0
0
1
1
Sin
Sin
K
C
,
мұнда
0
- материалдардың табиғи құлама бұрышы.
Тау жыныстарының табиғи құлама бұрышы деп,
сусымалы материал
жайласқаннан кейін қабылдайтын конустың жасағышы мен горизонталь
жазықтықтың арасындағы бұрышты айтады.
Ол тәжірибе жүзінде анықталады. Ол үшін биіктігі 1м, табанының ауданы 1м
2
металдан жасалған цилиндр қолданылады. Оны сусымалы материалмен толтырып,
ақырындап көтерген кезде ішіндегі материал горизонталь жазықтықтың үстіне
төгіледі. Пайда болған конустың биіктігі h
K
мен диаметрін d
K
өлшеп мына
формуламен материалдың табиғи құлама бұрышын табуға болады:
K
K
d
h
tq
2
0
.
Орнықтылық деп – тау жыныстарының аршылған
кезде тепе-теңдік қалпын
сақтау қасиетін айтады.
Жер қыртысындағы табиғи кернеулерді тау қысымы дейді. Кеуекті тау
жыныстары әр уақытта сұйықпен немесе газбен қаныққан болады. Сондай
кеуектердің ішіндегі сұйықтың қысымы пластық қысым деп аталады. Әр түрлі
тереңдіктегі тау қысымы жоғарыдағы жатқан тау жыныстарының және қуыстарды
толтырып тұрған судың салмағымен анықталады.
Оның жуық шамасын мына формуламен табуға болады:
2
4
/
;
10
)
(
)
1
(
м
H
h
H
f
H
f
P
n
гор
мұнда
f - тау жыныстарының кеуектігі;
n
- тау жыныстарының тығыздығы, т/м
3
- судың тығыздығы т/м
3
H - тау қысымын анықтау тереңдігі,м
h - статикалық деңгейдің тереңдігі, м.
Қалыпты жағдайда пластық қысымның шамасы жуықтап алғанда судың
гидростатикалық қысымына тең.
4
10
h
P
, Н/м
2
Ұңғы қабырғасының орнықтылығы бір жағынан
ұңғыдағы гидростатикалық
және гидродианамикалық қысым, екінші жағынан пластық және тау қысымы
арасындағы тепе-теңдікпен анықталады.
Ұңғыдағы тыныш тұрған шайғыш орта діңгегінің гидростатикалық қысымы
оның тығыздығымен және сұйық діңгегінің биіктігімен байланысты. Ол байланыс
мынадай формуламен өрнектеледі:
.
/
;
10
2
м
H
H
P
CT
2
Бұл Р
СТ
қысым шайғыш ортаның тығыздығын
өзгерту арқылы азайып,
көбейіп реттеледі.
Шайғыш ортаның гидродинамикалық қысымының ұңғының қабырғасына
әсері сұйық қозғалып айналған кезде болады. Әсіресе сұйықтың айналуы тоқтап
қалып, қайта қозғалған кезде гидродинамикалық қысымның қатты өсуі байқалады.
Гидростатикалық қысым мен гидродинамикалық қысымның ұңғының түбіне
біріккен әсері, көтеріп түсу операциялары кезінде өте көп шамада өзгереді.
Тау жыныстарының орнықтылығына көп факторлар әсер етеді. Олардың
негізгілеріне мыналар жатады: тау жыныстарының беріктігі (түйіршіктер
арасындағы байланыс күштері, ішкі үйкеліс коэффициенті); тау жыныстарының
физика-геологиялық
қасиеттері
және
күйі
(жарықшақтылық,
тозғандық,
ылғалдылық т.б.). Орнықтылыққа көп әсер ететін факторлардың бірі уақыт немесе
кернеулер әсерінің ұзақтығы.
Осы факторларға байланысты барлық тау жыныстары 4 топқа бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: