Сабақтың мақсаттары



жүктеу 90,06 Kb.
Дата28.11.2017
өлшемі90,06 Kb.
#2185
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Отан соғысы

Сыныбы: 9 сынып

Сабақтың мақсаттары:


  1. Білімдік: Ұлы Отан соғысының қорытындыларын, барысын түсіндіру, Ұлы Жеңіс. Ұлы Отан соғысының ІІ Дүниежүзілік соғыстағы орны. Соғыстың нәтижелері. Соғыс шығындары мен зардаптары, зияндары, әлемнің саяси картасы, ондағы өзгерістер. Кеңес халқы. Қазақ жұртының Жеңіске қосқан ұлесі. Қазақ батырлары. КСРО-ның халықаралық жағдайы. Ерен еңбек. Тыл.

  2. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын қорғауға, елін, жерін, халқын сүюге, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың зейіні мен зердесін, шығармашылық потенциялын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:

  • Схема: «Дүниежүзілік соғыс»;

  • Карта: «Дүние жүзінің саяси картасы»;

  • Деңгейлі тапсырмалар картасы;

  • Суреттер; Қолбасылар, майдангерлер, соғыстағы ахуал туралы суреттер;

  • Кесте: «Екінші дүние жүзілік және Ұлы Отан соғысы қорытындылары»;

Қосымша материал:

  • «История России». 9 кл. 2002г.

  • «Триумф и трагедия». Авторы: Д.Волкогонов;

  • «Қанмен жазылған кітап». Автор: Б.Момышұлы;

Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру;

Сабақтың әдісі:



  • Деңгейлі тапсырмалармен жұмыс;

  • Шығармашылық тапсырмалармен жұмыс;

  • Түсіндіру, схема,кестелермен жұмыс;

Пәнаралық байланыс:

  • Саз, қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері;

Сабақтың жоспары:

1.Ұлы Отан соғысы. 2.Екінші дүниежүзілік соғыс барысы. 3.Ұлы Отан соғысының барысы, негізгі шайқастар, қорытындылары. 4.Екінші дүниежүзілік соғыс қорытындылары. 5.Ұлы Жеңіс. Халық ерлігі. Ерен еңбек. Ұлттық батырлар.



Оқушы біліктілігін сынау:

  • Оқушы біліктілігін сынау 15 сұрақтан тест жүргізу арқылы қысқаша тексеріледі.

  1. Молотов-Риббентроп пактісі КСРО мен Германия арасында неше жылға дейін соғыспау туралы келісімді жасады?

А. 10 жыл Б. 12 жыл В. 8 жыл В. 15 жыл

  1. Герман әскері Польшаға қашан басып кірді?

А. 1939ж. 19 қараша Б. 1939ж. 1 қыркүйек

В. 1941 ж. 22 маусым Г. 1938ж. 6 желтоқсан



  1. 1938 жылы наурызда қай елді Германия өзіне қосып алды?

А. Польша Б. Италия В. Австрия Г. Чехосовакия

  1. Екінші дүниежүзілік соғыс неше үлкен кезеңге бөлінді?

А. 3 Б. 4 В. 2 Г. 5

  1. Екінші дүниежүзілік соғысқа неше мемлекет қатысты?

А. 57 Б. 41 В. 59 Г. 61

  1. Екінші дүниежүзілік соғыс неше жылға созылды?

А. 5 Б. 6 В. 7 Г. 4

  1. Германияның «Вайс» атты жоспары қай елді жаулап алуға бағытталған?

А. Польша Б. Чехословакия В. Югославия Г. Румыния

  1. 1940 ж. 10 мамырда мына елдердің қайсысын Германия соғыс жарияламастан басып алды?

А. Венгрия Б. Польша В. Греция Г. Бельгия

  1. «Болат пакт» деген әскери-саяси блокты қай елдер құрды?

А. КСРО, АҚШ, Англия Б. Жапония, Италия, Германия

В. Франция, Англия, Чехия Г. Венгрия, Румыния, Италия



  1. Мына елдердің қайсысы Германия жағына шықты?

А. Франция Б. АҚШ В. Болгария Г. Египет

  1. Тайфун операциясы қай қаланы алу үшін жоспарланған?

А. Москва Б. Ленинград В. Сталинград Г. Курск

  1. Сталин қандай әскери шен алған?

А. Адмирал Б. Маршал В. Генералиссимус Г. Генерал

  1. Немістер Солтүстік Кавказды алу үшін қай операцияны дайындады?

А. «Эдельвенс» Б. «Тайфун» В. «Барбаросса» Г. «Қауырт соғыс»

  1. «Ленд-лиз» қай елдің заңы?

А. Франция Б. Англия В. КСРО Г. АҚШ

  1. Ағылшындар мен американдар «Одерлорд» операциясын не үшін ұйымдастырды?

А. Польшаны азат ету үшін Б. Италияны жеңу үшін

В. Францияны азат ету үшін Г. Екінші майдан ашу үшін



Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру 2.Бұрынғы білімді сынау 3.Жаңа сабақты түсіндіру 4.Пысықтау шаралары

  • Картамен жұмыс; -Схемамен жұмыс; -Деңгейлі тапсырмамен жұмыс; -Кестемен жұмыс;

  • Суреттермен танысу;

  1. Сабақты қорытындылау 6.Оқушыларды бағалау 7.Үйге тапсырма беру

Карта:

  1. «Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы»;

  2. «Кеңес Одағындағы фашистік Германияның опасыздықпен шабуыл жасауы. Ұлы Отан соғысының І-нші кезеңі.»

  3. «Ұлы Отан соғысымен Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары».

Схема:

Германия Франция


КСРО


АҚШ

Англия


Солтүстік

Германия Орталық КСРО

Оңтүстік
Екінші майдан

Германия

КСРО

Германия Англия



АҚШ

Германия


Италия Фашизм КСРО

Жапония
Латвия

Литва

КСРО Эстония Шығыс Еуропа Берлин



Жеңіс 9 мамыр

Украина


Белоруссия

РСФСР


Кесте: (кестені екі оқушы шығып толтырады)


Ұлы Отан соғысының зардаптары:

Екінші дүниежүзілік соғыс зардаптары:

1.

2.

3.



1.

2.

3.



Қазақстандық батырлар:

Батыр қазақ қыздары:

1.

2.

3.



1.

2.

3.



Оқушыларға берілетін деңгейлік тапсырмалар:

Бірінші деңгей:



  1. Москваны алу үшін фашистік Германия қай бағыттарда қимылдады?

  2. Кеңес Одағы батыры атағын алған қазақстандықтардың ерліктері туралы жаз.

  3. Ұлы Отан соғысындағы қандай қолбасшыларды білесің?

Екінші деңгей:

  1. Кеңес-Герман 10 жылға дейінгі соғыс ашыспау пактісі не үшін, қандай мақсатпен жасалған?

  2. 1941-1942 жылдары Кеңес әскерлерінің жеңілу себептерін жаз.

  3. АҚШ соғысқа не үшін араласты?

Үшінші деңгей:

  1. Кеңес-Герман мемлекеттерінің Ұлы Отан соғысы жөнінде «Қасіретті соғыс» атты тақырыпта фактлермен әңгіме жаз.

  2. Екінші дүниежүзілік соғыс барысы туралы хронологиялық таблица құрастыр.

  3. Ұлы Отан соғысы туралы, оның қорытындылары туралы тест құрастыр.

Соғыс туралы мәліметтер:

  • Соғысқа жер жүзі халқының 80 %қатынасты;

  • Соғысқа 61 мемлекет қатысты;

  • Соғыс жылдарында соғысушы елдердің армияларында 110 млн. адам есепте тұрды;

  • Соғыс 6 жыл болды ( ІІ дүниежүзілік соғыс)

  • Әлем бойынша соғыста 65-67 млн. адам өлді

КСРО-да:

  • 27 млн. адам қаза тапты

  • Жүздеген қалалар қирады

  • Мыңдаған селолар қирады (90000)

  • Миллиондаған адамдар жарымжан, ауру болды

  • Тек Қазақстаннан 1 млн. 200 мың адам соғысқа барып, 600 мыңы қайтыс болды. Бүкіл Еуропа мен Қиыр Шығыста 300 мың қазақ қаза тапты

Германияда:

  • Соғыс нәтижесінде 506,5 дивизиясынан айрылды. 13,6 млн. адамы өлді.

Әлем бойынша:

  • 65-67 млн. адам өлді

  • 90 млн. адам жараланды

  • 4000 млрд. доллар материалдық шығын келді

  • 1117 млрд. доллар тікелей соғыс шығыны

  • Неміс конц.лагерінде 18 млн. адам азап шегіп, оның 11 млн. өлді

  • Тұтастай ұлттарға геноцид жасалды

Үйге тапсырма: Түсінік айту. Картамен жұмыс. Қосымша көркем әдебиет оқу.

«Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандықтардың ерліктері» тақырыбында



мәнжазба жазу.
жүктеу 90,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау