есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға
ақпарат ұсынады.
Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде тартылған тараптардың функцияларын бөлу
Өңірлік комиссия:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде
мобильдік оқу орталықтарының базасында оқыту үшін білім беру ұйымдарының тізбесін бекітеді;
2) ТжКБ бар кадрларды даярлау үшін мамандықтардың және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін,
оның ішінде оқу орталықтарының базасында оқыту үшін кәсіптердің тізбесін бекітеді;
3) оқушылардың контингенті бойынша жоспарлы деректердің негізінде білім беру ұйымдары
және мамандықтар (кәсіптер) бойынша орындарды бөлуді қамтамасыз етеді.
Аудандық (қалалық) комиссия:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімдерін
бекітеді;
2) Бағдарламаға қатысушыларды оқудан шығару туралы шешім қабылдайды;
3) әрбір елді мекенде ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру
бойынша мобильдік топтар құрады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
1) Бағдарламаның бірінші бағытын жалпы үйлестіруді және іске асырылуына мониторингті
жүзеге асырады;
2) Бағдарламаның бірінші бағытының іс-шараларын іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық
актілерді әзірлейді және қабылдайды;
3) қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша
шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;
4) "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының
сәйкес
6) тармақшасына
модульді-құзыретті тәсілге негізделген үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын
бекітеді.
Облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар:
1) Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру бойынша жер-жерлерде тартылған барлық
тараптардың жұмысын үйлестіреді;
2) ТжКБ бар кадрларды даярлауға жергілікті бюджет қаражатын орналастырады;
3) ТжКБ бар кадрларды даярлау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді;
4) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша білім беру
ұйымдарының және мамандықтардың (кәсіптердің) тізбесін қалыптастырады және оларды өңірлік
комиссиялардың бекітуіне шығарады;
5) аудандар және ауылдық округтер бойынша мобильді оқу орталықтарының шығу графигін
қалыптастырады.
Аудандық (қалалық) деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар:
1) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімін
аудандық (қалалық) комиссиялардың шешімі бойынша құрылған мобильді топтар ұсынған деректердің
негізінде қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оларды аудандық (қалалық) және
өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
2) аудандық (қалалық) деңгейде Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру бойынша жұмысты
үйлестіреді және мониторингті жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдары:
1) қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін ӨКП-мен бірлесіп кадрлар даярлаудың дуальды моделінің
элементтерімен оқу бағдарламаларын әзірлейді;
2) цифрлық сауаттылық дағдыларына, ағылшын тілін және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
жөніндегі оқу бағдарламаларын әзірлейді;
3) кадрлар даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен ТжКБ бар кадрларды даярлау және
қысқа мерзімді кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқуды жүргізеді;
4) халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқитын Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпаратты
ұсынады;
5) белгіленген үлгідегі біліктілік беру туралы құжаттарды (диплом, сертификат, куәлік)
береді.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Бағдарламаның бірінші бағытының
іске асырылуын жалпы үйлестіруді және мониторингін жүзеге асырады;
2) қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша
шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;
3) еңбек нарығын талдауды және болжауды, анағұрлым сұранысқа ие кәсіптерді айқындауды
жүргізеді және аталған ақпаратты Бағдарламаға қатысушы тараптарға беруді қамтамасыз етеді;
4) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды жемісті аяқтаған
Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастырудың мониторингі бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:
1) өңірлік еңбек нарығындағы жұмыс күшіне талдауды, сұраныс пен ұсынысты болжауды
жүргізеді;
2) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жергілікті бюджет қаражатын орналастырады;
3) қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіреді;
4) қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша оқитын Бағдарламаға қатысушылардың мониторингін
жүргізеді;
5) өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның жұмысын ұйымдастырады.
Жергілікті атқарушы органдар – кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар
қалалардың және қала құрамындағы аудандардың әкімдері:
1) Бағдарламаның бірінші бағытына қатысу мәселелері бойынша тұрғындар арасында
ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
2) мобильді топтар құрамында ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімдерін
қалыптастыруға қатысады;
3) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысқысы келетін адамдарға консультация береді және
оларды халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді;
4) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлерді қабылданған шешім туралы хабардар етеді
және оларға білім беру ұйымдарына жолдама береді;
5) ТжКБ бар кадрларды даярлаудан және қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткен адамдардың
мониторингін жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |