«Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасы


Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар



жүктеу 399,99 Kb.
Pdf просмотр
бет13/14
Дата01.12.2017
өлшемі399,99 Kb.
#2497
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

37

Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

1. Интеграцияны бағалау принциптері.

2. Сауданы құру әдісі. 

3. Дамыған және дамушы елдердің интеграциялық бірлестігі.

4. «Екіншісі жақсырық» теориясы.

Негізгі түсінік

Интеграция

Статистикалық талдау

Динамикалық талдау

Ағымды туындатушы эффект

Ағымды  ығыстырушы эффект



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Доғалова Г.И. Халықаралық экономика, А:Экономика 2000.

2.Мамыров  Н.К.,  Мадиярова  Д.М.,  Калдыбаева  А.Е.  Халықаралық 

экономикалық қатынастар, А.:Экономика, 1998.

3.Кругман П., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика, 

М.,1997. 




38

12 –ТАҚЫРЫП.  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ – ҚАРЖЫЛЫҚ 

ЖҮЙЕ

Дәріс  мақсаты  - Валюталық қатынастарының  мәнін  және  еуропалық  валюта 

жүйесінің маңыздылығын түсіндіру.



Дәріс жоспары:

1. Халықаралық валюталық-қаржылық жүйе.

2. Әлемдік валюта жүйесінің эволюциясы.

3. Еуропалық валюталық жүйе.



1.    ХХ  ғ.  ортасынан  бастап  халықаралық –  экономикалық  қаржы  валюта 

қатынастары  дами  бастады.  Валюталық  қатынастар  дегеніміз  –  дәстүрлі  ақша 

қызметінің  дүниежүзілік    ақша  қызметіне  ауысуымен  байланысты  жүзеге 

асатын  экономикалық  қатынастың  жиынтығы.  Валюталық  қатынастар  орта 

ғасырда  Антверпенде,  Батыс  Европаның  сауда  орталығында  вексельдік 

жәрмеңкелер  түрінде  жүзеге  асты.  Бұл  жерде  барлық    есеп  айырысулар 

аудармалы  вексельдер  бойынша  жүргізілген.  Феодалдық  және  капиталистік 

өндірістің дамуында халық есеп айырысулар банктер арқылы жүзеге  асырған. 

Халықаралық  валюталық    қаржының  даму  процесінде  валюталық  жүйе 

дегеніміз – валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеуші формасы. Ол 

ұлттық  заңдылықтармен  немесе  мемлекеттік  келісімдермен  бекітілген. 

Валюталық  қатынастарда  ең  алдымен  ұлттық-  валюталық  жүйе  қалыптасты 

(ҰВЖ).  ҰВЖ  дегеніміз  –  мемлекеттік  заңдармен  бекітілген  елдің  валюталық 

қатынастырын ұйымдастыру формасы. ҰВЖ - сі валюта курсымен паритетінен 

тұрады.  Валюта курсы дегеніміз – жекелеген елдердің валюталық арақатынасы 

немесе  басқа  елдің  валютасы  арақатынасы  көрсетілетін  жеке  бір  елдің

валюталық бағасы. Паритет – валютаның алтын мөлшеріне сәйкес арақатынасы. 

Халықтық валюта жүйесі  дегеніміз – дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі 

валюталық  қатынастарды  ұйымдастыру  формасы.  Бұл  дүниежүзілік 

капиталистік  шаруашылықтың  дамуы  нәтижесінде  ХІХ  ғасырдың  ортасына 

қарай  пайда  болып  немесе  ғаламдық  деңгейде  валюталық  қаржылық 

қатынастарды  реттеуші  механизм.  Сонымен  бірге  ҰВЖ - мен  тығыз 

байланысты. 

2. Халықаралық валюталық жүйе даму эволюциясында келесі кезеңдерден 

өтеді.


1  кезең  –  Алтын  стандарт  жүйесі  –  бұл  жүйе  ХІХ  ғасырда  қалыптасып 

немесе  заңды  түрде 1867  жылы  Париж конференциясында бекітілді.  Мұндағы 

шешім  бойынша  алтын  әлемдік  ақшаның  жалғыз  формасы  болып  есептеледі. 

Алтын  монополиялық  стандарт  бірінші  дүниежүзілік  соғысқа  деген 

салыстырмалы түрде тиімді болады. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт 

ескіре бастады.

2  кезең  –  валюталық  жүйе  заңды  түрде  1922  жылы  Генуядағы 

халықаралық  экономикалық  конференцияда  бекітілді.  Ол  алтын  девиздік 

стандандарт  принципі  былайша  банкноттар  алтынға  емес,  вексель,  чек,  яғни 



39

басқа елдердің девиздеріне айырбасталды. Девиздік валюта ретінде доллар мен 

фунт, стирлинг қабылданды. 

3  кезең  – алтын  - валюталық  стандарт  жүйесі  1944  ж.  Бреттон  –  Вудс

(АҚШ)  қаласында  халықаралық  конференцияда  бекітілді.  Бреттон – Вудс

валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:

1.  Алтын  елдер  арасындағы  соңғы  ақшалай  есеп  айналымының  функциясын 

орындайды.

2. Американдық доллар біртұтас резервтік валюта болды, яғни алтынмен қатар 

әртүрлі елдердің валюталық құнын анықталғаннан өлшем ретінде әртүрлі етті. 

3.  Басқа  елдердің  орталық  банктермен  үкімет  мекемелері  долларды  АҚШ 

қазына мекемелерінде айырбастайды.

4. Валютаның өзара айырбасы және олардың бір-біріне теңесуі алтынмен және 

доллармен өрнектелген ресми валюталық паритеттер негізінде жүргізіледі.

5.  Елдер  кез  - келген  басқа  валютаға  қатысты  өз    валютасының  өзгеріссіз 

курсын сақтауға тиіс болды.

6.  Мемлекеттер  арасындағы  валюталық  қатынастар  халықаралық  валюталық 

қоры арқылы реттелді. Бұл қор Бреттон-Вудс конферециясында құрылды. 

4  кезең  - 1976  жылы  халықаралық  валюталық  қорының  Ямайкада  өткен 

кеңесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің жаңа негіздері қаланды. 



3. Еуропалық одақ шеңберінде өткен келіссөздер нәтижесінде 1979 жылы 

Еуропалық  валюта  жүйесі  құрылды.  Еуропалық  валюта  жүйесі – ұлттық 

валютаның экономикалық интеграция шеңберінде қызмет етуімен байланысты 

экономикалық қатынастар жиынтығын көрсететін халықаралық валюта жүйесі. 

Еуропалық валюта жүйесі 3 элементтен тұрады. 

1. ЭКЮ - еуропалық валюта жүйесінің негізі.

2. Валюта курстарымен интервенциясының механизмі.

3. Валюта курсын тұрақтандыру үшін қолданылатын кредиттеу.  

Еуропалық  валюта  жүйесінің  дамуы  мен  қызмет  етуі  «Делор  жоспары» 

дегенмен тығыз байланысты. Еуропалық одақтың көрнекті қайраткері Ж. Делор 

Еуропаның валюталарын біріктіру жөнінде 3 сатылы жоспар ұсынды:

1. Еуропалық  одақтың  жекелеген  елдері  арасында  үйлестірілген 

экономикалық және валюталық саясатты жүзеге асыру.

2. Еуропалық одақтың орталық банкін құру.

3. Ұлттық валюталарды Еуропалық одақтың ортақ валютасына ауыстыру. 

1990  жылы  Еуропалық  валюталық  жүйесіне  қатысушы  елдер  қатарына 

Англия,  Испания,  Португалия  қосылды.  1991  жылы  біртұтас  еуропалық 

экономикалық кеңістік құру жөніндегі Маастрихт келісіміне қол қойылды. Осы 

келісімге  сәйкес  Еуропалық  Одаққа  мүше  елдердің  үкімет басшылары 

валюталық Одақ құруды құптады.       



Теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

1. Валюта түсінігі, оның түрлері. 

2. Қазіргі кездегі әлемдік валюталық жүйе. 

3. Қалқымалы валюталық бағамдар жүйесі.




жүктеу 399,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау