Семинар-кеңеске баяндама
Бүгінде көптеген елдердің үкіметтері экономикалық дамуды
ынталандыруды негізгі фактор болып табылатын логистиканы
дамытуға назар аударады. Қазіргі жағдайда логистикаға елдің
индустриялық дамуында басты рөл беріледі, ол Қазақстандағы
барлық жүк тасымалдарының және Қазақстаннан жеткізілетін
барлық тауарлардың дұрыс логистикалық схемаларға байланысты
болуымен түсіндіріледі.
Қазіргі уақытта Қазақстан іске асырылуы 2016 жылы
аяқталатын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық
трансконтиненталдық дәліз құрылысына қатысып отыр. Осы
дәліздің бір ауданының ауқымды бөлігі еліміздің аумағынан
өтуімен (8445 км-дің 2787 км), сондай-ақ Қазақстанның транзит
әлеуетінің айтарлықтай артуымен байланысты, «Нұрлы жол»
Қазақстанның Жаңа экономикалық саясатыынң бірінші бағытында
Ел басы хабтар принципі бойынша макроөңірлерді қалыптастыру
шеңберінде көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту міндетін
анықтады.
Қазақстан халықаралық дәліздер тоғысында орналасып, Еуропа
мен Азияны біріктіретін негізгі логистикалық буынға айнала
алады.
Алайда, Қазақстан аумағы арқылы транзит жүк ағындарын
тарту дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуды,
оның әлемдік жүйеге интеграциясын талап етеді.
Аталған жағдайларды және көлік-логистикалық орталықтарды
құру бойынша әлемдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстанның
логистикалық жүйесінің көлік-логистикалық хаб ретінде құрылуы
мен дамуы үшін облыста аталған бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп
жатыр. ОҚО әкімдігі Шымкент қ. ауданы 92 га жер учаскесін көлік-
логистикалық орталық құрылысына бөлді. Оның ішінде, 20 га
инфрақұрылымды салуға бөлінген, 72 га-да 8 инвестициялық жоба
іске асырылып жатыр. Жер учаскесі Шымкент қ. халықаралық
әуежайынан 2 км қашықтықта, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»
халықаралық автомагистралінен 4 км және Трансазиялық темір жол
магистралінен 500 м қашықтықта орналасқан. Учаскенің мұндай
орналасуы жүктерді кез келген қолайлы әдіспен (жүктердің
автотасымалдары, әуе тасымалы, локомотивтік жылжымалы
құраммен тасымалдау) тасымалдау шығыстарын оңтайландыруға
мүмкіндік береді.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде
мемлекеттік бюджеттен инфрақұрылымды салуға 1,5 млрд. теңге
сомасына инвестициялар бөлінген.
Шымкент қ. көлік-логистикалық орталығына инфрақұрылым
өткізуге бөлінген қаражат есебінен мыналар салынды:
- т/ж тұйық жолы үшін 1,7 км. темір жолдар;
- 4,7 км. газбен қамту желілері;
- 4 км. автомобиль жолы;
- 1,2 км электр желілері;
- 6,6 км. сумен қамту жолдары және канализация;
- су бұру мұнарасы;
- қуаты 10 МВт электр кіші станциясы.
Осылайша
мемлекетпен
Қазақстанның
өңірдің
көлік-
логистикалық хабына айналуға және дамуына барлық жағдайлар
жасалып отыр.
Көлік-логистикалық орталық аумағында жалпы ауданы 230
мың ш.м. 8 жеке инвестициялық жобаларды, «А» және «Б»-санатты
заманауи қоймаларды, оның ішінде мұздату камераларын, көкөніс
қоймаларын, құрғақ қоймаларды салу жүргізіліп жатыр. Сондай—қ
орталық аумағында контейнер алаңы, кеден терминалдары,
дистрибуция орталығы, техникалық қызмет көрсету станциялары,
кеңсе үй-жайлары, тамақтану орындары, қонақ үй кешені
ескерілген. Құрылыс 2 кезеңге бөлінген. 1-кезең бойынша құрылыс
2015 жылы, 2-кезең бойынша 2016 жылы аяқталады.
Осылайша,
Шымкент
қ.
көлік-логистикалық
орталық
құрылысы облысытың қойма үй-жайларында 510 мың ш.м.
қажеттілігінің 45% тапшылығын өтейтін болады.
726 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Тартылған жеке инвестициялардың жалпы көлемі 24
млрд.теңгені құрайды.
Мемлекетпен логистикалық орталық инфрақұрылымының
құрылысына бөлінген әр 1 теңгеге 15 теңге жеке инвестициялар
тартылған. Көлік-логистикалық аймақтың жұмысы барысында
мемлекет бюджетіне салықтар және басқа да есептеулерді төлеу
түрінде жыл сайын шамамен 900 млн.теңге бөлінеді.
Сонымен қатар, облыс аудандары мен қалаларында көлік-
логистикалық орталықтарды құру бойынша жұмыс жүргізіліп
жатыр.
Бүгінгі таңда Әкімдікпен мынадай көлік-логистикалық
орталықтарды салуға жер учаскелері бөлінген:
- Мақтаарал ауданында – 19 га;
- Сарыағаш ауданында – 10 га;
- Түркістан қаласында – 20 га.
Мақтаарал ауданындағы көлік-логистикалық орталық Кеден
одағы елдеріне және Еуропаға бақша дақылдарының экспортына
бағытталған. Мұнда бақша дақылдарын сұрыптау, орау, салқындату
және
Еуропалық
нарықта
бәсекеге
қабілетті,
экспортқа
бағдарланған өнімді шығару ескерілген.
Сарыағаш
ауданындағы
көлік-логистикалық
орталық
Өзбекстанмен ауыл шаруашылық өнімімен сауда жасау бөлігінде
тұрақты қатынастарды жасау мақсатында құрылған.
Түркістан
қ.
көлік-логистикалық
орталық
Ордабасы
ауданының, Арыс және Түркістан қалаларының ауыл шаруашылық
өндірушілердің тауарларын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»
халықаралық магистралінің бойымен орналасқан Қазақстанның
батыс облыстарына шығаруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Сарыағаш ауданында көлік-логистикалық
орталық құрылысы 50%-ға аяқталған, ал Мақтарал ауданында және
Түркістан қаласында ЖСҚ-ға сараптама алынып, инфрақұрылым
салуға қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілген.
Қоймаларды салу бойынша жеке инвесторлар анықталған.
Аталған инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде ауданы
80 мың ш.м. қойма үй-жайлары салынады.
Көлік-логистикалық орталықтарды құру мыналарға мүмкіндік
береді:
- ОҚО тауар өндірушілерінің өнімін Кеден одағы елдерінің,
Еуропаның және қиыр шет елдерінің нарықтарына тапсыру және
шығару арналарын ашу;
- жергілікті өндірістегі тауарлардың көтерме сауда алаңын ашу;
- тауарларды тасымалдау үшін оңтайлы логистикалық бағыттар
құру;
- көлікті пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында көлік
ағындарын оңтайландыру.
Бұл Қазақстанның транзит әлеуетін барынша пайдалану
мақсатында орындалуы тиіс міндеттердің толық емес тізімі. Осы
негізгі міндеттерді практикалық тұрғыдан орындауға Көлік
инфрақұрылымын 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы да бағытталған.
Аталған бағдарламаны табысты іске асырған жағдайда,
Қазақстан экономикалық дамуға көлік логистикасының үлесінен
көп пайда көреді.
«Көлік-логистикалық компания»
басқарушы компаниясы» ЖШС
Бас директоры
С. Абдуллаев
Достарыңызбен бөлісу: |