Нәстілек Сәменбетов Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім (тарихи-шежірелік жинақ) Алматы – 2017 ж «Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім»


Ауылдағы Ауған соғысының ардагерлері



жүктеу 13,67 Mb.
бет7/49
Дата04.12.2017
өлшемі13,67 Mb.
#3122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49

Ауылдағы Ауған соғысының ардагерлері
Тарих қойнауына енген өткен ғасырдың 1979 жылы желтоқсанында КСРО әскерлері ауған жеріне енгізілді. Ауғанстан жерінде болған ұрысқа 22200 қазақстандық қатысып, оның 701 қаза болса, 484 адам мүгедек болып оралды, ал 20 жауынгер хабарсыз кетті. Осыдан – ақ сол бір алапат жылдардың адамзат баласына тигізген зардабы шексіз екені белгілі. Ауған жеріне аттанған сол жауынгерлердің ішінде Малкелді ауылынан 5 азамат бар еді.

«Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер.

Ер басына күн туса,



Етігімен су кешер» - дегендей, сол соғыстың аяқталғанына да ширек ғасырға таяу уақыт өтсе де, сол бір зұлмат күндер ұмытылмақ емес. Қазақстанның алыс аймақтарының бірі және халық аз қоныстанған Шұбартаудың шағын ауылы болып есептелген Малкелдіден мына төмендегі азаматтар осы соғысқа қатынасып, елге аман-есен оралды.

  1. Берікбосынов Тұрсынғали Ахметқалиұлы – 6 қыркүйекте 1968 жылы Малкелді ауыл кеңесі, Шұбартау ауданы, Семей облысында туған. 1975 жылы 1 қыркүйекте «Алғабас» орта мектебінің бірінші сыныбына барып, 1986 жылы он бірінші сыныбын бітірген. 1986 жылы 15 қарашада Шұбартау аудандық әскери комиссариаты арқылы армия қатарына шақырылған. Әскери қызметін екі жыл Ауған соғысына қатынасып (әскери бөлім №39696), интернационалдық борышын өтеп, 1988 жылы 11 қазанда аман-есен елге оралған. 1989 жылы Алматы қаласындағы халық шаруашылығы институына оқуға түсіп, 1994 жылы экономист мамандығы бойынша бітірген. 1995 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласында «Қазақтелекомда» қызмет істейді. Үйленген, жұбайы, бес баласы бар. Алматы қаласында тұрады. Берікбосынов Тұрсынғали (Тұрсын) Ахметқали (Ахметай) ұлын сол кездегі Кеңес үкіметі мынадай наградалармен марапаттаған: 1. Кеңес әскерлерінің 70 жыл мерекелік медалімен – 28 қаңтар, 1988 ж. 2. «Кеңес Армиясының үздігі» төс белгісімен. 3. «Интернационалист – жауынгерлерге Ауған халқынан» медалімен. 4. «Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеуде көрсеткен ерлігі мен әскери қажырлығы үшін» - КСРО Жоғарғы Кеңесінің алғыс хатымен 28 желтоқсан 1988 жылы марапатталған. Әскери атағы І класты аға сержант. Тұрсынның ата-анасы ШҚО Зайсанда туып, 1962 жылы Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға оралған адамдар. Әкесі – Ахатай (Ахметқали) Шұбартауда «Алғабас» совхозында жүргізуші, құрылысшы және қойма меңгерушісі болып еңбек еткен, ал шешесі – Шекер өте пысық шебер, шаруасын жылдам істейтін таза адам, жас күнінде биші болған, қарапайым адамдар еді. Жалғыз ұлдарының армиядан оралғанына тәуба айтып, қуанып өмірден озған адамдар. Тұрсынның апасы Райгүл Малгелдіде комсомол, ауылдық кеңес қызметтерінде ұзақ жылдар хатшы болып еңбек етсе, бүгінде ауыл әкімшілігінің бас маманы болып қызмет атқарады, ақсақалы Рәтәй ауыл молдасы, қарындасы – Дубаш – осы ауылдың тумасы, қазір Семей қаласында тұрады.

  2. Бижанов Ғалымжан Бақтыұлы – 1969 жылы 1 қаңтарында бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы «Горный» совхозында (бүгінгі ШҚО Аягөз ауданы, Байқошқар ауылы) дүниеге келген. 1973 жылы әкесінің «Жорға» совхозына директор болып тағайындалуына байланысты осы ауылға көшіп барған. 1976 жылы Жорға орта мектебінің бірінші сыныбына қабылданған. 1982 жылы әкесінің қызмет бабымен Малкелді ауылына көшіп келуіне байланысты 1986 жылы орта мектепті «Алғабаста» бітірген. Сол жылы Семейдің малдәрігерлік-зоотехникалық институтына 1 курсқа оқуға қабылданған. 1987 жылы көктемде армия қатарына шақырылған. Алғашқы төрт ай әскери борышын Әзірбайжан Республикасындағы Нагорный Карабах деген жерде бастаған. Сол жерде оқу-жаттығу мерзімін аяқтап, Ауғанстан Республикасының Кабул қаласына түсіп 40 армия, 208 дивизия, 180 полк, 1 батальон, 1 минометшілер батареясына қабылданған. Осы құрамда Ауған соғысына қатынасып, 1989 жылы ақпан айының 13 күні Ауғанстаннан шығып, Өзбекстанның Термез қаласына келген. Сол жерде әскери борышын аяқтап, 13 наурыз 1989 жылы елге - Қазақстанға аман-есен оралған. Әскери борышын атқару кезінде бірнеше алғыс хаттармен және үкімет наградалары медальдармен марапатталған: 1. Кеңес әскерлерінің 70 жыл мерекелік медалімен 1988 ж. 2. «Интернационалист – жауынгерлерге Ауған халқынан» медалімен 1988 ж. 3. «Ауған соғысының ардагері» медалімен – 2009 ж. 4. Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл медалімен – 2009 ж. 5. Тәуелсіз елдер достастығы комитетінің «Ветеран боевых действий» медалімен – 2005 ж. 6. «Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеуде көрсеткен ерлігі мен әскери қажырлығы үшін» - КСРО Жоғарғы Кеңесінің алғыс хатымен 28 желтоқсан 1988 жылы марапатталған. Әскери атағы – аға сержант. 1989 жылы Семейдегі малдәрігерлік оқуын жалғастырған. 1991-92 жылдары «Алғабас» совхозында комсомол жастарының хатшысы қызметін атқарған. Жанұялы. Жолдасы Құралай – мұғалім. Балалары: Шалқар, Айдын мектеп оқушылары. Еркеназ балабақшада. Ғалымжан 2004 жылдан бері Малгелді ауылында электр жүйесінде жұмыс істейді. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасады.

  3. Иманғалиев Талғат Қойшығалиұлы – 1968 жылы 7 шілдеде Семей облысы, Шұбартау ауданы «Алғабас» совхозы, Малгелді ауылында туған. 1975-1985 жылдары аралығында осы ауылда орта мектепте оқып бітірген. 1985 жылы Семей қаласындағы құрылыс колледжінде оқыған, 1986 жылы әскер қатарына шақырылып, Өзбекстанның Чирчик қаласында алты айлық курсын өткен. 1987 жылдың 15 мамырынан 1988 жылғы 22 тамыз аралығында Ауғанстанның Кандагар қаласындағы № 71176 әскери бөлімінде Ауған соғысына қатысқан. Әскер қатарынан келгеннен кейін Семей қаласындағы «Протез жасау зауытында» жұмыс істейді. Отбасын құрып, екі баланың әкесі атанған. Семей қаласында тұрады.

  4. Қасылов Мұратбек Жақыпұлы – 1968 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында туған. Осы ауылдағы «Алғабас» орта мектебін бітірген. 1986 жылы 15 қарашада әскер қатарына шақырылған. Түркіменстанның Ашхабад қаласында жарты жылдық әскери дайындықтан соң Мари қаласы арқылы самолетпен Ауғанстанның Шынданат қаласына түсірілген. 7 мамыр 1987 жылдан 29 қаңтар 1989 жылға дейін 20 ай ауған соғысында артиллерияда наводчик болып 14 рет соғыс операциясына қатысқан. 1989 жылы ең соңғы шығарылған жауынгерлер ішінде ақпан айында елге оралған. Семей қаласында тұрады.

  5. Искаков Сіләмғазы Әлімғазыұлы – 1968 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы Малкелді ауылында туған. Орта мектепті осы ауылда бітірген. Армия қатарына шақырылған, борышын Ауған соғысына қатынасып өтеген. Елге аман оралып, туған ауылында еңбек еткен. 2012 жылы Аягөз ауданы Ақшатау ауылында қайтыс болған, бір қызы бар.

P.S. Талғат пен Мұратбек және Сіләмғазы үшеуі де Ауған елінің, КСРО үкіметінің «мерекелік медальдарымен» және мақтау қағаздарымен бірнеше мәрте марапатталған ауған соғысының жауынгерлері – ардагерлер.

Ауылдағы кен орны
Ауылдағы кен орны деп отырғаным «Ақбастау-Құсмұрын», ауыл шетінде орналасқан алтын, мыс және т.б. көптеген түсті металға бай, ашық әдіспен өндірілетін кен орны.

«Ақбастау-Құсмұрын» кен орны Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Малкелді ауыл округінің жерінде орналасқан (Бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, «Алғабас» совхозы). Ең таяу елді мекен – Малкелді ауылы кен орнынан 38 шақырым оңтүстік шығысында орналасқан, басқа да елді мекендер мынадай қашықтықта орналасқан: оңтүстігінде – 40 шақырым жерде Қарабұлақ; оңтүстік батысында 54 шақырым жерде Жорға; солтүстік батысында 60 шақырым жерде Ақбұлақ, 68 шақырым қашықтықта Қайнар ауылдары орналасқан. Семей қаласына – 260 шақырым, аудан орталығы Аягөз қаласына 270 шақырым, облыс орталығы Өскемен қаласына дейін 570 шақырым жерде. Ең таяу теміржол станциясы оңтүстігінде 190 шақырым Қарағайлы станциясы, 210 шақырым батысында – негізінен кен осы Қарағайлыға автокөлікпен қосылады. Кен орнынан 3 шақырым қашықтықта Республикалық маңызы бар Аягөз-Баршатас-Қайнар автомобиль тас жолы өтеді. 1958 жылы қатар жатқан «Құсмұрын» және «Ақбастау» екі кен орнына геологиялық барлау-зерттеу жұмыстарын жүргізу басталған. 1958 жылдан 1963 жылға дейін алғашқы анықтау-зерттеу жұмыстары атқарылған. 1964-1970 жылдар аралығында толық зерттеу жұмыстары жүргізілген. Барлау-зерттеу жұмыстары нәтижесінде Құсмұрын-Ақбастау кен орнында екі сортты кен анықталған, алтын және мыс, бағалы металдар табылған. Кен орнын алғаш ашып, зерттеген 1956-1958 жылдар аралығында қазақтың көрнекті ғалымы – геолог, академик Ақжан Машанов (Машани) болған және бір геолог қазақ әйелі де (аты-жөні белгісіз) еңбек еткен. Барлау-зерттеу жұмыстарын жүргізген уақытта Ақбастауда Жосалы төбесінен батысқа қарай кен зерттеушілер қалашығы салынған. Онда тұрғын үйлер, 8 жылдық мектеп (мүдірлері болып Қағазшай Берікболов, Қуат Серіков ағаларымыз істеген), шеберхана, электр станциясы, асхана, магазин салынып, жұмыс істеген (бұл жерде тек үйінді орындары ғана қалған). Кен барлау кезінде бастық болып Боровинский деген азамат қызмет атқарды. Барлау-зерттеу аяқталған 1970 жылдан бастап алтын өндіріліп, кен орнында Қуантай Исағұлов ініміз бен әйелі Омарғалиева Зәкен келініміз екеуі Қуантай бастық болса, Зәкен педагогикалық қызметін тастап, сауда саласында аянбай қажырлы еңбек етті. Еңбектері жемісті болды. Қуантай КСРО үкіметінің жоғарғы наградаларының бірі «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталса, Зәкен қоғамдық жұмыста бастауыш партия ұйымын басқарып хатшы болып қоғамдық негізде қызмет атқарды. Кеше әке-шешелеріміз Исағұл мен Сәменбет, Омарғалилар, Сарқыт пен Бишан және Қапиалар бірге өмір сүрсе, бұл кезде Қуантай екеуміз ағалы-інілі, Ғалия мен Зәкен апалы-сіңілідей болып, сыйластықта татау-тәтті өмір кешіп, бір-біріміздің қуаныш-қайғымызға ортақтасып жүрдік. Қуантайды біздің балалар «Кәтәй» деп, Зәкенді «Көке» - деп күні бүгінге дейін аттарымен атамайды. Тіпті менің басыма қиыншылық түсіп, жауапты болған жылдардың ортасында Қуантай өзінің жекеменшік жеңіл машинасымен ісімді қуып Алматыға дейін апарса, туған бөлем Майдан Құрмашұлы ол да өзінің меншік жеңіл машинасымен Семей қаласына, облыс орталығына апарып, менімен бірге жүрді. Бұны жазып отырғаным, «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» дейтін қазақ сөзінің дұрыстығы, адамдар арасындағы татулық, сыйластықтың бір белгісі. Бүгінде екеуінің балалары Ләйлә мен Қуаныш та ер жеткен, жоғары білімді адамдар, солардың қызығын көріп, зейнет демалысында, Астана қаласында тұрады Қуантай мен Зәкен. Ауылдағы кен орнының кешегісі осындай болса, бүгінде ашық әдіспен мыс кені өндірілуде. Қазіргі заманға сай қалашық вагон-үйлер, жоғарғы кернеулі электр жүйесі бар, алып техникалар жұмыс істейді. Малкелді ауылының өзінен 10-15 адам тракторист-бульдозерист, тракторист-грейдерист, электр дәнекерлеуші, электр маманы, т.б. жұмыстарда еңбек етеді. Олар: Қожабеков Марат, Ғазизбек Бірталаев, Сәулебек Бірталаев, Ернұр Сәменбетов, Индира Сәменбетова, Естемисов Мұрат, Дармурзин Бауыржан, Қабдыхалымов Алмас, Рахимов Бақтияр (марқұм), Байғожин Айдар, Әшірбеков Құрыш, Тілеубаев Есіл, Қасымов Шаймұрат, Қасымов Жасұлан, Таукенов Мұратай еңбек етуде. Кен орнының басшылары П.Луцук, Левашов Василий Васильевич, Платонов Сергей Павлович, Джамангаринов Асқар, Джупинов Леонид Борисович, Айдос Нұрланұлы Мұқашевтар қызмет істеді. Міне, ауылдағы кен орнының кешегісі мен бүгінгісі осындай болса, болашағы қандай? Оған 2012 жылы «Ақбастау-Құсмұрын» кен орнында байыту комбинатын салу үшін жасалған жобаны ауыл халқына түсіндіру мақсатында жоба жасаушылардың келтірген мына төмендегідей анықтамасы жауап береді. «На месторождение Акбастау-Кусмурын вскрышные и добычные работы проводились в период 2007-2008 годы. Добытая смешанная руда автосамосвалами доставлялась на станцию Кентобе и далее отправлялась на Карагайлинскую обогатительную фабрику (КОФ). В начале 2009 года по экономичным причинам и в связи с тем, что проект по обработке смешанной руды подходил к концу, добычные работы на руднике «Кусмурын-Акбастау» были приостановлены. В настоящее время ТОО «Корпорация Казахмыс» принята решение о выполнении технико-экономического обоснования целообразности дальнейшей обработки сульфидных руд с возобновлением добычных работ на обоих рудниках (открытым способом на карьере «Акбастау» и подземных на руднике «Кусмурын») и строительства двух очередей обогатительной фабрики в близи месторождений с раздельной переработной смешанных и сульфидных руд обоих месторождении (руда Акбастау – на обогатительной фабрике 1 очереди, руда Кусмурын на обогатительной фабрике 2 очереди) с объектами, инфраструктурами (котельные на каменном угле, ремонтные мастерские, бетоно-закладочный комплекс и др.).

Технико-экономическое обоснование целообразности продолжения добычных руд на рудниках и строительство обогатительной фабрики выполнено проектным институтом «Казгипроцветмет» (г.Усть-Каменогорск) ТОО «Корпорация Казахмыс» являлась инициатром общественных слушаний, предоставляет информацию о намечаемой деятельности и анализ предварительного воздействия строительства объектов на окружающию природную среду. Проектом предусматривается дальнейшая обработка месторождения Акбастау открытым способом со складирование пустой породы существующим отвале с дальнейшим расширением его размеров. Срок работы карьера с мощностью по руде в 2,0 млн тонн составляет 20 лет. Общая списочная численность работающих составит 297 человек. Общая добыча руды за вес период эксплуатаций карьера составит 97,9702 млн тонн. Медные, медноцинковые руды месторождения Акбастау будут переобатываться на первой очереди обогатительной фабрики. За все время работы первой очереди обогатительной фабрики будет получено 2096,65 тыс тонн медного концентрата, 184,12 тыс тонн цинкового концентрата и 35689,43 тыс тонн хвостов обогащении складировано на хвостохранилище. Общая списочная численность работающих первой очереди обогатительной фабрики с объектами инфраструктуры составит 1831 человека. Дальнейшая отработка месторождения Кусмурын предусматривается подземным способом со складированием пустой пород на существующем отвале максимальная годовая производительность карьера по руде составит 2,0 млн тон. Срок существования подземного рудника с учетом времени на строительсва составляет 26 лет. Общая списочная численность работающих составит 998 человек. Сульфидные руд месторождения Кусмурын будут перерабатываться на второй очереди обогачительной фабрики с получением 2654,73 тыс тонн медного концентрата, 34110,33 тыс тонн хвостов обогащаемая будут складированы на хвостохранилище, общая списочная численность работающих второй очереди обогощительной фабрики 201 человек. Полученные концентраты отправляются на металлургическое приоизводство ТОО «корпарация Казахмыс» Эксплуатация всех производственных объектов будет характеризоваться воздействием на все основные элементы биосферы: недра, почвы, воздушных и водный бассейны, растительность и животный мир. В целом воздействие производственной и хозяйственной деятельности проектируемых объектов на окружающую среду в районе оценивается как допустимое, так как воздейтвий на окружающую среду или социально-экономическую сферу или существенных рисков, которые бы препятствовали выполнению проекта нет. Производственная деятелность рудника «Кусмурын» существенно не нарушит существующего экологического равновения при несомненно крупном социально-экономическом эффекте-обеспечении ценного ликвидного продукта-медного и цинкового концентратов и вытекающими из этого другими положительными последствиями».

Осы жобада көрсетілгендей кен орнының болашағы зор, егер осы байыту комбинаты салынса Аягөз ауданы оның ішінде Шұбартау өңірін мекендеген халыққа жұмыс орны ашылып, Малкелді сияқты іргесіндегі ауыл жастары үшін еңбек етуге пайдалы болмақ: міне ауыл іргесіндегі кен орнының болашағы осындай.

Бүгінгі ауыл
«Елге ел қосылса құт» - дейді халық. Болашағы жоқ ауылдар таратылғанда бұрынғы Жорға ауыл округі біздің Малкелді ауыл округіне қосылып, біріктірілді. Жалпы Жорға кешегі 1930 жылдарда аудан орталығы, 1965 жылдары совхоз, егемендік алғаннан кейін ауыл округі болып 2011 жылға дейін өмір сүрді. Қазір мұнда «Аяпбергеновтар» шаруа қожалығын жүргізіп отырған Марат пен Айнұрдың жанұясы, 3-4 жанұя мен осы Жорға ауылының түтінін түтетіп отырғанына ел риза болуда.

Ауылда осындай шаруа қожалықтарымен бірге шағын кәсіпкерлікті қоса дамытып, ауыл халқына қызмет көрсетіп жүрген азаматтар да баршылық. Олар: Ерлі-зайыпты Мұрат – Света, Қуаныш – Жәміш, Естай – Сәуле, Сырым – Аяулым, Серік – Құралай сияқты адамдар. Бұл кәсіпкерлердің ішінде Мұрат Әблахатов пен Света Тәуірбаеваның орны ерекше. Олар туыс інісі Қанағатпен бірігіп төрт түлік мал өсірсе, баласы Азаматпен ауыл халқын көмірмен, қатаң және құнарлы мал азығымен қамтамасыз етуде ерекше көрініп, ел алғысына бөленуде. Ауылдан шыққан кәсіпкерлер Талғат Оразаев, Талғат Хасенов, Қордағали Досымжанов, Бақытжан Айтқалиев басқа қалаларда еңбек етіп жүрсе де, өздері шыққан Малкелді ауылын ұмытпай, даталы күндер: «Жаңа жыл», «Наурыз», «9 мамыр – Жеңіс күні» және т.б. мерекелерді атап өтуде ауыл әкімшілігіне демеушілік көрсетуде, әсіресе, Талғат Оразаев бес жыл қатарынан «9 мамыр – Жеңіс күнін» атап өтуді өз қаражатымен атқарып, ауыл халқын риза етіп, өзі құрметке бөленді. Осындай мерекелі күндерді атап өтуді жалғастыруды ауыл кәсіпкерлері мен қожалық иелері Есентай Таукенов пен Мажрин Секіш жанұяларымен жалғастыруда. Барлық мәдени шаралар «Туған жерге тағзым» аясында өткізіледі. Алтын бесік ауылыңның алғысынан асқан байлық жоқ дейміз осындай азаматтарға. Ауылдың көркейіп, әлеуметтік нысандарының қалыпты жұмыс жасауына әкімшілік аппараттың қызметкерлері Серікжан мен Райгүл, Аман мен Еламан, Мақсат пен Индира, Думан мен Қарғаш, мәдени шараларды жүргізуге Раиса мен Анар, Қатира, Рахима, Егінбек пен Күлпән, электрмен жабдықтауда Сайлытай мен Қозы және Ғалымжандар еңбек етуде. Ал 2012 жылы Малкелдінің тумасы Шәйкенов Қанатбек Мақұлбекұлы орталық көшеге «Алтын адам» ескерткішін орнатып, ел алғысына бөленді. Бұл да «Туған жерге тағзым» аясындағы бір игілікті шара. Дәулеттің әкесі – Балабеков Аяпберген (1906-1995 ж.ж.) 13-15 жасында Жетісу Жалайырда Хамит деген байдың қозысын бақса, Шұбартауда туған жерінде колхоз-совхозда мал бағып еңбек еткен, ұрпақ өсірген, ақынжанды адам болған. Үлкен ұлы Берікқали партия совет қызметінде істеген, дүниеден ерте кеткен аяулы азамат еді. Одан кейінгі балалары Дәулетқали ұзақ жылдар ауыл әкімі қызметінде. Мырзан – белгілі кәсіпкер болса, Ерғали – мектеп директоры, ұстаз.


Осы кітапқа Аяш ақсақалдың үш-төрт өлеңін кіргізіп отырмын
Берікқалиға
Бекенім жігіт болып өсер ме екен,

Тетігін техниканың шешер ме екен.

Үстіне самолеттің қарғып мініп,

Қақ жарып, қара бұлты көшер ме екен.


Көп дұшпан көре алмаған іштей тынып,

Кешегі шолақ ұлы десер ме екен.

Өз атым Аяпберген қойған жастан,

Аға-іні соғыста өлді менен басқа.

Жазуы осы өмірдің сол болған соң,

Бауырдан еш амал жоқ айырылмасқа.


Көктал ауылында Жұмағали мен өгізді айтыстырған өлеңі
Жұмағали:

Пәтшағар, сары қасқа өгіз, қайда кеттің,

Таң атпай қуып едім, әрең жеттім.

Артыңда адам бар деп қарамайсың,

Сен мені не себептен сәумеңдеттің?
Өгіз:

Шығып ем мен ауылдан қос мүйіздеп,

Келіп ем Саржайлақтың шөбін іздеп.

Артыма адам бар деп қарамаймын,

Тауып ал керек болсам өзің іздеп.
Жұмағали:

Пәтшағар, сарықасқа өгіз, айдамасам,

Діңгекке алып барып байламасам.

Ақшакөл талай қыстың шөбін тасып,

Соқаға жазғытұрым айдамасам.
Өгіз:

Жұмеке-ау, жазам болса айдай қойшы,

Діңгекке алып барып байлай қойшы.

Жеріңді семіз болсам көп жыртамын,

Пайдасын азы-көбін ойлай қойшы.
Базарға бара жатқан қыздарға
Қайда кетіп барасыңдар, қарақтарым,

Жүргенде жел соқтырад балақтарың.

Жалаңаш жылтырайды иықтарын,

Қалай болып барады сиықтарың?

Текенің сақалындай шолтаңдайтын,

Шаштың да құртыпсыңдар қиып бәрін.


Ақанға
Аяштың ақ төс сары төбеттері,

Өзінің ит те болса әдеттері.

Түнде үріп, күндіз үрмей жай жататын,

Білесің әдепті иттің әдеттері.


Шіркін-ай, Ақтөс итім алыс жүред,

Дыбысты жан-жақтағы бәрін білед.

Тимейді төсі жерге таң атқанша,

Аймақты бес жүз метр шолып жүред.


Қасқырдың ізіндей ед табаның-ай,

Тарылдың бес минутта заманың-ай

Мың қойға ие болған қайран итім,

Болды ғой Ақан иттен ажалың-ай


Ақанжан, білесің ғой ағаң жайын,

Аз ғана ағыздым ғой тілдің майын,

Көп болса енді алты айдай қой бағамын,

Ол үшін бауырымды қарғамаймын.


Ақ қандай, қара қандай, қызыл қандай,

«И» болған өлеңменен кәрі таңдай.

Төскейде түлкі қуып бұлаңдатып,

Тымақша сілкуші еді таң қалғандай.


Жақында асырадым иттің овчаркасын,

Сырын шешіп айтамын оның несін.

Жылына қоян, түлкі, олжа салған,

Ондай ит енді қартқа қайдан келсін.


Құлағын домбырамның бұрайыншы,

Аз дүкен итім үшін құрайыншы.

Қарғылы итті атқанға жаза бар ма?

Уставын Қажығұловтан сұрайыншы.


Бұл өлең Жорға ауылында мал бағып жүрген шопанның итін атып тастаған мал дәрігеріне шығарғаны.

«Ауыл – қазақтың түп қазығы, алтын бесігі», баршамыз ауылда тудық, өсіп-жетілдік. Жасыратыны жоқ, Кеңес кезінде гүлденіп, мал-жаны тасып тұрған елді мекендердің көбі нарық өткелдерінде шайқалып, қаңырап, қирап қалды.

Оңтайландыру жүрген сәтте (1997 ж.) Семей облысы Шығыс Қазақстан облысына біріктіріліп, Шұбартау ауданы Аягөз ауданына қосылған болатын, мұның салдары көзге ұрып тұратын.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауылдың алтын бесік екенін үнемі айтып келеді. Елбасының ауылдың ұдайы қамқорлықта болу қажеттілігіне көңіл бөлуінің бір ұшы – өзінің де жазира жайлаулы ауылда туып өсуінде болар деп ойлаймыз.

Облыс және аудан бойынша шағын ауылдарды өркендетудің бір шарасы «Туған ел – алтын бесігім» және «Туған жерге тағзым» акциялары болып табылады. Бұл шараларды іске асыруда облыс әкімі Бердібек Мәшпекұлы Сапарбаев және ауданның бұрынғы әкімі Әнуарбек Мұхтарханов пен бүгінгі әкімі Бақытжан Байахметов оның орынбасары Сейілбек Ысқақовтар қомақты істер атқаруда.

Әр ауылдың мақтан етер, өмір бойы сүйіп өтер жазиралы жері бар, айдын-шалқар көлі бар. Құт-берекелі белі бар, бақытқа кенелген елі бар. Тасқынды өзені қандай, шалғынды өзегі қандай. Өз төбесі, өз биігі бар. Бұлар тұрғанда небір жер жанатың тең келмейді. Сірә, бұл туған жерге деген шынайы махаббатының сарқылмас ләззаты болар «Туған жердің түтіні де тәтті» - деп тегін айтпаған ғой ел.

«Сан ғасырлық тарихында мың өліп, мың тірілген қазақ, оның құтты мекен – алтын бесігі ауыл туралы ойлағанда, менің көз алдыма кәдімгі қара тасты қаққа жарып шығып, күнге ұмтылған гүл елестейді. Бұл өзі күнде көзге шалынатын көрініс емес. Еріксіз таңдай қақтыратын ғажайып құбылыс мәңгілік жаңғырудың символы – феникс құсы да осындайда еріксіз еске оралады».

Анадайдан Малкелдінің төбесі көрінгенде, осындай бір ыстық сезім бойымды шарпып өткендей болады. Ауылдағы әр үйдің ауласында су, бір үйде кемі екі-үш насостан орнатылған. 50-60-қа тарта үйлерде жеке монша істейді. Әр үйде теледидар мен телефон бар, ауылда мектеп, мешіт, дәрігерлік амбулатория, дүкендер, әкімшілік кеңсесі, мәдениет үйі, кітапхана, тойхана не қажеттің бәрі бар және бәрі қысы-жазы жұмыс істеп тұр. «Дәулет келіп көзіміз ашылды ғой, бәрін өзі жасап жатыр» - дейді халық, ауыл ақсақалдары мен әжелері.

«Бұл байлықтың түбіне кім жеткен, байлық қуып жүргем жоқ, бірақ қазіргідей, өз қолымыз өз аузымызға жетіп, алдымыздан мол мүмкіндіктер ашылып отырғанда, соны дұрыс пайдалана алмасақ, өкінішті болар еді, - дейді Дәулет. Басты мақсатым – ауылдастарымның сенімінен шығу».

Иә, Малкелдінің бүгінгі ажары айшықты. Оқтай түзу көшелер, қаз-қатар тізілген ақ шаңқан үйлер. Сыңғырлап тұрған әлеуметтік нысандар... Әр үйдің ауласында жеңіл көлік, трактор, жүк машиналары, мая-мая шөп, табын-табын мал. Осылардың бәрі шалғайдағы шағын ауылдың еліміздің даму қарқынына ілесіп, тәуелсіздік әкелген игіліктерді молынан пайдаланып отырғанын аңғартқандай.

Қарайсың да, қазақ аулының басына бақ үйіріле бастағанына қуанасың, сол сәтте «Осы жұрт еңбегімен өзі басқарып отырған ауылын әлпештеп, қанатымен су сепкен қарлығаштай жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген Дәулетқали Аяпбергеновті біле ме екен? Шіркін! Дәулеттей жігіттердің қатары толыса берсе ғой» – деген ойлар жүрек төрінде желкен керіп, кеудеңді мақтанышқа бөлейді.

Дәулеттей азаматтың басын өрге, ауылға келген қонағын төрге сүйрейтін келініміз Алтынның орны ерекше, үйінен қонақ үзілмейтін, дастарханынан ас кетпейтін осындай әйел – анадан жастар үлгі алып, өнеге тұтуы керек.

Шұбартаудың белгілі ақыны, мамандығы инженер-механик жерлесіміз Нәзір Қарабалиннің Дәулет пен Алтынға қыздарын ұзатқанда шығарған өлеңімен осы еңбегімді аяқтадым.

Дәулетқалиға
Шұбартаудың сырбазы, сабазым ең,

Жомарттығың өлшенбес таразымен.

Пәтердің кілтін өзің беріп тұрып,

Машина сыйладың сен гаражымен.


Әрқашан елі таныр талантты ұлын,

Ежелден мәлім еді мәрттігің.

Бүгінгі ұлы дүбір қуанышта,

Аңыз болды бар елге жомарттығың.


Жігер керек адамға ашу үшін,

Қайтпаған қайрат керек тасу үшін.

Қазақтың дарқан ұлы сен боласың,

Жинайтын дүниені шашу үшін.


Күншілдерді мысыңыз баса берсін,

Мәртебеңіз әрқашан аса берсін.

Байлығын бақыт үшін сарп ететін,

Дәулетім-ау, дәулетің таса берсін!


Алтынға

(«Алтыным» әнінен)


Құдағи қып Алтынымды шалқыдым,

Жалғастырдым салтын қазақ халқының.

Бақытым боп жайнап өскен «Жорғада»,

Аман болшы қайда жүрсең Алтыным, Алтыным!


Бабын білдің бірдің және жалпының,

Бағымызға кез келдің ғой жарқыным.

Не болса да бәрі ішінде, шіркін-ай,

Қойған жерден табылатын Алтыным, Алтыным!



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

1993 жылғы 13 тамыздағы

695 қаулысы негізінде


Семей облысы Шұбартау ауданының

«Алғабас» орта мектебіне

ақын-жазушы

Төлеуғали Есімжанов есімі берілді






жүктеу 13,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау