Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы «___» ___________
№ _____ бұйрығына
1 – қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 cәуірдегі
№ 198 бұйрығына 12–қосымша
«Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорациясына құжаттарды тапсырған сәттен бастап – Астана қаласына 15 жұмыс күн, басқа өнірлерге 20 жұмыс күн ішінде;
Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2) Мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында қарастырылған жағдайлар және негіздер бойынша бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы не бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тарту жөніндегі дәлелді шешімі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке жіне заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорациясында: 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі күні және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, қызмет алушының тіркеу орны бойынша «электронды» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) бала асырап алу жөніндегі і агенттіктің сенім білдірген адамға берген нотариатта куәландырылған сенімхатты.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттарының, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметті алушы Мемлекеттік корпорациясының қызметкеріне мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйедегі мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Мемлекеттік корпорациясы арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:
Мемлекеттік корпорациясын дадайын құжаттарды беру жеке куәлігін (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорациясы бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорациясының сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші он жұмыс күні (Астана қаласында орналасқан бір жұмыс күні) ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорациясына жібереді.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:
1) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі нормаларының сақталмауы;
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметіне негізделіп шағымдардың болуы;
3) агенттіктің құрылтай құжаттарына сәйкес бала асырап алу жөніндегі қызметін жүзеге асырмауы;
4) агенттікті аккредиттеу жөніндегі шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтарды бір ай ішінде жойылмауы;
5) агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі қызметін тоқтату туралы өтініштің ұсынылуы;
6) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылу мерзімі өтуі және аккредиттеу мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкін болмауы.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Жеке тұлғаның арызында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорациясында қолма-қол, сонымен бірге пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына қойылады) болып табылады.
Портал арқылы өтініш білдіргенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы өтініштерді жолдау кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші тарапынан шығымдарды өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарастыру немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отыратын ақпарат қолжетімді.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы, немесе Мемлекеттік корпорациясының кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда 1414, 8 800 0807777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінсе мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды тұрғылықты жеріне бара отырып мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрлік интернет-ресурста www.edu.gov.kz;
2) көрсетілетін қызметті берушідің интернет-ресурста www.bala-kkk.kz;
3) Мемлекеттік корпорациясының интернет-ресурста www.con.gov.kz;
4) порталда.
мынадай орналастырылған:
15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.
«Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту»» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау
комитетінің төрағасына
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
бала асырап алу жөніндегі агенттіктің
cенім білдірген адамынан
_____________________________________
(байланыс телефондарын көрсете отырып,
қысқартусыз толық агенттіктің атауы,
тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
Өтініш
Сізден бала асырап алу жөніндегі агенттікті_________________________________________________________
(агенттіктің атауын және мемлекеттің мекен-жайын көрсету)
аккредиттеу мерзімін ұзарту сұрағын қарастыруды сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды құпиямен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
«___» _______ 20__ жыл ____________________________
сенім білдірген адамның қолы
«Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
Қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2) тармақшасын басшылыққа алып, ««Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы филиалының № __ бөлімі
____________________________________________________________________
(мекенжайды көрсету)
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты
____________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _________________________________________________________________;
2) _________________________________________________________________;
3)....
Осы қолхат әр тарапқа біреуден екі данада жасалды.
Т.А.Ә. (бар болғанда)
(Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) __________________
(қолы)
Орындаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) __________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
Қабылдаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) _________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы)
«____» _____________ 20__ жыл
Достарыңызбен бөлісу: |