42
Жұмыс беруші бұйрығының жобасы бойынша кәсіподақ ұйымының сайланбалы
органының дәлелді пікірін ресімдеу үлгісі
Құжаттың күні мен
шығыс нөмірі
_________________________________
(бастауыш кәсіподақ ұйымының
сайланбалы органының атауы)
______________________________
(басшының лауазымы, Т.А.Ә.)
ОТЫРЫС ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ
_____________________________________________________________________________________
(бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының атауы)
Жұмыс берушінің _____________________________________________________
(жұмыс беруші бұйрығының жобасының атауы)
қабылдау мәселесі бойынша дәлелді пікірінің жобасы туралы ______________________________
(бастауыш кәсіподақ ұйымы органының атауы)
өкілетті құрамымен ________________________________________ жобасы бойынша 201_ ж.
(жұмыс беруші бұйрығының жобасының атауы)
«___»__________ № ___ өтінішті, оған негіздемені және жұмыс берушінің оны шығару
заңдылығын растайтын құжаттарды қарады.
________________________________________ 201_ ж. «___»__________ мәжілісінде
(кәсіподақ органының атауы)
ұжымдық шарт жағдайларының негізінде жұмыс берушінің ________________________
(қызметкердің Т.А.Ә., лауазымы, кәсібі,жұмыстан шығарылушының жұмыс орны )
еңбек шартын бұзу туралы бұйрық жобасын әзірлеу кезінде қолданыстағы еңбек заңнамаларының
нормаларын, барлық деңгейдегі келісімдерді қадағалауы тексерілді.
Мынадай дәлелді пікір бекітілді:
Дәлелді пікір
_____________________________________________________________________________________
(сайланбалы кәсіподақ органының атауы)
___________________________________________________________________ жобасы бойынша
(жұмыс беруші бұйрығының жобасының атауы)
_____________________________________________________ еңбек шартын бұзу туралы жұмыс
(қызметкердің Т.А.Ә, лауазымы)
берушімен ұсынылған бұйрықтың жобасы
Бұйрықтың жобасы мен оған тіркелген құжаттар оны қабылдау заңдылығын растайды
(растамайды).
Бұйрықтың жобасы ҚР ЕК _____ баптарымен белгіленген талаптарға сәйкес келеді (сәйкес
келмейді), қызметкердің еңбек шартының жағдайларын бұзбайды (бұзады).
Бұйрықтың жобасы ұйымдағы қызметкердің еңбек қызметімен байланысты, жұмыс
берушінің ______________________________________ еңбек шартын бұзу туралы бұйрық
(қызметкердің Т.А.Ә.)
жобасын әзірлеу кезінде ескерілмеген қосымша жағдайларды ескереді (ескермейді).
Жоғарыда айтылғандар негізінде жұмыс берушінің _____________________________
(қызметкердің Т.А.Ә, лауазымы)
ҚР ЕК 52-бабының 1-т. ___ т.т. сәйкес еңбек шартын бұзу жөнінде бұйрықты шығару туралы
шешімін мүмкін деп (мүмкін емес) деп білеміз.
Кәсіподақ ұйымының
төрағасы
____________ ______________________
(қолы)
(Т.А.Ә.)
Кәсіподақ органының 201_ ж. «___»__________ дәлелді пікірін алдым
_____________________________________________________
(жұмыс берушінің Т.А.Ә.)
«___»__________ 201_ж.
___________
43
№ 4 қосымша
_________________________қызметкерлерінің
жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1.1.Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты және
тынығу уақытының режимі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже), әр түрлі типтегі және
түрдегі білім беру ұйымдарының қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, қызметкерлердің
жұмыс уақытының және тынығу уақытының режимін реттеу тәртібін белгілейді.
1.2. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты және тынығу уақытының
режимі ұйым қызметінің режимін ескеріп анықталады (білім алушылардың,
тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақыт, маусым, оқу
сабақтарының ауысымы және білім ұйымы жұмысының басқа да ерекшеліктері ішінде
болуы) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Білім туралы» ҚР Заңына
сәйкес әзірленген мекеменің немесе кәсіпорынның ішкі еңбек тәртіптемесінің
ережелерімен, ұжымдық шартпен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен, осы
Ережемен белгіленеді.
1.3. Мемлекеттік білім беру мекемелері мен кәсіпорындары басшыларының,
олардың орынбасарларының, басқа да басқарушы қызметкерлердің жұмыс режимі
аптасына қалыпты ұзақтылығы 40 сағат жұмыс уақытына негізделіп, білім беру
ұйымдарының қызметін басқаруды қамтамасыз ету қажеттілігін ескеріп анықталады.
1.4. Жұмыс күні ішінде өз міндеттерін үздіксіз орындайтын педагог қызметкерлерге
тамақтану үшін үзіліс белгіленбейді. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне білім
алушылармен, тәрбиеленушілермен бір уақытта немесе осы мақсатқа арнайы бөлінген
жерде бөлек тамақтану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
2. Оқу жылы мерзіміндегі білім беру ұйымдары мұғалімдерінің,
оқытушыларының, қосымша білім беру педагогтарының
жұмыс уақытының режимі
2.1. Мұғалімдердің, оқытушылардың, қосымша білім беру педагогтарының (әрі
қарай – оқытушылық жұмыс жүргізетін педагог қызметкерлер) педагогикалық жұмысты
орындауы, оқытушылық жұмыспен байланысты тек педагогикалық жұмыстарды орындау
үшін белгіленген уақыт нормаларының болуымен сипатталады.
Оқытушылық жұмысты жүргізетін педагог қызметкерлердің педагогикалық
жұмыстың басқа бөлігін орындауы сағат саны бойынша нақтыланбаған, жұмыс
уақытының ішінде жүзеге асырылады.
2.2. Оқытушылық жұмысты жүргізетін қызметкерлердің жұмыс уақытының
нормаланған бөлігі, астрономиялық сағаттармен анықталады және олардың ұзақтылығына
тәуелсіз өткізілетін сабақтарды (оқу сабақтары) (әрі қарай – оқу сабақтары) және білім
алушыларға, соның ішінде 1 сынып оқушылары үшін «динамикалық сағат» ретінде
белгіленген әрбір оқу сабағы арасындағы қысқа үзілістерді қосады. Сонымен бірге,
белгіленген оқу жүктемесінің сағаттар санына аталған қызметкерлердің 45 минуттан
аспайтын ұзақтылықта жүргізетін оқу сабақтарының саны сәйкес келеді.
Оқу сабақтарының, сондай-ақ олардың арасындағы үзілістердің нақты ұзақтылығы,
белгіленген
тәртіпте
бекітілген
санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер
мен
нормативтерге сәйкес келуін ескере отырып, білім беру ұйымының жергілікті актісімен
немесе жарғымен қарастырылады. Оқытушылық жұмысты орындау оқу сабақтарының
кестесімен реттеледі.