190-213 Қолдасбаева Аида
Есіркеп әулие
N44*36.40.44; Е50*31.44.80; Есіркеп-Жаңай Мәмбетұлы Саназар әулиенің алты ұлының бірі. Үлкендерінің айтуы бойынша, Есіркеп аруақ дарыған, айтқаны келетін көріпкел кісі болыпты. Ол құмалақ та ашқан, жауырын да қараған, түсті де жорыған. Малы жоғалғандар оның ауылына үздіксіз келіп жатады екен. Ал ауа райына байланысты үнемі көші-қонмен жүретін қазақ әулиенің болжамдарын басшылыққа алып отырған. Ол кісінің айтқаны қате кетпейді екен. Жолаушы шығатын жақын маңдағы адамдар Есекеңмен хабарласпай жолға шықпайтын көрінеді.
Святыня Есиркеп
N44*36.40.44; Е50*31.44.80; Жанай Мамбетулы Есиркеп- один из сыновей святого Жанай Саназара Мамбетулы. По рассказам старейшины, Есиркеп был человеком, не обделенным судьбой, ясновидящим. Его предсказания сбывались. Он гадал на бобах, толковал сны по бараньей лопатке. Люди, потерявшие скот, приходили к нему и просили о помощи. Кочующие казахи обязательно прислушивались к предсказаниям святого Есиркепа о погодных явлениях. Его предсказания были точными. Путники, не узнав от святого, что их ждет в дороге, не выезжали из аула.
Еспембет қожа
Сайын ауылынан 2,5 км . шығыс бағытта орналасқан қорымдық. N44*51.615; Е051*03.905; Қауым негізгі Жаңай руынікі болғанмен, кейін Еспембет әулиенің атымен аталып кеткен. Еспембет- маңғыстаулық қожа. Үлкендерден жеткен шежіре желісінде 1870-1873 жылғы Иса, Досан бастаған отаршылдыққа қарсы маңғыстаулықтардың көтерілісінің жеңіліспен аяқталған кезінде, ауып көшкен ауылдың артын қорғаған азаматтарды басқару осы Күнқожаұлы Еспембетке жүктелген екен. Ал оның көмекшісі, бала күннен бірге өскен досы Қараш Қарасейіт екен. «Өткен түнде түс көрдім,-дейді ереуіл күннің бірінде Еспембет:
-Ертең Қарасейіт екеуміздің соңғы тойымыз болады, шаһит өліммен өлерміз. Алдымен мен кетермін бақилыққа. Құбыла бетімде, дауыс естілім жерге Қарасейіттің жамбасы тиер. Біз солай өлерміз, бірақ атымыз қалар. Басымызға жасын төгіп келер ұрпаққа аманат: алдымен Қарасейітке айтылсын «Тие берсін», содан соң менің зиратыма ат басын бұрар».
Одан ары оқиға, дәл өзінің айтқанындай болады. Тосқауылда қалып, қан майданда жауын жастанып Еспембет батыр қылышы қолында, көз жұмады. Оң тұсында Қараш Қарасейіт досы да мәңгі ұйқыға кетеді. Олар өздерінің қаза болған жеріне жерленеді. Кейінгі ел бұл жерлерді киелі санап, басына түнейді. Еспембет әулие қайтыс болғанда 44 жаста екен, одан- Ермағанбет, Бимағанбет атты екі бала. Ермағанбеттен- 6 перзент, соның бірі Нәбиден атақты тәуіп, көріпкел Әбіш қожа дүниеге келген. 1995 жылы Маңғыстаудағы Қожа әулетінің азаматтары бас қосып, әулиенің басынан келісті мешіт үйін салып,ас берді.
Еспембет кожа
Кладбище находится в 2,5 километрах на восток от села Сайын. N44*51.615; Е051*03.905; Кладбище принадлежит роду Жанай, но несмотря на это, оно называется именем Еспембета. Еспембет – мангистауский кожа, человек, ведущий своё присхождение от арабских миссионеров ислама. По рассказам стариков, в 1870-1873 годах, когда восстание мангистауцев против колонизации во главе с Иса- Досаном закончилось поражением, они передали бежавшие аулы под защиту Еспембета Кункожаулы. Его попмощником был друг детства Караш Карасеит. Еспембет говорил: «Я видел сон. Завтра будет наш последний той с Карасеитом. Мы умрем, защищая свою землю. Изначально я уйду, потом похороните Карасеита рядом со мной на восточной стороне. Мы умрем, но наши имена не забудутся. К нашей могиле придут потомки: пусть сначала придут к Карасеиту и помолятся ему, потом – к моей могиле».
Все произошло, как предсказал святой. В сражениях Еспембет батыр погиб с мечом в руках. Рядом с ним погиб и друг – Караш Карасеит. Их захоронили там, где они погибли. Люди, считая это место святым, ночуют у могилы святых. Когда погиб святой Еспембет, ему было 44 года, у него остались два сына – Ермегенбет и Бимаганбет. Из шестерых детей Ермаганбета только один- Наби-продолжил дело деда и стал заменитым знахарем. Сын Наби – ясновидящий Абиш кожа. В 1995 году потомки кожа, которые живут в Мангистау, построили на могиле святого мечеть и дали поминальный обед.
Есембек әулие
Байғанин ауданының Оймауыт ауылынан 47 км. солтүстік-батыстағы қорым. N47*40.700; Е056*03.400; Байболдың үшінші баласы Мәмбетқұлдан (Шалбар) туған немересі, Тоқтамыстың ұлы Есембек Бозащы түбегінің Қызылқұм өңірін жайлаған кісі екен. Ол күндіз өңінде, түнде түсінде тарыққандарға аян береді,-дейді. Сондай-ақ Есембек әулие тылсым дүниенің небір адам санасы жете қоймайтын жерлерін де сезіп, өмірде болашақта болатын құбылыстар жөнінде алдын-ала сақтандырып отыратын аруақ қонған адам болыпты. Ұзақ немесе қауіпті сапарларға шығатын адамдар Есембектің ақ батасын алып жүруге тырысатындығы жөнінде ақсақалдардан жеткен әңгімелер баршылық. Есембек әулиенің баласы Үмбет ата да – әулие атанған адам. Еділ мен Жайық арасынан қалмақтар көшірілгенде босаған жерге Кіші Жүз ауылдарының бірі ретінде Бекет атадан бата алған Үмбет атаның ауылы да көшіп барып жайғасыпты. Содан олардың ұрпақтары сол жерлерді жайлап қалған. Әулиенің қорымында негізінен Адайдың Түркіменадай тайпасының Байбол бөлімінің адамдары жерленген.
Святыня Есембек
Захоронение находится в 47 километрах на северо-запад от аула Оймауыт района Байганин.N47*40.700; Е056*03.400; Есембек- правнук Байбол, внук Мамбеткула и сын Токтамыса. Жил в краю Кызылкум полуострова Бозашы. Он помогал людям, которые мучались как во сне, так и днем. Также святой Есембек предсказывал будущее и оберегал людей от беды. Он был человеком, награжденным особым даром. Путники, которые отправлялись в долгий путь, просили благославение святого Есембека.
Сын святого Есембека Умбет ата тоже был святым человеком. Когда калмыки покидали земли между Волгой и Уралом, на это место переехал один из аулов Младшего жуза – аул Умбет ата, который получил благославние Бекет Ата. С того времени его потомки живут здесь. На кладбище святого в основном захоронены люди из племени Адай : Туркменадай- Байбол.
Ешман ата
Ешман Есембетұлы 1883 жылы Жылыой ауданының Қарақұм деген жерінде туған. Руы- Дәулеталы Жары. 1955 жылы дүниеден озып, сол Жылыойдағы Басшы ата қауымына жерленген. Әкесі Есембет те, атасы Азнағұл да- көріпкелдік қасиеттерімен елге белгілі болған тұлғалар. Ал Ешманның өзі құмалақ ашып, көріпкелдік жасаған, әрі сырқос жандарды емдеп жазған тәуіп болыпты. Ол қай аттың бәйгеден келетінін, жоғалған малдың хабарының қай жерден шығатынын дөп басып айтқан. Жаламен ұсталып түрмеге қамалып, біраз өмірін айдауда өткізген. Сонда жүргенде ауырған түрме бастығының жанұя мүшесін қалай емдегені, қасындағы жолдасының қашан ақталып бостандыққа шығатынын айтуы, тоналған түрме кассасындағы ақшаны да, ұрыны да табуы жөнінде «Сұрасаң руымды- Дәулеталы» деген шежірелік кітапта кеңінен баяндалған.
Түрмеден босағаннан кейін де оның көріпкелдік қасиеті ел ішінде аңыз болып тараған. Ол үнемі жаяу жүретін болған, бірақ баратын жеріне көлікті кісіден бұрын жететіні жөнінде де әңгімелер жеткілікті . Осы қасиетіне қарай, жұрт оны «ұшады екен»,-деулі. Ол қып-қызыл болып жалынға қақталған күректі тілімен жалап, қырық инені жұтып, артынан тілімен қармақша иіп, қайта шығарады екен деп те айтылады. Бұрын бала көтермей оның алдына келіп көрінген әйелдер кейін балалы болған. Ешман ата ем қонбайтын, өлетін адамдардың үйіне бармайды екен. Өз үйінде отырып-ақ шалғай жерлердегі жайсыз жағдайларды біліп отырған. Ол жылқыдағы екі көз, қойдағы топалаң, сиырдағы қарасан, әйелдегі албасты ауруларын тез қайтаратын қасиетке ие болулы. Оның зиратына түнеушілердің қатары қай кезде де сейіліп көрген емес. Ешманның осындай көріпкел, емшілік, әулиелік қасиеттері жайлы ел аузында аңызға айналған әңгімелерді «Адай» газетінің 1999 жылы желтоқсан айындағы санында «Ешман әулие» атты мақаласында марқұм Қаналыұлы Абдолла ақсақал толығырақ жазған болатын.
Ешман ата
Ешман Есембетулы родился а 1883 году в местности Каракум Жылыойского района. Он-из рода Даулеталы Жары. Ушел из жизни в 1955 году. Захоронен на кладбище «Басшы Ата» в Жылыойском районе. Отец Ешмана Есембет и дед Азнагул были ясновидящими. Сам Ешман гадал на бобах, предсказывал будущее, также был знахарем и лечил людей. Он точно предсказывал, какой конь придетпервым на скачках, и где искать потерявшийся скот. Его оелеветали, он отсидел в тюрьме и большую часть своей жизни провел в изгнании. В местах заключения он лечил семью начальника тюрьмы, точно предсказывал рядом сидевшему заключенному, когда он освободится. Однажды из кассы тюрьмы пропали деньги, Ешман точно сказал, где они находятся и помог найти вора. Основная информация о его жизни содержится в родословной книге «Сұрасаң руым- Дәулеталы», в переводе- «Я из рода Даулеталы».
После его освобождения о даре Ешмана видеть будущее рассказывали легенды. Он постоянно ходил пешком, если наравне с ним из аула в аул выезжал транспорт, он доходил до пункта назначения раньше, чем доезжала машина. Ешман ата мог лизать только что закопченную лопатку; мог глотать 40 иголок и потом вытаскивал их как витую удочку. Лечил женщин от бесплодия, после его лечения женщины сразу же беременели. Ешман ата не брался исцелять неизлечимые болезни. Сидя дома, он знал об ожидающихся неприятностях, происхлдящих далеко. Лечил скот от сибирской язвы. Изгонял дьявола из женщин. К его могиле на кладбище Басшы ата по сей день приходят люди. В 1999 году в декабрском номере газета «Адай» вышла статья «Ешман әулие», где рассказывалось о святых поступках Ешмана, о его пердсказаниях, о его даре лечить людей. Автором статьи был покойный Абдолла Каналыулы.
Жақсыбай ата
Қаменұлы Жақсыбай- Бозашы түбегін мекендеген Мұрат (Кеще) ауылынан шыққан зайырлы емсек кісі. Бірге туған бауыры Қаменұлы Ила қажы көп жыл діни ілім-біліиді, әдет-ғұрыпты, дәтүр-дағдыны насихаттап, Меккеге қажылыққа барған. Оның атында Ила деген қыстаудың орны бар. Ал Жақсыбайда алғашқы діни білімді ауыл молдасынан алғанмен, одан әрі оқымаған. Есесіне қатарына белгілі емсек болған. Жақсыбайдың емшілігі Жарылғас атадан тарайтын Жанту ауылына ғана емес, олар жайлаған «Қоңырорпа» маңынан тыс жерлерге де белгілі болыпты. Басы ауырып, балтыры сыздаған, сырқатына дәру іздеген адамдар, оның ауылына күн құрғатпай келіп жатады екен. Баласы Ораз молда да емшілікпен айналысыпты. Мұның үстіне оның көріпкелдік,қалпелік қасиеттері жеткілікті болыпты.Осы әулеттің өкілі Тұрарұлы Аманкелді «Жаңа өмір» газетінің 1998 жылғы 1-мамырындағы санына «Әкелі-балалы көріпкел» деген мақала жариялады. Сонда олар туралы біраз иағұлмат берілді. Бүгінде, сол Қоңырорпа жерінде «Жақсыбай қыстауы» деген қыстақ орны сақталып қалған. Жергілікті жердегі ағайын-тумалары Жақсыбай атаның басына түнеп, зиярат етіп барып жатады.
Жаксыбай ата
Жаксыбай Каменулы –родом из аула Мурат (Кеще), который находился на полуострове Бозашы. Он был лекарем. Его брат Ила кажы Каменулы много лет пропагандировал религию, традиции, совершил хадж Мекку.Его именем названа зимовка Ила. Сам Жаксыбай религиозное учение получил от муллы аула, но дальше так и не продолжил свое обучение. Он стал знаменитым лекарем. Имя Жаксыбая лекаря знали дальные аулы, такие как Жанту рода Жарылгас, даже аулы, которые находились в окрестностях Конырорпа. Люди, старадающие разными заболеваниями, приходили к нему постоянно. Его сын Ораз мула тоже лечил людей и был ясновидящим.
В 1998 году в майском номере газеты «Жаңа өмір» вышла статья «Әкелі-балалы көріпкел» (Ясновидящие отец и сын). Написал ее представитель этого рода Аманкелди Турарулы. Именно в ней- больше всего событий из жизни этих святых. На земле Конырорпа до сих пор сохранилась зимовка «Жақсыбай қыстауы». Местных жители ночуют у могилы Жаксыбай ата и молятся.
Жатыр ишан әулие
Ақжігіт ауылынан 58км. шығыс бағытта . Ноғайты ауылынан 45км. оңтүстік-шығыс тұста орналасқан қауымдықтағы әулие. N45*10.114; Е056*26.719; Мүлкаманұлы Жалтыр ишан Шыбынтай (Балықшы) ұрпақтары арасынан шыққан, өз заманында көріпкел, ауа райын алдын ала болжап білген, қай жерден қандай су шығатынын дәл айтатын болған. Елді бораннан, табиғаттың тосын, қолайсыз құбылыстарынан сақтандырып отыратын кісі екен. Оның күмбезді тамы Шағырай түлейінің арқа жағында, «Айдаборлы» деген құдықтан төрт шақырым жерде, «Құсшы ата» қорымына жақын маңда. Күмбез биік төбе басына салынғандықтан, менмұндалап көрініп тұрады. Оның қабырғасы жалпақ тас тақаталар мен қаланған, ортасы тас аралас топырақпен толтырылған. Есік қуысы оңтүстікке бағытталған, жоғары жағы жебе пішінді. Кесененің қасбеті жан-жануармен, бес қаруы сай батырдың бейнесімен өрнектелген.
Святыня Жалтыр ишан
Кладбище, где захоронен святой Жалтыр ишан, находится в 58 километрах на восток от села Акжигит и 45 километрах на юго-восток от аула Ногайты. N45*10.114; Е056*26.719; Жалтыр ишан Мулкаманулы-из потомков Шыбынтай (Балыкшы). В свре время рн был ясновидящим человеком, предсказывал погоду, точно указывал, где копать колодец, и какая вода оттуда пойдет. Своим видением оберегал людей от природных катаклизмов, буранов. Его могила с куполами находится на возвышенности Шагырай түлей, в четырех километрах от колодца «Айдаборлы», вблизи кладбище «Кусшы ата». Купола видно издалека, потому что строение расположено на холме. Его стены выложены из плоских камней и заполнены землей с камнями. Возвышенность над дверью похожа на стрелу и смотрит на юг. Фасад сооружения украшен животными и изваяниями вооруженных батыров
Жамбыауыл әулие
Ақтау-Қаражанбас тас жолының бойындағы 55 шақырымдағы, шығыс жағынан 3 км. қашықтықта орналасқан қауымдағы әулие. N044*02.468; Е51*11.065; Жамбауыл Түменбайұлы –Көрпе руынан шыққан батыр. Адай елінің Маңғыстауға келер қарсаңында, түбекті мекендеп отырған түрікмендермен келіссөз жүргізуге келген Ескелді Бердалы мен осы Жамбауыл батырлар солардың қолынан өліпті. Ал елшіні өлтіру елдер арасындағы ымырасыз соғысқа негіз болады. Маңғыстау түбегінде отырған түрікмендердің ақыр түбінде түбектен қуылуының басты себебі де осында жатқан болуы әбден мүмкін.
Бердалы мен Жамбауыл батырлар түрікмендермен келіссөзге бірге келмеген секілді. Бердалы Қаратаудың тау тұмсығында жерленсе, Жамбауыл Қаражанбас-Ақтау жолының бойында, Ақтау аэропортына жақын жердегі қауымда жерленген. Адай ұрпақтары арасынан Маңғыстау топырағында, ең алдымен осы екі атамыздың қандары нақақ төгіліпті. Жамбауыл ата орналасқан қауым биік жалдың үстінде орналасқандықтан, тас жолмен ағылған жолаушылардың көз алдында алыстан-ақ көрінеді және жөн білетін, тарихи оқиғалардан хабардар адамдар дұғаларын оқып, Жамбауыл әулиені еске алады. Бұл қорымда негізінен Адай руының Құнанорыс, Бәйімбет әулеттері жерленген.
Святыня Жамбауыл
Святой захоронен на кладбище, расположенном на 55-м километре вдоль асфальтовой дороги восточном направлении. N044*02.468; Е51*11.065; Жамбауыл Туменбайулы –батыр из рода Корпе. Перед переездом адайцев в Мангистау, на полуострове проживали туркмены. Тогда батыры Ескелди Бердалы и Жамбауыл, пошли на переговоры к туркменам были убиты. Но по традиции мусульманских народов послов никогда не убивали. Убийство переговорщика всегда приводило к войне. Это, возможно, и стало главной причиной изгнания туркменов с полуострова Мангистау.
Стоить отметить, что батыры Бердалы и Жамбауыл на переговоры к туркменам ходили по отдельности. Потому как Бердалы захоронен на выступе горы Каратау, а Жамбауыл- вдоль дороги Каражанбас- Актау вблизи аэропорта Актау. Из потомков Адай на Мангистауской земле первыми были убиты и захоронены эти батыра. После них многие наши батыры защищали священную землю Мангистау от врагов. Захоронение, где покоится Жамбауыл ата, находится на холме. Проезжающие по трассе Актау- каражанбас издалека видят святыню. Знающие путники, вспоминая Жамбауыл ата, читают молитву. На этом кладбище в основном захоронены люди из рода Адай: Кунанорыс, Баймбет.
Жантеке әулие
Жаңай Нұрұлы Жантеке- көріпкел, әулие болған кісі. Ол алысқа барып әуреленбей-ақ, сол маңдағы қауымдардағы жерленген адамдардың рухымен тілдесіп, өзгелерге түрлі өмірдегі жағдайларға байланысты жорамал-болжамдар айтып, олары көбіне дәл келген. Жантекеден сырқосына дәру, шапағат тілеп келушілер, бір перзенттің зары өткендер, көтеріліп ауырғандар шипа тауып, ауылдарына оралады екен. Сондықтан маңындағы ел-жұрт оны әулие деп әспеттеп, тиісті құрметтер көрсететін болған.
Святыня Жантеке
Жантеке Жанай Нурулы был ясновидящим и святым человеком. Он имел дар видеть дхов, предсказывал будущее, и его предсказания сбывались7 Люди приходили к нему с мольбой об исцелении6 он лечил бесплодных, излечивал психически больных людей. Поэтому жители аула считали его святым человеком и уважали.
Жаңа әулие
Қызылсай ауылынан 62 км. солтүстік-шығыс бағытта орналасқан қауым. N43*52.590; Е053*22.502; Ескерткіш МТМҚ ММ (2008ж) зерттелген. Қорымда 3 нысан бар. Ескерткіштер сағанатам және қираған құлпытасы бар қойтастар түрінде. Сағанатам пішіні тікбұрышты, іргетассыз, аласа еске алу ғимараты түрінде. Ол өңірімізге тән дәстүрлік үш қабаттап салу әдісімен, лай балшығынсыз тұрғызылған. Қабырғасының құрылымы балшық лайына отырғызылған шойтас толтырындысынан және шағын көлемді сом тастардан жасалған анкерлік белдеуден тұрады. Сағанатам қабырғасы жануарлардың, өсімдіктердің суреттері мен Адай руының таңбасы және эпитафияларға толы. Қорым аумағы-0,1 га. Бұл кім, қашанға әулие? Ол туралы әзір қолға ұстаған дерек жоқ. Білетініміз, бұл әулиелікке Жаңаөзен қаласы төңірегіндегі адамдардың барып зиярат етіп, басына шырақ жағатыны ғана.
Святыня Жана
Кладбище находится в 62 километрах в северо-восточном направлении от аула Кызылсай. N43*52.590; Е053*22.502; Памятник был исследован в 2008 году ГУ ГИКЗ. На кладбище есть три объекта. Могилы в виде холмов, разрушенных надмогильных камней и валунов. Могилы- квадратные, без фундамента, построенные на цоколе низкие памятные строения. Построены, как полагается у нас, традиционным трехэтапным методом, без глины. Стены возведены из камней, закрепленных на глине, эти небольшие слитки камней собраны в анкерые пояса. На стенах могилы нарисованы животные, растения, знаки рода Адай, эпитафии. Территория кладбище составляет 0,1га.
Кто захоронен здесь, и каким он был святым- об этом нет никаких сведений. Известно одно: на это святое место приходят жители города Жанаозен и молятся, зажигают лучину.
Жаңабай әулие
Жаңабай- Байұлының үлкен баласы Қыдырсиық әулиетінен шыққан батыр адам. Жаңабай атаның өмірге келген кезеңі қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына ұшырап, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аңызға айналған, қазақ елінің бытырай тозып, бірге туған бауырластарынан тірідей айырылып, еңірегенде етегі жасқа толып, «мынау заман қай заман баяғы заман, баяғыдай болар ма тағы заман? Қарындас пен қара орман қалғаннан соң, көздің жасын көл қылып ағызамын» деп зар еңіреген кезеңі болатын. Жаңабай ата өзінің бар өмірін және ұрпақтарын ел қорғауға, батырлыққа, өзара бірлікке шақырып, жұрт қамын жеген ұлағатты азамат болғаны туралы, халық арасына кеңінен таралған деректер аз емес. «Ақтабан шұбырындыдан» кейін де қазақ халқының басында, талай қиын кезеңдер болғаны тарих зердесінен белгілі. 1740-1747 жылдардағы ашаршылық пен қиыншылықтарға ұшыраған қазақ халқы, есі ауған жаққа босып көше берген. Бет алдына тозғындаған Шеркеш ауылдарын Жаңабай батыр тоқтатып, кейін қайтарып, қазіргі Жылыой ауданының орталығы Құлсары елді мекенінен бұрынғы Жылыой қаласына дейін, Шығыс жағында «Темір тапқан-Байтақ» және Атанаққа дейінгі жерге әкеліп қоныстандырған деседі. Олардың мал шаруашылығымен қатар өзен бойларынан егін салып, балық аулау кәсібімен айналысуына басшылық еткен. Өз халқының ыстығына күйетін, суығына төзетін ел қамқоршысы болған адам.
Оның әулиелік қасиеті тірі кезінде-ақ белгілі болыпты. Ертеректе Тұздыкөлдің жағасынан тұз өндіруді кәсіп қылып отырған Жаңабайдың ауылының үюлі тұрған тұзын орыстар келіп тиеп жатқанын көрген келіні дереу атасына хабарлайды. Жаңабай батыр жалма-жан найзасын алып, белдеуде ерттеулі тұрған атына мініп, жалғыз өзі шабады. Орыстар ол жақындағанда тырым-тырақай қаша жөнеледі. Олардың екі-үшеуін жаралап, алдына салып ауылға айдап келеді.Орыстардан, «Неге сендер жалғыз кісіден қаштыңдар?» деп сұрағанда: «бізге ол көп адам болып көрінді» деулі. 1950 жылдары «Каспий» колхозында белгісіз індет болып, мал өле берген. Мал дәрігерлері ештеңе жасай алмаулы. Бірде қойлар шұбырып барып, бір бейіт басына түнейді. Сол түні қой өлмей шығады. Бұл хабарды естіген басқа қойшылар да малын әкеліп, бейіт басына түнетеді. Олардан да шығын болмай, індет тоқталады. Бұл Жаңабай атаның зираты екені белгілі болады. Осы кезден бастап халық оның рухынан медет тілеп, әулие ретінде басына түней бастаған.
Святыня Жанабай
Жанабай-старший сын Байулы, батыр из семейства Кыдырсиык. Родился во времена войны с джунгарами, которая вошла в историю казахского народа как годы великого бедствия. Нищета и страдания сделались всеобщими, иные умирали с голоду. Начались «годы великого бедствия»- «Актабан шубырынды, Алкакол сулама», что означает «брели, пока не заболели подошвы, упав без сил, лежали вокург озера». Тогда-то и родилась старинная казахская песня-плачь (жоктау) «Елим-ай» («О, народ мой»), как символ народной скорби об этой трагедии. Жанабай ата всю свою жизнь защищал свой народ, был отважным батыром, призывал народ к единству, переживал за судьбу народа. Что пережили казахи после бедствия «Ақтабан шұбырынды» , мы знаем из истории. В годы голодомора 1740-1747гг. Испытывавшие трудности казахи уезжали куда глаза глядят. Оставшийся на произвол судьбы аул Шеркеш тоже собирался уезжать, тогда Жанабай батыр остоновил аул и вернул их обратно в родной край. Аул остановился в Жылыойском районе в селе Кулсары- это бывшая местность Атанак и «Темир тапкан-Байтак», которая находится восточном направлении в сторону Жылыой. Святой Жанабай помогал аулу заниматься скотоводством, рыболовством и сеять хлеб вдоль реки. Он жил для народа, помогал во всем, взяваул под свою опеку. При жизни люди считали его святым человеком. Раньше, не берегу Туздыкол, ауыл Жанабая занималься переработкой соли. Однажды русские решили нагло забрать соль, которую собрал вес аул. Тогда невестка Жанабая, увидевэто, позвала его на помощь. Он, сев на коня, взяв в руки копье, решил напасть на русских. Увидев батыра, русские сбежали, некоторых он успел ранить и привез их в аул. Когда спросили русских: «Почему испугались одного человека?», они сказали: « Показалось, как будто было много людей».
В 1950 году в колхозе «Каспий» был падеж скота от неизвестной болезни. Ветеринары не знали причину. Однажды тоара больных овец остановилась у одной могилы и прилегла на ночлег. В эту ночь ни одна овца не пала. Услышав об этом, другие чабаны пригнали свой скот к этой могиле. После того случая неизвестная эпидемия среди скота остановилась, все овцы остались живы. Потом народ узнал, что это была могила Жанабай ата. С этого времени люди, считая его святым человеком, поклоняются его духу.
Жаңа Әлі әулие
N44*04.160; Е052*15.425; Жаңайдың үшінші баласы Әлі- өз тұсында елге танымал, қасиетті адам болған. Дәулеті де, сақилығы да ешкімнен олқы соқпаған. Кезінде Әлінің зайырына төңіректе отырған ел табынып, мойындаған делінеді. Әлінің берген батасы аумай-төкпей қабыл болуымен ерекшеленеді. Әулеттің маңдайына біткен дәулетке тарымшылық жасамаған. Үлкендеріміздің айтуынша, Әлі ағайын-туғанның бірлігін, ынтымағын бұзбау бағытында қызметтенген абыз ретінде суреттеледі. Сондай сөздердің бірінде, Сүйінғара мен Ботағараның арасындағы бәсекеден Мұңалдың Бәйімбет пен Жары ауылдарының арасына сызат түсіп, арты адам өліміне ұласқан егес туындап, екі ел арасы бүліне бастайды. Сол арадағы өршіп тұрған алауыздықты басуға Әлінің ақылы мен берген кеңес-батасы себеп болды дейтін сөз құлаққа келеді.
Әлінің тірі күнінде аузынан тастамайтын «Аңсыз өлім-аз бейнет, Алла тағала қабыл ет!» деген сөзіне лайық, абыз қарт шашын ұстарамен алдырып отырғанда, жарты шашы алынып болабергенде, сол отырған орнында фәнимен қош айтысып жүре беріпті,-дейді. Оны алыстағы Сисем атаға апаруға әуреленбей, өз аманаты бойынша тумаласы Қамысбай жатқан жерге қойыпты. Басына ескі пішінмен үлкен қара там салған. Оны салған- Дорал Жылқыбайұлы. Екі ғасырдан астам уақыттың тарихи ескерткіші болған мазар бұл күнге дейін міні құрамаған қалпында тұр. Шетпе мен Оңды тас жолының бойындағы осы бір қауымдықтың көлемі бүгінде едәуір үлкейген.
Святыня Жанай Али
N44*04.160; Е052*15.425; Третий сын Жаная- Али – в свое время был знаменит как святой человек. Был богатым, щедрым господином, народ поклонялся Али за его мудрость. Благословение Али всегда шло на пользу, святой не был жадным и своей щедростю был знаменит среди народа. По рассказам старейшин, Али всегда держал своих родственников в единстве, его признавали как мудрого человека. Однажды, из-за ссоры между Суингара и Ботагара, между аулами Мунал Баймбет и Жары произошел инцидент, в результате чего погиб человек. Два аула стали друг-другу врагами. Раздор между аулами разрешил мудрец Али, мудрым советом, благословением остоновил вражду между аулами.
Али при жизни говорил: «Аңсыз өлім –аз бейнет, Алла тағала қабыл ет!» (в переводе- «Если смерть пришла, прими без мучений, Аллах, прими мок желание»).
Говорят, мудрец скончался при бритье волос, половина головы так и осталась несбритой. По его просьбе, тело не стали возить в Сисем ата,-говорят старшие аула. Сейчас это кладбище расширилось, а мавзолей, который стоит уже два века, стал историческим памятником и до сих пор сохранил свой облик. Автор мавзолея- Дорал Жылкыбайулы. Кладбище, находящееся вдоль асфальтовой дороги Шетпе и Онды, на сегодняшний день увеличилось.
Жарас әулие
Дәулеталы Тәжіұлы Жарас – 1870 жылғы Маңғыстау қазақтарының патшалық Ресей отарлаушыларынына қарсы көтеріліс басшыларына қарсы көтеріліс басшыларының бірі Тәжіұлы Досанның туған інісі әрі жорықтас сенімді серіктерінің бірі болған батыр адам. Ол көтеріліс жеңілген соң ұсталып, Форт-Александровскінің түрмесіне қамалып, әскери дала сотымен 7 жыл «Итжеккенге» айдалып, жазасын аяғына дейін өтеп келеді. Түрмеден келгенде аузында бір тісі жоқ екен. Өзі айдауда жүргенде алғашқы әйелі қайтыс болып, елге келгесін, екінші рет Жары ағайынның бір жесіріне үйленіпті. Ұрпақтары Маңғыстаудың әр жерінде өмір сүріп жатыр. Жарастың өзі тек батыр ғана емес, әулиелігі де бар адам болыпты. Өзінің аманаты бойынша қайтыс болғасын оны «Қаратөбе» қауымына тумасы Досан Тәжіұлының жанына жерлеген.
Святыня Жарас
Даулеталы Тажиулы Жарас батыр был младшим братом Досана Тажиулы, который руководил восстанием казахов против колонизации царской Россией (1870г.) и принял участие в его походе. Но их войско потерпело поражение, Жарас батыр попал в тюрьму Форта-Александровск. Решением военно-степного суда его осудили на семь лет и сослали в Сибирь, где он отсидел весь срок. Говорят, после возвращения из тюрьмы у Жараса не остались ни одного зуба. Жена так и не дождалась его из ссылки и умерла от болезней и страданий. После возвращения в родной край, он жнился во второй раз на вдове своего родственника из аула Жары. Потомки Жараса живут в разных местах Мангистау. Человек, принявший участие в освободительном движении, был не только батыром, но также и святым человеком. По просьбе покойного, его захоронили на «Каратобе», там, где покоится брат- Досан Тажиулы.
Жарылғас әулие
Қызан ауылынан батысқа қарай 26 км жердегі қорым. N044*58.680; Е052*22.265; Мұрат (Кеще) Шортықұлы Жарылғас Адайлар Маңғыстауға құлағанда туғасын: «Қолайлы қонысқа келдік. Енді Құдай жарылқар» деген ырыммен аты қойылған, кіндігі Бозашы түбегінде кесілген өрен екен. Сондықтан, оның есімін «Жарылғас»,-деп қойған көрінеді. Жарылғастың өзі 4 балалы, олардан 23 немерелі болған. Бұлардан дүреген ұрпақтар бүгінде 400 үйге толды. Жарылғас-Қыдыр көрген, қасиет дарыған «аруақты әулие» атанған, Адай жұртына танымал болған адам. Ол әуелде жарлылау болыпты. Бірде ауыл ақсақалдарының батасын алуды ойға алады. Үйіне аузы дуалы, батагөй қарттарды, ішінде Жарының кенже баласы, Қыдыр көрген Назар атасын да шақырыпты. Олар астан кейін Жарылғасқа ақ баталарын беріпті. Көп ұзамай, Жарылғас түс көріп, түсінде Қыдыр ата оның қолына сырлы зерең мен алтын қасық ұстатып кетіпті. Содан көп ұзамай, Назар атасының нұсқауымен «Баяу» деген жерге төрт баласын ертіп барса, жолдарында бір қарын малдың қатығы жатыр екен. Оның жәй еместігін білген Жарылғас қатықты ұлдарына бөліп беріпті. Содан, Жарылғастың басы да, малы да қаулай өсіп, етегін кеңге жайып кете беріпті.
Жарылғас әулие өзі көзі тірісінде меңзеген Бозашыдағы ең биік «Тазтөбе» деген жалдың басында жерленген. Ол мәңгі тыныстап жатқан жер – ел қадір тұтып сыйынатын, шарасыз жандар шарапат күтетін киелі орын. Оның төрт баласы, өздерінен өрбіген ұрпақтарымен қауымдағы атаның төрт жағына айнала жерленген. Осының өзінен-ақ, бұл ауылдың бірліктің құрсауындай ынтымақты, береке жайлаған, кейінгілерге үлгі аңғартатындай нұсқада екендігін байқауға болады. Ата ұрпақтары қауым басына әсем түнемелік қонақүй салып, Жарылғас әулие мен оның төрт баласының басына қима там тұрғызды. 2010 жылы қауым басында өнегелік мәні бар ас берді.
Святыня Жарылгас
Захоронение Жарылгаса находится в 26 километрах на запад от села Кызан. N044*58.680; Е052*22.265; Когда рода Мурат (Кеще), Шортыкулы Жарылгас, Адай переселились в Мангистау, родился Жарылгас. Он родился на полуострове Бозашы, здесь ему перерезали пуповину. Когда родитеьский аул нашел удобное место для жизни, старейшины просили поддержки у Аллаха и назвали младенца Жарылгас. У Жарылгаса было 4 детей и 23 внука. На сегодня его потомки- это ужей 400 семей. Жарылгас был святым человеком, который видел Кыдыра и этим был знаменит среди адайцев. Сначала он был бедным. Как он разбогател- это отдельная история. Однажды он, решив получить благословение аксакалов, позвал домой уважаемых страйшинин, среди них был младший сын Жары и Назар ата, который видел Кыдыра. После аса старейшины благословили Жарылгаса. Спустя несколько дней во сне к нему пришел Кыдыр ата и отдал золотую ложку с крашенной чашкой. После того сна, но наставлению Назар ата, Жарылгас с четырьмя детьми поехал в местность «Баяу». По дороге нашли карын домашнего животного (очищенный, высушенный желудок), с катыком внутри. Жарылгас, поняв, что это непросто, поделил катык между сыновьями. После этого Жарылгас чудным образом разбогател. Его скот начал приносить невиланный приплод. Святой захоронен на высркрм гребне «Тазтобе» в Бозашы. Это- место, где люди молятся и просят исцеления. Также здесь с четырех сторон от могилы Ата захоронены его сыновья и потомки. Это доказывает, что род живет в единстве, дружбе и является образцом для потомков. На могиле Ата потомки построили красивую гостиницу для ночлега. Святому Жарылгасу и его сыновьям поставили сооружение. В 2010 году на кладбище был организован поминальный обед.
Жиенәлі әулие
Таушық ауылынан 43 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан қорым. N44*30.584; Е51*38.555; Әтембек руынан шыққан Шалтаұлы Жиенәлі- «Жиенәлі» қорымындағы әулие. Айтылмыш әңгімелерде, сол замандарда теңіздің арғы бетінен шағын кемелермен орыстар келіп, қыр қазақтарымен сауда-саттық жасап, қайсыбірі қару-жарақтарымен елге тиіп, екі арада ірілі-уақты қақтығыстар сирек болса да орын алған. Бірде Әтембек ауылымен көршілес отырған Тіней Досалының ауылынан: «Досалы ауылын орыстар шауып жатыр, батырдың өзі елде жоқ» деген суық хабар келеді. Хабарды естісімен Жиенәлі қатар отырған немере інісі Қабылдың Құлмамбетін қасына ертіп, сол бойда асығыс қолына ілінген құрық, балтасын ала желіде байлаулы тұрған аттарға міне сала, Досалының ауылына қарай шаба жөнеліпті. Мылтықпен қаруланған орыстар жағынан да адам өледі, алайда тумаласты екі азамат та қаза табады. Оларды сол жерге жерлейді. Кейін Жиенәлі жерленген зират басынан от жанып, басына ел түнеп, мінәжат етер киелі қауым болды.Орыстардың отаршылдық езгісі белең алып, ел арасында зорлық-зоблықтары басталған шақта «елім» деп еңіреген екі батыр атамыз жан беруге пейіл, асқақ та биік тұлғаларын күні бүгінге дейін аласартпай, Маңғыстаудың қара ойындағы киелі орындардың біріне айналып отыр.
Святыня Жиенали
Святыня находится в 43 километрах на северо-восток от села Таушык. N44*30.584; Е51*38.555; Жиенали Шалтаулы из рода Атамбек захоронен на кладбище «Жиенали» а Таушыке. По рассказам, в те времена с другого берега Каспийского моря приплывали небольшие русские корабли и вели торговлю с казахами. Некоторые из русских торгоцев были вооружены, и бывало, что происходили стычки. Однажды, из аула Тиней Досалы, соседствующего с аулом Атембек, пришла печальная новость: «На ауыл Досалы напали русские, а самого батыра нет».Услышав это, Жиенали вместо со своим двоюродным братом Кулмамбетом (сыном Кабыла), взяв укрюк и топор, поскакали в аул Досалы. В бою со стороны русских погиб человек. От пуль противника погибли и Жиенали с братом. Их похоронили на месте гибели. После этого люди стали ходить на могилу Жиенали, читать молитвы и ночевать там, считая это место священным.
Когда началачь колонизация казахских земель царской Россией, в степи было бесчинство и насилие. Тогда наши батыры отдавали свою жизнь в борьбе за права народа. Наши предки боролись за сохранение Великой степи и кровью заплатили за то, чтобы сегодняшнее поколение жило в огромной, независимой стране. На сегодня это место- одна из святынь Мангистау.
Жұма әулие
Бозашы түбегінде , қаражанбас мұнай кенішінен солтүстік-батыс бетте, 7 км жердегі қорым. XIX-XXғғ. N045*12.882; Е051*22.329; Жарының Бектеміс тайпасынан шыққан зайырлы кісі. Бұл қауымда негізінен Түрікпенадай мен Бектеміс ауылдарының адамдары жерленген. Зиратта үлкен күмбезді немесе сағана тамдар жоқ. Мұнда кіші сәулет ескерткіш пішінді қойтас, құлыптастар көп. Құлыптастардың қырына дейін жалпақ бедерлі ою әдісімен өсімдіктік өрнекті элементтермен безендіріліп, жоғары жағы тұтас тас кесектен қашалған. Қойтастың жоғары бөлігі ромб пішіні түрінде, ал төменгі бөлігі тікбұрыш етіп сом кесектен қашалған. Жұма әулие- ауқатты, елге ақсақалдығы жүрген, көріпкел-әулиелігі ерте білінген кісі болыпты. Сарбас деген тумаласы кезінде тамын салдырыпты. Зияраттап, арнап барған адамдарға алыстан от лаулап жанады,-дейді.
Святыня Жума
Святыня находится в 7 километрах в северо-западном направления от нефтяного месторождения Каражанбас на полуострове Бозашы. XIX-XXвв. N045*12.882; Е051*22.329; Он- из рода Бектемис Жары. Жил в 19-20веках, был мудрым человеком. На этом кладбище в основном захоронены люди из рода Туркменадай и Бектемис. На кладбище не встретишь высрких сооружений с куполами, здесь есть лишь небольшие памятники, надмогильные камни и валуны. Надгробные могильники украшены рисунками растений. Верхняя часть валуна похожа на ромб, анижняя –в форме квадрата. Жума был святым, ясновидящим человеком, кнему прислушивались люди. Родственник Сарбас построил покойному Жума могилу. Говорят, что людям, совершающим паломничество к го могиле, издалека видится огонь.
Жыланды зираты
Құрық ауылынан оңтүстікке қарай 6 км жерде орналасқан қорым. XIV-XVI ғғ; XVIII-XIX ғғ; N043*07.846; Е051*41.428; Маңғыстау МТМҚ ММ (2005ж.) зерттеген. Қорымда 80 түрлі әртүрлі типтердегі ескерткіш нысан орналасқан. Олар тас қоршау тәрізді тігінен қазыла қойылған жалпақ тастардан тұрады. Ескерткіш ішінде пирамида тәрізді тұтас сом тастан қашалған шырағдан-шамы бар. Қорымда композициялы құлыптас, қойтастар және пішімі қызықты келген қошқартас бар. ҚҰлыптастардың бұрышында өсімдік, қару, араб эпиграфикасы бар боялған, сұлбалы жазу техникасымен бедерленген. Қорым қажылық қызмтте көп пайдаланылған. Қасиетті деп танылған кісілер жерленген құрылыс қалдықтарының тікбұрышты тек іргетасы мен қаландының бір бөлігі ғана сақталған. Ішінде 2 белтас орнатылған. Сонымен бірге әулиелік нышанды көрсететін бір сырық ағаш бар. Осы маңда тағы да Жыланды-1, Жыланды-2 қорымдары, Жыланды-1,2 обалары айнала орналасқан.
Кладбище Жыланды
Кладбище расположено в 6 километрах в южном направлении от села Курык. XIV-XVI вв; XVIII-XIX вв; N043*07.846; Е051*41.428; По ислледованиям фонда исторического наследия Мангистау в 2005 году, на кладбище находится 80 памятников разного типа, есть каменное ограждение. Уизголовья покойника есть место для лучины, сделанное из больших обработанных камней в виде пирамиды. На кладбище установлены композиционные надмогильники, валуны. В углу надмогольников нарисованы растения, оружие, написаны арабические эпиграфы. К захоронению даже совершали паломничество, малый хадж. От могил, где захоронены святые люди, остались только фундаменты и часть стен. Есть две могилы, где еще сохранились стены по пояс. Также есть один деревянный шест, который доказывает священость этого захоронения. Вбилизи также есть кладбища Жыланды-1, Жыланды-2 и могильные курганы Жыланды-1,2.
Жылқыайдар әулие
N43*37.59.79; Е53*36.54.69; Ыстыбайұлы Жылқыайдар әулие- Қосай руы Тіней тайпасы арасынан шыққан емсек, бақсы кісі. Жас кезінде аруақты ұстай алмай, есалаң болып ауырыпты. Ол Жайық бойындағы нағашы атасының қабірінің басына барып, түнеп қайтуға елден жалғыз өзі жаяу шығыпты. Шамамен, қазіргі Индер ауданы аумағындағы нағашы атасы жатқан қауымға үш күндік жер қалғанда Жылқыайдар кешке қарай қой сауып жатқан ауылға тап болады. Қой шетіндегі бір адамға келіп сәлем берсе, оның бұнымен ісі болмайды. Жылқыайдар шеттегі бір үйге кіреді. Өзі шөлдеген, сусын сұрап ішуді ойлайды. Сырттан үйге бір жас әйел кіріп келеді. Оның да Жылқыайдармен шаруасы болмайды. Шөлдеп келгенін айтып, сусын сұраған ол әйел назарын аудара қоймағасын, орнынан еріксіз тұрып әйелге жақындайды. Әйел сонда да назар аудармай, өз ісімен айналысып жатады. Жылқыайдар жақындап барып, әйелдің қолынан тартып, сусын сұрауға ыңғайланғанда, әлгі әйел шыңғырып жіберіп, талып қалады да жерге құлай кетеді. Әйелдің шыңғырған даусын естіген сырттағы адамдар үйге топырлай кіреді. Бірақ үйге кіргендердің өзін байқамағанын аңғарады.
Бір уақытта бақсы келеді де талып жатқан әйелге кітап ашып, бірдеңе оқып, дем салғандай болады. Сол кезде Жылқыайдар, өзінің әлгі әйелді құшақтап алғанын, екі қолының саусақтарын тарақтап отырғанын, бақсы дем салып ысқырғанда саусақтарының бір-бірінен ажырап кететінін сезгендей болады. Түннің бір уағында бұны ақбоз атқа мінгізіп, кілең қыз-келіншектер қошеметпен ауылдан ұзатып алып шыққандай көрінеді...Таңертең ұйқыдан оянса, күн көзі әлдеқашан шыққан, біраз жоғары көтеріліп кетіпті. Өзі айдалада жатыр, қасында түрлі қуыршақтар мен жылқының қу бастары жатқанын көреді. Содан, біразырақ отырып, орнынан тұрады да, әуелгі бағыттан шыққан жағын анықтап алып, жолын жалғастырады. Шаршап-шалдығып, ақыры нағашы атасы жатқан қауымды тауып алады. Атасының қабірінің басына түнейді. Түсінде нағашы атасы аян беріп, Жылқыайдарға бес ұрпағына дейін жалғасатын аруақты қасиет бітетінін айтып батасын береді.
Сонымен бірге атасы оның кеше жолда перілерге тап болғанын, перілерден оны өз аруағымен құтқарып алғанын айтып, енді қайтар жолда келген жолымен жүрмеуін тапсырып, бағыт сілтейді. Кейбір ауруларды, қуыршақпен, қу баспен көшіріп емдеуге болатынын айтады, емшілікпен айналысуға рұқсатын береді. Оянып кеткенде өзін бойы жеңілденіп, жақсы демалып, тыңайып қалғанын сезінген Жылқыайдар кідірместен ауылына қайтады. Сөйтіп, ол елге кегеннен кейін емшілікпен айналысып, қайраты қайтқаншаауру адамдарды зікір салып емдеген. Оның күн райын алдын-ала болжайтын да қасиеті болыпты деседі. Үлкейген шағында адамдарға: «Қоныстың қайда болатынына нағашы атам сел-бұйдамен түйе жетектеп бағыт беріп отырады», -дейді екен. Қай жерде жерленгені туралы нақты мәлімет жоқ, тек «Тереңорпа» құмының орта жерінде деген дерек бар.
Святыня Жылкыайдар
N43*37.59.79; Е53*36.54.69; Жылкыайдар из рода Косай, Тіней был лекарем, знахарем. Жылкыайдара Ыстыбайулы в детстве считали полоумным, потому как он не мог совладать со своим даром. Он один ходил ночевать у могилы деда по материнской линии. Могила деда находилась в Индерском районе. Когда до могилы деда оставалось приблизительно три дня пути, Жылкыайдар вечером попал в ал, где доят овец. Он подошел к человеку, стояшему на краб аула, но тот не обратил на него внимания. Потом Жылкыайдар зашел в какой-то дом, он испытывал жажду и попросил воды. За ним зашла молодая женщина, нао она тоже не обращала на него внимания.
Жылкыайдар попросил воды у неё воды, ответала не последовало. Тогда Жылкыайдар решил по ближе подойти к ней, но женщина занималась своими делами. Он подошел близко и дернул её за руку6 женщина закричала и упала в обмрок. От крика женщины домой сбежались люди, но и они не замечали Жылкыайдара.
Пришел знахарь, читая молитву, проводил женщину в чувство. Тогда Жылкыайдар почуствовал, что он обнимает эту женщину, и когда знахарь свистнул, заговаривая ее, его из аула забирают женщины и девушки, посадив на белого коня. Он проснулся, когда солнце уже было высоко, вчерашнего аула нет, а он один безлюдной местности, рядом лежат разные куклы и голова лошади. Он, встав с места, продолжил свой путь. Уставший Жылкыайдар дошел до могилы деда и переночевал там. Во сне к нему пришел дед, и благославил Жылкыайдара, сказав, что он будет святым человеком, и его дар дойдет до пятого поколения. Также, дедушка подсказал ему: по дороге он встретил не людей, а нечистую силу, и дух деда спас его от них. На обратном пути ему нельзя идти по этой дороге. Дедушка также поведал ему, что некоторые болезни можно будет лечить куклами и головой лошади, и разрешил ему лечит людей . Проснувшись, Жылкыайдар почувствовал себя очень хорошо, легко, как будто он долго отдыхал и сразу же пошел в свой аул. Он начал лечить людей, пока у него были силы, предсказывал погоду. Повзрослев он говорил: «Мой дед будет нас направлять, где выбрать место для кочевья, показывать нам путь, вести на поводу верблюдов». Где он захоронен- нет конкретных сведений. По некоторым из фактов-где-то в середине песчаного массива «Теренорпа».
Исламбай әулие
Қорым Форт Шевченко қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 9 шақырым жердегі жотада орналасқан. N044*27.735; Е050*20.960; Қорымда 40 шақты нысан бар. Орталық ескерткіші тікбұрыш пішінді, жалпақ тастардан іргетассыз салынған сағана там. Есік қуысы оңтүстікке бағытталған. Алдында шаншылған ескі сырық тұр. Қоңқаұлы Исамбай- Құнанорыс ауылынан шыққан көріпкел кісі. Өзі емсек болған адам. Қандай жағдайда болмасын, шамасы келгенше сол ауру адамның жазылып кетуі үшін қолынан келгеннің бәрін істеуге даярлығымен, ел сүйіспеншілігіне көзі тірісінде-ақ бөленген. Тірі кезіндегі көріпкелдігі, о дүниелікте де сақталады деп есептеген ел-жұрт әліге дейін ниет құлатып келеді. Басында шырақ дағатын орын бар, барып түнеушілер де аз ұшраспайды.
Святыня Исламбай
Святой захоронен на кладбище, названном его именем. Местность расположена на взгорье в 9 километрах в юго-восточном направления от города Форт Шевченко. N044*27.735; Е050*20.960; На кладбище есть окола сорока объектов. Его могила построена в форме квадрата, из плоского известкового камня, без фундамента. Двери смотрят на юг, прикреплен шест. Святой Исламбай Конкаулы из рода Кунанорыс был лекарем, с удовольствием лечил людей, делал все, чтобы спасти человека от болезней. За его добросовестность народ любил и уважал его. Если у человека с рождения были проблемы со здоровьем, он открыто говорил об этом, был также ясновидящим. Считающие его святым человеком люди приходят к его могиле и молятся, зажигают лучину, ночуют.
Исан ата
Аңыз бойынша Исан ата немесе Эхсан (Ихсан)- Шопан атаның үлкен баласы. Ал Исаннан Қаһарман (Кагерман немесе Қараман) ата деген бала болған деседі. Бұл әулие туралы басқа дерек сақталмаған. Тек бүгінгі Құрық кентінен бастысқа, құмды мүйіске қарай жүргендегі Ащысордың кезінде теңіз шығанағы болып, «Ишан Бектемір» деп аталғанын ескерсек, айтып отырған әулиеміздіңосы Ащысор-Құмдымүйіс өңірінде орналасқанын шамалап білуге болады. Бұған қосымша, Маңғыстау түбегінің Исан түбек, Қараған түбек, Бозашы түбегі деп үшке бөлінетінін де ескерген дұрыс.
Исан ата
По легендам, Исан ата или Эхсан (Ихсан)- старший сын Шопан ата. У Исана был сын Каһарман (Кагерман или Караман) ата. Про этого святого других сведений не сохранилось. Есть только информация, что западном направлении от месторождения Курык при Ащысор был залив, и он назывался «Ишан Бектемир». Святой жил в краю Ащысор-Кумдымуис. Кроме того, надо иметь ввиду, что полуостров Мангистау делится на части – полуостровы Исан, Караган, Бозашы.
Кентті баба
Таушықтың оңтүстік-батыс бағыьтында, Форт-Шевченкодан 56 км жерде, Қараған түбекпен шекаралас аймақтағы көне қорым. N044*27.777; Е050*59.687; Әулие туралы мәлімет жоқ. Кентті баба мен Сұлтанепенің арасы- жарты шақырым жер. Кентті баба мазары сол қорымдағы ескерткіш белгілердің бәрінен де айбарақты кесене ретінде алыстан көрінеді. Мазар күмбезді, төрт бұрышты, 1 бөлмелі құрылыс болып келеді. Бүгінде күмбезі құлап қалғанмен, әлі де сәлетті екені көрініп тұр. Жергілікті халық, кентті бабаны көнеден келе жатқан әулиелік деп қастерлейді.. кесенеге қарама-қарсы мешіт орналасқан. Оның қабырғасының биіктігі 1,20м тақта тас түріндегі михрабы бар, жоспары шеңберлі тас қаланды.
Кентти баба
Кладбище находится в 56 километрах на юго-запад от города Форт Шевченко, который N044*27.777; Е050*59.687; О его святом даре нет фактов. Кентти баба расположен в 500 метрах от местности Султанепе. Мавзолей Кентти баба отличается от других памятников, расположенных там, видны издалека. Сооружение состоит из одной комнаты квадратной формы с куполами. Даже несмотря на разрушенные купола, сооружение все равно смотрится красиво. Местные жители считают Кентти баба одной из древнейших святынь, напротив мавзолея есть мечеть высотой 1,20м. Это –постройка круглой формы из камней, во внутренней стене мечети есть ниша, сделанная из каменных досок.
Достарыңызбен бөлісу: |