22
екендігі туралы анықтама;
- сыбайлас қылмыс жасау туралы мәліметтің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.
2.1.8. Басқа жұмыс берушімен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасу
үшін қызметкер негізгі жұмыс орны (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайы) бойынша
еңбек жағдайы мен сипаты туралы анықтама ұсынады.
2.1.9. Қызметкердің келісімімен құжаттардың түпнұсқалары жұмыс берушіде
сақталған не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындау
үшін уақытша қалдырылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкерге құжаттарды қайтару
туралы жазбаша міндеттеме береді.
2.1.10. Заңнамалық актілермен көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмысқа
қабылданушы тұлғадан ҚР ЕК көзделген құжаттардан басқасын талап етуге тыйым
салынады.
2.1.11. Еңбек шартын жасасу кезінде алғаш рет еңбек кітапшасы жұмыс берушімен
ресімделеді. Еңбек кітапшаларының нысаны, жүргізу мен сақтау тәртібі, сондай-ақ еңбек
кітапшаларының бланкілерін әзірлеу және жұмыс берушілердің олармен қамтамасыз ету
тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
2.1.12. Қызметкерлер ҚР ЕК көзделген тәртіпте қоса атқару жағдайымен жұмыс
жасауға құқылы.
Білім ұйымы басшысының лауазымдық міндеттемелері қоса атқару арқылы
орындала алмайды.
2.1.13. Жұмысқа қабылдау жасасқан еңбек шарты негізінде шығарылған жұмыс
берушінің бұйрығымен ресімделеді. Жұмыс беруші бұйрығының мазмұны жасасқан еңбек
шартының жағдайларына сәйкес болуы тиіс.
Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы қызметкерге жұмыстың
нақты басталған күнінен бастап үш күн мерзімде қолын қойғызып таныстырылады.
Қызметкердің талабы бойынша жұмыс беруші оған аталған бұйрықтың куәландырылған
көшірмесін беруге міндетті.
2.1.14. Жазбаша нысанда ресімделмеген еңбек шарты, егер қызметкер жұмысқа
жұмыс берушінің немесе оның өкілінің келісімімен болмаса тапсырмасымен кіріскен
болса, онда жасасқан болып есептеледі.
2.1.15. Қызметкерлердің еңбек кітапшалары жұмыс берушіде сақталады. Еңбек
кітапшаларының бланкілері мен олардың қосымша беттері қатаң есептілік құжаттары
ретінде сақталады.
2.1.16. Бұйрық негізінде еңбек кітапшасына енгізілетін атқарылған жұмыс, басқа
тұрақты жұмысқа ауыстыру және жұмыстан босату туралы әрбір жазбамен жұмыс беруші
оның иесін еңбек кітапшасына енгізілген жазба қайталанатын жеке карточкасына қолын
қойғызып таныстыруға міндетті.
Лауазымдар, кәсіптер мен мамандықтар атаулары және оларға біліктілік талаптары
белгілі тәртіпте бекітілген типтік біліктілік сипаттамаларында көрсетілген атаулар мен
талаптарға сәйкес болуы тиіс.
2.1.17. Жұмысқа қабылдаған кезде жұмыс беруші қызметкерді ішкі еңбек
тәртіптемесі ережелерімен, қызметкердің жұмысына қатысы бар өзге де актілерімен,
ұжымдық шартпен қолын қойғызып таныстыруға міндетті.
2.2. Жұмысқа қабылдау кезіндегі кепілдіктер:
2.2.1. Еңбек шартын жасасудан дәлелсіз бас тартуға тыйым салынады.
2.2.2. Жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, шығу тегіне, мүліктік, әлеуметтік және
лауазымдық жағдайына, тұрғылықты жеріне (соның ішінде тұрғылықты жері немесе
мекендеген жері бойынша тіркеуінің болуы немесе болмауы), сондай-ақ қызметкерлердің
іскерлік сапасына қатысы жоқ басқа да жағдайларға байланысты еңбек шартын жасасу
кезінде қандай да болмасын құқықтарын тікелей немесе жанама шектеу не тікелей немесе
жанама басымдылықтарды белгілеуге, заңнамалық актілермен көзделген жағдайларды
қоспағанда, жол берілмейді.
23
2.2.3. Жүктілікпен немесе балаларының болуына байланысты дәлелдер бойынша
әйелдермен еңбек шартын жасасудан бас тартуға тыйым салынады.
2.2.4. Еңбек шартын жасасудан бас тартқаны үшін сотқа шағымдануға болады.
2.3. Еңбек шартының жағдайларын өзгерту және басқа жұмысқа ауыстыру:
2.3.1. ҚР ЕК көзделген жағдайларды қоспағанда, еңбек шартының белгілі
жағдайларын тараптармен өзгертуге, соның ішінде басқа жұмысқа ауыстыруға тек еңбек
шарты тараптарының келісімдері бойынша жол беріледі. Еңбек шартының белгілі бір
жағдайларын өзгерту туралы тараптардың келісімі жазбаша нысанда жасалады және
еңбек шартына қосымша келісім ретінде ресімделеді.
Еңбек шартының жағдайлары (мазмұнын) мынадай негіздемелер бойынша
өзгертілуі мүмкін:
•
еңбектің ұйымдастырушылық немесе технологиялық жағдайларының
өзгеруімен байланысты себептермен тараптардың еңбек шартының жағдайларын өзгертуі;
•
басқа жұмысқа ауыстыру (қызметкердің немесе ол жұмыс жасайтын
құрылымдық бөлімшенің еңбек қызметінің тұрақты немесе уақытша өзгеруі ).
2.3.2. Еңбектің ұйымдастырушылық немесе технологиялық жағдайларының
өзгеруімен байланысты себептер бойынша (техника мен өндіріс технологиясындағы
өзгерістер, өндірістің құрылымдық қайта ұйымдастырылуы, басқа себептер) еңбек
шартының тараптармен өзгертілген белгілі жағдайлары сақталынбаған жағдайда,
қызметкердің еңбек қызметін өзгертуді қоспағанда, оларды жұмыс берушінің бастамасы
бойынша өзгертуге жол беріледі.
Мұндай себептер қатарына:
•
қайта ұйымдастыру (бірігу, қосылу, бөліну, өзгерту), сондай-ақ ішкі қайта
ұйымдастыру ;
•
білім процесін жүзеге асырудағы өзгерістер (топтар санын қысқарту және
т.б.) жатқызылуы мүмкін.
Тараптармен анықталған еңбек шартындағы болатын өзгерістер туралы, сондай-ақ
мұндай өзгерістер қажеттілігін тудыратын себептер туралы жұмыс беруші қызметкерді
кемінде бір ай бұрын жазбаша нысанда ескертуі тиіс.
2.3.3. Басқа жұмысқа ауыстыру тек қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жүзеге
асырылады. Қызметкердің денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындымен
расталған қайшылықтар болған кезде, оны басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді.
2.3.4. Жұмыс беруші қызметкерді жұмыс берушінің алдағы болатын көшуі туралы
кемінде бір ай бұрын жазбаша ескертуі тиіс.
Жұмыс берушімен басқа жерге жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайда,
қызметкермен еңбек шарты ҚР ЕК 58-бабы 1-т.1)т.көзделген негіздеме бойынша
тоқтатылады.
2.3.5. Өндірістік қажеттілік кезінде, оның ішінде жоқ қызметкерді уақытша
алмастырған жағдайда, жұмыс берушінің қызметкерді оның келісімінсіз күнтізбелік жыл
ішінде бір айға дейінгі мерзімге орындалатын жұмыс бойынша еңбегіне ақы төлеп, бірақ
бұрынғы жұмысындағы орташа жалақысынан кем емес жалақымен, еңбек шартында
келісілмеген және денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін сол ұйымдағы, сол
жердегі басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар.
2.3.6. Жұмыс берушінің бос тұрып қалу жағдайында қызметкердің келісімінсіз бос
тұрып қалу жағдайының барлық мерзіміне, оны денсаулық жағдайы бойынша қайшы
келмейтін басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар. Бос тұрып қалу жағдайында басқа
жұмысқа уақытша ауыстыру кезінде қызметкердің еңбегіне ақы төлеу орындалатын
жұмыс бойынша жүргізіледі.
2.3.7. Қызметкердің келісімінсіз сол жұмыс берушіде еңбек шартымен келісілмеген
жұмысқа ауыстыру тек ҚР ЕК көзделген жағдайларда мүмкін болады.
2.3.8. Уақытша болмаған (еңбек демалысы, сырқаттану, біліктілігін арттыру)
қызметкердің міндеттерін жұмыс беруші осы жұмысты тапсырған қызметкердің