Топ: 12.12.31
Күні: 21.11.2014
Пәні: Қаржылық есеп
Тақырып: « Еңбек және оның төлемақысының есебі »
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Болашақ бухгалтерлерге « Еңбек және оның төлемақысының есебі » тақырыбын жоғары деңгейде түсіне отырып, болашақта тәжірибе жүзінде дұрыс әрі әділ есептеп үйрене отырып, мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Еңбекақыны есептеп уйрену; 3350 шоты бойынша шаруашылық операцияларды үйрену; Еңбекақыдан ұсталынатын шегерімдерді шегеруді үйрену;
Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелерін үйрену.
Тәрбиелілігі: Қызметке орналасқан кезде әділ еңбек ету.
Пәнаралық байланыс: « Еңбек кодексі », « Кәсіпорын экономикасы »
Сабақтың оқу жабдықтары: Еңбекақы тақырыбындағы « Слайдтар », Бағдарлама: « 1С бухгалтерия », Мультимедиялық тақта;
Қолданылған әдебиеттер: « Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп » авторы: Е.О. Нұрсейітов:
« Қаржылық есеп » авторы: С.Б. Баймуханова; « Салық кодексі » , « Еңбек кодексі »;
Сабақтың құрылымы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу
Аудитория тазалығын тексеру
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
2. Үй тапсырмасын сұрау: Ой қозғау, сергіту.
Үй тапсырмасын сұрау және әрбір дұрыс жауап сайын оқушылар балл жинап отырады. 100 балл - 5
60-70 балл – 4
10-50 балл – 3
0 балл - 2
Сұрақтар өткен тақырыптар бойынша, яғни « Ақша қаражаттар есебі », « Тауарлы материалдық қорлар есебі », « Негізгі құралдар есебі » тақырыптарынан қойылады. Сұрақтар осы жоғарыда аталған тараулар бойынша 3 ұяшық мультимедиялық тақта арқылы шығады. 1 ұящық - « Ақша қаражаттар есебі »,
2 ұяшық - « Тауарлы материалдық қорлар есебі »,
3-ұяшық - « Негізгі құралдар есебі ».
Сұрақ - жауап.
1 – ҰЯШЫҚ . Ақша қаражаттар есебі:
Касса операцияларының есебі.
Жауапты тұлғаларға кассадан ақша берілді, ( Дт 1251 – Кт 1010 )
Еңбекақы кассадан төленді; ( Дт 3350 – Кт1010 )
Кассадан кем шыққан ақша; ( Дт 7210 – Кт 1010)
Сатып алушылармен тапсырыс берушілерден түскен ақша;( Дт1010 – Кт1210 )
Еншілес кәсіпорындар дебиторлық берешегін кассаға төледі, ( Дт1010 – Кт1220)
Қауымдастырылған ұйымдар дебиторлық берешегін кассаға төледі,
( Дт1010 - Кт1230)
Филиалдар дебиторлық берешегін кассаға төледі,( Дт1010 – Кт1240 )
Жауапты тұлғалар жұмсамаған ақшасын кассаға қайтарды; (Дт1010 – Кт1251 )
Кассадан артық шыққан ақша; ( Дт1010 – Кт 6280)
Кәсіпорын кассасына ақша қаражаты түскенде және шыққан кезде толтырылаптын құжат: ( Кассалық кіріс ордері және кассалық шығыс ордері.)
Кассалық кіріс және кассалық шығыс ордерін кімдер қол қояды: Дұрыс жауабы ( Кіріс ордерге Бухгалтер мен кассир, Шығыс касса ордеріне басшы,бухгалтер,кассир және ақшаны алған адам «алдым» деп қол қоюы тиіс )
Есептесу шоттарындағы операциялар есебі
Кассадан есепшотқа ақша қаражаттары түсті, ( Дт1030 – Кт1010 )
Есепшотқа аванс түсті, (Дт1030 – Кт3510, 4410 )
Сатып алушылармен тапсырыс берушілерден есепшотқа түскен ақша;
(Дт1030 – Кт1210,2110 );
Еншілес кәсіпорындар дебиторлық берешегін есепшотқа төледі,
(Дт1030 – Кт1220, 2120 );
Қауымдастырылған ұйымдар дебиторлық берешегін есепшотқа төледі,
(Дт1030 – Кт1230, 2130);
Филиалдар дебиторлық берешегін есепшотқа төледі,
(Дт1030 – Кт1210, 2110 );
Кәсіпорын банктен несие алып, несиені есепшотқа кірістеді,
(Дт1030 – Кт3010, 4010);
Есепшоттан аванс аударылды,
(Дт1610, 2910 – Кт1030 )
Есепшоттан кассаға келіп түскен ақша,
(Дт1010 – Кт1030 );
Жалпы және әкімшілік шығындарға төленген төлем,
(Дт7210 – Кт1030 );
Қосылған құн салығын есепшоттан төленді
(Дт3130 – Кт1030 );
Корпоративтік табыс салығы есепшоттан төленді;
(Дт3110 – Кт1030 );
Жеке табыс салығы есепшоттан төленді,
(Дт3120 – Кт1030 );
Акциздер есепшоттан төленді
(Дт3140 – Кт1030);
Көлік,Мулік,Жер салығы есепшоттан аударылыды,
(Дт3170, 3160,3180,3190 – Кт1030);
Зейнетақы есепшоттан аударылыды,
(Дт3220 – Кт1030);
Әлеуметтік сақтандыру төлемдері есепшоттан төленді
(Дт3210– Кт1030);
Валюталық шот бойынша операциялар есебі
Шетелдік валютаны ұлттық валютаға айырбастаған кездегі курстың өзгеруіне орай пайда болған айырмашылық, ( Курстық айырма )
Мысалы кәсіпорынның валюталық шотында 10 000 доллар болды делік, доллардың курсы 149 теңге болған кезде есепке алынған кезде:
Дт 1032 - Кт1210 10 000x149=1 490 000
Есепті кезеңнің аяғында курс 150 теңге болды, олай болса курстық айырма:
10 000x150=1 500 000 ( 1 500 000 – 1 490 000= 10 000 тенге )
Курстық айырмадан туындаған табыс 10 000 тенге
Праводка беріңіз:
(Дұрыс жауабы: Дт 1032 – Кт 6250)
Есеп беретін адамдармен есеп айырысудың есебі.
Шаруашылық шығындарына, операция мұқтаждықтарына, іссапарларға есеп беруге қолма-қол ақша берілді:
(Дұрыс жауабы: Дт 1251 – Кт 1010 )
Іс-сапарға кетіп бара жатқан қызметкерге ( ұшаққа билет сатып алу үшін, іс-сапар орнына дейінгі және одан кері қарай тұрақты жұмыс орнына дейінгі жол жүру шығындары үшін; тұрғын үй-жайды жалдау шығындарына; ) кассадан ақша берілді -95 000 теңге;
(Дұрыс жауабы: Дт 1251 – Кт 1010 – 95 000 )
Іс-сапардан келген соң қызметкер аванстық есеп тапсырды – 100 000 теңге
(Дұрыс жауабы: Дт 7210 – Кт 1251 – 100 000 теңге );
Қызметкердің іс-сапарда артық жұмсаған ақшасын кәсіпорын кассадан төледі;
(Дұрыс жауабы: Дт 1251 – Кт 1010 – 5000 );
Есеп беретін тұлғаға кәсіпорын кассасынан кеңсе жихаздарын сатып әкелуге ақша берілді – 200 000 теңге;
(Дұрыс жауабы: Дт 1251 – Кт 1010 – 200 000 теңге )
Есеп беретін тұлға кәсіпорынға кеңсе жиһазын сатып әкелді – 192 000 теңге
(Дұрыс жауабы: Дт 2416 – Кт 1251 – 192 000 );
Есеп беретін тұлға кәсіпорын кассасына артық қалған ақшаны қайтарды – 8000
(Дұрыс жауабы: Дт 1010 – Кт 1251 – 8000 );
Банк несиелері мен қарыз қаражаттарының есебі;
Бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте % төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасы;
Дұрыс жауабы: ( Несие );
Қысқа мерзімді несие кәсіпорынның есепшотына кірістелді;
(Дт1030 – Кт3010, 4010);
Алынған несие арқылы жеткізушілер мен мердігерлерге берешек өтелді:
(Дт3310 – Кт3010, 4010);
Кәсіпорын несиесін есепшот арқылы қарызын өтеді:
(Дт3010,4010 – Кт1030);
Бюджетпен есеп айырысудың есебі;
Шаруашылық субьектілері, яғни кәсіпорындар бюджетпен қандай төлемдер бойынша есептеседі; Дұрыс жауабы: ( Салықтар бойынша )
Қандай салық түрлерін білесіз: Дұрыс жауабы: ( 3110,3120,3130,3140,3150,3160,3170,3180,3190 )
Корпоративтік табыс салығы есептелді:
(Дт7710– Кт3110);
Корпоративтік табыс салығы аударылды:
( Дт3110 – Кт1030):
Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі.
Кәсіпорын ғимараттарын сақтандырды
( Дт 7210 – Кт 3210);
Кәсіпорын көліктерін сақтандырды;
( Дт 7210 – Кт 3210);
Кәсіпорын ғимарттар мен көлік құралдарын сақтандыру бойынша міндеттемелерін төледі;
( Дт 3210 – Кт 1030);
2 – ҰЯШЫҚ . Тауарлы материалдық қорлар есебі:
Материалдық қорлар, оларды есепке алудың міндеті мен жіктемесі;
ТМҚ –ға қандай еңбек заттары жатады. Дұрыс жауабы: ( 1310-1318 )
ТМҚ бағалау әдістерін білесіз? . Дұрыс жауабы:(ФИФО, Орташа өлшенген құн )
2005 жылдан бастап алынып тасталған ТМҚ қандай бағалау әдісін білесіз? Дұрыс жауабы:( ЛИФО )
Материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу жөніндегі құжаттама;
Қоймалардағы және сақтайтын орындардағы материалдық құндылықтардың есебі;
Материалдардың жұмсалуын бақылап, ауытқуларын анықтаудың үш түрлі тәсілі бар: Дұрыс жауабы:(құжаттама тәсілі, пішіп, өңдеу кезінде партия бойынша есеп жүргізу, инвентарлық тәсіл);
Материалдық құндылықтардың бухгалтериядағы есебі.
Жеткізушілер мен мердігерлерден кеңсе материалдар келіп түсті;
Дұрыс жауабы: ( Дт1310 – Кт 3310 – 30 000 теңге );
Кеңсе материалдарын қызметкрелерге пайдалануға берілді:
Дұрыс жауабы: ( Дт7210 – Кт 1310 – 30 000 теңге );
Материалдардың өндірістегі жұмсалуына бақылау жасау әдістері:
Құндылықтардың өзіндік құнына қандай шығындар кіреді: Дұрыс жауабы: ( сатып алу бағасы, қажетті жерге тасымалдау, дайындау,өнімді өңдеу шығындары кіреді. )
Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын түрлері: Дұрыс жауабы: ( Тікелей шығындар, жанама шығындар, қосымша шығындар)
Тауарлы материалдық құндылықтарды түгендеу.
Қойманы түгендеген кезде артық шыққан материалдар:
Дұрыс жауабы: ( Дт 1310 – Кт6280)
Қойманы түгендеген кезде кем шыққан материалдар: Дұрыс жауабы: ( Дт 7210 – Кт1310 );
3 – ҰЯШЫҚ . Негізгі құралдар есебі:
НҚ экономикалық мәні және жіктемесі;
НҚ бағалау және қайта бағалау;
НҚ келіп түсуі;
НҚ-дың талдамалы есебін ұйымдастыру;
НҚ амортизациясы мен тозуын есепке алу;
НҚ-дың есептен шығарылуының есебі;
НҚ обьектілерінің есептен шығарылуы;
НҚ-ды жөндеудің және жаңғыртудың есебі;
НҚ –ды ағымдағы жал бойынша операциялардың есебі;
Қаржылық жалдау жөніндегі операциялардың есебі;
НҚ- ды түгендеу.
3.Жаңа сабақты түсіндіру. Көрнекілік құралдар арқылы « Еңбектің және оның төлемақысының есебі » тақырыбын слайд арқылы және 1С « бухгалтерия» бағдарламасымен мультимедиялық тақта арқылы көрсету, түсіндіру.
3.Жаңа сабақты тест сұрақтары бойынша бекіту.
4. Студенттерді бағалау.
5. Үйге тапсырма беру.
Сабақты жүру барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі, студенттерді түгендеу, сабақтың жүру барысын түсіндіру.
3. Ой қозғау, сергіту. Өткен тақырыпты берілген 3-ұяшықтар арқылы сұрақ – жауап түрінде сұралады. « Ақша қаражаттар есебі », « Тауарлы материалдық қорлар есебі », « Негізгі құралдар есебі » тақырыптарынан қойылады. Сұрақтар осы жоғарыда аталған тараулар бойынша 3 ұяшық мультимедиялық тақта арқылы шығады.
1 ұящық - « Ақша қаражаттар есебі »,
2 ұяшық - « Тауарлы материалдық қорлар есебі »,
3-ұяшық - « Негізгі құралдар есебі ».
Әрбір ұяшықтың астында балл тұрады. Балл таңдаса қиындығына байланысты сұрақтар шығады. Мысалы: 10 балл Еңбекақы кассадан төленді;
4.Қызығушылықты ояту. Сабақтың тақырыбын анықтау; Көрнекілік арқылы болжау. Түсіндіру және сұрау арқылы білімдерін тексеру
5.Жаңа сабақты түсіндіру.
Жұмыс беруші, еңбек және коллективтік келісім шартқа және заңға сәйкес, жұмыстың көлемі мен сапасын, қиындығын ескере отырып, жұмыскерге еңбекақы төлеуге міндетті. Жекелей еңбек пен коллективтік жұмыс нәтижесіне қарай ақы төлеу мүмкіндіктері де қарастырылады.
Жеке еңбек келісім шартында міндетті түрде еңбекақы төлеу шарттары қарастырылады.
Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, денсаулық сақтау жүйесінің, білім және ғылым, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының және басқа да мемлекеттік бюджет бойынша қаржыландырылатын мекеме қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен еңбек ақы төлеу туралы нормативтік, құқықтық актілер бойынша, сонымен қатар өкілетті органдар бекіткен еңбеккерлерге еңбек ақы төлеу туралы Нұсқамаға сәйкес жүргізіледі.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу, Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен бірыңғай жүйе бойынша атқарылады.
Аусымдық, үйде отырып еңбек ететін адамдардың еңбек ақысын төлеу тәртібі, жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында жасалған жеке еңбек келісім шарты бойынша анықталады.
Еңбек ақы көлемін жұмыс беруші тағайындайды және оның мөлшері заңмен бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Еңбек ақыны есептеу, әр мекеменің өзі қабылдаған штаттық кестесінің негізінде, еңбек ақы төлеу жүйесі мен формасына сай, жұмыс уақытының табелін толтыру арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, өндірісте жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбек ақысын есептеу үшін нарядтар, еңбек өнімділігінің есеп карточкалары ж.т.б. толтырылады.
Есептелген еңбек ақыдан, бекітілген ставка бойынша жеке табыс салығы, сонымен қатар, зейнетақының жинақтау қорына аудару үшін 10% көлемі ұсталып қалынады.Еңбек ақының қорына байланысты әлеуметтік салық пен қамсыздандыру жарнасы есептеліп, оны ұйым төлейді. Еңбек ақы ұсталуға тиісті міндетті төлемдер ұсталып болғасын, төлем ведомосы бойынша еңбеккерлерге төленеді.
Төлем ведомосын төлеу уақытын көрсете отырып, мекеме басшысы бекітеді. Ведомосты жабар кезде, кассир немесе бухгалтер, әртүрлі себептермен төленбей қалған соманы көрсетіп және оларға «төленді» деген штамп басады.
Ведомос бойынша төленген еңбек ақының сомасы, кассалық шығыс ордеріндегі және кассалық кітаптағы сомаға сәйкес келуге тиіс.
Еңбек ақы төлеу жөнінде барлық құжаттарға мекеме басшысы қол қояды, сол арқылы ол әрбір жұмыскерге есептелген еңбек ақының дұрыстығын бақылап отыруына мүмкіндік алады.
Еңбек ақы бойынша есептеулер 3350 «Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді алажақтар қарызы» деп аталатын счеттар тобында жүргізіледі.
Еңбек ақы есептеу арқылы жұмыс көлемі мен сапасын, мекеме шығынына қосылатын қаржының дұрыс пайдалануын бақылауға болады. Әрбір есептелген еңбек ақының артында адам тағдыры тұрғанын ұмытпау керек, себебіол сол адамның күн көріс көзі болып табылады, ал мекеме үшін ол сома оның қаржылық нәтижесін тікелей әсер ететін белгілі.
Еңбек ақы жүйелері мен формалары
Еңбек ақы жүйесінле негізінен екі түрлі форма қолданылатыны белгілі – уақытына қарай және өнім көлеміне қарай төлеу жүйесі.
Уақытына қарай төленген кезде, еңбеккердің ебек ақысы, бекітілген тарифтік ставка бойынша немесе нақты атқарған жұмыс уақытына орай белгіленген жалақы бойынша төленеді.
Өнім көлеміне қарай еңбек ақы төлеу кезінде, алдын ала тағайындалған өлшемге сәйкес, әрбір дайындалған өнімге немесе орындалған жұмыс бойынша жеке төленеді (өндірістік операцияларға сай, әр данаға, келесіне, көлеміне ж.т.б. орай)
Өнім көлеміне қарай еңбек ақы төлеу жүйесі бірнеше түрге бөлінеді:
өндірілген өнімге тікелей төлеу;
тікелей – сыйақы қоса төлеу;
тікелей – прогрессивтік;
өндірілген өнімге жанама түрде төлеу;
аккордтық.
Еңбек ақы жүйесі ұйымдастыру түрлеріне қарай, өз кезегінде жеке және коллективтік болып бөлінеді.
Өндірілген өнімге тікелей төлеу жүйесі бойынша, еңбек ақы әрбір өндірілген өнімнің бірлігіне, арнайы бекітілген баға бойынша жеке жеке төленеді.
Тікелей – сыйақы қосып төлеу жүйесі бойынша, тиісті көрсеткіштер мен шарттар орындалған жағдайда, қосымша сыйақы төлеу жолдары қарастырылған.
Тікелей – прогрессивтік еңбек ақы төлеу жүйесі қысқа мерзімге және өндіріске аса қажетті болған кезде, жеке учаскелер бойынша қолданылады. Ол жүйеге сәйкес, бстапқы ақы төлеу нормативтеріне (базалық) қоса, егер норманы артық орындайтын болса жоғарлатылған (прогрессивті) баға бойынша ақы төленетін болады.
Жанама түрде төлеу жүйесі әдетте, көмекші салалар бойынша еңбек ақы төлеу кезінде қолданылады (жөндеушілерге, реттеушілерге ж.т.б.) және олар өздерінің атқарған жұмыс көлеміне сай, алдын ала бекітілген бағалар бойынша, негізгі өндірілген өндіріс көлеміне байланысты жалақы алады.
Аккордтық жүйе бойынша еңбек ақының мөлшері, бекітілген нормаға және бағаға сай, жұмыс көлемін белгіленген уақытта толық орындап шыққан кезде қолданылады. Аккордтық түрдегі жалақы, орындалған жұмыс толық аяқталып, қбылданып алынғаннан кейін төленеді.
Уақытына қарай төлеу жүйесі, екі топқа бөлінеді, уақытына қарай еңбеу ақы есептеу және уақытына қоса сыйақы есептеу.
Уақытына қарай еңбек ақы төлеу жүйесі бойынша, еңбеккердің еңбек ақысы бекітілген тарифтік ставка бойынша немесе атқарылған жұмыс уақытына орай белгіленген жалақы түрінде төленеді.
Уақытына қарай еңбек ақы төлеу жүйесіне, жұмысты сапалық және көлемдік жағына қарай белгіленген шарттарды қосымша орындаған жағдайда, қосымша ақы төленетін болса, онда ол уақытына қоса сыйақы төлеу жүйесі деп аталады.
Ұйымдардағы еңбек ақы төлеу жүйесі мен олардың түрлері коллективтік шартпен немесе жұмыс берушінің шығарған актілеріне сай анықталады.
Еңбеақы төлеудің мерзімді жүйесі
Мерзімді еңбекақы – еңбекақы төле жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді сыйақылар болып бөлінеді.
Мысалы: 1 . Абдолова Шынардың еңбекақысы – 75 000 теңге қыркүйек айында 2012 жылы 17 кун жұмыс жасады. Қыркүйек айында 21 жұмыс күні бар
Әр жұмыс күніне төленетін 1 жұмыс күні ақшасын тауып алуымыз керек.
1 жұмыс күні ақшасын , жасаған жұмыс күніне көбейтуіміз керек:
Шешімі: 75000/21=3572
3572x17=60724
2.Ахметова Жарқын еңбекақысы – 60 000 теңге қыркүйек айында 2012 жылы 21 кун жұмыс жасады. Қыркүйек айында 21 жұмыс күні бар
Шешімі: 60 000 тенге толықтай алады.
3.Бисембиев Султанбек қыркүйек айында 178 свғвт жұмыс істеді Сағаттық тарифтік стафка 250 теңге тұрады.
Шешімі: 178x250=44500
Еңбеақы төлеудің кесімді жүйесі
Келісімді еңбекақы жағдайында, қызметкерге еңбекақы әрбір орындалған немесе өндірілген өнім үшін алдын ала белгіленген мөлшерде есептеледі.
Мысалы: Кесімді ақы алатын жұмысшыға бірлігі 650 тенгеге бағаланатын 90 бөлшекті әзірлеу тапсырылды.
Шешімі: 90x650=58500
Еңбеақы төлеудің комиссиялық, яғни сыйақылық жүйесі
Кесімді сыйақылық төлемде кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейді.
Мысалы: Сатыбалдиева Л.К еңбек келісім шартына сәйкес өнімді сатудан түскен түсімнен 3% -ін алады. Қыркүйек айында 1 500 000 теңгенің тауары айналымға түсіп сатылды.
Шешімі: 1 500 000 x 3%=45 000 теңге
ТҮНГІ УАҚЫТТАҒЫ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕҢБЕКАҚЫСЫ
ҚР-ның « Еңбек туралы » заңының 48,73-баптарына сәйкес сағат 22-ден сағат таңғы 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып табылады. Аяғы ауыр ( жүкті ) әйелдер түнгі уақыттағы жұмысқа тек олардың келісімімен ғана жіберіледі. Түнгі уақыттағы жұмысқа он сегіз жастан кіші тұлғалар және медициналық анықтамасында түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салынған кейбір тұлғалар жіберілмейді. Түнгі уақытта әр сағат 1,5 мөлшерден кем төленбеуі керек.
Мысалы: Кәсіпорынның шаруашылығымен Батырбаева Айжанат қыркүйек айында 2 күн бойы 3 сағаттан түнгі уақытта жұмыс істеді. Қыркүйек айында 21 жұмыс күні бар 8 сағаттық жұмыс күні. Еңбекақысы - 70000 теңге
Шешімі: 70 000 / 21=3 333
3 333/8=417 теңге
417 x 1,5=625,5
(625,5 x3) x2 күн=3753
70 000 + 3753 =73 753
ДЕМАЛЫС ПЕН МЕРЕКЕ КҮНДЕРІНДЕГІ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕҢБЕКАҚЫСЫ
Демалыс және мерекелік жұмыс уақыты – әдеттегі еңбекақының екі есе мөлшерінен кем болмауы керек. Егер жұмысшы демалыс күндері жұмыста тұрғысы келмесе келісімі бойынша басқа қызметкерке ауыстырылуы мүмкін.
1-2 қаңтар Жаңа жыл
7 қаңтар Рождество
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз Наурыз мейрамы
1 мамыр ҚР ынтымақ күні
9 мамыр Жеңіс күні
6 шілде Астана күні
30 тамыз ҚР Конституция күні
16-17 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні
Мысаы: Кәсіпорынның шаруашылығымен Имашева Шолпан 1 қаңтарда жұмысқа шақыртылды. Мереке күндері еңбекақы екі есе төленеді. Қаңтар айында 20 жұмыс күні бар. Еңбекақысы – 60000 теңге
Шешімі: 60 000 / 20=3 000 теңге
3 000x 2=6 000 теңге
60 000+ 6 000 = 66 000 теңге
УАҚЫТША ЕҢБЕККЕ ЖАРАМСЫЗ БОЙЫНША ЖӘРДЕМАҚЫ
Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу және төлеу тәртібі ҚР-сы Үкіметінің 11.06.1999 ж №731 « жұмыс берушінің қаражат есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібі туралы » қаулысымен бекітілген.
Құжаты: Жұмысқа жарамсыздық парағы болып табылады. ( больничный лист )
Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы қызметкердің Орташа еңбекақысы шамасында төленеді. Оның көлемі МРП – ның 15 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
МРП- 01.01.2012 ж – 1618 теңге құраса,
Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақымөлшері: - 24270 теңгеден аспауы керек.
Мысалы: 12 айда тапқан ақшасы - 875 000 теңге болса
12 айда жасаған күні: - 186 күн
Орташа еңбекақы 875 000/ 186 күнге = 4704 теңге
4704 x неше күн ауырып калды жұмысқа жарамсыздық парағы бойынша 9 күн болса мысалы 4704 x 9 күн = 42 337 теңге
Бірақ заң бойынша 24270 аспауы керек болғандықтан – 24270 теңге төленеді.
ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
Жеке еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істеушіге жұмыс орны мен орташа еңбекақысын сақтайтын жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына байланысты кепілдік беріледі. Еңбек демалысының төлемақысы еңбек демалысы басталғаннан кейін 3 күннен кешікпей төленуі тиісті. ҚР-ның « Еңбек туралы » заңының 60 бабы, 3-тармағына сәйкес еңбек демалысы қызметкерге 24 күннен кем болмайтын уақытқа беріледі.
Мысалы: 12 айда тапқан ақшасы - 875 000 теңге болса
12 айда жасаған күні: - 354 күн
Орташа еңбекақы 875 000/ 354 күнге = 2472 теңге
2472 теңгені x 24 демалыс күніне = 59 322 теңге;
ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНЫҢ КОМПЕНСАЦИЯСЫ
Қызметкер өзінің жыл сайынғы еңбек демалысын пайдаланғанына немесе пайдаланбағанына қарамастан жеке еңбек келісім шартын бұзған кезде оған өтемақы төленеді.
Қатарынан 2 жыл ішінде еңбек демалысы берілмеуге тыйым салынады.
Мысалы: 9 айда тапқан ақшасы - 770 000 теңге болса
9 айда жасаған күні: - 274 күн
770 000 / 274 кұн = 2810 теңге
24 күн еңбек демалысы / бөлеміз 354 кунге барлық 1 жыл ішіндегі жұмыс күні санына x 274 күн барлығы жұмыс жасаған күніне.
Сонымен 18 күн төленеді.
18 күн x 2810 теңге бір күндік еңбекақы =50 580 теңге пайдаланылмаған еңбек демалысына компенсация алуы тиіс
Дебет
|
Кредит
|
Шаруашылықтың мазмұны
|
7210
|
3350
|
Еңбекақы есептелді
|
3350
|
3220
|
Еңбекақыдан міндетті зейнетақы жарнасы ұсталды
|
3350
|
3120
|
Еңбекақыдан жеке табыс салығы ұсталды
|
7210
|
3150
|
Еңбекақы бойынша кәсіпорын шығынына жатқызылатын әлеуметтік салық есептелді
|
7210
|
3210
|
Еңбекақы бойынша кәсіпорын шығынына жатқызылатын әлеуметтік аударым есептелді
|
3220
|
1030
|
Міндетті зейнетақыы жарнасы есепшоттан аударылды.
|
3120
|
1030
|
Жеке табыс салығы есепшоттан аударылды
|
3150
|
1030
|
Әлеуметтік салық есепшоттан аударылды.
|
3210
|
1030
|
Әлеуметтік аударым есепшоттан аударылды
|
3350
|
1010
|
Еңбекақы кассадан төленді.
|
6. Жаңа сабақты тест сұрақтары бойынша бекіту
Студенттерді жинаған баллдары бойынша бағалау.
7. Үйге тапсырма беру.
Достарыңызбен бөлісу: |