Әділдік принципі
Әділдік принципін сақтау үшін зерттеуші өзінен: «Зерттеудің
пайдасын кім көреді, ал оның ауыртпалығын кім көтеруі керек?»
деп сұрауы керек (Belmont Report, 1979, 5-б.). Аталмыш принципті
«бөлу кезіндегі әділдік» және «еңбекке қатысты әділдік» сынды екі
аспектіде қарастыруға болады. Зерттеу әдебінің бұл принципін
талдамас бұрын, оны адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынас
мәнмәтінінде қысқаша қарастырайық. Өйткені әділдік принципі,
ең алдымен, әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын анықтаудың әмбе-
бап өлшемі болып табылады (Сомкин, 2016). Әділдік принципінің
негізін салушы – Аристотель. Оның пікірінше, әділдік принципі
«теңге – тең, тең емеске – тең емес» дегенді білдіреді. Заманауи
түсіндірмеде бұл принцип былайша көрсетіледі: «адамдар өзі қаты-
сып отырған жағдайға байланысты» мінез-құлқымен, қасиетімен
ерекшеленбесе, олардың бәріне бірдей қарау керек (Velasquez et al.,
2014, 6-б.). Мәселен, ер жігіт пен қыз баласы бірдей жұмыс істеп,
олардың арасында немесе атқаратын жұмысында айтарлықтай ай-
ырмашылық болмаса, әділдік үшін оларға еңбекақы бірдей төленуі
керек. Ал егер ер жігітке ер адам немесе еуропалық болғандықтан
ғана қыз баласына қарағанда көбірек төленетін болса, онда әділет-
167
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
сіздікпен күресуге тура келеді. Себебі қалыпты жұмыс жағдайында
нәсіл мен жыныстың ешқандай артықшылығы жоқ (Velasquez et
al., 2014, 6-б.).
Дегенмен адамдардың арасындағы қарым-қатынастың әртүр-
лілігіне қатысты негізделген өлшемдер бойынша көптеген жағдай-
лар орын алады. Веласкес пен оның телавторлары атап өткендей,
«театр кассасында кезекте кім бірінші тұрса, билетті бірінші сол
адамның таңдауы тиіс деп ойлаймыз; үкіметтің жәрдемақыны
бай азаматтарға емес, мұқтаж жандарға беруі әділетті деп са-
наймыз; жазаны ешқандай тәртіп бұзбағандарға емес, қандай
да бір тәртіпсіздік жасағандарға қолданған дұрыс деп ойлаймыз;
сонымен қатар жоба жұмысына анағұрлым күш жұмсаған неме-
се көбірек үлес қосқандар өзгелерге қарағанда жобадан көбірек
пайда табатынын әділетті деп санаймыз» (Velasquez et al., 2014,
7-б.). Осылайша, әділдік принципін сақтау барысында адамдар-
мен дифференциалды қарым-қатынас жасаудың түрлі өлшемдерін
(мысалы, қажеттілігі, сіңірген еңбегі, қосқан үлесі және жұмсаған
күш-жігері) мойындауымыз керек.
«Бөлу кезіндегі әділдік» және «еңбекке қатысты әділдік» аспек-
тілерін сақтау барысында зерттеуші зерттеудің пайдасын барлық
қатысушыларға тең бөлуге кепілдік беруі қажет. Әділдік принципі
бұзылған жағдайда әділетсіздік туындайтыны анық. Белмонт баян-
дамасының авторлары атап өткендей, «әділетсіздік адамға берілуі
тиіс кейбір жеңілдіктің белгісіз себептермен берілмеген жағдайда
не болмаса әділетсіз түрде ауыртпалық түскен кезде орын алады»
(Belmont Report, 1979, 5-б.).
Әділдік принципін бұзу жайттары зерттеуге қатысушыларды
іріктеу кезінде туындайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, зерттеу
әдебі «дау-дамай кезінде туған» (Levin, 1988). Белмонт баяндама-
сының авторлары әділдік қағидатын талқылау барысында Таскиги
қаласында (Алабама штаты, АҚШ) мерез ауруын зерттеуде өрескел
бұзушылықтардың орын алғандығын атап өтеді. 1932 жылы АҚШ
Денсаулық сақтау қоғамдық қызметінің (PHS) зерттеушілері зертте-
уге мерезбен ауырған 400-ге жуық қара нәсілді ер адамды тіркейді,
өйткені зерттеудің мақсаты аурудың әсерін бақылау болған (Salganik,
2019). Белмонт баяндамасының авторлары аталған зерттеудегі зерт-
теу әдебі өрескел бұзылғандығына төмендегі мәліметтерді атап өтеді:
168
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Достарыңызбен бөлісу: |