Нәстілек Сәменбетов Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім (тарихи-шежірелік жинақ) Алматы – 2017 ж «Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім»



жүктеу 13,67 Mb.
бет1/49
Дата04.12.2017
өлшемі13,67 Mb.
#3122
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

Нәстілек Сәменбетов

Алғабас – ауылым

Малкелді – мекенім

(тарихи-шежірелік жинақ)

Алматы – 2017 ж

«Алғабас – ауылым

Малкелді – мекенім»

Н.Сәменбетұлы

«Алғабас – ауылым

Малкелді - мекенім»

(тарихи-шежірелік жинақ)

Н.Сәменбетов. – Алматы, 2017 ж.

432 бет+16 бет фотосуреттер.

Редакторы – Бақытөмір Шалғынбай – ҚР Бас редакторлар клубының мүшесі, журналист.

Теріп, беттеген – Әйгерім Ботаханқызы.

Корректоры – Айгүл Кеңесбекқызы.

Бірнеше бөлімнен тұратын бұл кітапта Аягөз ауданына қарасты Шұбартау өңірін, соның ішінде осыдан 300 жылдан астам бұрын келіп орналасқан Керей табының бірі – Жастабан руының шежіре тарихы, тарихи тұлғалары мен кейінгі Кеңес өкіметі жылдары мен тәуелсіздік алғаннан соңғы кезеңдегі тұрмыс-тіршілігі әңгімеленеді.

Кітап авторы тарихшы, шежіреші Нәстілек Сәменбетовтың ұзақ жылдар жинаған бұл еңбегі жас ұрпақ бойына ұлттық рухты сіңдіріп, отансүйгіштікке тәрбиелейтіні сөзсіз.



© Сәменбетұлы Н., 2017



Нәстілек Сәменбетұлы

Өмірдерек

Сәменбетұлы Нәстілек (Нәсіпбек) 1941 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы Киров атындағы колхозда «Үш бұлақ» деген жайлауда, қазіргі Байқошқар ауылында туған. 1949-1959 жылдары аралығында сол кездегі аудан орталығы Баршатастағы Киров атындағы орта мектепті оқып бітірді. 1959-1960 жылдары Семей облысы, Абай ауданының орталығы Қарауылдағы №113 механизация училищесін бітіріп, тракторист-машинист мамандығын алған. 1960-1961 жылдары туған ауылында механизатор болып істеді. 1961-1966 жылдары Алматыдағы қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының «Механизиция» факультетінде оқып, жоғарғы білім алып, инженер – механик мамандығын меңгерді. 1966 жылдың соңында оқу бітірген соң туған ауданына оралып, әр түрлі қызметтер атқарды. 1967-1969 жылдары «Горный» совхозында бас инженер, 1969-1973 жылдары аудандық ауыл шаруашылық басқармасында бас инженер, 1973-1977 жылдар аралығында аудандық «Казсельхозтехника» бірлестігінің меңгерушісі, 1977-1983 жылдары «Алғабас» совхозының директоры қызметтерін атқарды. Зейнеткерлікке шыққанға дейінгі аралықта осы шаруашылықта әр түрлі қызметтер атқарды (бригадир, директордың орынбасары, техника қауіпсіздігі жөнінде инженер және шеберхана меңгерушісі) Соңғы 18-20 жылда Малкелді ауылында ақсақалдар алқасының төрағасы қоғамдық жұмысын атқарды. Шежіре – «Жастабанның Жондағы Жобалай жұрты» - кітабын жазып жарыққа шығарушылардың бірі (авторлары: Жайық Мүсірұлы, Нәстілек Сәменбетұлы, Қайырбек Атығайұлы) 2009 ж. «Шұбартау көтерілісі» кітабының авторы (2011 жылы жарық көрген). «Алғабас –ауылым» «Малкелді – мекенім» - деген осы ауыл тарихы, бабалар сөзі және одағай әңгімелер мен сөздерден тұратын осы кітаптің авторы. Биыл, яғни, 2017 жылы жасы 76-да, өмірінің 40 жылы осы Малкелдіде өтіп келеді. Балалары: Айсұлу, Алуа, Нұртілек, Ернұр және Айнұр осы ауылда өсіп, оқып ер жетті. Анасы Бишан 90 жасында 1992 жылы, әйелі Ғалия – 54 жасында 1997 жылы осы ауылда өмірден өтті. Зираттары «Бектің басы» деп аталатын ата қонысында, «Үш өзек» қыстағынан төмен үш шақырым жерде, Баршатас – Қайнар тас жолының 11 – шақырымында. Қызым Айсұлу жоғары білімді мұғалім, күйеу баласы Берік екеуі осы Малкелдіде тұрады. Екінші қызы Алуа мен күйеу баласы Қайрат Алматыда, жоғары білімді кәсіпкерлер. Жиендері Ақмарал - студент, Ләйлә мен Алмат мектеп оқушылары. Үлкен ұлы Нұртілек пен келіні Эльмира, немерелері Айғаным және Әмір Семейде тұрады. Айғаным студент, Әмір оқушы. Нұртілек Семейдегі «Қаз Электро монтаж» мекемесінің директоры. Екінші ұлы Ернұр мен келіні Индира, немерелері Ернияз, Едіге бірге тұрады – осы Малкелдіде, «қара шаңырақ» иелері, арнаулы орта және жоғары білімді мамандар. Айнұр осы Малкелдіде туып – оқыған, жоғары білімді, Алматыда тұрады.




Алғы сөз
Ұрпағының қамын жеген ойланып...
Өткенді саралап, ойға алып, оның үлгі көріністерін әрі көркем әрі халықтың қарапайым, өз тілімен көпшілікке жеткізу оңай шаруа емес. Ол үшін терең ақыл, парасат пен ой-сана керек. Өре кеңдігі тағы бар. Осылардың бірі кемшін түсіп жатса, жазылған шығарма шалажансар күйінде дүниеге келіп, өмірі ұзаққа бармайды. Сондықтан да, тарихи-шежіре жазуға ілуде біреудің ғана батылы барады, қалам тербейді. Өйткені, көбіне ауызша айтылып, атадан балаға мұра, үлгі ретінде жеткізіліп келген шежірелер мен тарихи деректердің көптеген нұсқалары бар. Олардың денінің шығу тарихы біреу болғанымен, әркім өзінше өңдеп, бұрмалап жібергендіктен «нақты дәлі осы» деп дөп басып айту өте қиын. Оның үстіне ауызша да, жазбаша да деректерді салыстырып, шындыққа негізделгенін саралап, бір жүйеге түсіруге тіпті тарих зерттеушілері мен шежірешілердің өздері құлықсыз. Ол ол ма, «менікі ғана дұрыс, сенікі дұрыс емес...» деп біріне-бірі негізсіздеу айтысатындар кездесіп қалады.

Сондықтан да өзінің туған жері мен елі туралы ірі тарихи-шежірені ұзақ жылдар ерінбей-талмай жинақтап, баспаға ұсынған Алғабастық тарихшы ағамыз Нәстілек Сәменбетұлының еңбегі нағыз ерлік, әрі үлкен игілікті іс.

Жоғарыда «мұндай құнды дүниені кез-келген қаламгердің жаза алмайтындығын» айттым. Бір кездері ата тарих пен шежірені сары алтындай қастерлеп, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған ауылдың абыз қарияларының сарқыны – Нәстілектей адамды күллі Шұбартау –Аягөз өңірінен шаммен іздеп таба алмастай күнге жақындап келеміз бе деп те ойланамын.

Иә, ұлт бойына рух беретін, күні кешегі ата-бабамыздың қаны мен терінің арқасында мұра болып қалған ұлы дала қасиетін түсіндіріп, бойымызға отансүйгіштіктің жігерін құятын Нәстілек тектес ақсақалдарымызға көбірек қолдау болса ғой, қазақ халқы ұлттық рухын байытып, нағыз «мәңгілік ел» арманын баянды етер еді деп те ойлайсың.

Шұбартау өңірінің тарихын зерттеп, зерделеп жүргендер қатарында Клим Төлемісов (Семейде тұрады), Майдан Құрмашов, Нәзір Қарабалин (Баршатаста тұрады) сияқты ағалар мен бірқатар орта буын өкілдері бар.

Айғыз, Бақанас, Таңсық өңірінің шежіресін жинақтаған Бақанастық шежіреші қария Алман Кәрібаевтың «Аманат» атты қалың кітабын редакциялап, өңдеп, бастырып беріп едім. Бұл да Шұбартау өңірі тарихының үлкен бір бөлігі.

Ал, Нәстілек Сәменбетұлының қолдарыңыздағы «Алғабас - ауылым, Малкелді - мекенім» атты осы көлемді еңбегі де тек Малкелдіні мекендеген адамдар мен ел мен жердің тарихын қамтымайды, осы өңірді мекендеген үлкен бір рулы елдің тарихын қамтиды. Тарихтың әр кезеңіндегі өмір салтының көріністерінен сыр шертеді.

Бұл еңбекті оқи отырып, алғашқы бөлімдегі «Сөзі ұран, ісі өнеге бабалардың» күні кешегі Алтайдан Сырға сырғып, одан қайтадан (Жоңғар соғысының аяқ шенінде) ата-жұртқа көш түзеген Жобалай би мен Шақантай батырдың осы өңірге қоныстанып, өсіп-өнуінен, сол кездегі тұрмыс-салты мен талас –тартысынан көріністер береді.

Шығарманы оқып отырып, бейне бір тарихи кино көріп отырғандай боласың. Өйткені, автор әр кезеңдегі ата-баба әрекетін туған жерсу көрінісімен, қасиетімен ұштастыра білген. Жай ғана халық тілімен қазақи әдет-ғұрып, тұрмыс-тірлікті суреттей баяндаған. Шығарманың бүкіл өне бойында жалаң сөйлеу, жалған мақтан жоқ. Расында да сценарий жазатын кинорежиссер болса бұл бір сюжеті жеңіл жазылған дайын киноэпопея дерсің.

Нәстілек ағаның мамандығы инженер-агроном болғанымен жан дүниесінде жазушылық, ақындық дарынымен ұлтжанды жүрегін ұштастыра білген қасиеті бар адам. Сондықтан да, ол бала кезінен тарих пен шежіреге, ата-баба мұрасын қастерлеуге бейім, сол құдіреттерді бойына жинай білген тарихшы-қаламгер. Оны шығармашылық жолға осы қасиеттері, әсіресе ұлтжандылығы алып келгені шығарманың өне бойынан сезіліп тұр. Оған бір мысал: Бала кезінде қазақтың данагөй ақыны, ірі тұлғасы Шәкәрім қажының мекенінде жайлауда болғандығы, оның мұраларына ден қоюы, қызығуынан кейіннен, есейгенде әдейілеп сол жерді іздеп барып, таңбалы тасты таба алмай өкінуінен де көрініп тұр.

Абайдың шәкірті Уәйіс ақынның шығармалары мен мұраларын сонау қызыл империя кезінде іздеп, жинақтауы сияқты ізгі істері жазушының кісілік келбетін ашып, жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ата-баба рухын сыйлау сезімін оятады.

Мен қалам ұстай жүріп, талай-талай шежіре қариялардың, былайғы қаламгерлердің шығармаларын редакцияладым. Талайымен шамам келгенше жақын таныстым. Тарихи шежіре не естелік жазушылардың кейбіреулерінде тарихи оқиғалар мен ерлік істерді өзінің ата-бабасына әділетсіз бұрмалаушылық, рушылдық сарын сезіліп жатады. Ал, енді біреулері тіпті болмаған оқиғаны болдыға балап жібереді, лиро-эпостық, тіпті эпостық сарынмен жазылғандары да бар. Енді біреулері өзге руды, не елді кемсітіп, өз атасын көтеріп жатады. Тарихи шындықтан алшақтап, өмір көрінісін орынсыз боямалайды.

Шежіре-тарихты – өз атасын асыра мақтауға жол берген талай рушылдармен келіспей орынсыз сөз естігенім де, әділетсіз сынға ұшыраған кезім де болды. Ал мына Нәстілек ағаның шығармасынан ондай сарын сезілмейді. Өз білгенін, естіген, көргендерін жинақтап, көп оқып, ізденіп, әр үлгісін саралағаны танылады.

Тұтас үш ғасырдағы бірнеше замана дауылдарына сол кезеңдерге байланысты әділетті баға береді. Кейбіреулердің кібіртіктеп айта алмай, айналып өткен жерлерін тура айтып салады. Боямасыз суреттейді.


***

Автор осыдан бұрын да бұл шығарманың шағын көлемдегі нұсқасын шағын тиражбен кітап етіп таратқан көрінеді. Көптеген аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда зерттеу, тарихи мақалалары жарық көрген Нәстілек Сәменбетұлының «Шұбартау көтерілісін» батыл зерттеуі, Кеңес өкіметі кезінде жасырылып, теріс суреттеліп, айтылмай келген ақтаңдақтарды сол Кеңес заманының өзінде ештеңеден қаймықпай зерттеуі, ол мәселенің әділін айтып шырылдауы үлкен ерлік болатын.

Туған жерге, өскен елге, ата-баба рухына деген сүйіспеншілігінің алғашқы көрінісі осы «Шұбартау көтерілісін» ақтап, сорғалата шындықты айтып, сол еңбектерін баспасөздерде жариялауы – әлі әділ бағасын ала алмай келе жатқан ерлік іс. Осының нәтижесінде 2011 жылы «Шұбартау көтерілісі» атты кітабы жарық көріп, сол кітап көптеген ғалымдарға осы оқиғаны зерттеп, зерделеуге негіз болғаны кешегі жазықсыз жазалы болып, атылып, айдалып кеткен арыстардың халық үшін жан бергенін ашып айтқаны, кімді де болса риза етіп, кешегі Кеңес билігінің өз бауырын өзіне жау қылып көрсеткен жымысқы саясатының күл-талқан болуына үлкен үлес қосқан.

Иә, айта берсе Шұбартаудан шыққан шұғылалы ағамыз туралы жылы лебіз баршылық. Оны шын ниетімізбен, адал жүрекпен ақтара беруге болады. Біз тек қаламдас емес, жақсы іске тілектес жандардың біріміз.

Жақсы іс қолдаусыз жүзеге аспайды. Осы тұрғыда Шұбартаулық кейбір ақжүрек қалталы азаматтардың ұлтшылдығына риза болам. Амал қанша, ондайлар аз. Ал кейбір қалтасын қампайтуды ғана ойлап, бір күндік байлығына масайып, ақыры халыққа жек көрінішті болып жүрген байлар бір сәт өздерінің ізгі ниетті бауырларына қарап түзеліп, осындай игілікті істі қолдап, Нәстілек сияқты некен-саяқ ағаларының көпке пайдасы тиетін, жастарға жалын, жігер беретін еңбектеріне демеушілік жасап, оны көптеп елге таратса, осы иен даланы мұра етіп қалдырған ата-баба рухы да, сол елі мен жерінің қадыр-қасиетін ұғынып, қуаттанған ұрпақ та алғыс айтып, Алла тағала ісіне береке жаудырар еді.

Әрине, «мұндай іске қолдау керек» деп текке айтып отырған жоқпын. Қолдап жүрген ақжүрек азаматтар да баршылық. Олардың арасында бүгін аудан мәслихатының хатшысы болып отырған Сейілбек Әбиірұлы Ысқақов (Талтүс бидің ұрпағы), Қайрат Мейрашов, Дәулетқали Аяпбергенов және өзгелері бар. Ал осы кітаптың жарық көруіне демеушілік жасаған Малкелдіден шыққан кәсіпкер Ардақ Сайлауғалиұлы Суықбаевтың кісілігіне тек автор ғана емес, көпшілік дән риза.

Бұл өңірден шыққан кейбір кәсіпкерлердің дүние байлығы Ардақты он орап кетеді. Олардың құлақтарына алтын сырға. Алда намыстары оянып, ағаларының аса маңызды еңбегін тағы да толықтырып, көп тиражбен елге таратуға мұрындық болсын деген тілек біздікі.

Кітап редакторы

Бақытөмір Шалғынбай,

жазушы-журналист.

І-бөлім
Сөзі ұран, ісі өнеге бабалардың

Нәстілек Сәменбетұлы
Шежіре
Сөзі ұран, ісі өнеге бабалардың

Жастабан Керейдің Бегімбеттен тарайтын Бекназар-Қосай ұрпақтары.


1.Жобалай би

2.Шақантай батыр

3.Байқотан би

4.Томан би

5.Ноғасбай балуан

6.Бегеш шешен

7.Ер Самалдық

8.Керей Уәйіс ақын

9.Халық ақыны-Кәкім

10.Халық ақыны-Төлеу Көбдіков.


Сөзі ұран, ісі өнеге бабалардың
Семей облысы, Шұбартау ауданының Қосағаш селосындағы Қарауыл төбе басында Жастабан Керейдің төл тумалары, аруақты аталарымыз Шақантай батыр мен Жобалай, Байғотан билерді еске алу күндері өткізіліп, олардың өшпес рухтарына бағышталған ас беру рәсімі ұйымдастырылды. (30-31-шілде, 1993 жылы). Осыған орай, аудандық «Шұбартау шұғыласы» газетінде (№30 29-шілде, 1993 жылы) мақалам жарияланды.

Осы мақала аудан әкімі Темірбек Баяхметбаевтың осы аста жасаған баяндамасына да («Шұбартау шұғыласы» газетінің бір нөмірінде басылды) және «Семей таңы» газетінде Мерғали Ибраевтың «Үш даңғыл» деген мақаласына да арқау болып, қайта жарияланды.

Осы жазғандарға қосымша Бабаң (Байғотан) туралы одан кейін табылған әңгімелерді де қостым. (Шәйкен Кәріпбаев ақсақалдың баласы Мақсұтбек Шәйкеновтен жазғызып алдым, аңыз сарындас екі-үш оқиға айтылады). Ал Жобалай би мен Шақантай батыр туралы аңыз әңгімелерд,і ел ақсақалдарынан естігендерімді қосымша қағазға түсіріп, өз ойларымды қостым.

Томан би туралы деректер өте аз. Тек ел аузында ғана аздаған әңгімелер сақталған. Томан би ұрпақтары Аягөз өңірінде тұрады.

Ноғасбай балуан туралы аталарымыз Мағауия Құрымбайұлы мен Кәкім Оңдасынұлы ақсақалдардан естігенімді жаздым. Ноғасбай-ХVІІІ-ғасырда Керей Байғотан би мен Тобықты Өскенбай би заманында өмір сүрген адам. Мен ертеректе аудандық газетте Тобықты Құнанбай қажы заманында болған балуан адам деп те жазыппын. Аңыз әңгіме айтушылар атақты адамдарды әр заманға, әртүрлі даңқты адамдарға теліп айта береді де, кейін ел ішінде де нешетүрлі болып айтылады.

Бегеш шешен туралы деректерді толық өзім жинақтадым. Газет немесе журнал беттерінде, кітаптарда жазылғандарды да қостым. Бегеш ұрпақтарымен 2000 жылы Бегеш зираты қайта жаңартылып қаланғанда ас беріліп, құран бағышталған күні таныстым. Талас пен Манас сол жерде, бабаларының басына түнеп, өте риза болып қайтып еді.

Самалдық туралы жазуыма Талдықорғанда тұратын ағайын Өкітай Ахметұлының маған жазған хаты себеп болды.

Ал, Уәйіс пен Кәкім туралы жазуды өзіме парыз санадым. Уәйіс-нағашым, Кәкім-аталас туысым және Кәкім ақынды көзіміз көрді, әңгімесін көп тыңдадым, естеліктері мен өлеңдерін естідім.

Жалпы Бекназар-Қосайдан атақты адамдар көп шыққан. Оның бәрін жазып шығу үшін менің қолымда дерек те жоқ, оның үстіне бұл күнде бабалар туралы айтатын қарттар да сиреді. Енді өзіміз «ақсақал» болып, ұрпаққа ақыл айтар жасқа келгенде осы білетіндерім мен жинағандарымды қағазға түсіріп, келер ұрпаққа жеткізуді жөн көрдім.

Қазақстан тәуелсіздігінің он жылдығы қарсаңында жинақтаған еңбегімді он бес жылдан астам уақыт ретке келтіріп, еліміздің тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрі мен ұлт құндылықтарын ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде ұсынып отырмын.



Нәстілек Сәменбетұлы,

1993-2000 жылдар

аралығында жазылған.


Жобалай би

(1700-1770)
Шежіреде көрсетілгендей Керей Жастабаннан Сарытоқай, Сарбас, Бегімбет туады. Бегімбеттен Бекназар, Қосай, Қосайдан Еламан, Жоламан (Жолымбет), Жолай, Рысбетек, Құдыке туады.

Рысбетектің Қысбике деген әйелінен:

Байжігіт, Байсейіт, Майемер туады,

Байсейіттен: Құттыберлі, Қарабай, Қазанқап, Жобалай, Шерміш, Құрмысы туады.

Жобалайдан: (4 әйел алған) алты ұл: Марқа, Жиде, Тасыбай, Татан, Сүттібай, Жапал туады.

Міне, Жобалай бидің ұрпақтары осылай тарайды. Туған жылы мен қайтыс болған жылдарын «Жұлдыз» журналының №1, 2000 жылы шыққан санында «Ер Жәнібек» тарихи романында көрсетілген дерек бойынша жаздым, авторы қытайдағы туысымыз, жазушы Шәміс Құмар.

Жобалайдың әкесі Байсейіт ел билеген екен. Тіпті, Байсейіт туралы орыс архивінде атақты классик жазушы жерлесіміз Мұхтар Мағауин «1740 жылдары Байсейіт би қасында Алыбай батыр мен Жанбай билер бар Ресей патшалығына келісім үшін барғандары туралы жазылған деректердің бар екенін» айтады. Алыбай мен Жанбай Бекназардың Қожагелді табынан шыққан батыр-билері болған.

Көп жылдар Шұбартау ауданында шаруашылық басшысы, партия, совет қызметтерінде істеген Біліс Кәрімбекұлы Оспановтың айтуы бойынша Байсейіт бидің зираты Балхаш көлінің жиегінде құмның бойында болса керек. Жергілікті халық «Байсейіт түбегі», «Байсейіт зираты»-деп атайтын көрінеді.

Журналист ағамыз Айтқали Кененбаев «Анығын білмесең, ақиқатын жаза алмайсың»-деген шежіре мақаласында Жобалай би туралы былай деп жазады: «Жобалай Байсейітұлы Алтай керейлері Шұбартау жеріне қоныстанғаннан кейінгі тұңғыш би. Ол 12 жасында бала би атанған. Жобалай 1760 жылы Алтайдағы он екі Абақ керейден осы күнгі құтты мекен-жайымыз Дағанды, Бақанас, Құр, Қорық, Малгелді, Сары және Қусақ өзендерінің бойына елді бастап әкеліп, қоныстандырады. Бұл жерді Жобалайға сол кездегі Арғынның арқа сүйер атақты билерінің бірі, Тобықты, оның ішінде Назардан шыққан Шәкі билер сыйлаған. Бұл бір ұзақ әңгіме. Елдің Бақанасқа қоныстануы мен жондағы Жобалай би туралы жеке естеліктермен бірнеше кітап жазуға да болар еді. «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйінін» айтқанда бұл елді қара қылды қақ жарған сол бала бидің құрметіне «Жондағы Жобалай керейі» - деп атаған. Күні бүгінге дейін қазақ халқының ұлыстары оны «Жондағы Жобалай би» деп атайды.

Біреу Шұбартау керейінен жөн сұрап:

-Қай елсің?-десе, жөн білетіндер:

-Жондағы Жобалай керейінің Жастабанымын,-деп жауап берер еді.

Бүгінгі күнге осы Жастабан Керей Бегімбеттің ұраны да-Жобалай. Думанды тойларда күреске түскен балуандары да, ат бәйгесінде, кейде тіпті қысылшаң шақта «Жобалайлап» ұран да шақырады.

Жобалайдың зираты Дағанды өзенінің Бақанасқа құйылысынан жоғары Мәдениет ауылына қарасты жерде, құйма кірпіштен құйып қалаған недәуір биік, шошақ зират. Зиратты бидің ұрпақтарының бірі, орысша оқыған, патша заманында білімді, мал дәрігері, сегіз жыл Дағанды болысы болған Бейсембай Тойсарыұлы 1925 жылы қайта жаңғыртып, жаңадан салдырған.

Күмбездің алдындағы аумақты құлпытасты Бейсембай 1914 жылы Қазан қаласында дайындатып, Бидің басына әдейілеп ат-арбамен әкеліп орнатқан. Құлпытаста көне араб әрпімен әшекейлетіп жаздырған әдемі де көрнекті жазу бар. Бұл құлпы тастағы жазудың қиындығы сол, кез-келген молдалар мен сопылар және арабша сауаты бар адамдар танып оқи алмайды. Оны дәлме-дәл оқу үшін бірнеше көне араб әріптерінің түрін тани білетін жүйрік машқұр адамдар қажет. Осыған орай, осы ел оқи алмай жүрген құлпытастағы Бейсембай жаздырған жазуды Қазақ ССР Ғылым академиясының қызметкері, доктор, профессор, этнограф-ғалым, марқұм Ғайниден Мұсабаев, қасында шәкірті, ғылым кандидаты (кейінде ғылым докторы) Әсет Болғанбаев бар, 1976 жылы үшінші тамыз күні біздің Шұбартау ауданына келген сапарында арабшадан аударып оқыған.

Ол мынау:

«1925 жыл

Нәсілі-қазақ.

Діні-ислам.

Руы-керей.

Бекназар, Қосай екеу еді.

Бұлар 1760 жылы Қытай Алтайынан келіп едік.

Келгенде 200-дей үй едік.

Кейінде 3000-дай үй болдық.

Бақанас өзені жайлы қоныс екен.

«Атыма тай бер,

Тайыма қой бер.

Қой болар, қозы болар,

Келер жылы ізі болар».

Біздің Шұбартауды мекендеген Керейлер үшін осы Жобалай бидің зиратына орнатылған тастағы жазудың зор тарихи маңызы бар.

Бұл тас 1925 жылы орнатылған, яғни Бейсембай қайта қалатып салдырған саз кесектен өрілген күмбездің соғылған жылы. Бұрын тастан қаланған төрт құлақты бейіт қана болған.

«Нәсілі-қазақ», яғни ұлтының қазақ екендігі, «Діні-ислам» дінінің мұсылман екендігін жазса, Руын керей деп ашып жазған. Бекназар, Қосай екі тайпа ел 1760 жылы Қытай Алтайынан келсе, алғашқы келгенде 200 дей түтін болғанын, ал 1925 жылдары 3000 түтін болып елінің өскенін көрсетеді.

Осы тастағы жазу атақты керей Уәйіс ақынның ең соңғы «Елімен қоштасу» өлеңіне де арқау болған:

«Бекназар, Қосайменен елім едің,

Бақанас кіндік кескен жерім едің.

Алдартқан ағайынның арасынан,

Шыңғысқа аз өкпемен келіп едім»-деп жазса, осы өлеңінде сол кездегі Бекназар, Қосайдың басшысы болған, Дағандының болысы Бейсембай Тойсарыұлын да қосады:

Ғизатлу сәлем!

Қолға алдым қалам.

Ардақты асыл,

Бейсембай аға!

3000 үй керей,

Ешкімді сізге

Қылмаймын баға!-деп, Бейсекеңді үлкен құрметпен еске алады. Ал, осы тастағы, «Бақанас өзені жайлы қоныс екен»-деген сөз де тегін жазылмаған. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламадан»-кейінгі жойылып кетуге аз-ақ қалған бір тайпа ел осы Бақанас өзенінің бойын қоныстанғанда 200-дей үйден небары 150-160 жыл мөлшерінде 3000 үй болып өсуі шұрайлы жерге, құтты қонысқа риза болғандықтан жазылса керек.

Бақанас өзенінің шұрайлы жері осылай бір рулы елді Жоңғар шапқыншылығынан кейін сақтап қалса, 1931-1932 жылдардағы ашаршылықтан кейін де бұрынғы Шұбартау, Дағанды екі болыс, немесе Керей-Төлеңгіт екі рулы елдің, Шұбартау ауданын құраған халқының жойылып кетпей, қайта аудан болып құрылып, осы өлкеге Жорғадан көшіп келіп қоныстанып, Бақанастың қалың тоғайы баспанасына жабдық пен отын, суындағы балығы тамақ, жеміс-жидегі азық болғандығын бүгінгі көзі тірі қарттарымыз аңыз қылып айтып отырады.

Жобалай бидің бізге жеткен өсиет билігінде осы тастағы соңғы жолы «Ақырында ізі болар»-деп жазылса,ел ауызында «Келер жылы өзі болар»-деп айтылады. Негізінде жоғарыда аттары келтірілген екі ғалымдарымыздың оқығаны дұрыс болар.

«Жобалай би айтты» деген» Жұмаханов Берікбол шежіреші ақсақал жазып қалдырған, бізге жеткені мына сөз:

Жобалай би қандай сиез, жиын, бас қосулар даулы, егер іс болса, ол жиынды төрт бәйбішенің бірінің үйінде өткіз дейді екен.

Олар: Жекеш; Айымжан; Қазына; Мақпал.

1.Жекеш-Боқымбеттің әйелі, Сарыбайдың келіні. Боқымбет өлген соң Жантемірге қосады. «Жантемір ұрпақсыз қалады, маған қарамасын. Маған Қызыр түсімде тас құшақтатқан. Менен бала тумайды»-деген екен. (Бала тумапты).

2.Айымжан-Бабаңның (Байғотанның) немере келіні, Нұрбайдың әйелі, Қорықбектің шешесі.

3.Қазына-Нұралының бәйбішесі.

4.Мақпал-Ашанның әйелі. Көрпебай, Төлендінің шешесі. Еламан (Қасқа)-Дүйсеке-Кенжебай-Ашан.

Бұлар:


«Үзілгенін-септейді,

Тозғанын-ептейді,

Ортасын-толтырады,

Кемін-толықтырады,

Артығын-алады,

Қиюын орынына әкеп салады»-дейді екен.

Ел ауызында тағы бір сөз: -Жобалай би Қаздауысты Қазыбек биге үш сауал қояды.

1.Ел ішінде жау келсе, жауға шабар батырымның бетін қақпасын.

2.Ұлы дүбір той болса, бәйгеге қосар атымның бетін қақпасын.

3.Ел намысын қорғайтын балуаным менен ақынымның бетін қақпасын.

Болмаса Қазыбек би тұрысатын жерін айтсын. Бір ұлы дүбір Арғын елінің тойында «Керейдің атын бәйгеге Қазыбек қосқызбапты» - деген сөз шыққанда Жобекеңнің айтқаны екен.

Қасиетті бабамыз Жобалай тілек тілеп, бата сұрап сыйына барған ұрпақтарына:

«Арман-тілектерің тез орындалсын десеңдер Шақантайға, ұзағынан сүйіндірсін десеңдер маған және Байғотанға сыйыныңдар»-деген екен, жарықтық! Осы бір атаның аруақты сөзін ұрпақтары бүгінде бой тұмардай сақтап келеді.

Жобалай бидің зираты үш рет жаңғыртылып салынған. Алғашқы төрт бұрышты тастан қаланған зират өзі қайтыс болғаннан кейін соғылған, ал екінші рет жоғарыда көрсетілгендей 1925 жылы ұрпағы Бейсембайдың басшылығымен руы төлеңгіт Естібай деген шебердің қалауымен саз кесектен өрілген биік, еңселі күмбез соғылған. Үшінші рет 2000 жылы жаз айында Еркеғали Рахмадиев, Жайық Мүсіров ағаларымыздың бастауымен, Шұбартаудан Барболсын Жампозбаев, Қайырбек Атығаев інілеріміздің тікелей басшылығымен және Амангелді Мұқаханов, Төлен Тоқтасынов сияқты қалталы азаматтардың қаржылай көмегімен Мәдениет ауылының халқының ат салысып, жұмыс істегендерінің арқасында ақ кірпіштен әшекейленіп, кең де еңселі күмбез тұрғызылып, құран бағышталып, ас берілді. Бұл ел еңсесін көтерген үлкен іс болды.

Осы Жобалай биге берілген асқа Қазақстанның түпкір-түпкірінен, 1931-1932 жылғы ашаршылықта жан-жаққа босып кеткен Бекназар-Қосай ұрпақтары, бидің басқа қалаларда тұратын тікелей ұрпақтары және Шұбартаудың әр ауылынан келген адамдарда есеп болған жоқ. Мәдениет ауылының халқы 20-25-тей кигіз үй тігіп, мал сойылып, тек аламан бәйгенің өзіне 100-ден артық ат қосылды. Балуан күрес, т.б.ұлт ойындары өткізілді.

Асқа Алматыдан арнайы келген, жасы 80-ге таяп қалған «Қазақстанның халық әртісі» Бекен Жылысбаев, жасы 70-ке толған мемлекет-қоғам қайраткері, атақты сазгер Еркеғали Рахмадиев және жасы 60-қа осы жылы толған атақты классик-ұлы жазушы Мұхтар Мағауин ағаларымыздың келіп, халық алдында бабаларымыз туралы сөз сөйлеп, үлгі-өнеге көрсеткендеріне ел риза болды. Осы үш арыс ағаларымыз Шақантай бабамыздың күмбезі 1993 жылы тұрғызылып, ас берілгенде, Бабаңа (Байғотан би) мазар соғылып, 1998 жылы ас берілгенде де қатынасып, ат салысқан еді, Бабалар аруағы қолдасын!

Жобалай бидің асына Алматы, Талдықорған, Семей, Балқаш қалаларынан, Саяқтан, Аягөзден көптеген ағайын-бауырлар, осы Шұбартау елінің, Жобалай керейінің ұрпақтарымыз-деген адамдар көп жиналды.

Кешегі совет заманында Семейде облыс, Абай мен Шұбартауда аудан басшылары болып, партия-совет қызметінде істеген Хафиз Матаев, Нәсен Ибраев және Бәттәш Сыдықов сынды ақсақалдардың осы асқа қатынасып, халықпен кездесулері есте қаларлықтай оқиға болды.

Келген қонақтарға, бидің күмбезін салуға ат салысқан азаматтарға ат міңгізіліп, шапан жабылып, сый-сияпат көрсетілді.

Жобалайдай би өткен,

Жобалап билік айтатын.

Дауласып келген ағайын,

Риза болып қайтатын.

«Атыма-тай бер,

Тайыма – қой бер,

Қой болар, қозы болар,



Келер жылы өзі болар»-деп өсиет айтатын.

Шақантай батыр

(1706-1793)
Алтай тауын мекендеген керейлердің бір тармағы Жастабаннан Сарбас, Сартоқай, Бегімбет тарап, одан Бекназар, Қосай деген екі ұл туады. Бекназардан: Қожагелді, Құдайберді, Қойлыбай, Жәдігер туады.Құдайбердіден Жауғашар, Майбасар деген екі ұл туған. Майбасардан Матақ туады. Жауғашарұлы Шақантай 1706 жылы Алтай тауының Сауыр деген жерінде туған. Руы Жастабан Абақ керей. Жоңғарлармен болған соғыста туыстармен бірге Сыр бойына өткен. Ал, Сыр бойынан қайтқанда биі Жобалай, батыры Шақантай 200 үй керей келіп, Алтай тауына қайтадан бармай Бақанас өзенінің бойында мекендеп қалған. 1926 жылғы санақ бойынша Дағанды болысында 3000 үй болған. Бұлар тек қана Бекназар-Қосайдан тараған керейлер. Шақантайдың, Матақтың және олардың ұрпақтарының бейіті Қосағаш ауылында Қарауыл төбеде – оны «Бас Қарауыл» - деп атайды, киелі, қасиетті жер болып есептеледі.

Шақантайдың әкесі Жауғашар (шын аты – Алшаң) әлді, ауқатты және бай адам болған. Шақантайдың жеті жасында әкесі қайтыс болған. Жауғашар қайтыс болған соң Матақтың ағайындары жақсы аттары болса мініп, малдарын пайдаланып маза бермеген көрінеді. Күндестік өрбіп, Шақантайға қыр көрсете бастаған. Шақантайдың бір биеден тел туған, түсі бірдей екі жирен аты болған. Үлкендердің болжамы бойынша осы екеуін жақсы ат болады деп мәпелеп, биенің сүтімен асырап, ешкімге мінгізбей өсіреді. Жас жігіттер осы екі атқа да қызыға бастаған. Шақантайдың үш апасы болған. Үлкен апасы Малдыбай аталығының әлді, атақты Қожабек деген адамына әйел болған. Сол апайы күйеуі Қожабекке ел көзіне түсе берген екі жирен атты беріп, Шақантайды он бір жасында найман елінің Қаракерей руына, Алакөл маңына жіберген. Онда Шақантайдың нағашысы Мәмбеттен тараған Қожағұл аталығының ұрпақтары тұрады екен. Сол жақта нағашысында жүргенде ауыл төрелері жиналып, бір кигіз үйде жаңа сойылған тайдың жас етін жеп, қымыз ішіп, әңгімені қыздыра түсіп отырады. Сонда үйдің сыртында жүрген Шақантай мен Қожабек жабықтан сығалап қарайды. Шақантай айтады: «Ай, шіркін-ай, аталының ауызы ойнар, атасыз біздей жетімнің көзі жайнар» - депті. Соны естіген төрелер «бұл кім» деп сұрасып, бір жігіттен жеп отырған еттерінен, қымызынан беріп жібереді. Шақантай сонда берген жаяның етін екі үш толғап, шайнап тез жұтып қойған екен. Төрелер далаға шығып аттарды көреді де Шақантай мен Қожабектен «Таяуда осында бір байдың жалғыз қызы ұзатылады, орта жүзден көп ат қосатын үлкен той болады, соған аттарыңды қосасыңдар ма» - деп сұрайды. Екеуі атымызды қосамыз деп, осы ауылда тұратын жерлерін айтып, төрелермен келіседі. Шақантай сол ауылдағы нағашыларымен ақылдасып, аттарды бәйгеге қосуға әзірлейді. Нағашыларының айтуы бойынша Шақантайдың әкесінің тірі кезінде осы байдың Жаңыл атты жалғыз қызын Шақантайға бермекші болған екен. Шақантайдың әкесі өлген соң, байдың қызына көп адам құда түсе бастайды. Жаңылдың әкесі «Мен қызымды той жасап беремін. Ат жарысы болады, сонда кімнің аты озып келсе, жалғыз қызымды соған ғана беремін» - деп серт қояды. Көп ұзамай ат жарысы, бәйге болады. Жарысқа қосылған жүзден аса аттардан екі тел жирен ерекше озып келеді. Атқа шапқан екі бала: «Шақантай! Шақантай!» - деп ұрандап, қалың топты қақ жарып өте шығады. Жиналған көпшілік Шақантайдың кім екенін сонда біледі. Келісім бойынша аттың бәйгесін тоғыз – тоғыздан Шақантай мен Қожабекке береді. Ат бәйгесін алып, Шақантай мен Қожабек Жаңылдың әкесінің үйіне, қайын жұртына түседі. Қыздың әкесі уәделі күні 30 күн ойын, 40 күн тойын жасап жалғыз қызды Шақантайға береді. Отыз түйеге жасауын артып, Жаңылға қоса Еңке бастаған жеті қызды түйемен қосып жібереді. Бұл қыздар қалмақтан, шапқыншылықтан түскен екен. Шақантай Жаңылды 13 жасында алған. Жаңыл ақылды адам болған. Кейінде Жаңыл Шақантайға айтыпты: «Батырым, бір атадан жалғыз екенсің, үйірде байтал көп болса, құлын көп болады – деген сөз бар. Осы маған еріп келген жеті қызға да ие болып, әйелдікке ал» - депті. Айтқанындай Шақантай Жаңылмен бірге келген Еңке бастаған жеті қызды да алады. Шақантайдың барлығы он үш әйелі болған. Бәйбішесі – Жаңыл, тоқалы – Еңке. Шақаң әлді, сері, батыр адам болыпты. Бақанас өзенінің бойын мекендеген. Он үш әйелден тараған 22 еркек баласы 22 ауыл болған. Шақантай көп адаммен жүріп серуендеуді, аңшылық және саятты жақсы көрген. Бірнеше бәйге ат ұстаған. Қазақ – Қалмақ соғыснда Қаракерей Қабанбай, Керей Ер Жәнібек батырлармен бірге бірнеше ұрыстарға қатысқан. Бұл Шақаң туралы тарихи деректерді көне көз қариялардың бірі Уәсіл Тоқажанұлы Сатаев ағамыз да кезінде нақтылай жазып, жергілікті баспасөз беттерінде жариялады. Семейлік жерлес ақын Қалихан Алтынбаев өзінің «Ақырғы айқас» деген дастанында қазақ- жоңғар шайқастарын баяндай келіп, үш жүзден шыққан батырлар туралы былай деп жазған:

Аягөзден асқан соң,

Тарбағатай көрінеді.

Есі қалмақ сасқан соң,

Екіге жоңғар бөлінеді.

Бірінші топтың барғаны,

«Тоқта Барлық» аңғары.

Қашқан ойрат артынан,

Асатұғын халқынан.

Қарт Бөгенбай қалмады,

Қалатұғын болмады.

Тетелесі Жантай бар,

Тоқтамыс пен Мамай бар.

Көмек беріп қолдады,

Жалайырлық Жоламан,

Жеткен екен ол-дағы.

Серейген биік бақандай,

Керейден шыққан Шақантай.

Сынған жерде найзасы,

Біткен жерде айласы,

Өсіп тұрған теректі,

Жұлып алып толғады.



Шақаңның ерлігі, батырлығы жөнінде аңыз әңгімелер аз болмаған. Өкінішке орай, олардың көпшілігі әлі де зерттелмей, зерделенбей келеді. Бір сөзбен айтқанда, ол халқына қорған, жеріне қалқан болған қабырғалы тұлғалардың бірі.

жүктеу 13,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау