Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту



жүктеу 261,81 Kb.
Pdf просмотр
бет11/25
Дата14.11.2018
өлшемі261,81 Kb.
#19507
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары:

      1) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысушылардың тізімін қалыптастырады, комиссиялардың 

қарауына үміткерлердің тізімдерін шығарады және аудандық (қалалық) комиссия қабылдаған шешімдер

туралы үміткерлерді хабардар етеді;

      2) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша 

оқытылатын, сондай-ақ оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушылардың мониторингін ақпараттық жүйелер

арқылы жүргізеді;

      3) қысқа мерзімді кәсіптік оқу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысады;

      4) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға 

қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.

      Ұлттық және өңірлік кәсіпкерлер палаталары:

      1) үміткерлерді тартуға және олардан қысқа мерзімді кәсіптік оқуға өтініштер қабылдауға 

қатысады;

      2) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін білім беру 

ұйымдарының тізбесін айқындауға қатысады;

      3) қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы оқыту 

үшін оқу бағдарламаларын келіседі;

      4) кәсіптер бөлінісінде жұмыскерлерге сұранысты болжауға қатысады;

      5) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға 

қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.

      5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту

      Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

      1) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

      2) кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;

      3) қалалар мен ауылдарда микрокредиттерге кепілдік беру.



      "Бастау Бизнес" жобасын іске асыру және қалаларда микрокредит беру мәселелері бойынша – 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі және ауылдар мен шағын қалаларда 2018 

жылдан бастап "Бастау Бизнес" жобасын іске асыру және микрокредит беру мәселелері бойынша – 

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Бағдарламаның екінші бағытының 

операторлары болып табылады.

      5.2.1. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту

      "Бастау Бизнес" жобасы Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға, оның 

ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олардың бизнес 

жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және кәсіпкерлік 

әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен 

қамтыған адамдар "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар 

болып табылады.

      "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін Бағдарламаға 

қатысушылар оқу ақысын және стипендия төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі.

      Оқу процесінде Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті жүргізу үшін идеялар мен 

кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдалған білім ұсынылады.

      Қатысушылар кәсіпкерлікті қаржылай қолдау шаралары туралы хабардар етіледі.

      Әлеуетті қатысушыларды хабардар ету мақсатында қаржылай емес қолдау операторы базасында 

арнайы Call-орталық қызмет етеді.

      "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) тестілеу;

      2) бизнес-менторлық қағидаты бойынша топтарда практикалық оқу және дербес консультация 

беру;


      3) бизнес-жобаны қорғауға (презентацияға) дайындық;

      4) 12 айға дейінгі мерзімде бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеу.

      Оқу процесінің жалпы ұзақтығы күнтізбелік 30 күннен аспайды.

      Оқу процесі міндетті түрде дербес консультацияларды, сондай-ақ қаржыландыру тұрғысынан 

жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары бойынша тренингтерді қамтиды.



      Оқу қорытындысы бойынша "Бастау Бизнес" жобасында оқуға қатысқаны туралы сертификат (

сабақтарға жүйелі түрде бармаған кезде) және оқуды аяқтағаны туралы сертификат (

бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) беріледі.

      Қаржылай емес қолдау операторы "Бастау Бизнес" жобасына қатысушының микрокредит алуға 

арналған өтінімін қарау туралы микроқаржы ұйымы және/немесе кредиттік серіктестік және/немесе "

АШҚҚҚ" АҚ және/немесе екінші деңгейдегі банк алдында қолдау білдіреді.

      Бизнес-жобаны іске асыруды сүйемелдеу бизнес-жобаны іске асыру кезеңінде консультациялық 

қолдау көрсетуге бағытталған.

      Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын ақпанның 10-күніне дейінгі мерзімде кәсіпкерлік 

мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша оқу және тестілеу 

өткізілетін күні мен орнын, оның кезеңі мен өтінімдер беру мерзімдерін көрсете отырып, тоқсан 

сайын түзету енгізу мүмкіндігімен оқытуды өткізу графигін жасайды.

      Оқыту графигі бұқаралық ақпарат құралдарында және қаржылай емес қолдау операторының 

интернет-ресурсына орналастырылуға тиіс.

      Қаржылай емес қолдау операторы оқыту басталғанға дейін тыңдаушылардың әрбір тобы бойынша 

бизнес-тренерлердің (тәлімгерлердің) болуын қамтамасыз етеді.

      "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды іске асыру тетігі:

      1) оқуға үміткерлер "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқыту мәселелері жөнінде консультация 

алу үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасының (ӨКП) аудандық филиалдарына/халықты жұмыспен қамту 

орталықтарына/ауылдық округтің немесе елді мекеннің әкіміне қатысуға өтінішпен жүгінеді және 

тізбесі "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларында көзделген 

құжаттарды тапсырады;

      2) ӨКП-ның аудандық филиалы/ауылдық округтің немесе елді мекеннің әкімі үміткерлердің 

құжаттары мен өтініштерін халықты жұмыспен қамту орталықтарына береді;

      3) халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлердің тізімін "Бастау Бизнес" жобасының 

нысаналы тобына сәйкес келуі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады және үміткерлердің тізімін 

ӨКП-нің аудандық филиалына ұсынады;

      4) қаржылай емес қолдау операторы үміткерлерге тестілеу жүргізіп, оқитын адамдардың 

топтарын қалыптастырады және нәтижелері бойынша кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті 

орган бекітетін "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына 

сәйкес белгіленген нысан бойынша сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді;

      5) тестілеуден өткен және оқуға жіберілген үміткерлер "Бастау Бизнес" жобасына сәйкес 

оқуды жалғастырады. Тестілеуден өтпеген үміткерлерге Бағдарламаның бірінші бағыты немесе басқа 



жүктеу 261,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау