Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет105/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

жағдайлары туралы ма? Аталмыш мәселе зерттеу әдебін сақтауда 
шиеленіс тудырады. Коэн және оның телавторлары атап өткендей, 
біз «зерттеу жұмысы зерттеушінің өзіне ғана емес, оған қатысушы-
ларға, сондай-ақ жалпы қауымға не береді?» деген сұраққа нақты 
жауап беруіміз керек (Cohen et al., 2011, 86-б.). Сонымен қатар 
қамқорлық принципінің рөлі үнемі біржақты бола бермейді. 
Қатысушыларға тікелей пайда әкелмейтін тәуекелдігі шама-
лы зерттеулер де кездеседі. Бұл әдеп мәселесі зерттеу жұмысына 
балаларды тартқанда тіпті күрделене түседі. Белмонт баяндамасы 
авторларының айтуынша, кейбір зерттеу әдебінің сарапшылары 
«мұндай зерттеулерге жол берілмейді» деп дәлелдесе, ал өзгелері 
«бұл шектеу болашақта балаларға зор пайда әкелетін бірқатар 
зерттеулерді жоққа шығарады» деп көрсетеді (Belmont Report, 
1979, 5-б.). Осылайша, қамқорлық принципіне қатысты жасалған 
түрлі болжам өзара қайшы келіп, зерттеушіні таңдау жасауда тығы-
рыққа тіреуі мүмкін. 
Зерттеу пайдасы мен тәуекелінің арақатысын талдау прин-
ципін сақтау кезіндегі секілді (7.1.1-бөлімшені қараңыз) қамқор-
лық принципі де зерттеу әдебінің жағдаяттық сипатын көрсетеді. 
Британдық білім беруді зерттеу қауымдастығы (British Educational 
Research Association, BERA) зерттеушілердің шешімі қиын қай-
шылықтарды шешу қажеттігін мойындай отырып, пайда үлесін ба-


166
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
рынша арттырып, қандай да бір орын алатын тәуекелді азайтуға 
тырысуға міндетті екендігін атап өтеді (British Educational Research 
Association, 2018). BERA зерттеушінің зерттеуге қатысушылар ал-
дындағы жауапкершілігін баса көрсете отырып, «кейде өзге де 
пайда, табысқа немесе мақсатқа қол жеткізу үшін қатысушылар-
дың кейбір артықшылықтарын азайтуға болады (BERA, 2018, 8-б.) 
– дейді. Бұл тұрғыдан алғанда, қатысушының жеке тұлғаға тигі-
зетін тікелей пайдасы мен білім алып жүрген, жұмыс істейтін не-
месе жалпы қоғамға тигізетін жанама пайдасы анықталуы керек. 
Мектептердегі қорқыту мәселесін зерттеу мысалына қайта орал-
сақ (7.1.1-бөлімшені қараңыз), қатысушыларға (балаларға) бөгде 
оқушылардың тарапынан болатын қорқыту жайттарын қайта ба-
сынан өткізу ауыр тигенімен, зерттеу нәтижелері мектептердегі 
қорқыту жайттарын одан әрі болдырмауды жою арқылы жалпы 
мектеп қауымдастығына пайда әкелуі мүмкін

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау