33
ІЖБ дайындау үдерісі кезеңдері
ІЖБ тапсырмалары мен балл қою кестесі қолдануға дайын
ІЖБ
материалдар
дайындауға
арналған
талаптар
•ПӨО пән мамандары банк тапсырмаларына шолу жасайды, оны оқу бағдарламасы мен
оқу жоспары бөлімдеріне сай жаңа ІЖБ арналған тапсырмалармен толықтырады. Олар
мұғалімдерден қажетті бөлімдер бойынша жаңа тапсырмалар дайындауын сұрайды.
•Пән маманы сәйкес тапсырма түрін, дағдылар бойынша мазмұны мен талаптарды
қамтитын тақырыптар бойынша сұрақтарды анықтайды.
Тапсырма
құрастыруба
лл қою
кестесі
•Пән маманының сұрауына байланысты, қажет болғанда - МКҚ қолдауымен, тест
спецификациясына сәкес ІЖБ тапсырмаларын әзірлейді. Дайын тапсырмаларды балл
қою кестесімен бірге пән маманына өткізеді.
Кері
байланыс
•Пән маманы шолу жұмысын ұйымдастырады, тапсырмалар мен балл қою кестесінің
сәйкестігін тест спецификациясына сүйене тексереді, кері байланыс береді.
Шолу
Тапсырмалар
ды өңдеу
•Тапсырма құрастырушы пән маманынан алынған кері байланыс негізінде шолу
жасайды, жіберілген қателерін түзетеді, балл қою кестесіне өзгерістер енгізеді.
Түзету
бойынша
отырыс
•Тапсырмалар құрастырушы мен пән маманының ара қашықтықта қатысуымен өтетін
отырыста қарастырылып, талданады. Дұрыс орындалған тапсырмалар банкке
енгізіледі.
Құрастырылғ
ан
тапсырмалар
•ІЖБ -дың жаңа нұсқасы банктегі тапсырмалардан алынып, жасалады. Тапсырмаларды
іріктеуде тест спецификациясына сәйкес қажетті білім мен дағдылар ескеріледі.
Тексеру
•ІЖБ жұмыстарын осы сыныпта сабақ бермейтін мұғалім тексереді. Ол мұғалімнің осы
пәнді оқытуда және сыныпта жұмыс істеген тәжірибесі болуы қажет. Ол оқушы
рөлінде ІЖБ тапсырмаларын орындап шығып, оның тест спецификациясына сәйкес
қатесіз құрастырылғандығына сенім білдіреді.
Түзету
•ІЖБ тапсырмалары оқушыға берілмес бұрын толық түзетуден өтеді.
34
Оқушының ІЖБ-ға қайта кіруіне болмайды. Егер ол ІЖБ-ға себепті
сылтаумен келе алмаса, оның ІЖБ тапсыруына мүмкіндік беріліп, оған басқа
жұмыс нұсқасы беріледі. ІЖБ оқушы мектепке қайтып келгеннен бастап, екі
апта бойы жүргізілуі мүмкін. Егер оқушы ІЖБ мерзімінен қалып қойған
жағдайда, оған кейінірек өткізу мүмкіндігі беріледі.
5.5 Қауіпсіздік сақтау және ІЖБ өткізу
Жазбаша түрінде келген ІЖБ материалдарының құпиялылығын сақтау
өте маңызды. ІЖБ мерзімі келген уақытқа дейін олар оқушыға қолжетімді
жағдай тудырмайтындай, жабық шкафта сақталуы қажет. Мектептегі
жауапты қызметкерлер үшін қолжетімді болып табылатын ІЖБ
тапсырмалары орталықтандырылған түрде сақталуы қажет.
5.5.1 ІЖБ кестесі
ІЖБ кестесі мен оған балл қою мерзімі әр Зияткерлік мектеп
директорының келісуімен және бекітуі арқылы ұйымдастырылады. ІЖБ
өткізу мерзімі тоқсанның бірінші аптасында белгілі болуы керек.
5.5.2 Мұғалімдер мен бақылаушылар
ІЖБ-дың сыртқы бағалаудан айырмашылығы – оны мұғалімнің өткізуі
болып табылады. Ол жалғыз өзі ғана осы сыныпта өтетін ІЖБ-қа қатыса
алады. Мұғалімге көмек көрсету мақсатымен басқа мұғалімнің сыныпқа
кіруі мүмкін. Егер кабинет көлемі бірнеше оқушы санына қарай
жоспарланған болса, бір уақытта өтетін ІЖБ-ға басқа мұғалімдердің де
қатысуына болады. Қосымша бақылаушы бас мұғалімнен немесе басқа
мұғалімнен нұсқаулар алады.
ІЖБ өткізу кезінде барлық мұғалімдерден, бақылаушылардан үнемі
кабинетте болуы және ІЖБ өтіп жатқан кезеңде өз ісіне мұқият қарап, үлен
жауапкершілік білдіріп, оқушыларға кедергі жасайтындай қимылдар
жасамауы қажет (мысалы, жұмыс тексеру, кабинеттегі компьтерде жұмыс
істеу).
5.5.3 Кабинеттерді дайындау
Мұғалім ІЖБ өткізілетін кабинетті алдын-ала дайындайды. ІЖБ-ды
оқушыларға таныс кабинеттерде немесе сабақ өткізілетін кабинеттерде
жоспарлау ұсынылады.
Кабинеттерді дайындауда келесі жағдайларды ескеру керек:
35
әрбір оқушының отыратын орнын алдын ала дайындап, тапсырманы
тыныштықта және жеке орындау мүмкіндігін жасауды ескеру қажет.
оқушылар жеке отырып, басқа оқушылардың жұмысына қарай
алмайтындай, басын үнемі бір бағытта ұстауы қажет. Мұғалім мен
бақылаушы кез келген оқушыға қажетінше келуі үшін, парталарды дұрыс
орналастыру қажет.
негізгі нұсқау беретін тақта немесе флипчарт оқушыға қарама-қарсы
орналасып, сағаттың да оқушының уақытты бағалау мүмкіндігіне сай
орналасуы қажет.
ІЖБ кезінде оқушыларға көмекші құралдар бола алатын плакаттар
мен стендтер жабылуы немесе уақытша алынып тасталуы қажет.
5.5.4 Тыйым салынған материалдар
Алдын-ала
оқушылардың
аудиторияға
тыйым
салынған
материалдарды алып кірмегеніне сенімді болу керек. Тыйым салынған
материалдар – оқушының жасырын түрде кіргізіп, қолдана алған материалы,
мысалы,
сөздіктер.
Оқушылар
өзімен
бірге
аудиторияға
ІЖБ
тапсырмаларымен бірге сұрақ кітабының сыртқы бетінде жазылған,
кіргізуге рұқсат етілген материалдарды алып кіре алады. Тыйым салынған
материалдарды кабинетке алып кіру қатаң тәртіпті бұзу болып саналады.
5.5.5 ІЖБ өткізуде мұғалімге арналған нұсқаулықтар
Оқушылар орындарына отырғаннан кейін және ішкі жиынтық
жұмысты орындауға дайын болғанда, мұғалім:
сынып журналын ашып, бағалауға келмеген оқушыларды
белгілейді;
тапсырмаларды төмен қаратып, оқушылардың партасына қояды;
оқушыларға бағалаудың өткізу ережесіне сәйкес өтуін түсіндіреді;
оқушыларға бағалау өту кезінде бір-бірімен сөйлеспеуін немесе
көмек сұрамауын және басқа біреуге көмектеспеу керек екендігін естеріне
салады;
басталғанға дейін оқушыларда тапсырма орындауға керекті
құралдардың бар екендігіне көз жеткізу керек. Егер де қосымша құралдар
қажет болса, мысалы: сызғыш немесе калькулятор, олар сұрақ
кітапшаларының алдында тұрады;
оқушылардан тапсырмалары бар парақтарды аударып ақпаратты
толтыруын өтінеді: оқушының аты-жөні және сыныбы (мектебі)
толтырылады;
бірінші беттегі нұсқаулықты дауыстап оқып және оқушыларға
тапсырманы орындауға қанша уақыт бөлінгенін айтады. Бағалау өткізуде
оқушылардың бір-бірімен сөйлеспеу қажеттігі туралы естеріне салады.
Достарыңызбен бөлісу: |