Қатты біркелкі денелерде жылу не электрондар арқылы, не кристалдық
қаңқаның тербелісінің бір бөлшектен екінші бөлшекке біртіндеп таралуы арқылы
өткізіледі.
Жылу өткізгіштіктің бірінші түрі ток өткізгіштігі көп орталарға (металдар
және жартылай өткізгіштер) тән және электрондық жылу өткізгіштік деп аталады.
Екінші түрі тау жыныстарына тән және фонондық жылу өткізгіштік деп
аталады.
Тек қана құрамында металл бар (магнетит, гематит және т.б.) электрондық
жылу өткізгіштігі көп тау жыныстары ғана бұған кірмейді.
Қатты денелердің жылу өткізгіштігі әр түрлі болады. Жылуды ең жақсы
өткізгіш минерал күміс (418 Дж/м сек.град), ең нашар өткізетін қатты дене -
жасанды қатты зат - кварцты аэрогель (3.0
10
-2
Дж/м сек. град).
Тау жынысымен қабылданған жылу оны қыздырудан басқа сыртқы жылулық
ұлғаюмен байланысты жұмысқа жұмсалады.
dL =
L
dT,
мұнда
- сызықтық ұлғаю коэффициенті, 1 / град;
L - үлгінің алғашқы ұзындығы.
Егер көлемдік ұлғаю болса мынадай байланыс болады:
dV =
V
dT,
мұнда
- көлемдік ұлғаю коэффициенті.
Температураның
көбеюі
минералдардың
полиморфтық
өзгерулеріне,
балқуына, кебуіне және т.б. әкеледі.
Полиморфтық өзгерулер – ол дененің кристалдық қаңқасының үлкен
температуралардың әсерімен қайта құрылуы.
Тау жыныстарына жылумен әсер ету тау-кен ісінде өте жиі қолданылады.
Оның себебі үлкен температура тау жынысының физикалық қасиеттерін күрт
өзгертеді. Жылудың тау жыныстарына әсерінің екі бағытын айтуға болады: жылу
энергиясын механикалық энергияға айналдырып, соған байланысты механикалық
қасиеттерін өзгертетін тау жыныстарының термодинамикалық қабілеті және
жылудың тау жынысына жасайтын термохимиялық әсері (бүліну, жану, балқу
және т.б.).
Тау жыныстарын көлемін өзгертпей қыздырғанда, олардың ішінде
термокернеулердің тууы термодинамикалық қасиеті болып табылады.
Мысалы термобұрғылауда тау жынысына қатты қызған газ ағымы әсер етеді.
Ол жыныстың беткі қабатын жедел қыздырып, онда термокернеулер тудырып
жыныстың беткі қабатынан қабыршақтардың бөлінуіне әкеледі.
Тау жыныстарын газды горелкалармен де қыздырады. Мұндайда үлкен
қойтастарды бөлшектегеннен басқа, жыныстарды бағыттап талқандауға болады.
Былайша айтқанда ұңғы бұрғылау, тастарды блоктарға бөлу, блоктардың бетін
тегістеу және т.б.
Ал егер тау жынысына өте үлкен температуралы газ ағымы немесе плазма
ағымы әсер етсе онда тау жынысы балқып немесе кеуіп талқандалады.
Достарыңызбен бөлісу: