Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет103/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

Қамқорлық принципі
Қамқорлық принципі мынадай екі ережені міндетті түрде 
сақтауға негізделген: 1) зиян келтірмеу және 2) пайданы барынша 
арттырып, зиянды мүмкіндігінше азайту (Belmont Report, 1979). 
Аталған принцип зерттеу әдебінің деонтологиялық қырына ерекше 
мән береді. Гиппократтың медицина әдебінде жақсы таныс «зиян 
келтірмеу» ережесі ғылымның басқа салаларына, соның ішін-
де әлеуметтік пәндерге де таралып жатыр. Зерттеуге қатысушы-
ларға қамқорлық жасау және кездесуі мүмкін зиян қаупін барын-
ша анықтау зерттеуді ұйымдастырушының тікелей міндеті болып 
табылады. «Сапалық зерттеу әдебі: қайшылықтары мен мазмұны» 
кітабының авторлары Хаммерсли мен Трайаноу зерттеушінің жа-
уапкершілігін анықтау үшін білім беру зерттеулерінде сақталуы 
тиіс үш маңызды шартты атап көрсетеді. Олардың көзқарасынша, 
зерттеуші зиян келтіруі мүмкін әрекеттерден аулақ болу үшін бар-
лық мүмкіндікті пайдалануы керек, оның салдарын дұрыс болжап, 
нәтиженің қаупін барынша азайту үшін сақтық шараларын ұста-
нуы қажет (Hammersley & Traianou, 2012). 
Зерттеудің барлығында да зиян келтіру қаупі болады. Әдетте 
ықтимал тәуекелдерді қарастыру кезінде алдын ала қарастырылуы 
тиіс зиянның бес түрі кездеседі, олар: 1) психологиялық зақым; 
2) физикалық зақым; 3) құқықтық зиян; 4) әлеуметтік зиян және 
5) экономикалық зиян. 7.1-кестеде зиян категорияларына қатысты 
тәуекелдерді қарастыру барысындағы пайдалы зерттеу сұрақтары 
ұсынылады.


164
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Зерттеуші өзінің зерттеуіне зияны тиюі мүмкін тәуекелдерді 
азайтуға және оны негіздеуге ұмтылуы тиіс. Ол әдеп мәселелері-
не қатысты құжаттарды толтыру кезінде аталған тәуекелдер мен 
оларды қалай басқаруға болатынын мұқият қарастыруы қажет 
(Зақымдану қаупін азайту, Australian National University, 2022).
Қамқорлық принципін сақтау үшін әрбір зерттеуші өз-өзіне: 
«Менің зерттеу жұмысым кімдерге пайдалы болмақ?» деген сұрақ 
қоюы керек. Егер зерттеу тек зерттеушінің өзі үшін ғана пайда 
келтіретін болса (мысалы, деректер жинау түрінде), онда мұндай 
зерттеу әдепке жатпайды, ал зерттеуші өзімшілдік көзқарас таныта 
отырып, қамқорлық принципін бұзған болып есептеледі. Коэн мен 
оның телавторлары (Cohen et al., 2011) атап өткендей, зерттеуге 
қатысушыларға немесе олардың қауымдастығына пайда әкелуге 

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау