270
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жубандыкова Акгуль Мурзалиевна, п.ғ.к.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Ахан Қарлыға
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
2 курс студенті
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 -
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында
мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу-оқыту процесінің сапасын арттыру
өзектілігі арта түсті [1].
Өйткені қоғамның қызығушылығын қанағаттандыру және қол жетімділік
пен сапаны қамтамасыз етуге бағытталған мектепке дейінгі деңгей үздіксіз
білім беру жүйесінің маңызды құрамы болып табылады.
«Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы тәжірибеге енгізілуде.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің
білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында,
соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға заман көшіне сай
өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық
технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды
оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы соншалықты
кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.
Қарқынды дамып жатқан технология ғасырында, біздің елімізді алдыңғы
қатарлы мемлекеттер арасына қосуды мақсат еткен Елбасымыз «Біз «білім –
ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай
жылжып келеміз» деп сеніммен айтқан. Баланың жеке басының қалыптасуы
мен дамуы кішкентай жастан басталады. Демек, еліміздің сенімді болашағын
тұрғызу үшін біздің негізгі мақсатымыз инновациялық технологияларды жатық
меңгерген «жаңа заман баласын» тәрбиелеу. Бұл қажеттілікті айқындау үшін,
білімнің алғашқы сатысын меңгеретін, тәлім мен тәрбие алатын, алғашқы білім
мекемесі – балабақшадағы педагогтар сапалы, жан-жақты дамыған, әрі
шығармашыл болуы қажет.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі
мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына
жағдай туғызу керек.
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың
жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық
технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни,
педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін
дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай
271
жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму
кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие
беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке
дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі
технологиялары жасалып енгізілуде.
Әрине мұндайда педагогикалық технологияға анықтама берген
ғалымдардың бірін атап өтсек, олар: В.П.Беспалько, В.М.Монахов,
В.М.Кларин, П.И.Третьчков, И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов
т.б. өз еңбектерінде қарастырып өткен.
Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек
ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл
болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады.
«Инновациялық технологиялар» термині жаңадан енгізіліп жатқан жоқ,
онымен барлық мекемелер жақсы таныс, әрі оны қолданысқа енгізген.
«Инновациялық технологиялар – білімнің басым мақсаттарымен біріктірілген
пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ
тұжырымдамамен байланысқан жаңа міндеттерінің, мазмұнының, формалары
мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына
әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын
құрайды». Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген инновациялық
технологиялар: денсаулық сақтау, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту,
модульдік оқыту, дамыта оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы,
деңгейлеп оқыту, ТРИЗ, ӨТШТ, Монтессори әдістемесі, Тәй-тәй,
В.Воскобович, Г.Доман, З.Дьенеш технологиялары және т.б.
Бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін де елдің білімі, білім беру сапасы
жоғары деңгейде болуы шарт. Осы білім беру жүйесінің бастауы мектепке
дейінгі ұйымдардан басталатынын ұмытпауымыз керек. Ал, мектепке дейінгі
ұйымдардғы білім беру жүйесін қалай дамытамыз? Әрине, мектепке дейінгі
ұйымдарда инновациялық технологияларды қолдану арқылы.
Заманауи қоғамға тәрбиеші-орындаушы емес, тәрбиеші-зерттеуші, жоғары
білімді, бастамашыл тәрбиеші қажет.
Инновациялық технологияларды меңгеру педагогтың интеллектуалдық,
кәсіптік, адамгершілік, шығармашылық, зерттеушілік т.б. қасиеттерінің
қалыптасуына оң әсерін тигізеді, әр педагог өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие
үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Инновациялық технологияларды сауатты қолдану негізінде баланың еркін
дамуына, жан-жақты тәрбие мен білім алуына, белсенді шығармашыл болуына
жағдай жасалады.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі дидактикада баланы дамытудың әртүрлі
материалдары қолданылады. Дегенмен, бала ақылының дамуына арналған,
соның ішінде математикалық, ойлау қабілеттігін дамытуда ең маңызды деген
материалдарды бір қалыпқа келтіріп қалыптастыру мектепке дейінгі оқыту
барысында кез-келген маманның қолынан келе бермейтін күрделі шаруа.
Венгер психологы, әрі математигі Дьенеш жасаған логикалық блоктар баланың
272
алғашқы жылдарындағы логикалық ойлауын дамыту мен олардың ойлау
қабілеттерін математиканы меңгеруге дайындауда неғұрлым тиімді әдістеме
болып отыр.
Логикалық блоктарды венгердің психолог-математигі Золтан Дьенеш
ойлап тапқан. Балаларды блоктар арқылы ойната отырып, оларға нысандардың
түсін, пішінін, көлемі мен жуандығын көрсетіп, ажыратуға үйретуде,
информатикадан бастапқы сабақтар және математика тұрғысынан алғы
ұғымдарды меңгертуде таптырмас құрал. Ол балалардың ойлау әрекеттерін
дамытады (сараптама, салыстыру, боптау, жалпылау), логикалық ойлау,
шығармашылық қабілеттерін және танымдық қабілеттерін (қабылдау, есте
сақтау, наразға алу, елестету) жетілдіреді. Дьенештың блоктарымен ойнай
отырып, бала әртүрлі заттық әрекеттер жасайды (бөлу, белгілі ережемен
орналастыру, қайта орналастыру және т.б.). Дьенештың блоктары үш жастан
асқан балаларға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: