Боранбаева Асем Аманжолқызы
МЕКТЕПТІҢ ТІРІ ТАБИҒАТ БҰРЫШЫНДА ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨСІМДІКТАНУДАН ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
(курстық жұмыс)
Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Мектепте тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру
1.1 Биология кабинетінде тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру..................6
1.2 Өсімдіктану курсы бойынша табиғи материалдарды қолдану.............13
1.3 Жануартану курсы бойынша ылғалды препраттар мен аквариумды сабақтарда қолдану...............................................................................................14
2. Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыру
2.1 Тірі табиғат бұрышындағы акватеррариум,виварий (хайуахана),инсектарий,аквариуммен танысу оларды баптау…………………………………………………............…………….…….20
2.2 Оқушылардың өсімдік кеппешөптерін даярлауын қадағалау…………….......................................................................................... 22
2.3 Жаңа технология әдісі бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру................................................................................................................. 25
2.4 Тірі табиғат бұрышы және өлектану бұрышы.......................................... 28
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Елімізде білімге бетбұрыстың жасалып жатқаны айқын.«Болашақ ұрпақтың сапалы білім алуы үшін заманауи әдістер мен технологияларды ендіру, білім беру жүйесін тұтастай инновацияландыру, жастардың білімге қолжетімділігін кеңейту сияқты мәселелерге жыл сайынғы Жолдауда арнайы көңіл бөлінуі жастар мәселесінің мемлекеттік деңгейде қарастырылатынын көрсете отырып, еліміздің білім беру жүйесіне де зор міндеттер жүктейді.Осы білім саласында оқушылар түрлі пәндерді қарастырумен қатар олардың қырсырын анықтайды.Жаратылыстану ғылымдарының көсбасшыларының бірі ретінде биология пәні болып табылатыны айқын.Биологиядан оқушылар өз белсенділіктерін өз бетінше көрсетіп отырады.Биология пәнінде қажетті құрал-жабдықтар белгілі дəрежеде өсімдіктану,жануартану,тəнтану,тіршіліктану курстары бойынша жабдықталады.Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырудың түрлі әдістері бар. Оқушылардың биология сабағына белсендіру алдымен қызықтыру үшін кабинетке тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру керек.
Тірі табиғат бұрышында жануарлар бөлімінде омыртқасыздар қарапайымдылар көп жасушалар буынаяқтылар, бунақденелер, былқылдақденелілер, шаяндар балықтар болса, енді өсімдіктер бөлімінде бөлме өсімдіктерінен бастап (алоэ, бегония, кактус, қазтамақ т.б.) және төменгі сатыдағы өсімдіктермен жоғары сатыдағы өсімдіктер мәдени өсімдіктер және кеппешөптер болса, оқушылардың қызығушылығы артады.
Бұл кабинеттегіні сабақта пайдаланбасақ, кабинеттің мәнісі кетеді. Сондықтан ылғида пайдалануц керек.
Осыларды пайдаланып, оқушылардан жаңа технологиямен яғни модельдік бағдарламаны сабақта қолдану керек. Модель бағдарламаның мақсаты сабақтың мазмұнын түсіндіріп, тақырыпты кеңейте түседі.
Биологиядан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар, оқушылардың өз қалауы мен еркі, мұғалімнің жетекшілігімен, олардың танымдық қызықшылығын белсендіріп, анықтау және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту барысында жүргізілетін іс-шаралар мен оқытудың бір формасы болып табылады.Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар арқылы, мұғалімнің шығармашылық мүмкіншіліктерімен бірге оқушылардың танымдық белсенділіктері анықталып, тәрбиелеу жұмыстары да жүзеге асады. Сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Оқушылардың жануарлармен, өсімдіктермен жұмыс жасауға қызығушылығы сабақ үстінде туындайды. Өте қызығатын оқушылар мұғалімнің тапсырмасынан бөлек, өз еріктерімен өте күрделі жұмыстарды да орындайды.Биология пәні оқушылардың табиғатқа,отанға деген сүйіспеншілігін арттыратын бірегей пән.Ал, БОӘ- оқу жұмысының жабдықтары мен тәсілдерін белгілейді.
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Биология оқу пәні ретінде оқыту әдістері мен формаларының ерекшелігімен өзге пәндерден айырмашылығы бар. Бұнда нақтылы объекттер мен күрделі табиғат құбылыстары, және табиғаттың дамуы зерттеледі.
Пәнге қызығушылығы жоғары сынып оқушыларды мұғалім үйірме жұмыстарына біріктіреді. Осы жұмыстарда мектептегі тірі табиғат бұрышы мен өсімдіктану курсы ерекше мәнге ие.
Зерттеудің мақсаты: Мектептің биология пәніндегі тірі табиғат бұрышы және өсімдіктанудан оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарды анықтау және оларды талдау.
Зерттеудің міндеттері:
1) Мектепте тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру және олардың қолданылуы;
2) Оқушылардың өсімдіктану өз бетінше орындаған жұмыстары;
3) Жануарлартанудан оқушылардың орындайтын жұмыстары;
Зерттеудің нысаны: Мектептің тірі табиғат бұрышын және оқушылардың өсімдіктанудан істелген жұмыстары
Зерттеудің пәні: биология
Зерттеудің жетекші идеясы: Мектептің тірі табиғат бұрышында және оқушылардың өсімдіктанудан өз бетінше істейтін жұмыстарын ұйымдастыру биология пәні мұғалімінің қадағалауына және тиісті оқыту кезінде тірі табиғат бұрышын пайдалануға тәуелді.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: зерттелетін құбылыстар мен процестерге тікелей қатысты,тақырыпқа сай тұрғыдан келу тұжырымдамалары, тұтастық, жүйелілік, ақпараттық және тұлғалық тұрғылардың жалпы әдіснамалық тұжырымдамалары; биологиялық және экологиялық білім беру теориясы мен әдістемесіне қатысты ілімдер.
Зерттеудің көздері: мектептегі тірі табиғат бұрышы,оқушылардың қолымен жасалған істері,зерттеу проблемасына қатысты ғалымдардың еңбектері, биолгиялық және эколгиялық журналдар, жалпыға міндетті білім беру стандарттары, оқу-әдістемелік кешендер, оқу бағдарламалары.
Зерттеудің әдістері:
Бұл тақырыпта зерттеу жұмысында алдыға қойылған міндеттерді шешу және болжамды тексеру үшін түрлі әдістер кешені қолданылды. Теориялық деңгейде талдау, синтездеу, жіктеу, бағдарлау,талқылау,жүйелеу, үлгілеу, тәжірибені қорыту сипатты әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеу барысында түрлі тірі табиғат бұрышындағы тірі организмдермен таныса келе,олардың көлемін кеңейту,«мектептің тірі табиғат бұрышында және оқушылардың өсімдіктанудан өз бетінше істейтін жұмыстарын ұйымдастыру» атты зерттеу жұмысын қадағалау барысында мектептерде тірі табиғат бұрышын ашу үшін қолдануға болады.
Зерттеудің құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Мектепте тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру
Биология кабинетінде тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру
Биология пәнінде тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру өте маңызды ізденісті талап етеді.Тірі табиғат бұрышында жануарлар бөлімінде омыртқасыздар қарапайымдылар көп жасушалар буынаяқтылар, бунақденелер, былқылдақденелілер, шаяндар балықтар болса, енді өсімдіктер бөлімінде бөлме өсімдіктерінен бастап (алоэ, бегония, кактус, қазтамақ т.б.) және төменгі сатыдағы өсімдіктермен жоғары сатыдағы өсімдіктер мәдени өсімдіктер және кеппешөптер болса, оқушылардың қызығушылығын артады.
Бұл кабинеттегіні сабақта пайдаланбасақ, кабинеттің мәнісі кетеді. Біз тірі табиғат бұрышын үнемі кезекші тағайындап,күтіп,баптап,отыруымыз қажет. Сонымен қатар,ылғида әр сабақта пайдалану керек.
Кабинетті жабдықтау шеберлікті, ізденісті талап етеді. Толық жабдықталған кабинетте оқушылардың көру, бақылау жүргізу, зертханалық жұмыстар жасау арқылы білім, біліктері артыи, естерінде ұзақ сақталады. Төменде экология кабинетін оқу жабдықтарымен жабдықтау және «тірі табиғат» бұрышын жасау мысалдары көрсетілді.
Жануарлар
Аквариум Балықтар: группиялар, шұбар-семсер (пецилиялар), семсерқұйрықтар, алтын балықтар, жайыншалар, данио-рерио, барбустер, скаляриялар және т.б.
Омыртқасыздар: кірпікшелі кебісше, кәдімгі гидра.
Былқылдақ денелілер: айқұлақ, ұлу, перловица, ампулярия, ахатина, үлкен тоспа ұлуы, қошқармүйіз ұлу, шалғындық шырыш және т.б. Шаянтәрізділер: шашақмұрт шаян (дафния), циклоп, есекқұрт
Бунақденелілер: жүзгіш қоңыз (плавунец окаймленный), үлкен суіңкәр, ауылшаруашылық зиянкестерінің дернәсілдері немесе көбелек қуыршақтары, басқа да бунақденелілерді ұстауға болады. Сирекқылтанды құрттар мен сүліктер.
Акватеррариум.
Қосмекенділер: кәдімгі құйрықты бақа (тритон), аксолотль, шпорц бақасы, шөп бақа, жасыл немесе сұр құрбақа, шұбар бақа.
Мамандандырылған кабинеттерде басқа да жануарларды ұстауға болады: тасбақаларды, су жыландарды, атжалмандарды, теңіз шошқаларын, үй қояндарды; құстардан: кептерлерді, тотықұстарды, шымшықтарды және т.б.
Өсімдіктер
Кактустер (зигокактустер, эпифиллюмдерді), рипсалистер және т.б., сүттігендер (ашық сүттіген, жапырақсыз сүттіген, басқа да формалары), монстера, агава, ағаштәрізді алоэ, амаралис, аспарагустер, бальзамин, бегония, Дегремон бриофиллюмы, германтус, етті гойя, колеус, қазтамақ, пеларгония, сансевьера, сенполия немесе узабар шегір-гүлі, алтын сциндапсус, традесканция (түрлі формалары), шоқты хлорофитум, циперус немесе папрірус; гүлді аквариумдық өсімдіктер (оралмалы валлиснерия, каролиндік кабомба, пистия, пузырчатка, ряска, канадалық элодея); споралы аквариумдықтар (жүзуші риччия, фонтииалис немесе су мүгі, төрт жапырақты маргилея, жүзгіш сальвиния, хара немесе топляк және т.б.).
Оқушыларға өздігінен өсімдіктанудан орындауға берілген практикалық үй жұмысы . [1].
Оқушыларға үй тапсырмасына өсімдіктер пәні бойынша түрлі тапсырма беруге болады. Мысалы , үй жұмысы ботаникадан морфологиялық және физиологиялық тұрғыдан болады . Морфологиялық тапсырма ( гербарийлеу , сабақтын , гүлдің бөлімдерін бөлімдеу ) осы материалды бекіту үшін сабақта жүргізіледі . Физиологиялық тапсырманы біртіндеп , яғни оның қорытындысын , байқалуын сол сабақта қолдана алатындай (тұқымның өнуі , жапырақтағы судың булануы және т.б.)
Тәжірибе жұмыстарын белгілі бір сабақта орындау үшін олардың уақытын белгілеу қажет . Мұндай тәжірибе жұмыстары көбінесе ботаника курсында көп болады . Оларды орындау үшін мынандай уақыт керек :
Гербарийді кептіру - 7 күн .
Тұқымның ісінуін анықтау – 2 күн .
Әртүрлі жағдайда тұымның өсуі – 7 күн .
Тамырдың өсуін қадағалау – 10 күн .
Жапырақтың қаңқасын дайындау – 7 күн .
Сабақтың топырақтан өсіп шығуы – 20 күн .
Мұғалімнің тапсырмасымен оқушылар өздерінің тәжірибелерінің қорытындыларын бір сабаққа алып келеді . Мұғалімнің көрсетуімен оқушылар өздерінің тәжірибелерінің қорытындыларын баяндайды . Бұл сабақтағы үй жұмысын баяндау сияқты . Мәселен мына өсімдіктер арқылы үй тапсырмасын орындап отырады.Кактустер (зигокактустер, эпифиллюмдерді), рипсалистер және т.б., сүттігендер (ашық сүттіген, жапырақсыз сүттіген, басқа да формалары), монстера, агава, ағаштәрізді алоэ, амаралис, аспарагустер, бальзамин, бегония, Дегремон бриофиллюмы, германтус, етті гойя, колеус, қазтамақ, пеларгония, сансевьера, сенполия немесе узабар шегір-гүлі, алтын сциндапсус, традесканция (түрлі формалары), шоқты хлорофитум, циперус немесе паприрус; гүлді аквариумдық өсімдіктер (оралмалы валлиснерия, каролиндік кабомба, пистия, пузырчатка, ряска, канадалық элодея); споралы аквариумдықтар (жүзуші риччия, фонтииалис немесе су мүгі, төрт жапырақты маргилея, жүзгіш сальвиния, хара немесе топляк және т.б.).
Жинақтамалар
Орман, бақша, алқап, бақтардағы зиянкес бунақденелілер.
Әр түрлі табиғи мекеы ортала-рьша өсімдіктердің бейімделулері (орман, шалғындық, дала, өзен, көл, таулар және т.б.).
Жарық тәртібі, ылғалдылық, температураға өсімдіктердің экологиялық бейімделуші формалары.
Паразиттік өмір сүруші формалары.
Мекен ету ортасы ретінде топыраққа экологиялық бейімделуші формалар.
Өсімдіктердің өмірлік формалары.
Жануарлардың өмірлік формалары.
Өсімдіктер мен жануарлардың қорғаныштық бейімделушіліктері (құрылысы, түр-түсі (реңі).
Өсімдіктердің мәдени формалары (түрлік саналуандылық), агро-жүйедегі мәдениеттендіру.
Өсімдіктердің шөп қоректі жануарлардан қорғанатын аналогиялық мүшелері (арша, таққурай, ит-мұрын, бөріқарақат).
Қорғаныш рең түрлері (жабын реңді бунақденелілр, үркітуші реңді бунақденелілер, мимикриялық және бүркеніш реңді пішін мен түр-түс).
Бунақденелілердің аяқтарының бейімделу өзгерістері. Жануарлардың жемтіктеріне шабуыл жасау мүшелері.
Бүлінгені су қаларындағы индикатор-жануарлар (ақ, сұлама, перловица, аз қылтанды құрттар). Бауырсорғыш, мысық ішіндегі паразит құрттар.
Кестелер:
Биосфера.
Табиғат белдеулері.
Емен орманы, тұщы су қоймасының тіршілік қауымдастықтары. Көлдің өсуі (сукцессияға мысал/ ретінде). Өсімдіктер мен жануарлардың мекен ету ортасына бейімделуші формалары.
Ылғалды, тропикалық ормандар, субтропиктер, шөл, су өсімдіктері, орман, шалғындық өсімдіктері.
Жануарларды қорғау (21 кестеден тұратын серия).
Карталар:
Әлемдік биосфералық қорықтар мен ұлттық саябақтар.
Қазақстанның табиғат белдеулері.
Қазақстанның физикалық картасы.
Әлем және Қазақстанның зоогеографиялық картасы.
Қазақстанның қорықтары мен қорықшалары.
Қазақстанның экологиялық картасы. Қазақстан халқының тығыздығы.
Моделъдер-Үлгілер:
Табиғаттағы зат және энергия айналым. Тіршілік қауымдастығының динамикалық моделі (емен орманы, тұщы су қоймасы). Тұщы су қоймасы өсуінің динамикалық моделі.
Экологиялық-биологиялық конструкторлар.
Агроценоз.
Биосфера және адам.
Микропрепараттар.
Тіршіліктің паразиттік формалары.
Түрлі ластанған орта факторларының әсерінен өзгерген жапы-рақтарының формалары мен түрлері (хлорофилдің өзгеруі, жапырақтың құрылысы және галлар (бұзғындар) өзгерісі және т.б.)
Аудиовнзуалды оқыту жабдықтары. Кинофильмдер
Зиянкестермен биологиялық күресу әдістері.
Адам және оның денсаулығы.
Құстарды қорғау және қатыстыру.
Балықтарды қорғау және өсіру.
Кұстардың экологиялық топтары.
Өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер.
Жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер. Адамның өсімдік түрлерінің көп сымдық өзгерістер.
Экология. «Биология әлемі». Планетариум орталығы слайд-альбомдар сериясы.
Диафильмдер:
В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.
Жаһандық экологиялық дағдарыстар.
Құстарды қорғау және қатыстыру.
Жануарлар санын қалпына келтіру.
Түрлі табиғат жағдайларындағы жануарлар тіршілігінің ерекшеліктері.
Қыстама және жыл құстары.
Қоршаған ортаны қорғау.
Өсімдік тіршілігіндегі күз.
Ағзалардағы бейімделушіліктің пайда болуы.
Өсімдіктер тіртілігіндегі маусымдық құбылыстар.
Өсімдіктерді қорғау.
Жыртқыш өсімдіктер.
Өсімдік бірлестіктері.
Балық байлығын қорғау және балық өсіру.
Жапырақтардың алуан түрлілігі.
Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабы.
Сирек және жойылып бара жатқан жануарлардың түрлері.
Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі және олардың тіршілік ету мекендері.
Диапозитивті (Слайдтер):
Өсімдіктер және жануарлардың табиғи бірлестіктері. Бунақденелілердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.
Адамның өсімдік бірлестіктеріне әсері.
Адамның өсімдік түрлерінің көп түрлілігіне әсері.
Өсімдіктердің бірлестіктегі өзара байланысы.
Адамның табиғаттағы құстар санының әсері.
Астрахань қорығы.
Экология. «Биология әлемі. Планетариум орталығы. Слайд-альбом сериясы.
Видеофильмдер . «10+10» 10 фрагменттен тұратын сериал. «Накануне» - экопрос-вещения ассоциациясы - 100 мин.
Экология. Дәстүрсіз энергетика. «Кварт» киновидеостудиясы - 1 кас, 50 мин.
Табиғат бірлестіктері. «Кварт» киновидеостудиясы — 1 кас.,. 42 мин.
Өсімдік тіршілігі. «Кварт» киновидеостудиясы - 1 кас, 70 мин.
Табиғат құпиялары. «Кварт» киновидеостудиясы - 1 кас, 175 мин.
Қызықты табиғат. «Кварт» киновидеостудиясы - 1 кас, 75 мин.
Өсімдік бірлестіктері.
Жануарлар жауап береді ВВС кино-видеостудиясы – 1.кас...,103 мин.
Экологиялық альманахтар (жинақ). «Кварт» кино-видеостудиясы – 1.кас..., 85 мин.
Экологиялық жүйе. «Кварт» кино-видеостудиясы – 1.кас..., 76 мин.
Биосфералық қорықтар. «ВВС» кино-видеостудиясы – 1.кас..., 55 мин.
Экология. Табиғатты қорғау. «ВВС» кино-видеостудиясы – 1.кас..., 85 мин.
Күйтабақтар. Табиғаттағы құстар дауыстары. Табиғаттағы жануарлар
дауыстары. Экологиядан сабақтар мен сарамандық жұмыстар өткізген кезде жетіспейтін құрал-жабдықтар мен материалдарды биология, химия, физика кабинеттерінен алып қолдануға болады. [4].
Өсімдіктану курсы бойынша табиғи материалдарды қолдану
Өсімдіктану курсы бойынша табиғи материалдарды , жасанды мәліметтерді, қордағы, кітаптағы, ғылыми жұмыстарды оқушылардың биология сабағына белсенділігін, қызығушылығын, сүйіспеншілік мәні бар білім беру керек. Өсімдіктер әлемін балдырдан оқу басталады. (құрылыс ерекшеліктері, көбеюі, даму т.б. ) яғни көп жасушалы балдырлар, одан ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер , дара және қос жарнақты өсімдіктер, одан төменгі сатыдағы өсімдіктер және жоғары сатыдағы өсімдіктер оқушыларға тәрбиелік мәні бар білім береміз. Өсімдіктану курсында тірі табиғат бұрышындағы жинақтамалар бөлімінде әртүрлі табиғи мекек орталарына өсімдіктердің бейнеленуі (орман, шалғындық , дала, өзен, көл, таулар және т.б. ).
Мекен ету ортасы ретінде топыраққа экологиялық бейімделуші формалар және өсімдіктердің өмірлік формалары бар.
Өсімдіктердің қорғаныштық бейімделушіліктері (құрылысы, түр-түсі , көбеюі, дамуы , тыныс алу, қоректену т.б.)
Өсімдіктердің мәдени формалары (түрлік сан-алуандық) агрожүйедегі мәдениеттендіру.
Өсімдіктердің шөп қоректі жануарлардан қорғанатын аналогиялық мүшелері (арша , таңқурай , итмүрын , бөріқарақат)
Өсімдік бірлестіктері
Қазақстанның және Халықаралық Қызыл кітапқа енген өсімдіктер туралы мәлімет беру. [12].
Өсімдіктердің шаруашылықтағы, адам өміріндегі, табиғаттағы маңызы. Міне осы бағытта өсімдіктер курсында тәрбиелік мәні бар білім береміз.Өсімдік ― табиғат қазынасы, халық байлығы . Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз, ол тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі , өсімдіктерде түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі ағзалар пайдаланады .
Біздің ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн тонна шамасында оттегін бөліп шығарады . Өсімдіктер айналадағы ортаны жақсартады; ауа райын салқындатып, қатты желге тосқауыл болады; аптап ыстықты қайтарып, қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеді. Сондықтан да ауыл шаруашылық өсімдіктерін қатты аңызақ желден құрғақшылықтан сақтау үшін және қар тоқтату, жыралар мен тау беткейлеріндегі топырақты бекіту үшін орман алқаптары пайдаланады.
Өсімдіктер топырақта түзде де ерекше маңызды: топырақты қара шірікпен байытады (өсімдіктердің органикалық заттары жануарлар мен ұсақ ағзалардың әсерінен қара шірікке айналады). Топырақтың құрамы жақсы болуы өсімдіктердің жемістердің молайуына әкеп соғады.
Демек, өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі.
Адамдардың өміріне, тіршілік қажетіне бірден-бір жарамды мәдени өсімдіктер дәнді (бидай , жүгері, күріш , тары, қарақұмық), майлы (күнбағыс , зығыр, жер жаңғағы ), талшақты (ақ мақта), бау-бақша өсімдіктері (орамжапырақ , қызанақ , баклажан, қарбыз, қауын, дақылдар мен жеміс-жидектері (алма, ши, таңқурай, қарақат, грек жаңғағы т. Б. ) болып табылады.
Қазақстанда 6000-ға жуық дәрілік өсімдіктер өседі екен. Дәрілік өсімдіктер әр түрлі аймақта таралға . Бұл дәрілік өсімдіктер қорғауды талап етед. Қазақстанда өсімдіктерді және жануарларды қорғауға алған 9 қорық 62 қорықша бар. [3].
Жануартану курсы бойынша ылғалды препраттар мен аквариумды сабақтарда қолдану
Биологияны оқыту үдерісінде зоологиялық бұрышта зоологиялық нысандарды қолдану әдістемесі.Қазіргі таңдағы елімізде орын алған саяси, әлеуметтік және экономикалық терең өзгерістер білім саласына да өз ықпалын тигізіп отыр. Мектептегі білім берудің құрылымы мен мазмұнындағы өзгерістер тек білімнің белгілі бір қорын игеріп қана қоймай, сонымен қатар танымдық және тәжірибелік сипаттағы дағдыларды меңгеретін заманауи мектеп түлектерін дайындауға бағытталған. Биология мектеп пәні ретінде осы міндеттерді шешу үшін тамаша мүмкіндіктер береді. Бұл білім беру үдерісін тірі нысандарды білім дереккөзі ретінде қолдану негізінде ұйымдастыруды талап ететін биологияны оқытудың танымдық табиғатымен түсіндіріледі. Осы маңызды шарт ішінде жетекші болып саналатын зертханалық оқыту әдістемесінің ерекшелігін анықтайды.
Мектептерде жүргізілген практикалық іс-тәжірибе барысы көрсетіп отырғандай, сабақтарда тірі зоологиялық нысандармен жұмыс істеуді ұйымдастыру өте шектеулі. Тірі зоологиялық нысандарды биологияны оқытудың үй жұмысы, сабақтан тыс, сыныптан тыс түрлерінде пайдалану сирек кездеседі. Көптеген мектептерде оқушылардың өз бетінше ойлау, тікелей іс жүзінде сезіну қызметін шектейтін, оларға дайын білім беруге негізделген әдістеме басым. Бұл оқушылардың ойлау қызметінің қарапайым тәсілдерін жүзеге асыру, зерттеп отырған құбылыстар мен пәннің белгілерін ажырата алу және оларды қорыту дағдыларын игеруге кері әсерін тигізеді.
Еліміздегі мектептердің жұмыс тәжірибелерін талдау бүгінгі күні көптеген қала болсын ауыл мектептерінде болсын мектеп маңы тәжірибе участогы, табиғаттың тірі бұрыштың жоқтығын көрсетті. Саяхат барысында табиғатпен жүздесу мүмкіндігі аз. Мектептердің әсіресе қаладағы қазіргі кездегі жұмыстарында ең қолжетімді тірі нысандары бөлме өсімдіктері мен аквариум балықтары болып отыр. Дегенмен олар да оқыту мақсатында үнемі қолданылмайды. Кейінгі жылдары биологияны оқыту үдерісінде қолдану мүмкіндігі қызығушылық тудыратын көптеген жаңа декоративтік жануарлар пайда болғанын айта кеткен жөн. Әзірге біз көбіне тірі табиғаттың жаңадан пайда болған да, дәстүрлі нысандары да биология бөлмесінің көркемдік безендіру элементі ретінде қолданыста екенін жасыра алмаймыз.Жоғарыдағы айтылғандардың негізінде мектеп жұмысының қазіргі жағдайында биологияны оқытуда тірі нысандармен жұмысты күшейту қажеттілігі мен тірі зоологиялық нысандарды қолдану әдістемесінің жетілдіру қажеттігі арасында қарама қайшылықтар анықталды.70-80-ші жылдары қоғам мен табиғаттың өзара қатынасындағы қайшылықтардың күшеюі барысында табиғатты қорғау мәселесі мен кең ауқымдағы пәнаралық байланыстар негізінде оқушылардың экологиялық білім алу қажеттілігі өзекті мәселе болып отыр. Осы мәселелер Н.Захлебный, И.Д.Зверев, ИТ.Суравегина, И.Н.Пономарева және басқалардың еңбектерінде кеңінен көтерілді. А.Н. Захлебный, И.Д. Зверев, И.Т. Суравегина экологиялық және табиғатты қорғау түсініктерін қалыптастыру мен дамытуда биология курсының мүмкіндіктерін аша отырып, тірі нысандарды зерттеу бойынша да, оларды қорғау бойынша да оқушылардың практикалық қызметінің бірқатар түрлерін ұсынады.
Табиғи өлі көрнекіліктерге: сулы препараттар, микропрепараттар, топтама, омыртқалы жануарлар мен олардың жеке бөліктерінің сүлделерi, тұлыптар және жаттығу жұмыстары үшiн үлестiрме материалдары жатады.
Жануарларды үлестiрме материалы ретінде көрсету оларды алдын ала дайындауды талап етедi. Бұл нысандарды таңдау бағдарламамен, жергiлiктi шарттармен және табиғатты қорғау бойынша талаптармен анықталады. Оқу-тәжiрибе алаңында жұмыс барысында табиғатта нысандарды жинаудан басқа зоологияда үлестiрме материал ретінде пайдалану үшiн, топтамалар үшiн өсiмдiктердегі зиянкестерді жинауға болады. Осы орайда мектептегі тірі табиғат бұрышына материалдарды оқушыларға биология пәнінен жазғы тапсырмаларды бергенде немесе мектепте биология үйірмесін ұйымдастыру арқылы дайындап алуға болады. 7 сынып Биология нәнінен «Жануарлар дүниесі» бөлімінде 10 зертханалық жұмыс бар. Биология үйірмесіне қатысатын оқушыларға осы зертханалық жұмысқа пайдаланылатын барлық құрал-жабдықтарды жасатуға болады. Үйірмеге қатысушы оқушылар оған қызығушылықпен араласады, екінші жағынан сабақта алған білімдерін яғни жануарлардың морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін, экологиялық ортасын терең меңгеруге негізделеді. «Балықтың сыртқы құрылысы, қозғалысы» тақырыбындағы зертханалық жұмысты өткізу үшін пайдаланылатын табиғи өлі көрнекіліктердің бірі болып табылатын алабұға балығынан тұлып жасаудың әдісін ұсынамыз. Балықтардан сапалы тұлып жасау үшін олардың қабыршақтары тұтас болуы шарт. Көпшілік тұқыбалық тәрізділердің қабыршақтары оңай түсіп қалады. Сондықтан ауға түскен балықтан қармаққа түскені ыңғайлы. Алабұғаның қабыршақтарын түсірмеудің жолы, ауада аздап кептіріп (тоңазытып) алу керек. Алабұғаны желбезек қақпаға аралық пердеден бастап құйрық қанатына дейін қайшымен немесе қандауырмен терісін тіледі. Жеке құйрық асты қанаты дененің бір жағында қалады. Тілінген соң қандауырмен теріні еттен ажыра-ады, яғни етпен қоса балықтың барлық ішкі мүшелерін қоса алып тастайды. Көз, желбезек, таңдай және т.б. бас бөліміндегі жұмсақ ұлпалардан тұратын мүшелерді алып, жалпы теріні мұқият тазартады. Терісі тазаланған соң теріні фиксаторлармен (формалин, спирт, астұзы немесе мыс купоросының қанық ерітіндісі) 5-6 минут сайын 2-3 рет өңдейді. Теріні құрғату үшін крахмал, тальк немесе сексеуіл, жыңғыл күлін пайдаланады. Күлді сеуіп артық мөлшерін қағып түсіреді.
Өңделген терінің ішін жеңіл ұнтақ материалдармен (мақта, ағаш ұнтағы, күріш қауызы және т.б.) толтырып, теріні тігеді. Тігістер сирек және айқасып тігіледі. Енді балықтың қанаттарын ылғал күйінде жазып қатты қағаз қиындыларының арасына салып скрепкамен қыстырып кояды.
Дайын болған тұлыпты тұғырға орнату керек. Ол үшін алдын ала балықтың ұзындығына 5-6 см, ені 8-10 см ұзындау етіп тұғыр дайындап аламыз. Балықты тұғырға тікелей желімдеу арқылы бекітеміз. Көздің орнына алебастер, пластилин, егер болмаса балықтың қабырғашын жапсырып, табиғи түсімен бояп қояды.Балыққа белгілі бір табиғи қалып беріп, көлеңкеде кептіреді, сыртын лакпен бояйды. Тұғыр балықтың тіршілік ортасына сәйкес етіп таңдалады. Мұғалімнің көмегімен балықтың систематикалық орны анықталып жазылады.Оқушылардың өздерін ұйымдастыру арқылы тірі табиғат бұрышындағы зоологиялық бұрышқа қажетті әрі қолжетімді ылғал препораттар, тұлыптар, омыртқасыздардың коллекцияларын, қолдан жасалған инсектариилер, террариумдар, аквариум және т.б. дайындауға болады. Көрнекi құралдарды сабақта кеңінен пайдалануда биологияның негiзгi ұғымдары ашылады. Сондықтан мұндай көрнекi құралдары негiзгi болып есептеледi.
Жануартану ылғалды препараттарды аквариумдегі жануарларды және акватеррариумдегі жануарларды биология сабақтарында тірі табиғат бұрышында пайдалану
Биология сабақтарында ылғалды препараттардан К.И. Скрябин ұсынған ГТЖТ әдісі арқалы зерттеу .
Бұл әдіс ғылыми мақсат барысында қолданылады . Онымен жануарлардың тоғышарлары бар барлық мүшелерін тексеруге болады
Мал дәрігерлік жеке тәжірбиеде мүшелерді тексеруде ГТЖТ әдісі көп пайдаланылады . Мысалы: фасиолез бен дикроцелиозын аурулардың қоздырғыштары сорғыш құрттарды балау үшін бауырды тексереді . Оны ет жолдары бойынша тіліп отырып , оның жеке бөліктерінің ішінде физиологиялық кюветкаға салады . Осы уақытта құрттар ертіндіге түсіп , ыдыс түбіне жиналады және олардфы үлкейткіш лупаны пайдалана отырып теріп алады.
Герлихтың модификациясы бойынша асқорыту жүйесін зерттеу . Бұл әдіс күйіс қайыратын малдың стронгилятадаларын нематодаларын іздеп табуға қолайлы. Ол үшін асқазан ұлтабар асқазан кілегейлі қабығынан көптеп қырынды алып, ыдысқа салып, Рингер ертіндісінде бірнеше дүркін жуып-шайып 60 в-ты электро шам астына 4-5 см қою керек . 30 минут өтісімен жұмыр құрттар жылы мен жарықтың әсерінен қырындының үстіне шығып , преполовальды инемен жинап алып , қайта жуып шаю үшін стаканға салады. Остертагиялар мен гемонхтарды жинау үшін ұлтабарды бөліп алып тіліп қандауырдың (скальпелдің) түбі өтпес жағымен кілегейлі қабығынан мол етіп қырынды жинап , көлемі 9-12 см кюветкаға салып, 200 в электро шам астында екі арлық 20 см қояды. Қырынды сыртына жылжып шыққан неиотодтарды жинап физиологиялық ертіндісі бар шыны ыдысқа салады.
Аквариумдегі алғашқы балықтарға келсек майда және ірі балықтарды кездестіреміз. Мысалы: алтын балық, группиялар, жайыншалар, скаляриялар т.б. Бұлар майда балықтар. Осы сияқты аквариумде омыртқасыздар; кірпікшелі кебісше, гидра, былқылдақденелілерден; айқұлақ , ұлу, қошқармүйіз ұлу т.б, шаянтәрізділерден; өзен шаяны, циклоп, дафния т.б, өрмекшітәрізділерден; қарақұр , бұзаубас т.б. оқушыларға білім беру үшін пайдаланамыз. Аквариумдегі барлық жануарлар еріген оттегімен тыныс алады және қолдан қореқтенеді. Бұлар жыртқыш жәндіктер. Жануарлардың адам өмірінде үлкен маңызы бар .
Жануарлардың жер жүзінде суда да, құрлықта да, топырақта да тіршілік етеді. Жануарлар қоректеніп ұрпағын өрбітеді.
Бұлардың акватеррариум дегенінде онда арнайы қосмекенділер кәдімгі құйрықты бақа, трито, аксолотл, шұбар бақа т.б. Бақаларды жеке бөлек ұстайды. Өйткені бақалар суды тез ластап, басқа жануарлардың өмір сүруіне кедергі жасайды. Қазақстанда бақалардың екі түрі мекендейді. Көпшілігі тропиктік жерлерде (Африка , Австралия ) елдерінде мекендейді.
Мамандандырылған кабинеттерде басқада жануарларды ұстауға болады: тасбақаларды, су жыландарды, атжалмандарды , теңіз шошқаларын , үй қояндарын, құстардан: кептерді, тотықұстарды, шымшықтарды т.б.
Негізінен жануарлар әлемі табиғаттың бөлінбес құрамдас бөлігі . Сондықтан бүкіл халық болып жануарларды қорғау жұмысы ұйымдастырылды. Халықаралық Қызыл кітапқа 1979 жылдан 226түрі 79түр тармақтары, құстардың 181 түрі мен 77 түртармақтары, жорғалаушылардың 98 түрі мен түр тармақтары, қосмекенділердің 40 тармақтары тіркелді. [5].
2. Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыру
2.1 Тірі табиғат бұрышындағы акватеррариум, виварий, (хайуахана), инсектарий, аквариуммен танысу оларды баптау.
Оқушылардың биология пәні бойынша тағы да өзіндік орындайтын жұмыстарына аквариумдарды дайындау оларды күту жатады.Толығырақ аквариум және оларды пайдалану жайында айта кететін болсақ, аквариум (лат. aquarium – суқойма) - су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс.Аквариум балықтары – үйдегі, хайуанаттар паркі мен ғылыми мекемелердегі арнайы ыдыста – аквариумде өсірілетін балықтар тобы. Аквариум балықтары табиғи жағдайда тропикалық және субтропикалық (Африка, Америка, Австралия, Оңтүстік-Батыс Африка) тұщы су қоймаларында, ал кейбіреулері ащылау суда және теңізде мекендейді. Олар – таңғажайып түрімен, ашық түрлі-түсті бояуларымен және мөлшерінің (массасының) кішілігімен ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1,5 – 30 см болады, кейде 1 м-ге жетеді. Шабақтарын тірі табатын (мысалы, гамбузия, гуппилер, семсерқұйрық, маллинезия) түрлері бар.
Оқушылардың аквариумды жабдықтауы. [4].
Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады. Онда өсімдіктер де өсіріледі. Әдетте арнаулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі. Суы мезгіл-мезгіл ауыстырылып тұрады. Аквариумде ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізіледі. Мысалы, гамбузия балығын жерсіндіру аквариумде зерттелді, соның нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында гамбузия өсірілетін болды. Аквариумде балық аурулары да зерттеледі. Мектепте көрнекті құрал ретінде аквариумның лабораториялық және сәндік түрлері қолданылады. Ғылымда аквариумді экологиялық жүйенің қарапайым моделі деп қарап, ондағы топырақ пен судың құрамының өзгеруіне, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне бақылау жасап, ғылыми тұрғыда баға беруге болады. Сондай-ақ аквариумде биологиялық тепе-теңдік сақталады, тура табиғаттағыдай зат айналу процесі жүріп тұрады.Аквариум балықтарының жүздеген түрі кездеседі. Олардың көбі сүйекті балықтар (мысалы, майшабақ, мормиро, тұқы, саргоно, алабұға, кефаль, т.б.).
Қазақстанның өзен-суларында тіршілік ететін сазан, қоңыржан, майшабақ, құйын балық, шортан, алабұға, мөңке, қызыл қанат шабақтарды аквариумда ұстауға болады. Аквариум балықтарын гибридтеу жұмыстарының нәтижесінде балықтардың көптеген жаңа тұқымдары шығарылды, соның негізінде генетикалық зерттеулер жүргізілді.
Мектептердегі аквариумда ең кең тараған балықтардың түрлері
гуппилер;
семсерқұйрық;
неон балық;
данио;
зебра балық;
сотқар балық;
горамиллер;
хромис;
скалярия;
жайыншалар;
барбус;
кардинал;
алтын балық;
Сонымен қатар,осы аквариумге де оқушылар барынша кезекші тағайындау арқылы тазалығын,жағдайын қарап отыру керекті талап етіледі.
Виварий (хайуанхана )- ғылыми мақсатта және биологиялық сынамалар үшін зертханалық жануарларды ұстайтын және өсіретін бөлме. Табиғатта биоценоздар әртүрлi масштабта болады. Бұл, мысалы, ағашты, шалғындықты, тоғанды, батпақты, орманды бұзатын мүктер биоценозы. Қолдан жасалған биоценоздар бар – аквариум, террариум, жылыжай, ол жерлерде белгiлi абиотиканың жағдайлар жиынтығына бейiмделген бiрлесе тiршiлiк ететiн түрлер бар және олар бiр-бiрiмен байланыса отырып, тiршiлiгiн сақтайды.
Инсектарий – жәндіктерді қолда ұстап, өсіріп, көбейетін орын. Инсектарийде зиянкес жәндіктермен биол. әдіспен күресу үшін пайдалы энтомофагтарды, токсикология, генетика, биофизика, т.б. ғылым салалары үшін лабаратория тәжірибеге өсіреді, сондай-ақ жәндіктердің тіршілігін бақылайды. Инсектарийге пестицидтер, әр түрлі зиянды паразиттердің кіріп кетпеуі үшін оны тамбурмен, терезелеріне тор құрып оқшаулайды және ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерден кем дегенде 400 метрдей қашық орналастырады. Инсектарий үйлерінде ауа алмасып тұрады, қажетті ылғалдық, жарық сақталады, сондай-ақ жәндіктерді бақылау үшін арнайы орын жасалады. Құмырсқаның тіршілігін бақылау үшін арнайы формикарий деп аталатын Инсектарийді пайдаланады. Мұның ішінде ұя, құмырсқа серуендейтін, жемін жеуге шығатын орын болады.
Акватеррариум.Акватеррариумдерде қосмекенділерден: кәдімгі құйрықты бақа (тритон), аксолотль, шпорц бақасы, шөп бақа, жасыл немесе сұр құрбақа, шұбар бақаны ұстауға болады.
Мамандандырылған кабинеттерде басқа да жануарларды ұстауға болады: тасбақаларды, су жыландарды, атжалмандарды, теңіз шошқаларын, үй қояндарды; құстардан: кептерлерді, тотықұстарды, шымшықтарды және т.б. [11].
2.2 Өсімдіктерді жинау, кептіру және кеппешөптерді даярлау әдістері.
Өсімдіктерді жинау, кептіру және кеппешөптерді даярлау әдістеріне келетін болсақ,өсімдіктерді жинау және кептіру әдістері, өсімдіктерден кеппешөп немесе коллекция жасау үшін пайдаланылатын арнайы тактикалық тәсілдер. Кеппешөп жасау үшін өсімдіктерді жинауды ерте көктемнен қоңыр күзге дейін жүргізуге болады. Өсімдіктерді жинауда, олардың гүлдеп немесе тұқым беріп тұрған кезін таңдап алған қолайлы.
Өсімдіктерді жинау ашық ауа-райында жүргізіледі, таңғы сағат 10-11 аралығы ең қолайлы болып табылады. Кеппешөпке жиналатын өсімдік міндетті түрде құрғақ болуы тиіс. Егер де ол дымқыл немесе ылғалды болса, онда өсімдік тез шіріп, бұзылып кетеді.
Өсімдіктерді жинаудан бұрын экскурсияға қажетті құрал-жабдықтар алдын – ала даярланып алынады. Өсімдіктерді жинауға керекті құрал-жабдықтар төмендегідей: ботаникалық папка (пресс), өсімдікті қазып алуға арналған күрек немесе қалақша, қағаз, компас, 9-10 дәрежелі қол лупасы, этикеткалар, қойын дәптер, карандаш, пакет қажет.
Өсімдіктерді өсіп тұрған жерінен қазып алуға кішкене күрек немесе қалақша пайдаланылады. Ол мықты, әрі жерді жақсы қазатын, алып жүруге өте ыңғайлы, әрі жеңіл болуы тиіс. Бұл тамыры тереңдегі өсімдіктердің жер астындағы мүшелеррін зақымдамай алу үшін қажетті құрал. Өсімдіктерді жинағанда өсімдіктердің вегетативті және генеративті мүшелерінің (сабақ, жапырақ, тамыр, гүл) түгел болуын қарастыру керек. Қазып алынған өсімдіктердің жапырағына, сабағына, тамырына жабысқан топырақтанжәне тағы басқада керексіз зақымдалған бөліктерін жақсылап тазалайды да, қағаз парағына саламыз.
Жиналған өсімдіктерді жақсылап кептіру үшін ең алдымен су сорғыш қағаздар қажет. Бірақ су сорғыш қағаздар үнемі бола бермейді, сондықтан су сорғыш қағаздардың орнына кәдімгі газет қағаздарын пайдалануға болады. Қағазды экскурсияға шығар алдына жеткілікті етіп, тіпті артығымен алған жөн. Өсімдік мүшелерін жазып салып, тегістеліп кебуіне мүмкіндік жасайды.
Ботаникалық папка ішіне жиналған өсімдіктерді қағаздарға салып кептіреміз. Ботаникалық папка тығыз картоннан, фанерден немесе темір тордан жасалынады. Папка көлемі 50-35 см, оның төрт бұрышынан ұзынша саңылау етіп тесіп, жасалған саңылаулар арқылы жалпақ жіп немесе қайыс өткізіледі; мұнан басқа көптеген саңылаулар ауа өту үшін жасалынады. Барлық өсімдіктер папкаға салынған соң, бетіне папканың екінші сыңарын қойып, тығыздап жіппен немесе қайыспен байлайды да, құрғақ жерге іліп қояды. Кептіруге қойған өсімдіктердің арасына құрғатуға арналған газеттерді күніне бір немесе екі рет (таңертен, кешке) ауыстырып отыру керек. Өсімдік кебе бастағаннан кейін аралық газеттерді (құрғатқыш) күніне бір рет, кейіннен екі күнде бір рет ауыстырады. Жақсы кепкен өсімдік былқылдақ болмай, серпілгіш, майысқақ, болуға тиісті.
Кеппешөп (гербарий) – барлық мүшелері белгілі форматта толық жиналып, кептірілген және этикетка толтырылған өсімдік даналары. Кептірілген дайын өсімдіктерден кеппешөп жасалынады. Кеппешөп көлемі 45 х 30 см, оның бір беті қалың қағаздан немесе картоннан, ал екінші беті калькадан жасалады. Кептірілген өсімдікті белгілі көлемдегі картонның бетіне салып, оны ине жіппен тігеді.
Кеппешөп – кепкен өсімдіктер коллекциясы - систематикалық, флористикалық және ботаника – географиялық зерттеулерге таптырмайтын ең маңызды негіз болып табылады. Ғылым үшін жер бетінің үлгілерін, табиғаттың құнды құжаттарын сақтауға және өсімдіктерді жылдың кез-келген мезгілінде оқып зерттеуге, анықтауға мүмкіндік береді.
Дайындалған кеппешөпке этикетка жасау керектігін оқушыларға түсіндіріледі.Этикетка дегеніміз жиналған өсімдіктер жөнінде қысқаша мәлімет жазылған қағаз. Кеппешөпте жиналған әрбір өсімдікте этикетка болуы тиіс. Этикетка көлемі 12 см х 7 см, этикетканы кеппешөптің оң жақ төменгі бұрышына орналастырады, этикетка керекті, маңызды ғылыми құжат болып саналады. [6].
Өсімдікті жинағанда этикетка қағазын ала жүріп, әрбір өсімдіктің қай жерден, қашан, жинаған студенттің аты-жөні, өсімдік тұқымдасының, туысының, түрінің латынша және қазақша атауы жазылуы керек.
Сонымен қатар,оқушылардың өзінен істейтін жұмыстарына аквариум өсімдіктерін жасау және оны сабақ барысында бақылау да жатады.Аквариум өсімдіктері – аквариумда арнайы өсірілетін өсімдіктер. Аквариум өсімдіктері сәндік үшін ғана қызмет етпейді, ол сонымен бірге суды оттекпен қанықтырады. Жарық жақсы түсетін аквариумдардың тең жарымына өсімдік отырғызуға болады. Аквариум үшін түсі де, формасы да әр түрлі өсімдіктер іріктелініп алынады. Жапырағының түсі қоңыр жасыл, қызыл және қоңыр болып келетін ірі өсімдіктерді әдетте аквариумның бұрыш-бұрышына, ал ашық жасыл жапырақты өсімдіктерді жарық жақсы түсетін ортаңғы бөлегіне орналастырады. Аквариумның бөлмеге қараған қабырғасына іргелей өрнек жапырақты ұсақ өсімдіктер отырғызса, көзге әдемі көрінеді.
2.3 Жаңа технология әдісі бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру
Жаңа технология әдісі бойынша ― Модулдік бағдарламамен оқыту оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырады. Оқытудың молудік технологиясының басты элементінің бірі модулдік бағдарлама. Мұнда оқыту әдістері мен тақырыпты меңгеру жүйелілігі көрсетіледі, яғни модулдік бағдарлама белгілі бір тақырыпты оқып үйренудегі оқушы іс-әрекетінің бағдарламасы. Бұл бағдарлама бірнеше оқу элементтерін қамтиды . Ол төмендегі кестеде берілген.
Кесте-1.
Оқу эле менттер
|
Тапсырмалар көрсетілген оқу материалдары
|
Тапсырманы орындауға берілген ұсыныстар
|
ОЭ―0
|
Мақсат: модуль мазмұнын меңгере отырып қосмекенділердің
мекен ету ерекшеліктерін анықтау
|
Сабақтың мақсатын мұқият талдау,
сипаттама оқып шығу
|
ОЭ―1
|
Жұмысқа дайындық
1.Оганикалық дүниенің дамуы сызба-
нұсқасына назар аудара отырып , жануарлар әлемінің даму сатысын жүйелеу
2. Жұмбаққа назар аудару . Ойланып жауап беру.
3. Осы жұмбақтағы екі жер деген сөз-
дің баламасын немесе синонимын . табу .Екі ― қос, жер ― мекен. Демек ,
сабақтың тақырыбы: Қос мекенділер-
класы.
|
Кабинеттегі сызба-нұсқаны пайдалану,
Қазақ тілінен синонимдік сөздерді еске түсіру
|
ОЭ―2
|
Мақсат:қосмекенділер туралы түсінік
алу
Жоспар:
1.Мекен ортасы , көптүрлілігі .
2.қосмекенділер организмінің құрылысы
3.Тіршілік әрекетінің ерекшеліктері
4.Шығу тегі , көбеюі
5.Табиғаттағы және адам өміріндегі
маңызы .
|
Мәтінді мұқият тыңдап қажетті жерлерді дәп- терге түсіріп отыру .
|
ОЭ―3
|
Мақсат: қосмекенділердің ерекшелік-
ліктерін анықтау
1.Салыстыру әдісін пайдаланып ,
қосмекенділердің балықтар класымен
ұқсастықтарын айырмашылығын
табу
|
балықтар класы туралы білетініңізді пайдалану
|
ОЭ―4
|
Мақсат: білімді жүйелеу
Графикалық диктант немесе деши-
фратормен жұмыс .
1. Өкпе және тері арқылы тыныс алады.
2.Кіші және үлкен қанайналым
шеңбері бар.
3.Жүрегі екі бөлікті.
4.Жемін жақ сүйектегі өткір тісімен ұстайды.
5.Алдыңғы миы күшті дамыған және үлкен жарты шарларда құралған.
6.Артқы ішек кең, жері клоакаға ашылады.
7.Мишығы жақсы жетілген, теп-теңдігін басқаруға қатысады.
|
Шартты белгілерді пайдаланып, класқа тән белгілерді теріп жазу.
|
ОЭ―5
|
Мақсат:қосымша материалдарды
пайдалана білу
1.Қосмекенділердің көптүрлілігі тәжірбиені сипаттап үй-
2.Ғылымдағы еңбегі. рену.Аңызды мұқият тың-
3.Аңыз Көлбақа неге құйрықсыз дап, қорытынды жасау.Ауа-
4.Қосмекенлер мінез-қылығы. райын бақылап үйрену.
5.Емдік маңызы. Халық медицинасында қолданылу жолын түсініп алыңыздар.
|
Плакаттағы суретпен танысу. Физиологиялық
|
ОЭ―6
|
Сабақ қорытындысын шығару.
1.Динамикалық модель арқылы
омыртқалы жануарлар эволюциясы кестесін толтыру.
2.Сабақтағы өз жұмыстарын
|
Топтық жұмыс. Бағалау
|
Оқушылардың модулдік бағдарлама сабағын өту арқылы жоғыры деңгейге жетуге болады. [8,9].
2.4 Тірі табиғат бұрышы және өлектану бұрышы
Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыра отырып мұғалім оқушылардың білімін толықтырады,тереңдете сондай-ақ практикалық машық пен дағды қалыптастырады. Ол жоғары класта оқығанда қажеттілігіне жарайды, ары қарай дамиды.
Тірі табиғат мүйісін ұйымдастыру үлкен материалдық тұрғыда қаражатқа байланысты. Жетіспеген жағдайда класс кабинетінде бөлме өсімдіктерінің түрлерін көбейту, аквариум, шағын террариум, құстар мен сүтқоректілердің ыңғайлы түрлерін ұстауға болады.
Тірі табиғат бұрышын жасауға арнайы ауқымды орын болмаған жағдайда бөлме өсімдіктерін, жер шрының әр бұрышындағы өсімдіктер түрлерін өсіріп, оқушыларды сол өсімдіктердің ерекшеліктерімен, күту, оларды бақылау сияқты жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Онда әр өсімдікте этикетка іліну керек, мұнда өсімдіктің аты, отагы, отырғызылған уақыты жазылады. Әр өсімдіктің жарыққа, ылғалға температураға байланыстылығын, гүлдеу мерзімдерін бақылайды. Мұғалімнің жетекшілігімен қарапайым тәжірибе жүргізеді, нәтижесінде өсімдіктерді ғылыми түрде танып білу, зерттеу шарттары орындалады. Бұл білімдерін күнделікті тұрмыста да қолданылады.
Класс кабинетінде аквариум, шағын террариум орналатыруға болады. Аквариумде тұрғылықты және аквариум балықтарының өкілдерін, су өсімдіктерінің түрлерін, моллюскалар ұстауға болады. Шыны арқылы су ішіндегі тіршілік әлемімен танысу барысында кез келген ортада табиғат элементтері бір-бірімен тығыз байланысты екенін біледі. Балықтардың, былқылдақ денелілердің қозғалысымен танысады. Террариумде қосмекенділер түрлерін, бауырымен жорғалаушылардың мінез құлықтарын, қоректену, бейімделу ерекшеліктерін танып біледі, жыл мезгіліне орай өзгерістерін бақылайды. Аквариумдегі суды уақытылы ауыстырып тұру, балықтарды қоректендіру, қоректердің түрлерін таңдай білу, судың температурасын бақылау, өсімдіктердің, балықтардың жағдайын бақылап тұру. Ауруға шалдыққанын дер кезінде байқап тұру.
Тірі табиғат бұрышындағы әрі тірі организмге жекелей талаптар орындалу керек. Ол талаптар арнайы кітаптарда жазылады, ең алдымен мұқият танысып алу қажет.
Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру шарасын мектептегі биолог мұғалімдерімен бірлесе немесе кеңестер сұрап ұйымдастыруға болады. [10].
Қорытынды
Қорыта айтатын болсақ, биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдістерді қолдануға болады. Биология кабинетіндегі тірі табиғат бұрышындағы жануарлардың, өсімдіктердің диафильмдердің, кинофильмдердің, күй табақтардың ылғалды препараттардың, жинақтамалардың, кепешөптердің т.б. бөлімдерді сабақта пайдаланса, өсімдіктер бөлімі бойынша оқушылардың белсенділігі артады. Жануарлардың аквариумдегі, акватеррариумдегі және басқа да мамандандырылған бөлмелердегі жануарларды пайдаланып, сабақты бекітіп, қорытындылауға болады.Cонымен қатар,оқушылардың өз бетінше істеген жұмыстары олардың қызығушылықтарын одан әрі арттырады.Мектептегі табиғат бұрыштарындағы әрбір элементті қолдану,оқушылардың танымын арттырады.
Жаңа технология әдісі бойынша әр әдістің өзіндік ерекшелігі болады. Модульдік технология күннен күнге дамып, келеді. Бұл әдістің бағыт бағдар беру, түсіндіру қорытындылау сияқты мақсаттарды алға тартады.
Сонымен қатар, бұл жаңа технология мен қатар биология кабинетіндегі тірі табиғат бұрышы да, әр сабақта қолданыла отыру білімділікке алғы шарт,яғни өткен тақырыптың есте сақталуына барынша әсерін тигізетіні рас.
Қазақстанның даму ғасыры үстінде.Әр жаңа қадам білімге бетбұрыс ғасыры болуы шарт және солай қалыптасып келеді де.Жаңа даму заманында білімге бетбұрыс – ол мектептегі әрбір сабақтың өтілуінен басталуы керек.Әрбір сабақ қызықты әрі барынша оқушыға түсінікті болуы үшін педагог барынша тырысуы керек. Осында түрлі тірі табиғат бұрышын тиімді әрі сай қолдана білу дегеніміз – педагог шеберлігімен айқындалатын жағдай.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасы «Білім» мемлекеттік бағдарламасы. Астана. 2002ж.
2 В.В. Травникова Биологические экскурси, СПб.: «Паритет», 2002. – 256 б.
3 Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов Экология және табиғатты тиімді пайдалану: оқулық. – Алматы: Ғылым, 2004 – 328 б.
4 Биология Қазақстан мектебінде./ Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. 2005 жылдан бастап.
5 Қайым Қабділрашид. Биология. Анықтамалық көмекші құрал. –Алматы. «Ол – Жас баспасы» ЖШС. 2006 ж. 104 бет.
Оспанова Г. Экологи: оқулық. –Алматы Экономика, 2002. – 408 б.
7 Н.Л.Галеева. Сто примеров для учебного успеха ученика на уроках биологии: М.: «5 за знания», 2006. -144 с.
8 Қисымқызы Ә. Салауаттану. Әдістемелік құрал. – Алматы. «Алматы кітап» ААҚ, 2004. -160 бет
9 Бейсенова Ә.С., Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева. –Алматы: Ғылым, 2001. – 238 б.
10 Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері: оқулық. – Алматы: Зият, 2003. – 212 б.
11 Шілдебаева Ж. Қызықты экология: оқу құралы. –Алматы: Ы.Алтынсарин, 2000. – 172 б.
12 Қуанышева С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі. Шымкент: 2000 ж. 300 бет
Достарыңызбен бөлісу: |