп  оқушыларының  танымдық  белсенділіктерін  арттыру»,  «шағын  жинақты  бастауыш  мектеп 

оқушыларының мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру» т.б. 

Біз  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  даярлауда  оқу  үдерісіне  «Шағын  жинақталған 

мектептегі оқу-тәрбие үдерісі», «Шағын жинақталған бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі», 

«Шағын  жинақталған  бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту  әдістемесі»  сияқты  оқу  пәндері 

ендіріліп,  аталған  пәндер  бойынша  оқу-әдістемелік  кешендер  мен  оқу  құралдары  әзірленді.  Атап 

айтсақ:  

– Электрондық оқулық «Теория и практика формирования познавательной активности младших 

школьников  на  основе  информационных  технологий  (для  12-летних  школ)»  (п.ғ.д.,  БОПжӘ 

кафедрасының профессоры Сарсекеева Ж.Е.);    

– Автоматтандырылған оқыту бағдарламасы «Практикум «Русский язык (3 класс) для 12-летних 

школ» п.ғ.д., БОПжӘ кафедрасының профессоры Сарсекеева Ж.Е.);  

– электронды  әдістемелік  құрал  «Дүниетану»  (2  сынып)  12-жылық  мектеп  үшін»  (БОПжӘ 

кафедрасының профессоры, п.ғ.д., Абильдина С.Қ., п.ғ.к.,  доцент Шаушекова Б.Қ.);  

– «Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы» оқу құралы (БОПжӘ 

кафедрасының профессоры, п.ғ.д., Абильдина С.Қ.). 

Шағын  жинақты  мектептердегі  білім  сапасын  арттыруың  әлі  де  өз  шешімін  таппаған 

тұстары болғандықтан, өз тарапымыздан мынадай ұсыныстар беруді жөн көрдік: 

 

жоғары  оқу  орындарының  аясында  бір-біріне  шектес,  яғни  жақын  мамандықтар  бойынша 



(физика-математика, информатика) шағын жинақталған мектепке мамандандыру аясын кеңейту;  

 



барлық педагогикалық мамандықтарға элективтік курс ретінде «Шағын жинақталған мектепте 

оқыту әдістемесі» пәнін енгізу және мемлекет тарапынан міндеттеу; 

 

педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  «Шағын  жинақталған  мектепті  дамыту»  бойынша 



лабораториялық орталықтар құру;  

 



шағын  жинақты  мектеп  және  оған  мамандар  дайындау  мәселесіне  қатысты  ғылыми-

практикалық  конференциялар,  тәжірибелер  алмасу  мақсатында  семинарлар  ұйымдастыруды  одан  әрі  

белсендіру;  

 



шағын  жинақты  мектептің  тәжірибелі  мұғалімдерімен  бірлескен  оқу-әдістемелік  құралдар 

дайындау; 




 

шағын  жинақты  мектептегі  оқу-тәрбие  үрдісінің  ерекшелігін  практикалық  тұрғыда  меңгерту 



мақсатында университеттің базалық мектептерінің болуын талап ету; 

 



жоғары  оқу  орындарының  базасында  шағын  жинақталған  мектеп  педагогтарының  білімін 

жетілдіру курстарын ұйымдастыру; 

 

шағын  жинақталған  мектеп  бойынша  ғылыми-педагогикалық,  әдістемелік  бағыттарда 



білімгерлер мен профессор-оқытушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету

 



мұғалімдердің  біліктілігін  арттыруға  арналған  ғаламтор-дәріс,  оқушылармен  жүргізілетін 

сынып шебері, мектеп мұғалімдерінің тәжірибе алмасу сабақтарын өткізу; 

 

шағын  жинақталған мектептер  проблемасы  бойынша  ғылыми  зерттеулер  аясын  кеңейту  және 



тереңдету; 

 



On  line  режимін  қолдану  арқылы  шағын  жинақты  мектеп  мұғалімдерін  дайындау  және 

біліктіліктерін үздіксіз арттыру технологиясын жүзеге асыру.  

Бұның  барлығы  бізге  бүгінгі  күн  талабынан  туындап  отырған  кәсіби  құзырлы,  дербес  пәндер 

әдістемесінің  теориясы  мен  тәжірибесі  негіздерін  игерген  және  оны  өз  кәсіби  іс-әрекетінде  қолдана 

алатын  шағын  жинақты  мектепке  педагог  мамандарды  даярлаудың  жаңа  үлгісін  жүзеге  асыруға 

мүмкіндік береді.   

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011 -2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы // adilet.zan.kz/kaz/docs/ 

2.Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Ұлт  Көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жыл 27 қаңтар // adilet.zan.kz/kaz/docs/ 

3.Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Қазақстан  жолы-2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  // 

inform.kz/kaz/article

 

4.ҚР Білім туралы заң // 



 

om114kaz.narod.ru/BilimZan.htm 



 

 

жүктеу 236,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау