«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет147/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   296
materialy resp chteniy

Әдебиеттер

1. Ф.Н.Жұмабекова. «Мектепке дейінгі педагогика». Астана  2012 жыл. 

2.  Ф.Ниязбекова.   М.  Сансызбайқызы.  «Балабақшада  баланы  мектепке 

дайындау» Алматы «Шартарап» 2000жыл. 

3. Д.А.Кошанова.А.Г.Молдаханова. «Біздің балабақша» 2007жыл 

 

 



БАЛАБАҚША МЕН ОТБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІГІ 

 

Даримова Ф.А. 

№67 балабақшасының меңгерушісі 

Астана қаласы  

 

Мақсаты:  



-  ата-аналармен  бірлесе  отырып,баланың  тұлғасын  дамытуға  бірыңғай 

білім беру кеңістігін қалыптастыру;   

-  отбасымен  бірігіп  балардың  өмірін  қорғау,  денсаулығын  сақтау  үшін 

қолайлы жағдай жасау; 

-  баланың  тұлғалық  әрекетінің  дамуы  үшін  отбасымен бірге  эмоционалды 

жағдай туғызу, психологиялық жағынан кедергісіз жетілуін қамтамасыз ету. 

-  отбасының  тәрбиесін,  әдептерін,  дәстүрлерді  сақтауын  ескере  отырып, 

балаларды әлеуметтік ортаға қарым-қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал 

жасау. 

Қай  заманда  болмасын  адамзат  баласының  алдында  тұратын  ұлы  мақсат 

мұраттарының  ең  бастысы  -  өзінің  өмірін,  тәжірибесін  жалғастыратын 

салауатты,  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу.  Себебі,  ұрпақ  тәрбиесі  келешегін  берік  

ететін басты фактор болып саналады.  

Қоғамымыздың    іргетасын  нығайту  үшін  бүгінгі  жас  ұрпаққа  үлгілі, 

өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің 

бірі. 


Қазіргі  заманда  жас  ұрпаққа  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  беру 

әлеуметтік  құрылымның  ең  маңызды  міндеттерінің  біріне  айналды.  Қазақстан 

Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білімді  дамыту  тұжырымдамасында 

«Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың 

жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. 

Баланы  тәрбиелеу,  дамыту    және    білім  беру  мәселелерінде  отбасы  мен 

балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. 



265 

 

Бала  тәрбиесі    ана    сүтінен  басталып,  өмір  бойы  қалыптасатын  күрделі 



құбылыс.  Тәрбиенің  ең  алғашқы  негізі    отбасында    қаланып,  балабақшамен 

байланыс арқылы одан әрі жалғасады. 

«Жаста  білген,басқа  сіңген  тәлімің,өзің  өлмей  сүйегіңнен  қала    алмас»,  - 

деп классик жазушы айтқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен 

даритын,  ұлттық  сезім  нышандары,  сөз  өнері  оның  болашақ  шамшырағына 

айналып, рухани байлығын кеңейтеді. 

Оны  туған    жерге,    елге,  халқына  деген  сүйіспеншілікке,  патриоттыққа 

тәрбиелеу – аса жауапты міндеттердің бірі. 

«Жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл»дегендей  бала  тәрбиелеуде    осындай   

міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы. 

Осы  екі  арнада  жүргізілген  тәлім  тәрбие  сабақтаса,  ұштаса  жүргізілгенде 

ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ. 

Отбасы  тәрбиесіндегі  ең  маңызды  мақсаттардың  бірі    –  айналаны  тану, 

сезіну,қабылдау,  түсіне  қарай  таңдау,  әсерлей  білу,  өзіне  мақсат  қоя  білуге 

баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып 

әсерлене 

білуге 

үйрету. 


Білімге, 

білуге, 


құштарлыққа, 

әсемдікке, 

талғампаздыққа  тәрбиелей  отырып,  баланы  болашақ  білім  ордасы  –  мектепке 

дайындау. 

Педагог  ғалымдардың  тұжырымдарына  сүйенсек  тұлғаның  қалыптасу 

нәтижелілігі  ең  алдымен  отбасындағы  өнегеге  байланысты    екенін  білеміз. 

Отбасылық  тәрбиелеудің басымдылығын  тану  дегеніміз  – отбасы    мен  мектеп 

жасына  дейінгі  мекеменің  жаңа  қарым  –  қатынасын  талап  етеді.Бұл  қарым-

қатынастың  жаңашылдығы  «ынтымақтастық»  және  «өзара  қарым-қатынас» 

деген түсініктермен анықталады. 

Мектеп  жасына    дейінгі  мекеменің    отбасымен  өзара  қарым-қатынас 

барлық  нысандары  мен  түрлерінің  негізгі  мақсаты  балалар,  ата-аналар, 

педагогтар  арасында  сенімділік  қатынасты  орнату,  оларды  бір  командаға 

біріктіру, өздерінің проблемаларымен бөлісу және бірлесіп шешу қажеттілігіне 

тәрбиелеу.  Мектеп  жасына  дейінгі  мекеме  педагогтары  мен  ата-аналардың 

өзара сабақтастығы мен серіктестігін  мынадай жұмыс бағытында іске асыруға 

болады: 

- педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру; 

-  іс-әрекеттің  түрлі  формалары  (ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттеріне 

қатысу, әртүрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша қызмет көрсету; 

- балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау; 

- қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу; 

- әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету; 

І.Педагогикалық - психологиялық сауаттылыққа жетілдіру.  

Ата-аналарды    педагогикалық  үдеріске  тарту  арқылы  бала  тәрбиесінің 

мақсат, міндеттерінің түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал 

етеміз.  Ата-ана  баланың  мүмкіндігін    ескеру,    сонымен  қатар  кідіріс  те 

болдырмау  керектігін  түсінеді.  Ата-аналардың  педагогикалық  мүмкіндіктерін 

анықтайтын жағдайлардың кешені өз деңгейінде болу қажет. Олар отбасының 



266 

 

тұрмыстық  жағдайы,  құрылысы  және    отбасы    мүшелерінің  саны, 



психологиялық жағдайы, мәдени білім деңгейі, ата-ана өнегесі. 

Ата-аналарға  педагогикалық  сауаттылықтарын    жетілдіру  мақсатында 

«Білгім келеді»  сабағын өткіздім. «Бала тілі - бал» тақырыбында арнайы  топ  

газетін  шығарып  балалардың  қызықты  сәттері  мен  өз  қиялдарынан  шыққан 

тәтті  сөздерін  жазып  іліп  қойдық.  «Жылжымалы  папка»  ата-анамен  байланыс 

дәптеріне    ата-аналар  өз  пікірлерін  жазып,  кеңестермен  танысты.  «Балам  өсіп  

келеді...»  тақырыбында  ата-аналарға  эссе  байқауын  өткізіп  пікірсайыста  

талқыладық. 

ІІ. Іс- әрекеттің түрлі формалары  

Ата-аналарды  ұйымдастырылған  оқу  қызметтеріне  қатыстырудың 

маңызды  нәтижесі  ата-аналар  өз  балаларының  оларға  тән  емес  ортадағы 

қылығын,  оның  басқалармен  қалай  араласуын,  білім  деңгейін,  құрдастарының 

оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының  дамуы басқалардан  

артта  қалған  жоқ  па,  балабақшада  ол  үйдегідей  емес,  өзін  басқаша  ұстауын  

еріксіз  салыстырады.  Бәрін  мен  дұрыс  істеймін  бе,    неге  менде    тәрбиелеудің 

өзге  нәтижесі  қалыптасқан,  неге  үйрену  керек  деген  рефлекстік  қызмет  «іске 

қосылады».  Жыл  бойы  жүргізілетін  жұмыс  жоспарын  ата-аналармен  бірлесе 

отырып  жасаған  тиімді.  Себебі,  ата-аналар    заман    талабына  сай  өзекті 

мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. 

Сонымен  қатар  ата-аналардың  ұсыныс  –  тілектерімен  санаса  отырып  ата-

аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, 

тәрбие 


жұмысын 

алмасу 


жөніндегі 

конференциялар, 

ата-аналарды 

педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады. 

Ата-аналардың  балабақшадағы  балалардың  өмірін    мейілінше    қызықты 

етіп  өткізуіне  үлес  қосу  үшін  біздің  балабақшада  «Шебер  қолдар»  үйірмесі 

жұмыс жасайды. Балаларды қол өнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге үйретсе, 

кейбір  ата-аналар  ертеңгіліктерге  бірігіп  декорация  жасауға,  киімдер  тігу, 

атрибуттар  дайындау  сияқты  жұмыстарға  атсалысады.  Мерекелер,    балаларды 

қорғау  күні  қарсаңында  «Сүйікті  ойыншықтарым»,  «Ғажайып  балалар  әлемі» 

атты  акциялар  өткізіп  ата-аналарымыз  өз  қалаулары  бойынша  демеушілік 

жасап балаларға сыйлықтар тарту етті. 

Құм терапиясы арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.  

ІІІ.  Балалардың  шығармашылық  қиялы  мен  қабілеттерін  дұрыс  бағытта 

дамыту үшін олардың жас ерекшеліктері мен нақты дара ерекшеліктерін ескере 

отырып қалыптастыру қажет. Балаларға арналған көркем шығармалар  баланы 

шынайы  болмысты  нақты  әрекетімен  таныстыра  отырып,  оны  көркемдеп 

баяндап  баланың  сөздік  қорын  молайтып,тілін  байытамыз.Мектеп  жасына 

дейінгі  балалар  бейнелеу  өнерімен  жалпы  топтық  ұйымдастырылған  оқу 

қызметтерінен  тыс  уақыттарда  шұғылдана  алады.  Барлық  білім  салалары 

бойынша іске асыруға болады. 

Балалардың  логикалық  ойлау  қабілеті,  интелектуалдық  дарындылығы,  

есте  сақтау  қабілеттері  түрлі  логикалық,  сенсорлық  ойындар  арқылы  баланың 

шығармашылық  қабілеті  дамып,  ақыл-ой  белсенділігі  арта  түседі. 




267 

 

Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын 



дамыта  отырып,  театрлық  көрсетулер  ұйымдастыруға  болады.  Ата-аналармен 

жүргізілген  жиналыстарда  балалардың  жұмыстарынан  көрме  жасап  қоямыз. 

Ата-аналармен    біріге  отырып  қуыршақ  театрлары  мен  ертегілерді  бірігіп 

сахналаймыз.  «Тыңда  балам,  ертегі»  айдарымен  ұсынылатын  әжелердің 

ертегілерін тыңдаймыз. 

Ата-аналармен, 

балалардың 

шығармашылықтарын 

шыңдай 

түсу 


мақсатында  «Жарасымды    отбасы»    сайысын  өткіздім.  Онда    отбасылар  өз 

өнерлерін  көрсету,  қол  өнер  шеберліктерін,  тест  тапсырмаларын    орындау 

сияқты сайыс кезеңдерінен өтіп өз бағаларын алды. 

IV. Қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу. 

Ата-аналармен  мейілінше  кең  тараған  жұмыстардың  бірі    ол  ашық    есік 

күні.  Мектеп  жасына  дейінгі  мекемемен,  оның  дәстүрлерімен,    ережелерімен, 

тәрбиелеу  -  оқыту  жұмыстарының  ерекшеліктерімен  таныстыруға,    олармен 

қызықтыра  білуге  және  қатысуға  мүмкіндік  береді.  Ата-аналармен    топтарға 

саяхат  жасау,  балабақша  жұмысынан  үзінді  көрсету  (ұжымдық  жұмыстар, 

серуендеуге  жинау  т.с.с.)  немесе  әдіскер  ата-аналармен  әңгімелеседі,  олардың 

алған  әсерлерін  анықтайды,  туындаған  сұрақтарға  жауап  береді.  Әңгімелерді 

жеке дара, ұжымдық түрінде өткіземіз. Бұл екі жағдай да, нақты  міндет:  нені 

анықтау  қажеттігі,  немен  көмектесуге  болатыны  белгіленеді,  ата-аналардың 

пікірлерін де тыңдаймыз. 

Ата-аналар конференциясы. Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық 

тәрбиелеудің  тәжірибесімен  бөлісу.  Ата-аналар    алдын-  ала  мәлімдеме 

дайындайды, немесе оларды бірлесіп те дайындаймыз. Конференцияның өзекті 

тақырыбы  мысалы,  «Бала  денсаулығына  қамқорлық»  атты  конференцияға 

Қазақ  түрік  лицейінің  балалар  дәрігері,  диетологі  Жолмаханова  Жұмагүл 

Сағынтаевна  қатысуымен  балабақша  ішілік  конференция  өткіздік.  Бұған 

барлық ата-аналар, тәрбиешілер, балабақша қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ 

мұндай  конференцияларға  балалар  әдебиетінің  жазушыларын,  заңгерді 

қатысуымен  өткізіп,    ата-аналармен  пікірлер  бөлісіп,  өз  қызметтерінің  бала 

тәрбиесіне тигізер пайдасы туралы тәжірибелерімен бөлісе алады. 

Конференцияны 

мектеп 


жасына 

дейінгі 


мекеме 

балаларының, 

қызметкерлерінің, отбасы мүшелерінің бірлескен концертімен аяқтауға болады. 

V. Әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даралығын дамытуға отбасы мен 

мектеп  жасына  дейінгі  мекеменің  дәстүрлі  емес  өзара  іс-әрекеті  бірлігінің 

педагогикалық 

принципі 

негізінде 

жүзеге 


асыруда 

байқауға 

болады.Тәрбиешілердің,  қоғамдық  ұйымдардың  және  отбасының  ұрпақты 

тәрбиелеуде бірлесіп қоян-қолтық жұмыс істеуін талап етеді.Егер де тәрбиелеу 

күштері  қалыптаспаса  және  бір-біріне  қарама-қайшы  келсе,  онда  бала 

психикалық жүктемелерге тап болады. 

Дамытушы  ортаға 

• Демалыс  аймағы; 

• Интеллектуальдық - танымдық аймақ; 



268 

 

• Өз бетінше  бейнелеу әрекетін  жасау аймағы; 



• Ойын  аймағы. 

1.Балалардың педагогикалық-психологиялық даму картасы 

Балалардың  негізгі  құзыреттіліктерінің  қалыптасуындағы    жетістіктерін 

бағалау  индикаторлары.  Тәрбие  мен  білім    берудегі    дамытушы  ортаның 

деңгейін анықтаушы индикатор жасаймын  

2.Отбасындағы баланың дамуын зерттеу (отбасына бару сауалнама, тест, 

интерпритация - суреттері, т.б) жазып қоямын 

3.Тренинг жұмыстарын ұйымдастыру 

«Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі» 

4.Топтық,жеке кеңес беру 

Кеңестер. Әдетте кеңестер жүйесі құрастырылады, олар жеке дара немесе 

ата-аналар  топтарымен  жүргізіледі.  Топтық  кеңестерге    бірдей      проблемалы  

немесе  тәрбиелеуде  бірдей  табыстары  бар  әр  түрлі  топтың    ата-аналарын 

шақырамыз.Ата-аналардың белгілі білімдерді, әдістерді меңгеруі, проблемалық 

мәселелерді  шешуге  көмек  көрсету  кеңестердің  басты  мақсаты  болып 

табылады.Кейбір  жас  ата-аналарға  семинар  -  практикумдардың  маңызы  зор. 

Бұл нышан  оқытудың әдістері мнн тәсілдері туралы айтуға, кітапты қалай оқу 

керектігін  көрсетуге,  иллюстрациялы  суреттерді  көруге,  оқығаны  туралы 

әңгімелеуге, 

жазуға 


қолын 

жаттықтыруға 

мүмкіндік 

береді.Топтық 

жиналыстарды  талқылауға  2-3  мәселені  ұсынады  бір  сұрақты  тәрбиеші 

дайындайды, басқа мәселелер бойынша ата-аналар немесе мамандардың біреуі 

дайындайды. «Балалардың кітапқа деген  қызығушылығын қалай ояту керек?», 

«Теледидар балаларды тәрбиелеуде дос па әлде жау ма?» өткізуге болады. 

Ата-анамен  балабақша  арасындағы  тығыз  қарым-қатынас,  бірлік, 

ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да 

нәтижелі болмақ. 

Біздің  мақсатымыз  ХХІ  ғасыр  талабына  сай  жаңашыл,  шығармашыл, 

мәдениетті, жан-жақты сауатты  жеке тұлға тәрбиелеу

.

 



 


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау