- М.Монтессориды қолдану арқылы бала дамуын жүзеге асыру
- «Мен көремін және естимін, әрекет етемін және жасаймын, сондықтан оны есте сақтаймын және үйренемін»
- М.Монтессори
- Мария Монтессори (1870-1952 жж) 31 тамызда Италияның Чиаревалле қаласында дүниеге келді.
- Мария отбасында жалғыз бала болады. Әкесі үлкен дәрежелі мемлекеттік чиновник, ал анасы ертедегі Италияның Стопани тегінің оқымысты әулетінен. Марияны балалық шағында ата-анасы барлық жағдайын жасап оқытады.
- Мария бастауыш мектептен бастап оқу мен сынақтар өзіне жеңіл түсінетінін түсінеді, сондықтан ол өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады. Математика сабағына ерекше мән береді.12 жасынан гимназияда оқуды армандайды, бірақ онда қыздарға оқуға тиым салынған, өзінің қайсарлығымен ұлдарға арналған техникалық мектепке қабылданады.
- Өскен сайын Мария Монтессори балалар дәрігері болуды армандайды, дәрігер болуға шешім қабылдайды. Сол кезде әйел адамның дәрігер болу мүмкін емес жағдай еді. Медицина тек ер адамдарға ғана тән болатын. М.Монтессоридің қайсарлығы өз жемісін беріп-ол Италиядағы алғашқы әйел дәрігері болады.
- 1896 жылы университет клиникасында жеке практикасымен жұмыс істеді.
- Осы жерде ақыл-ой мүмкіншілігі шектеулі балаларды емдеу ісінің куәсі болды. Бұл балалар оған өмірден алшақ, шеттетілген, тұтқын сияқты болып көрінді. Олардың өмір сүру ортасы кедей болды. Ойыншықтар, кітаптар туралы сөз болмады. Бірде Мария балалардың нан қоқымын тауып алып, ойнап отырғандарының куәсі болды, нан қоқымы олардың жалғыз ойыншықтары еді. Бұдан басқа өзге еш іс-әрекеті болмады.
- Мария Монтессори бала дамуы үшін оны қоршаған ортаның маңызды екеніне көңіл аударды. Бірақ қоршаған ортаны қалыптастыру медицина саласына қатысты емес еді.
- Осы кезде мүмкіншілігі шектеулі балалармен бірінші кездесуі басталды. Бұл балаларға ешкім жағдай жасамаған, ол өз-өздерімен болған. Осыны көрген жас М. Монтессори арнайы дамыту ортасын құруды ойлайды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық көмекпен қатар, педагогикалық тәрбие керек екендігін түсінеді. Бұл мәселелер тек ауруханада ғана емес,балабақша мен мектептерде де шешілетін болды.
- Монтессори педагогика мен психологияны оқып үйретуді бастайды. Оны көбіне антропология қызықтырады. 1904 жылы антропология кафедрасын алып, Рим университетінде педагогика аймағында әр түрлі антропологиялық зерттеулерді жүргізеді. Медицина-педагогиканың инстиутда ақыл-ойы артта қалған балалардың педагогикасын қатар алып зерттейді. Осы уақытта өзінің жеке педагогикасының формуласын құрды. Ол сегена дидактикалық материалдармен көп жұмыс істейді, өзінің балаларды оқыту мен жазудағы жеке әдісін жетілдіреді.
- 1907 жылы 6 қаңтарда алғаш рет «Балалар үйі» ашылды және Монтессори құрған принциппен жұмыс істейді. Осы балабақшаны басқарып, әр түрлі жастағы балаларға ыңғайлы болатындай етіп жабдықтайды.
- Ол өзінің педагогикалық жүйесін 1907 жылы бастап, оның негізгі қағидаларын көрсеткен. М. Монтессори «Ғылыми педагогика әдістемесі» кітабында, ол баланың жас мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттілігін түсіндіріп бақты. Себебі сәбилік шақтағы бала даумы үлкен тәрбиелік табыстарға есік ашады. М. Монтессоридің пікірінше оқудың басты формасы өзіндік оқу жұмыстары болу қажет. Ол баланың жекелеп оқуына ыңғайлы грамматикалық, математикалық, биология – жаралыстану және басқа пәндерге арнап дидактикалық материалдар ұсынды. Бұл оқу құралдарының ерекшелігі, оларды пайдалана отырып, бала өз кемшілігін, қателерін табады және оларды түзетеді. Бүгінгі күнде Монтессори педагогикасы педагогикалық әдіс ретінде қаралып, онда баланың жеке тұлғаның ерекшеліктері мен өзіндік құндылығына баса назар аударған. Мұнда жалпы өлшемдарге байланысты салыстыру, өзгерту, принциптері іске аспайды. Балалар өз бетінше еркін оқуына болады деген тұжырым жасалған.
- Монтессори педагогикасының негізгі принципі балаға өзін-өзі тәрбиелеуге, өз бетінше оқуға, өз бетінше дамуға, жағдай жасау. Әдістің ұраны – « Мұны менің өзімнің орындауыма көмектес».
-
- М.Монтессори педагогикасында не маңызды?
- Бұл бағытта бала туылғанынан бастап тұлға ретінде қарастырылады. Әр бала, әр адам секілді әмбебап. Оның басқа жүйелерден карағанда айырмашылығы осында жатыр. Балаға өздігінен козғалу, даму мүмкіндігі беріледі, мұның барлығы аяқ астынан болады, бірак кейбір жағдайларда оған ересектің көмегі қажет, сол көмекті алады да. Ересектер бала үшін жағдай жасайды.
- Монтессори әдісінің негізгі қағидасы
-
- *Монтессори әдісі табиғи жағдайда баланы бақылау кағидасына негізделген.
- *Монтессори әдісінің негізгі қағидасы: баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін- өзі дамытуға итермелейді.
- *Әдістегі бастысы - балалар мен ересектердің әлемі - мүлдем әр түрлі әлем екенін ұғыну.
- Монтессори әдісі үш негізгі бөліктен тұрады:
- - бала
- - қоршаған орта
- • - мұғалім
- Балалар іс-әрекетті өз бетінше орындауға, әдейі құрылған дамытушы ортада өзін-өзі дамытуға мүмкіншілік алады. Ал ересектер дамытушы ортаны құрып, кез-келген затпен қалай әрекет ету керектігін бала қажет еткен жағдайда түсіндіреді.
- М.Монтессори әдісінің негізі - әдейі даярланған дамытушы ортада баланың өзін-өзі дамытуы болып табылады. Оның өзге жүйелерден айырмашылығы да осында. Мұнда бала өз бетінше қозғалуға, дамуға мүмкіншілік алады, бірақ ересектер тек баланы дамытушы ортаны құру мәселесімен ғана шұғылданады. Өйткені бала кішкентай болғандықтан ортаны құра алмайды, ересектер үшін бұл мүмкін. Әрі ересек адам балаға кез-келген затпен қалай әрекет ету қажеттігін түсіндіреді.
-
- М.Монтессори жүйесінің мақсаты
- баланың психофизиологиялық дамуына мүмкіндік жасау;
- барлық сыртқы сезімді дамыту;
- жоғары интеллектуалдық көңіл-күйді, сонымен қатар этикалық және эстетикалық сезімді тәрбиелеу;
- тілді дамыту және сөздік қорларын молайту;
- дағдыларды дамыту, жұмысты өз бетінше орындауға ынталандыру, өз-өзіне қызмет
- көрсетуді дамыту.
- Монтессори жүйесіндегі сенсориканы дамытуға
- бағытталған жаттығулар
- Қарапайым, қолдануға ыңғайлы Монтессори-материалдарды балабақшада қолдану көп қиыншылық тудырмайды. Монтессори жүйесіндегі сенсориканы дамытуға бағытталған жаттығулар күнделікті қолдануға өте ыңғайлы, себебі оның материалдар әр отбасында табылатын қарапайым заттар болып табылады. Жаттығулар жүйесі баланың бойында белгілі бір іскерлік пен дағды қалыптастыруға, заттардың формасы, салмағы және түсі бойынша айыруға, алуан түрлі дыбыстар мен иістерді ажырата білуге бағытталған.
- Монтессори педагогикасының принциптері:
- .балаға өзін-өзі тәрбиелеуге;
- .өз бетінше оқуға;
- .өз бетінше дамуға жағдай жасау;
- Монтессори педагогикасы әр баланың дарындылығына, қажеттілігіне, мүмкіндіктеріне тоқталған. Бала өз жұмыс жасау ритмін және білім ашу қабілетін айқындай алғанда ғана жақсы оқиды. Монтессори - балабақшасы жеке жұмыс жасауға, яғни өз – өзіне қызмет етуге үйретеді. Сондай-ақ, ең басты назарды дайын кеңістікте баланың қабылдау сезімін психологиялық қажеттіліктеріге байланысты дамытуға мүмкіндік жасауға аударған.
- Қарапайым, қолдануға ыңғайлы Монтессори-материалдарын балабақшада қолдану көп қиыншылық тудырмайды.
- Монтессори жүйесіндегі сенсориканы дамытуға бағытталған жаттығулар Жаттығулар жүйесі баланың бойында белгілі бір іскерлік пен дағды қалыптастыруға, заттардың формасы, салмағы және түсі бойынша айыруға, алуан түрлі дыбыстар мен иістерді ажырата білуге бағытталған.
- Монтессори материалдар: тура және жанама болып табылатын екі мақсаттан тұрады. Тура мақсат барлық сезімді тәрбиелесе, жанама мақсат психикалық белсенділікті дамытуды көздейді. Монтессори-материалдары негізінен баламен жеке жұмыс жасауға арналған.
- М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3 пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады
- Бөлімдер:
- 1.ТІЛ
- тілдердегі сөздерді жіктеу және сөздік қорын молайту;
- қол бұлшық еттерін және ұсақ қол қимылдарын жетілдіру;
- бүдірлі әріптермен жасалатын жаттығулар;
- жылжымалы әріптермен жасалатын жаттығулар;
- сурет салу және маркировка;
- жазу;
- оқу;
- 2.ЛОГИКА ЖӘНЕ САН
- Сенсорлық материалмен жұмыс істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз өзіне таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра бастайды.
- КОСМОСТЫҚ ТӘРБИЕ
- биология бойынша жаттығулар;
- тарих бойынша жаттығулар;
- географиялық жаттығулар;
- астрономиядан жаттғулар;
- информатикадан жаттығулар;
- сәулемен жасалатын жаттығулар.
- Монтессори – тобы көп орталықтардан тұрады:
- Бала сезімін дамыту орталығы
- Баланың сезім тәрбиесі, баланың қабылдауын дамыту және қоршаған әлемдегі заттардың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру: пішіні, көлемі, түсі, салмағы, кеңістіктегі орны, иісі, шығаратын дыбысы, т.б. болып табылады.
- Іс-әрекет жасау орталығы
- Бұл орталықта балалар өздерін күтуге арналған заттар орналасады. М.Монтессори балаға өз бетімен әрекеттенуге үйрету, баланың инттелектуалдық қабілеттерін дамыту, өз-өзін тәрбиелеу және жоғарғы баға беру күшті түрткіш болып келеді деп тұжырымдайды. Сонымен қатар практикалық жаттығулар орындау арқылы бала өзінің қимылын жетілдіреді.
- Тіл дамыту және жазу орталығы
- Материалдар баланың дұрыс тілін дамытуға көмектеседі, сөздік қорын байытады, қолын жазуға дайындайды, фонематикалық есту қабілетін дамытады, оқуға және жазуға үйретеді.
-
- Математика орталығы
- Математика орталығында балалар 10-ға дейін сандармен, жиынтықтармен, арифметикалық операциялармен танысады. Осы орталықтың Монтессори-материалы балаға қиын абстрактылық математикалық түсініктерді және операцияларды түсінуге көмектеседі.
- Ғарыш орталығы
- Осы орталық балаларды қоршаған ортамен таныстырады. Осы орталық материалы ботаника, зоология, анатомия, география, физика, астрономия негіздерін меңгеруге көмектеседі. Бала орталықты және Монтессори-материалын өзі тандайды. Монтессори- тәрбиеші бала әрекетіне қажет болғанда қатысады. Өсе келе бала қажетті дағды мен іскерлікті меңгереді, сонымен қатар балада тәуелсіздік, өзіне деген сенімділік сезім қалыптасады.
- М. Монтессори әдісі балада өзінің мүмкіндіктеріне сай дамуға деген қызығушылық, жаңа білімді тануға деген құштарлығын оятады. Бала не істегісі келеді емес, неге дайын соны істейді. Ересектер ереже ұсынады, балалар өз бағытымен сол ережелерді орындап, дамиды. Сонымен бала өз әрекетінің нәтижесіне жауапкершілік сезіммен қарайды.
- М.Монтессори бұйымдарымен жаттығулар жасау. Тәрбиешілер картаны пайдалана отырып (суреттереге қарай отырып) жұмыс мазмұнына байланысты жаттығулар жасалады.
- Қол қимылдарын жаттықтыру туралы сөз болғанда, тек қолдын бұлшықеттерін жаттықтырып қана қоймай, қолдын саусақтарын, сүйек буындарын жаттықтыруымыз керек. Себебі, қол жоғары ми қабатына үлкен қызмет атқаратындықтан, қол қимылдарынын дамуы тіл және жоғары ми қабатынан қалыптасуына маңызы зор екені дәлелденген.
- Біздің қазіргі уақытымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі -қоғамымыздың жетістігін ары қарай дамытуға, онсыз үміттенуге болмайтын дәстүрлі мектептер қайта құру. Сондықтан, басшылар мен педагогтардың ең бірінші төрлететін мәселелері балалардын мектепке оқуға дайындығын, жеке ерекшеліктері мен білімдерінің негізінде, олардын қабілеттері бойынша іріктеу. Осыған орай балабақшадағы тәрбиешілер мен психологтар, ата-аналар екі міндетті шешуі тиіс. Біріншіден, оқуға «психологиялық дайын» балаларды анықтау; екіншіден, тәрбиенін кемшіліктерін жою мақсатымен белгілі параметр бойынша психикалық даму қажеттілігін жетіспеушілігін анықтау. Біз әрбір мектеп жасына дейінгі балалардын «жарқын ойлы» ақылды болғанын қалаймыз. Ал, бала «жарқын ойлы», ақылды болуы үшін «алтын, шебер қол» керек. Сондықтан біз мектеп жасына дейінгі балалардын ұсақ қол қимылдарын жазуға үйлесімді дайындауға арналған арнайы жүйелендірілген жаттығулар жинағын ата-аналарға және тәрбиешілерге қолдануға ұсынып отырмыз.
- Себеттегі қыстырғыштар
- Жасы: 2-5
- Мақсаты: Ұсақ қол қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Зейінін шоғырландыру. Үйлестік. Жазуға қолды дайындау.
- Қажетті құрал-жабдықтар: Ағаш қыстырғыш қыстырылған себет. Себеттің шеті қалың болмау керек. Себеттің орнына қалың картонды алмастыруға болады.
- Ойынның барысы: Бала өзінің жұмыс орнына қыстырғыштар бар себетті қояды. Тәрбиеші балаларға қыстырғыштарды бірінен кейін бірін алып, үш негізгі саусақтарымен себеттің шетіне қыстыруын ұсынады. Бала өздігінен жұмыс жасайды.
-
- Түсініктеме: Бала жазуды бастамас бұрын, оның ұсақ қол қимыл қозғалыстары соншалықты дамыған болу керек, яғни жазу құралын; қарындаш пен қаламды саусақтары жеңіл және нық ұстауы үшін. Қыстырғыштарды себетке бірнеше рет қыстырып және қайта алу арқылы жасалған қимылдар баланың оң және сол қолдарының саусақтарын өте жақсы жаттықтырады. Баланың қай қолымен жұмыс жасағанын бақылау арқылы оның оң және солақай екенін бақылауға болады. Бұны түзету қажет емес.
- Түрлі-түсті тамшылар
- Жасы: 2-5
- Мақсаты: Ұсақ қол қимыл-қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Зейінін шоғырландыру. Үйлестік. Жазуға қолды дайындау.
- Қажетті құрал-жабдықтар: Мұздатқышта су қатыратын 12 ұяшықтан тұратын тұғырнама. Жоғарыда 4 ұяшықты бөліп тұратын көк, сары, қызыл түсті белгілер белгіленген. Түрлі-түсті суы бар төрт колба. Колбадағы суы бар қызыл және көк түсті ас бояумен боялған. Әр колбада қалың резиналы қалпағы бар пипетка. Кішкентай губка.
- Жұмыс барысы: Бала материалдарды алып өзінің алдына қояды. Колбадағы түрлі-түсті суды пипетканың көмегімен тұғырнама ұяшықтарына ауыстырады. Ұяшықтарды түстеріне қарай бірте-бірте суға толтырады. Содан кейін осы пипетканың көмегімен суды қайтадан колбаға ауыстырады.
- Түсініктеме: Пипеткамен жасалған жаттығулар баланың қол саусақтарының қосылыстарын дамытып қана қоймай, түстерді бөлшектеп, салыстырып және айыруға жаттықтырады. Сондай-ақ бұл жаттығуды психомоторлыққа жатқызуға болады.
- Ұяшықтағы тамшылар
- Жасы: 2-5 жас
- Мақсаты: Ұсақ қол қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Зейінін шоғырландыру. Үйлестік. Жазуға қолды дайындау.
- Қажетті құрал-жабдықтар: Кішкентай ыдыста ұяшықтары бар тұғырнама және пипетка. Суы аз ғана боялған колба тұр. Барлық заттар түстері бойынша бір-біріне сәйкес.
- Ойынның барысы: Бала жабдықтары бар ыдыста өзінің алдына қояды. Ол пипетканы үш негізгі саусақтарымен қалпағынан қысып колбадан суды алады. Бала пипетканың қалпағын қысу арқылы суды тұғырнама ұяшықтарына ауыстырады. Тұғырнаманың барлық ұяшықтары толғаннан кейін пипетканың көмегімен тамшылар колбаға қайта құйылады.
- Түсініктеме: Пипетканың қалпағын 3 негізгі саусақтарымен қысып және ашу арқылы бала осы жазатын саусақтарымен жаттығады. Жаттығу үзіліссіз назар аударуды, зейіннін шоғырлануын талап етеді.
- Құмырадағы пипетка
- Жасы: 5 жасқа дейін
- Мақсаты: Екі қолдың қимыл қозғалыстарын дамыту. Зейіннің шоғырландыру. Қосымша қосмостық тәрбиеге дайындау. (физика)
- Қажетті құрал-жабдықтар: Ашық пластмассалы құмыра суымен және пипетка. Құмыраның іргесінде түрлі-түсті бөлінген сызықтар жапсырылған. Құмыра сумен толық толтырылады, ал пипетка – деңгейге дейін жіберіледі. Пипетка құмырадағы суда тік түрінде малтиды. Құмыра қақпағымен жабылады. Аузы жабылған құмыраны қысқанда ауа шықпауы қажет.
- Жұмыстың барысы: Бала құмыраны алып өз алдына қояды. Бала екі қолымен құмыраны қысады да қайта жібереді. Осы қимылды бірнеше рет қайталайды. Осы қимылды жасай отырып, бала белгіленген көрсеткіштердің жанынан пипетканың өтуін құмыраның түбіне түсіп, қайта көтерілуін бақылайды. Пипетканың қандай төмендікке түсуі, қол қысымының күшіне байланысты.
-
- Түсініктеме: Осы жаттығуды орындау барысында баланың қол бұлшық еттері жаттығады, жазу жазуға қол саусақтарын дайындайды. Бұл жаттығуда екі қол бірге жұмыс жасайды. Қол саусақтарының дұрыс дамуы бастың оң және сол жақ ми қызметінің дамуымен байланысты, жаттығу өте көп болмағандықтан, екі қол бірге жұмыс жасайды, яғни екі жақ ми қызметі де дамиды.
- Моншақтарды пинцетпен ауыстыру
- Жасы: 2-5 жас
- Мақсаты: Ұсақ қол қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Үйлестік. Жазуға қолды дайындау.
- Қажетті құрал-жабдықтар: Кішкене ыдыста ұяшықтары бар тұғырнама (платформа), кішкентай қысқыш (пинцет медициналық) және моншақтар салынған ыдыс. Ыдыстағы моншақ саны ұяшықтағы моншақ саны тең болу керек. Барлық бұйымдар түстері бойынша бір-біріне сәйкес.
- Жұмыстың барысы: Бала бұйымдар бар ыдысты алдына қояды. Кішкентай қысқышты оң қолына алып, ыдыстағы моншақтарды тұғырнаманың ұяшықтарына ауыстырады. Ұяшықтар толтырылғаннан кейін, керісінше моншақтарды кішкентай қысқышпен ыдысқа ауыстырады.
-
- Түсініктеме: Бұл жаттығу қол қимылдарының үйлесуін жақсы жетілдіреді, бала кейін ұсақ әріптерді жазады. Жаттығу баланың зейінінің шоғырлануын және ішкі тыныштықты талап етеді. Бала жаттығу үстінде моншақты түсіріп алса, ол қате деп есептелмейді. Жіберген қатесін бала өз бетінше тузетуге алады.
- Қайшымен қалай қияды
- Жасы: 2-5 жас
- Мақсаты: Ұсақ қол қимыл қозғалыстрын дамыту. Қолдың сүйек бұлшық еттерін жаттықтыру. Қолды жазуға дайындау.
- Қажетті құрал-жабдықтар: Баланың алдында қайшы жән түрлі-түсті қағаздары бар табақша. Қағазда қию сызығы белгіленген.
- Жұмыстың барысы: Бала оң қолына қайшы, сол қолына қағазды алып, кішкене бөліктер қияды. Кейін бала сызықтың бойымен қия бастайды және әр түрлі өрнектерді қиюға арналған күрделі қимылдар жасайды.
-
- Түсініктеме: бұл жаттығу тікелей баланың қолын жазуға дайындауға арналмаған. Бірақ, қайшыны дұрыс ұстау және белгіленген сызықтарды қию дағдыларын игере отырып, бала қолына қарындашты дұрыс ұстауды және қағазды нақты сызықтарды жүргізуді үйренеді, қолы жаттығады.
- Қатырма қағазды тігу
- Жасы: 2 жас
- Мақсаты: Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Қол саусақтарының қимылын жетілдіру. Үйлестік. Зейіннің шоғырлануы. Жазуға қолды дайындау.
- Қажетті құрал-жабдықтар: Табақшада сызықтар салынған қатырма қағаздар. Балаларға жеңіл суреттер немесе күрделі суреттер болуы мүмкін. Салынған сызықтардың бойында ине мен жіп өтетін нүктелер белгіленген. Сонымен қатар табақшада жіп және 1-2 жуан ине болуы тиіс.
- Жұмыстың барысы: Бала алдында тұрған бұйымдары бар табақшадан өрнек салынған картонды таңдап алады. Бала тәрбиешінің көмегімен иненің тесігінен жіпті өткізеді, жіптің ұштарын бекітеді. Қағазда бейнеленген нүктелердің көмегімен өрнекті тігіп шығады.
-
- Түсініктеме: Кішкене балаға инемен жұмыс жасау, жіппен сабақтау, жіпті бекіту өте қиын, сондықтан балаға бұл қимылдарды тек көрсетіп қана қоймай, оны төзімділікпен, баламен бірге жасау керек. Кейін балаға өз бетінше әрекет жасауды ұсыну. Баланың зейінінің жоғары деңгейде шоғырлануын, жинақталуын бақылауға болады. Осы жаттығу арқылы баланың қол саусақтарының қимылдары жетіледі, көз мөлшері және қимылдарының жүйелілігі дамиды. Кейін бала қолына қарындаш алып, жазуға кірісе бастаған кезде бұның бәрі үлкен көмегін тигізеді.
- Судағы жұмсақ ысқыш
- Жасы: 3-6 жас
- Мақсаты: Ұсақ-қол моторикасы дамиды. Қолдың алақан, сауасақтары арқылы заттарды нық ұстауға дағдыландырады.
- Қажетті құрал-жабдықтар: Табақшалар, жұмсақ ысқыш.
-
- Жұмыстың барысы: Бір табақша бос, екінші табақша суға толы болады. Жұмсақ ысқышты (губка) суы бар табақшаға салып, екінші табақшаға алып келіп қысу қажет. Осылайша бос табақшаны сумен толтыру керек. Ал үстел үстіне шашыраған суларды жұмсақ ысқыштың көмегімен қалай сүртуге болатындығын көрсетіп үйрету керек.
-
- Түрлі-түсті жұмсақ ысқыштар (губкалар)
- Мақсаты: Ұсақ қимыл қозғалыстарын дамыту. Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Танымдық үрдісін дамыту.
- Қажетті құрал-жабдықтар: Түрлі-түсті жұмсақ ысқыштар, табақшалар, қысқыштар.
-
- Жұмыстың барысы: Үстел үстіне суға және түрлі-түсті жұмсақ ысқыштарға толы ыдыс қойылады. Сол ыдыстың жанына тағыда қосымша ыдыстар қойылады, бала жұмсақ ысқыштардың түсін ажыратып қысқыштың көмегімен түстеріне қарай жұмсақ ысқыштарды бөледі.
- Күріш ұнтағымен жармалар
- Мақсаты: Қол саусақтарының қимылдарын жетілдіру. Баланың жүйке жүйесін тыныштандыру. Зейінін шоғырландыру. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
- Қажетті құрал-жабдықтар: күріш ұнтағы, түрлі жармалар.
- Жұмыстың барысы: Столға күріш ұнтағын салу, күріш ұнтағына тары жармасын, қарақұмық жармаларын салып араластыру. Бала сол күріш ұнтағынан негізгі үш саусақтың қимылы арқылы тары жармасымен сурет салу. Жаттығуды одан әрі қиындату үшін басқа да жармаларды күріш ұнтағына қосуға болады.
-
- «Сиқырлы елеуіштер»
- Мақсаты: Баланың танымдық үрдістерін дамыту. Эмоционалды көңіл-күйін тұрақтандыру.
- Қажетті құрал-жабдықтар: електер, манка ұнтағы, жармалар.
- Жұмыстың барысы: Ыдыста манка ұнтағы мен күріш араласып салынған. Манка ұнтағынан күрішті бөліп алу үшін баланың кішкентай қолдарының икемі де келмейді. Сол себепті бізге бұл жерде елеуіштің көмегі қажет. Манка ұнтағы мен күрішті елеуіштен өткізіп манканы бір бөлек табақшаға, күрішті бір бөлек табақшаға бөліп аламыз. Олардың бөлінуі балаға бір жағынан сиқыр арқылы жасалғандай көрінеді.
-
- «Манка ұнтағының тақтасы»
- Мақсаты: Баланы жазуға, көркем сурет салуға дағдыландыру. Қиялын дамыту. Ұсақ-қол моторикасын дамыту. Саусақтарын жазуға үйрету.
- Қажетті құрал-жабдықтар: шыны үстел, манка ұнтағы.
- Барысы: Арнайы шыны үстелдің үстіне манка ұнтағы себіледі, сол манка ұнтағына бала әріптер жазады немесе өз еркімен әр түрлі суреттер салады.
-
- «Түрлі түсті жіптер»
- Мақсаты: түстердің атауларын меңгерту, ойлауын дамыту
- Қажетті құралдар: оралған түрлі-түсті жіптер.
- Себетке түрлі-түсті жіптер салынады, оларды жұптастыру қажет. Бірінші кезеңде бала 2 қызыл, 2 сары, 2 көк жіпті табуы керек.
- Педагог немесе кез келген ересек адам балаға қалай жіптерді түсіне қарай жұптастыруға болатындығын көрсетеді. Мысалы, алдымен екі қызыл оралған жіптің үстіне көк, содан кейін сары жіптер қойылады, бала реттілікті сақтай отырып қатарды қайталауы қажет. бала жаттығуды орындай отырып, жүптің түсін атай білмеуі де мүмкін.
- Бала түстерді меңгеруі үшін үш сатылы Монтессори сабағы жүргізіледі. 1-кезең: педагог жіптердің түстерін атап шығады, бала қайталайды.
- Екінші кезең: педагог баладан аталған түсті жіпті беруді сұрайды: «Қызыл жіпті бер», т.б. Үшінші кезеңде педагог «ана жіпті беріп, түсін ата» деген ғана нұсқау береді.
- Бұл жаттығу сөздерді енді меңгере бастаған 2-3 жасар балаларға лайықты түстерді меңгерту ойынын ойнатуға болады: күлгін, қызғылтсары, көгілдір, сұр т.б.
- Топпен ойнатқанда «Жұбыңды тап» деген атаумен ойнатуға болады. Балалар шеңбер бойымен отырады. Әрқайсысында түрлі-түсті оралған жіп бар. Педагог кез-келген балаға өз жібін ортадағы үстелге қоюды ұсынады. Дәл сондай түсті жібі бар екінші бала орнынан тұрады. Балалардың түстерді ажырата алатынын байқаған соң, өз жіптерінің түсін айтуды сұрауға болады.
- Бұл ойынның бастапқы кезеңі
- Бұдан әрі ойынды әрқалай қиындатуға болады. Мысалы балалар топта еркін қозғалып жүреді. Белгі берілген соң олар тез «түрлі-түсті» жұп құрулары керек. Ең соңғы жұптасқан балалар ойыннан шығады.
- Балаларға жоғарыдағы нұсқаны көзді жұмып орындауды ұсынуға болады.
- «Қоңыраулар»
- Мақсаты: есту қабілетін дамыту.
- Қажетті құралдар: түрлі дыбыстар шығаратын бес қоңырау.
- Қоңыраулар баланың алдындағы үстелге қойылады. бала көзі орамалмен байланады. Педагог кез-келген қоңырауды алып сылдырлатады. Бала көзін ашып әр қоңырауды сылдырлатып көреді. Қай қоңырауды сылдырлатқанын табуы керек.
- «Дыбыстаушы заттар»
- Мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту;
- Қажетті құралдар: әртүрлі дыбыстар (сылдыр, даңғыр, тықылдау) шығаратын заттар
- Барлық заттар себетке салынады. Мысалы: оралған газет, жаңғақ салынған банка т.б. Педагог олардың дыбыстарын балаға естіртеді. Бала заттарды қарап шығып, олардың дыбыстарына құлақ түреді.
- Бұдан кейін педагог екі балаға жұптасып жұмыс істеуді тапсырады.
- Балалардың бірі бастаушы болады. Оның көзін байлайды немесе серігін көре алмайтындай етіп бетін бұрып отырғызады. Көзі ашық бала себеттен кез-келген затты алып оның дауысын екіншісіне естіртеді, ал бастаушы қай заттың дыбысы екенін табады. Екі бала өзара орын ауыстыруыларына болады.
- М.Монтессоридың педагогикалық идеясын сараптай келе оның басқа технологиялардан, бағдарламалардан төмендегідей айырмасы бар екенін байқауға болады:
- Жұмыс бөлмесінде тек қана дидактикалық материалдар жинақталуы, ал басқа да заттар мен ойыншықтар ойын бұрышында тұрады.
- Бала жұмыс жасап отырған уақытта педагог бала көңілін бөлмеуі керек, өйткені бала қажеттенбесе, жөнсіз араласу бала қызығушылығын жояды.
- Тәрбиеші тек қана көрсетуді, айтуды, тексеруді қажет ететін балаға ғана назар аударып бағыт береді.
- Балалардың жас ерекшеліктері ескерілмейді.
- Суреттермен, қарындаштармен жұмыс жасау ерте жастан басталса, бояумен жұмыс істеу баланың қол қимылдары дамығанда ғана беріледі.
- Жаттығуларды орындауға арнайы уақыт берілмейді. Кейбір балалар үзіліссіз бір жаттығудан екіншісіне көшсе, ал кейбірі өзіне ұнаған жаттығуын үзіліссіз жасай беруіне болады.
- Бала ұқыптылық пен тәртіптілікке үйренеді. Дидактикалық материалдар салынған барлық ыдыстар мен қораптар үнемі өз орындарында тұрады, себебі Монтессори методикасы өз бетінше әрекет етуге тәрбиелейді.
- Балабақшада Монтессори тобы қалай құрылады.
- Монтессори жүйесінің классикалық варианты 3 жастан бастап оқыту жүргізуді болжайды. Балабакшадағы әр топ - бұл отбасы, онда 3-12 жасар балалар сабақпен айналысады. Олар бірге оқиды, бірге үйренеді.
- Марияның байқауынша, балалар баска балаларды ересектерден гөрі жақсы оқытады. Бұл байқауды пайдалана отырып, Мария өз сыныптарын түрлі жастағы балалармен топтастырып, екі топқа бөлді. Бірінші - 3-6 жасар балалар, екінші топта - 6 - 12 жасар балалар болды. Олардың міндеттері әртүрлі. Алты жасқа дейін бала өз санасын жасайды, алты жастан кейін мәдениетті белсенді меңгереді. Егер балалар өз қарқыны бойынша ақыл қосса, ал мәдениетті түрлі формалар мен бағыттарды меңгеруі қажет.
- Монтессори-топта балалар саны 15-20 адам болған тиімді болып табылады. Балабақша-мектептегі сабақтар топтық емес. 3-5 жасар балаларға арналған топтағы топтық сабаққа 15 минут жұмсалады.
- Өмірдің негізгі тәсілі - қоршаған ортаның заттарымен еркін жұмыс жасау. Бұл көшеге де, үйге де, балабакшаның барлық бөлмелерін - асхана, шешіну бөлмесі, т.б. барлығына қатысты. Екінші топқа көмек көрсету күрделірек, сондықтан әлемде 6-12 жасар балаларға арналған сыныптар аз, ал 3-6 жасар балаларға арналған сыныптар саны көп. Әлемнің кейбір елдерінде (АҚШ, Нидерланды) Монтессори мектептері көп.
-
-
Достарыңызбен бөлісу: |