Оқу іс-әрекетінің мақсаты



жүктеу 15,96 Kb.
Дата08.01.2018
өлшемі15,96 Kb.
#7146
түріСабақ

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Сүттіқұдық ауылы

№13 «Гүлдер» балабақшасының тәрбиешісі: Дүйсенбекова Лаура

Жапсыру .1-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Үй.

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация.



Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды қайшымен дұрыс жұмыс істеуге үйрету; бүктелген қағаздан тіктөртбұрыш пен шаршыны дұрыс қиып, шаршыны екі үшбұрышқа бөлуді, дұрыс желімдеуді меңгерту.

Керекті құралдар мен материалдар:



ұстаз үшін: аппликациялық жұмыстың үлгісі, әртүрлі өлшемдегі шаршылар мен үшбұрыштар, түрлі түсті қағаз, қатырма қағаз, желім, қайшы.

балалар үшін: түрлі түсті қағаз, қатырма қағаз, желім, қайшы, қол орамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Ұстаз балаларға жапсыру жұмысы үшін үстел үстін қалай дайындау керектігін көрсетіп, түсіндіреді. Қатырма қағаз, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қол орамал жұмыс орнында қайда тұру керектігін көрсетіп береді. Үстел үстін, киімді бүлдірмей таза және ұқыпты жұмыс істеу туралы әңгіме жүргізеді. Педагог қайшымен, желіммен жұмыс істеген кезде сақтау керек техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстырады.

Ұстаз сәулет өнері, үйдің қалай тұрғызылатыны жөнінде әңгімелейді. Балаларға конструктор бөлшектерінен үйді қалай құрастыратынын қарауды ұсынады. Ұстаз аппликацияның орындалу барысын көрсете отырып түсіндіреді. Тік төртбұрыштан шаршыны дұрыс қиюға, шаршыны екі үшбұрышқа бөліп алуға жаттығады. Балалар жұмыс дәптеріндегі үлгіні басшылыққа ала отырып, жұмысқа кіріседі.

Түрлі түсті қағаздардан әртүрлі өлшемдегі шаршы қиып аламыз (үлкен, орташа, кіші).Үлкен шаршыны қиғаш (диагональ) сызық бойымен бүктейміз. Шаршыны жайып, бүктеу сызығының бойымен қиып аламыз.

Негізгі бетке ретімен жапсырамыз:орташа шаршы - үйдің қабырғасы;

үлкен үшбұрыш - үйдің шатыры; кішкентай шаршы - терезесі.



Оқу іс-әрекетін қорыту. Аяқталған жұмыстар тексеріледі, орындалу барысы талданады, болашақта кемшіліктерді болдырмау үшін, қате орындалған жерлерін дұрыс орындауға бағыт беріледі.
жүктеу 15,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау