Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет51/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   100

3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
жоқтығы кәсіби дамыту және кадрды бағалауға тарту кезінде қолданылатын өлшемдер мектептер 
арасында өзгешеленетін тәрізді.   
Мұғалімдер кәсібі бойынша соның ішінде мұғалімдерді аттестаттау бойынша (4-бөлімді қар.) 
Қазақстанда  басты  реттемелеуші  құжат  «Педагог  қызметкерлер  мен  оларға  теңестірілген 
тұлғалардың  лауазымдарының  үлгілік  біліктілік  сипаттамалары"  болып  табылады,  лауазымдық 
міндеттер,  қажетті  қосымша  білімдер,  біліктілік  талаптарының  сипаттамаларын  қамтиды.   
Лауазымдық  міндеттер  мұғалімдердің  негізгі  міндеттерін  жалпы  сипаттауды  құрайды  (мысалы, 
сабақ жоспарларын дайындау, ата-аналармен қарым-қатынасу); қажетті қосымша білімдер заңды 
және білім беру  аясындағы  нормаларды білу; біліктілік  талаптары  негізгі құзыреттіліктің  шағын 
тізімін анықтайды, карьералық өсудің әртүрлі санаттардағы мұғалімдер ие болуы керек (мысалы, 
белсенді  оқыту  әдістері  мен  формаларын  қолдану;  оқушыларды  бағалау).  Олар  қазіргі 
мектептердегі  тиімді  жұмыстар  үшін  мұғалімдерге  қажетті  құзыреттердің  кең  диапазонын 
көрсетпейді.  Осындай  сипаттамалар  мұғалімдердің  әрекеттері  саласының  барлық  диапазонын 
қосуы керек, мысалы, жоспарлау және дайындау, сыныптағы жұмыс, оқыту, және құзыреттердің 
жете  сипаттамаларын  беруі  керек,  оларға  осы  саладағы  мұғалімдер  ие  болуы  және  өз 
жұмыстарында 
қолдануы 
қажет 
(мысалы, 
нақты 
және 
дұрыс 
қарым-қатынас, 
оқушылардыңтәртіптерін  басқару,  жұмыс  орынын  ұйымдастыру,  өзінің  оқыту  жұмыстарын 
талдау)  (2005).  оқушылардың  мінез-құлықтарын  басқару,  жұмыс  орнын  ұйымдастыру,  өз 
оқытушылық жұмысын талдау) (ЭЫДҰ, 2005). 
«Педагог  қызметкерлер  мен  оларға  теңестірілген  тұлғалардың  лауазымдарының  үлгілік 
біліктілік сипаттамалары" мектептің басқару құрамының барлық мүшелерінің міндеттерінің ұзын 
тізімінен  тұрады  және  олар  сәйкес  болуы  керек  талаптарды  анықтайды.  Сарапшылар  мектеп 
басшылары  осы  ережелермен  және  олардың  мағыналары/мазмұндарымен  жақсы  таныс  екендігін 
атап  өтті.  Бірақ  нормативтік  талаптарды  күнделікті  жұмысқа  байланыстыру  және  оларды  өз 
жұмыстарының  нәтижелілігін  жоғарылату  үшін  қолдану  қиын.  Нақты  стандарттардың  жоқтығы 
мектеп  басшылары,  негізінде,  ресурстармен  нормативтік  талаптарға  сәйкес  басқаратын  жүйеде 
алаңдаушылық  тудырады,  стандарттар  нақты  нәтижелерді  анықтаудың  басты  құралы  болуы 
мүмкін  және  мектептердің  аса  жоғары  деңгейіне  көшу  кезінде  мектеп  директорларының 
есептіліктерімен қамтамасыз етеді (2-бөлімде көрсетілген ұсыныстарға сәйкес).  
Мұғалімдердің бастауыш даярлығы алаңдаушылық туғызады  
Мұғалімдерді бастауыш даярлығы алаңдаушылық туғызады. Біріншіден, ресми емес деректер 
бойынша,  мұғалімдердің  бастапқы  даярлығы  мектеп  жүйесіндегі  ең  жақсы  талапкерлерді 
тартпайтындығына  сілтейді.  Бұл  төмен  еңбекақы,  жұмыстың  ұиын  шарттары  және  кәсіптің 
төменгі  мәртебесі  нәтижесінде  оқытушылыққа  тартымдылықтың  жоғалтқанын  көрсетеді.  Оның 
салдары  кәсіптің  феминизациясының  жоғары  деңгейі  болып  табылады,  ол  ЭЫДҰ  орташа 
көрсеткішінен  елеулі  жоғары.    шын  мәнінде,  салыстырмалы  еңбекақы  оқытуды  қалайтын 
адамдардың  санына  ғана  әсер  етпейді,  сондай-ақ  олардың  сипаттамаларына  әсер  етеді.  
Мұғалімдер  корпусының  өсіп  келе  жатқан  феминизациясы,  соның  ішінде,  мұғалімдердің  ұзақ 
уақыт ағымында біршама төмендеуіне қатысады (ЭЫДҰ, 2005). 
Екіншіден,  мұғалімдерді  даярлау  бойынша  оқу  бағдарламаларының  сапасы  талап  етілмейді. 
Қазақстанда бастауыш сыныптарда техникалық және кәсіби білім деңгейінде немесе ортаңғыдан 
кейінгі үшінші білім дипломдарымен сабақ беруге болады. Мұғалімдердің шамамен 12% жоғары 
педагогикалық білімі жоқ. Оның үстіне, мұғалімдерді даярлаудың көптеген бағдарламалары бар, 
олар  елдің  жоғары  оқу  орындарының  62%  іске  асырылады,  олардың  жартысынан  төмені 
мемлекеттік  қаржыландыруды  алады.  Осы  аспектілер  бастапқы  даярлықтың  сапасы  туралы 
мазасыздануды жоғарылатады.  
Үшіншіден,  педагогикалық  кадрларды  даярлау  жүйесі  түлектердің  аса  көп  көлемін 
шығаратын белгісі бар. 2012-2013 оқу жылында педагогикалық колледждер орта білім деңгейінде 
бастауыш    сыныптардың  мұғалімдерін  даярлау  бағдарламалары  бойынша  9  223  мамандар 
шығарылды,  жоолар  жалпы  білім  беретін  мектептерді  сабақ  беру  құқығы  бар  33  371  түлектерін 
даярлады.  Түлектердің  саны  айтарлықтай  болып  табылады,  ол  бүкіл  педагогикалық  кадрлардың 


3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
11,4%  құрайды.  Әрине,  осы  түлектердің  жартысы  ғана  сабақ  береді,  кейбіреуі  оқуын 
жалғастырады  (әсіресе  педагогикалық  колледждің  түлектері),  ал  кейбіреуі  білім  беру 
секторындағы  немесе  басқа  салалардағы  басқа  кәсіптерді  таңдайды.  Педагогикалық  кадрлардың 
санын назарға алғанда қазіргі сәтте (және оқушылар мен мұғалімдердің ағымдағы арақатынасы), 
педагогикалық  кадрларды  даярлау  жүйесі  талапкерлерді  қабылдау  кезінде  аса  талғамалы  болу 
шарты бар.  Егер  педагогикалық  білім  беру  бағдарламалары аз  талапкерлер  қабылдаса,  және  осы 
талапкерлер  мұғалімдік  кәсіпке  жараса  және  мұғалім  жұмысына  қызығушылық  танытса,  онда 
ресурстарды аса тиімді пайдалануға болушы еді.  
Төртіншіден,  педагогикалық  мамандықтардың  оқу  бағдарламаларын  әзірлеу  бойынша 
ұйымдастырушылық аспектілердің қатары мәселелеі болып табылады. Педагогикалық білім беру 
мамандандырудың  аса  жоғары  деңгейі  бар;  біліктендіру  кейде  тек  бір  салада  ғана  иемденеді, 
мысалы қазақ тілінде емес оқыту мектептері үшін физика немесе қазақ тілі мен әдебиет бойынша. 
Бұл  еңбек  нарығындағы  икемділігін  қатты  шектейді,  педагогикалық  біліктілікпен  қамтамасыз 
етілуі  мұғалімдерге  сұраныстың  реакциясын  төмендетеді  (мысалы,    физика  мен  химия  бойынша 
педагогикалық біліктілік осы екі саладағы бос орындарды толтыру үшін көп мүмкіндіктер беруші 
еді). Осымен бірге, сараптық топта педагогикалық мамандықтардың оқыту бағдарламаларындағы 
тәжірибелік  даярлау  тәжірибелік  бөлікке  және  мектептермен  арақатынас  сапасына  бөлінетін 
уақытты өсіру арқылы күшейтілуі мүмкін. Кіру талаптарында белгіленген бағалар жоқ, ол мұғалім 
жұмысына  икемділікті  анықтауға  және  кәсіпке  деген  уәждемені  анықтауға  мүмкіндік  беретін, 
жооға  қабылдау  үшін  негіз  ретінде  ҰБТ  қалады.  Алайда  Білім  және  ғылым  Министрлігі  қазіргі 
уақытта  педагогикалық  білім  беру  бағдарламаларына  түсу  үшін  арнайы  тесттерді  әзірлеп  жатыр 
(«шығармашылық емтихан»). Осылайша, жоғары білім беру ұйымдары педагогикалық білім беру 
бағдарламаларын  әзірлеу  саласында  кішігірім    дербестігі  бар,  олар  орталық  деңгейде 
басқарылатына  байланысты  (мысалы,  мамандықтар,  оқу  бағдарламасы,  бағдарламаның 
құрылымы).  Дербестіктің  жеткіліксіз  деңгейі  мәселелі  сұрақ  болып  табылады,  жоолар 
мектептердің  қажеттіліктерін  жақсы  түсінеді  және  оларға  тезірек  әрекет  етеді.  Үлкен 
институциялық  дербестігі  бола  отырып,  жоолар  мұғалімдерге  арналған  стандарттардан,  оларды 
педагогикалық  мамандықтардың  оқу  бағдарламаларын  әзірлеу  үшін  негіз  есебінде  қолдана 
отырып  пайда алады.  
Мұғалімдер мен мектеп басшыларының саны, мүмкін, көп болып табылады  
Сынып мөлшерлері және оқушылар мен мұғалімдердің арақатынасының талдауы, сондай-ақ 
Қазақстандағы басқарушы кадрларының құрылымы ЭЫДҰ елдеріндегі жағдаймен салыстырғанда, 
мұғалімдер  мен  мектептің  басшыларының  жалпы  саны  жоғары  деп  есептелінеді  (3.1-кестені 
қараңыз).  Тұтас  алғанда  Қазақстан,  мүмкін,  мұғалімдердің  көп  болуын бастан  кешіреді, егер  ол 
елдегі  шағын  жинақталған  мектептердің  айтарлықтай  бөлігімен  түсіндірілсе  де.  Сол  уақытта, 
Қазақстандағы  оқушы-мұғалім  арақатынасын    түсіндіру  кезінде  кейбір  абайлағыштық  қажет, 
мемлекетте мұғалімнің жүктемесі «толық жұмыспен қамту баламасы» ретінде емес, мөлшерлеме 
бойынша  есептелінеді,  және  осы  мұғалімдердің  көбі  толық  емес  жұмыс  күнімен  жұмыс  істейді 
(төменге  қараңыз).  Өңірлер  арасындағы  сынып  мөлшерлері  және  оқушылар  мен  мұғалімдердің 
арақатынасының қарама-қарсылық елдің оңтүстігі мен солтүстігінің арасындағы және қалалар мен 
ауылдық  жерлер  арасындағы  мұғалімге  қажеттіліктердің  таңқаларлық    айырмашылығын 
анықтайды.  Сынып  мөлшерлері  және  оқушылар  мен  мұғалімдердің  арақатынасы  елдің 
оңтүстігінде  және  екі  ірі  қалаларда  бәрінен  жоғары  болса  (Алматы  және  Астана  қалаларында  , 
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау сынып мөлшері 20 жоғары облыстарында), олар 
елдің  солтүстігінде  бәрінен  төмен  (Ақмола,  Қостанай,  Павлодар  және  Солтүстік  Қазақстан 
облыстарында  сынып  мөлшері  14  төмен).  Бұл  сондай-ақ  елдегі  мұғалімдердің  мобильділігінің 
төмен  деңгейін  көрсетеді.  Мұғалімдердің,  жалпы,  көптігіне  қарамастан,  кадрлардың  тапшылық 
жағдайы  да  бар.  Бұл  көбінесе  математика  сияқты  пәндер  бойынша  ауылдық  жерлерде  болады 
(АТО , 2014). 
Сондай-ақ,  кадрлық  қамтамасыз  ету  талаптарына  сәйкес,  мектептер  директордың 
орынбасарларының  айтарлықтай  санын  жалдауы  қажет.  Директорлар  олардың  міндеттерін 
атқаруда  оларды  қолдайтын  қызметкерлердің  санын  анықтай  алмайды.  Оның  орнында  әрбір 
мектепте оның мөлшеріне қарамастан директордың орынбасарлары міндетін және санын бекітетін 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау