Утвержден



жүктеу 238,08 Kb.
Дата14.11.2017
өлшемі238,08 Kb.
#195
түріРегламент


Павлодар облысы әкімдігінің

2016 жылғы «26» ақпандағы

№ 82/3 қаулысына

5-қосымша


Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы «28 » шілдедегі

№ 222/8 қаулысымен

бекітілді




«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін

әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша

әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті беруші;

3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынумен ерікті түрде жазылған өтініш мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы.

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы ұсынылған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, хабарлама дайындайды – 7 (жеті) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды – 2 (екі) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны (немесе оның өкіліне нотариалды түрде расталған сенімхат бойынша) өзі барғанда береді немесе көрсетілетін қызметті алушының өтінішінде көрсетілген мекенжайға пошта арқылы жібереді – 1 (бір) жұмыс күні.

6. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі: ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама болып табылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушінің маманы;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту рәсімінің (іс-қимылының) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында (кесте) көрсетілген.





  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9. Көрсетілетін қызметті алушылар Стандарттың 9-тармағының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күнi.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы сұрауының өнделу ұзақтығы, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу тәртібі:

1-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорацияның АЖ) авторландыру процесі;

1-шарт – логин және пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы тіркелген қызметкер туралы деректердің түпнұсқалығын Мемлекеттік корпорацияның АЖ-да тексеру;

2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты Мемлекеттік корпорацияның АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

3-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсетуі үшін сұрау салу нысанын оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, экранға шығару және нысанды (деректер енгізу, сканерленген құжатты бекіту) толтыру;

4-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, сканерленген құжатқа) ЭЦҚ арқылы қол қоюы қызметкердің бұдан кейінгі әрекеттері туралы ақпарат алу;

2-шарт – сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрау салуда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы), ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімі мен Мемлекеттік корпорацияның АЖ-да алынып қойған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру;

5-процесс – қызметкердің ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған құжат қызметін (қызметті алушының сұрауын) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) / «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) арқылы жергілікті атқарушы орган ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЖАО АЖ) жіберу және көрсетілетін қызметті беруші маманының электрондық мемлекеттік қызметті өндеуі;

7-процесс – көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің маманы ЭЦҚ-ны пайдаланып қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне жібереді;

8-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының қолына беруі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама болып табылады.

10. Әкімге өтініш білдірген кезде:

Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың

9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Әкімдіктің маманы көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды кіріс құжаттар журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті берушіге береді – 4 (төрт) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы ауылдық округ әкімі ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, хабарламаны дайындайды – 5 (бес) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы ауылдық округ әкімдігіне хабарламаны береді – 1 (бір) жұмыс күні.

Ауылдық округ әкімдігінің маманы көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны береді – 4 (төрт) жұмыс күні.

Рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында (кесте) көрсетілген.

11. Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар)

реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін және ақпараттық жүйелерде пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.


«Ауылдық елді мекендерде тұратын және

жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

және байланыс деректері


Р/с



Көрсетілетін қызметті берушінің атауы


Байланыс деректері

1

«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,

Кривенко көшесі, 25-үй

телефон: 8(7182) 323332

opr.osz.ap@pavlodar.gov.kz



2

«Екібастұз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы,

Мәшһүр Жүсіп, 87 А-үйі,

телефон: 8(71877)70756

zan_ekibastuz@mail.ru



3

«Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,

Советов көшесі, 10-үй

телефон: 8(71837)50105

zanak@yandex.ru



4

«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы,

Абай көшесі, 118-үй

телефон: 8(71841)21173

aktogai_sozprog@mail.ru



5

«Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы,

Сәтбаев көшесі, 56-үй

телефон: 8(71840)91481

pavlzan@yandex.ru



6

«Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы,

Квитков көшесі, 7-үй

телефон: 8(71831)22146

gelez_oszn@mail.ru



7

«Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы,

Бөгембай көшесі, 97-үй

телефон: 8(71832)21474

irtyshk@yandex.ru



8

«Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Качир ауданы,

Кравченко көшесі, 85 А-үйі

телефон: 8(71833)21371

kachirrouz@mail.ru



9

«Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі



Лебяжі ауданы,

Мир көшесі, 7-үй

телефон: 8(71839)21399

AKKU@yandex.ru



10

«Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Май ауданы,

Уәлиханов көшесі, 34-үй

телефон: 8(71838)91434

center5556@rambler.ru




11

«Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,

Генерал Дүйсенов көшесі, 1-үй

телефон: 8(7182)533133

defence6@mail.ru

defence6@rambler.ru


12

«Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы,

10 лет Независимости көшесі, 27-үй

телефон: 8(71834)91400

zanusp@mail.ru



13

«Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы,

1 Май көшесі, 18-үй

телефон: 8 (71836)21354

sherb_zanet@mail.ru


«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша



Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау


  1. көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде:




Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының,

ағынының) №

1

2

3

2

Атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің

маманы


Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Ұсынылған құжаттарды қабыл-дау және тексеру. Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтыл-ған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдала-нуға жазбаша келісімін алу. Кіріс журналына тіркеу, құжат-тарды қарау


Құжаттарды қарау

Хабарлама беруді жүзеге асыру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны дайындау

Әлеуметтік көмек тағайын-дау туралы хабарламаға қол қою

Қызмет алушыға әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны беру

5

Орындау мерзімдері

7 жұмыс күні

2 жұмыс күні

1 жұмыс күні

2) әкімге өтініш білдірген кезде:


Процестердің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының,

ағынының) №

1

2

3

4

5

2

Атауы

Әкімдіктің маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы

Әкімдіктің маманы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тексеру, кіріс құжаттар журналына тіркеу

Ұсынылған құжаттарды қабылдау және тексеру. Кіріс құжаттар журналына тіркеу


Құжаттарды қарау

Құжаттарды беруді жүзеге асыру

Көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды қабылдау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге беру

Әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны дайындау

Әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаға қол қою

Әкімдікке әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны беру

Көрсетілетін қызметті алушыға әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны беру

5

Орындау мерзімдері

4 жұмыс күні

5 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

4 жұмыс күні

«Ауылдық елді мекендерде тұратын және

жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына

отын сатып алу бойынша әлеуметтік

көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша




Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің

анықтамалығы










Ұсынылған құжаттарды қабылдау және тексеру. Кіріс құжаттар журналында тіркеу. Хабарлама дайындау

(көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде - 7 жұмыс күні,

құжаттар әкімдіктен түскен кезде - 5 жұмыс күні)


Құжаттарды қарайды. Хабарламаға қол қояды

(көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде - 2 жұмыс күні,

құжаттар әкімдіктен түскен кезде - 1 жұмыс күні)

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасының толықтығын және өтініштің дұрыс толтырылғанын тексеру




Көрсетілетін қызметті алушы немесе әкімдік ұсынған құжат-тарды тексеру, кіріс құжаттар журналында тіркеу. Көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге беру

(4 жұмыс күні)





иә



Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартылады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі



жоқ





Көрсетілетін қызметті беру-шіден құжат-тарды қабыл-дау. Көрсеті-летін қызметті алушыға хабар-лама беру

(4 жұмыс күні)






Хабарламаны беруді (тапсыруды) жүзеге асырады

(1 жұмыс күні)



Нәтижені көрсетілетін қызметті алушының қолына беру







- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;

 - таңдау нұсқасы;

  - келесі рәсімге (іс-қимылға) өту



жүктеу 238,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау