ӘДІЛДІК. ПАРАСАТТЫЛЫҚ.СЕНІМ
эссе
Басты ұстаным – әділдік,
парасаттылық және сенім
Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы қалыптасты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық тәжірибесіне әлем мойындаған халықаралық қағидаттар мен стандарттарды енгізу басты шарттардың бірі.Сондықтан да, қалыпты жұмыс істеудің тұтас тізбегін өзгертуде.
Бұл – әділдік, парасаттылық және сенім…
Мұны мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына көрсетіліп отырған сенім деңгейінің маңызды көрсеткіші деп санаймын.Нәтижелер айқын көрінуде. Әр елдің өз ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен мемлекеттер қатарына қосылу үшін өзінің тиімділігін көрсеткен ұстанымдар мен қағидаттарды, әмбебап тетіктер мен құралдарды белсенді қолдана бастады. Дәл қазір осы норманы іске асырудың нақты тетіктері айқындалған заң жобасы Президент Әкімшілігінің қарауында жатыр.
Заңды мүлтіксіз орындаудың астарында оның рухын түсініп, пайымдау жатыр. Адам тек тапсырылған алгоритм Парасаттылық дегеніміздің өзі не? Бұл ар-ұят, адалдық және ақшаға сатылмау секілді жеке қасиеттермен сипатталатын жан тазалығы. Ол адамның мінсіз мінез-құлығынан, адалдығы мен тектілігінен көрінеді. Парасатты адамға терең көзқарас пен ішкі жоғары мәдениет, заңға, этикалық және моральдік ережелерге құрмет тән
Біріншіден, «парасаттылық» терминінің басқа да қыры бар. Ағылшын тілі сөздігінде integrity (парасаттылық) сөзі тұтастықты білдіреді. Сондықтан, егер медициналық терминологияны қолданатын болсақ, кез келген жүйенің бастапқы күйін зерттеп, жалпы скрининг өткізу арқылы біз оның иммунитетіне қауіп төндіретін аурудың анық және күшті ошақтарын, сондай-ақ емдеуді қажет ететін бүлінген органдарын нақты анықтай аламыз.
Екіншіден, халықаралық тәжірибеде «білімдегі парасаттылық», «медицинадағы парасаттылық», «сот жүйесіндегі парасаттылық», «бизнестегі парасаттылық» деген түсініктер
Парасаттылықты зерттеу ынтымақтастық пен өзара түсіністікке шақырады.Парасаттылық қоғамдық көзқарастардың басымдығына бағытталған мемлекеттік басқарудың барлық заманауи жүйесінің іргетасы. Серіктестік мүдделер мен мақсаттардың сәйкестігі негізіндегі бірлескен қызметтің жоғары қарқынын білдіретіндіктен, әдепкі ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікке қарағанда әлдеқайда нәтижелі болады. Серіктестік дегеніміз, бұл – ортақ жауапкершілік пен бірлескен даму.
Біз болашақ жастар, еліміздің әрқашан әділдік, парасаттылық, сенім қағидаларын жоғары ұстап, болшағымыздың жарқын болуына үлес қосып, ілгері жылжуымыз қажет.Еліміздің көркейіп, дамуы біздің қолымызда!
Достарыңызбен бөлісу: |