«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


ТРИЗ ӘДІСІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет146/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   296
materialy resp chteniy

ТРИЗ ӘДІСІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕ 

 

Урунбаева Гүлмира Нурсейтовна, 

«Әлия» балабақшасының тәрбиешісі, 

ОҚО, Түркістан қаласы 

 

Балаға тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты –



барлық  тәрбиелік  істе  әрбір  баланы  жеке  тұлға  деп  танып,  біліп,  жан-жақты 

қалыптастыру.  Білім  ордасы  –  балабақша,  ал  балабақшаның  жаны  –  тәрбиеші 

болғандықтан, ұстаздың алдында кәсіби шеберлікпен қатар оқытудың әдістерін 

зерттеп,  нәтижеге  жету  мақсаты  тұрады.  Осыған  сәйкес  оқытудың  тиімділігін 

арттыру  мақсатында  жаңа  білім  парадигмасына  сүйеніп,  Генрих  Саулович 

Альтшуллер ТРИЗ технологиясын жасаған.  

ТРИЗ технологиясының мақсаты – ойындар мен тапсырмаларды пайдалана 

отырып,  ұжымдық  әрекет,  яғни  қарым-қатынас  жасай  білуге  үйрету, 

дағдыландыру.ТРИЗ  технологиясы  балаға  шығармашылық  тапсырмаларды 

орындауды  үйретеді  және  оның  бойында  шығармашылық  қажеттілікті 

дамытып,  оның  қызығушылығына  сүйене  отырып,  шығармашылыққа  жүйелі 

түрде жетелеуге мүмкіндік береді. 

ТРИЗ  (теория  решение  изобретательских  задач)  технологиясы,  яғни 

тапқырлар тапсырмаларын шешу теориясы (ТТШТ-ТРИЗ) балабақшадан бастап 

мектеп  практикасына  енуде.  Шығармашылық  тапсырмаларды  орындау 

теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі 

үшін негіз болды. 

Балабақшадағы  білім  беруге  арналған  инновациялық  қызмет  мектепке 

дейінгі  білім  беру  ұйымдары  педагогтарының  кәсіби  дамуының  ең  басты 

факторы  болып  отыр.  Қазіргі  заманның  инновациялық  қызметі  педагогтарға 

нақты  бір  жетістіктерге  жетуге  көмектеседі.  ТРИЗ  технологиясын  барлық 

пәндерге  пайдалануымызға  болады.  Бұл  технология  баланың  тілін,  ой  өрісін, 

шығармашылығын  дамытып,  әр  түрлі  мәселелерді  шешуде  белсенді  болуға 

көмектеседі.  ТРИЗ-шілердің  ұраны:  «Ойдағының  бәрін  айтуға  болады», 

сондықтан балалар өздері ойлап тауып, өз ойларын жасқанбай айтып жеткізуге 

тырысады.  

Балалардың  бейнелеу  өнеріне  деген  қызығушылығын  арттыруда, 

бейнелерге қызықты да әдеттен тыс сипат беруге үйретуде сурет салудың , триз 

әдістері  (үрлеу  арқылы  сурет  салу,  жіп  графикасы,  картоп  бастырмасы, 

саусақпен,  далаппен,  ермексазбен  сурет  салу  т,б)  енгізілді.  Балалар  өз 

қабілеттерін  көрсетуге  толық  мүмкіндік  ала  отырып,  өз  жұмыстарының 

нәтижесін  көріп,  қол  жеткізген  жетістіктерін  сезінеді.  Мысалы,  әр  бала  үшін 




261 

 

саусақпен,  өз  алақанының  таңбасымен  сурет  салу,  қағаз  бетіне  бояу  тамызып, 



оны үрлеп сиқырлы бейнелерге айналдыру өте қызықты. 

ТРИЗ әдістері:   

-

 

Бастырма  әдісімен  сурет  салу  үшін  әртүрлі  заттарды  қолданып  көруге 



болады.  Мысалы,  поролон,  бөтелке  тығыны,  жапырақтар,  сәбіз,  картоп. 

Картоптан  әртүрлі  пішіндер  жасап  алып,  оны  бояуғабатырып,  бейнелерге 

айналдыруға болады.  

-

 



Монотипия  әдісі  –  суреттің  симметриялы  бейнесі.  Альбом  парағын  көз 

мөлшермен екіге бөлу. Бір бөлігіне бояу жағу, содан соң қағазды  бүктеу. Бояу 

кепкен  соң  екіге  бүктелген  қағаздағы  бейнені  қиып  алуға  болады.  Бір  немесе 

бірнеше бояуды бірден қолдану әдісі гүл, ағаш, көбелек бейнелеуде ыңғайлы.  

-

 

Балауыз  әдісі  арқылы  салынған  сурет  алғашында  көрінбейді,  тек 



қағаздың  бетінде  түрлі  түсті  бояулар  жағылған  соң  бейне  пайда  болады. 

Балауыз  шаммен  ақ  қағазға  сурет  салу,  оны  қылқаламмен,  мақтамен  немесе 

поролонмен бейненің үстінен бастыра бояу. 

-

 



Сия  тамшысы  әдісі  арқылы  түсті  өзгертуге,  жаңа  тамшылар  түсіруге, 

оларды  қоршап,  аяқтауға  әртүрлі  бағыттар  жүргізілген  сызық,  нүктелерді 

пайдаланып, тамшының пішінін өзгертуге болады.   

-

 



Саусақпен сурет салу алақанмен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша 

әдісі.  Бояуды  табаққа,  суды  кішкентай  ыдысқа  құйып  дайындайды. 

Саусақтарды бір түсті бояуға батырып, қағазға түсіріп болған соң саусақтарды 

жуып, қағаз сүлгімен сүртіп отырады.  

-

 

Дымқыл  қағазға  сурет  салу.  Дымқылдау  үшін  мақтаны  аздап  суға 



батырып, қағаз бетіне жағу қажет.  Суретті тез  салып шығу қажет.  

-

 



Умаждалған  қағазбен  сурет  салу  әдісі.  Алдымен  негізгі  бет,  сосын 

палитраға  керекті  қоюланған  гуаш  бояуының  түстері,  умаждалған  бірнеше 

қағаз бөліктері дайындалады. Бала умаждалған қағазды бояуға батырып, сурет 

салады, әр түске батырған сайын қағаз бөлігін ауыстырады.  

-

 

Эбру  (суда  салу)  тәсілі  ыдысқа  дайындалған  су  бетіне  бояуды 



қылқаламмен бүрку арқылы сурет салу. Оған қолданатын құралдар таяқшалар, 

крахмал, қағаз, тарақ, желім. Су бетіне шыққан бояуларды таяқшаны қолданып 

әр бағытқа созу арқылы бейне шығарады.  

-

 



Су  көпіршіктері  тәсілі.  Балалар  ыдысқа  дайындалған  түрлі  түсті 

көпіршіктерді  түтікше көмегімен қағаз бетіне бейнелейді. 

-

 

Нүктелер 



арқылы 

сурет 


салу. 

Нүктелер 

саусақ 

немесе 


қылқалам   ұшымен  тықылдату   әдісі  арқылы   түсіріледі,  нүктелердің 

көлемдері   әр  түрлі  болуы  мүмкін.  Нүктелер  арқылы   салынған  сурет  мозаика 

сияқты  болады.    Контур  нүктелерді  қойып  суреттің  сызбасы  дайындалады. 

Балаға  нүктелерді  сызықтармен  қосу  ұсынылады.  Пайда  болған  бейнені 

аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады. Жұмысты аяқтаған 

соң  балалар  ашық  түстерді  немесе  суық  және  жылы  түстерді  көп  қолданған 

суреттерді топтастырады 

-

 



Құммен,  тұзбен,  жарма  ұнтағымен  сурет  салу  әдісі.  Балаларға  құммен 

сурет  салу  өте  қызықты  болмақ,  өйткені  олар  құммен  ойнағанды  қатты 




262 

 

ұнататыны  сөзсіз.  Ақ  қағаз  бетіне  суреттің  пішіні  сызылып  алынады,  пва 



желімін  сызылған  сызық  бойымен  қылқаламмен  жағып  шығамыз,  жағылған 

желімнің  үстіне  ыдыстағы  құмды,  тұзды,  түрлі  түсті  борлармен  боялған 

жарманы себелеп шығамыз. 

Осы әдістердің балалармен жұмыс жасауда өте тиімді екенін ескере келе, 

өз  іс-тәжірибемде  жиі  қолданып,  «ТРИЗ  әдісін  бейнелеу  өнерінде  қолдану» 

тақырыбында  жұмыс жүргізудемін. 

Мақсатым:  балаларды  сурет  салудың  техникалық  дағдыларын  үйрету. 

Сурет  салудың  әртүрлі  дәстүрден  тыс  тәсілдерімен  таныстыру,  өзіндік 

қайталанбас бейне жасауға үйрету. 

Жұмыс  барысында  бастыру  әдісімен  балалар  «Күзгі  алаңқай»,  «Тәтті 

дәрумендер».  «Мейірімді  жүрек»,  «Ғажайып  аквариум»  тақырыптарында 

жұмыс  жасады.  Боялған  жүгері  собығы,  сулы  дәке,  боялған  түйіршікті 

целофанды  бастыру  арқылы  сурет  салу  нәтижесінде  ғажайып  суреттер  пайда 

болды.  


 

1-сурет. 

Бастырма әдісі     

бойынша 


балалар  

«Күзгі 


алаңқай»  

тақырыбында  

жұмыс 

жасауда. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

2-сурет. 



Қылқаламды тік бастыру арқылы боямақтарды бояу 

«Ғажайып  аквариум»  суретін  салу  барысында  сулы  жұқа  дәкені 

пайдаландық. Мұнда балаларға дайын аквариум пішіні берілді.Сулы ақ дәкені  

көк,  жасыл  түстерге  бояп,  бастыру  арқылы  аквариум  әлемі  пайда  болды. 




263 

 

Балалар  шығармашылық  қабілеттерін  әрі  қарай  жалғастырып,  түрлі  штамптар 



көмегімен балықтарды бастырып салды.  

Балауызбен сурет салу әдісі арқылы «Менің қалам» тақырыбында балалар 

өз туған қаласын, ондағы биік үйлерді бейнеледі.  

Жаңа  жыл  мерекесі  қарсаңында  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде 

«Сиқырлы  әйнектер»  тақырыбында,  балалар  дайын  әртүрлі  пішіндегі 

әйнектерді  өрнектеді.    Балалар  жұмыс  алдында  қандай  өрнектер  салатынын 

ойланып,  қаламмен  бірнеше  суреттерді  салып,  салынған  сурет  үстінен 

балауызбен бастырып шықты. Түрлі түсті бояумен бояды. Әйнектегі аяз салған 

суретті өздері де сала алатындығын түсінді.  

«Мерекелік отшашу», «Ұлттық оюлар» тақырыбында пва желімі мен тұзды 

пайдаланып  сурет  салуда  балалардың  ұшқыр  ой  қиялдары  дамыды, 

қызығушылығы артты.  

Эбру суда сурет салу әдісі бойынша жүргізілген жұмыс алдында, балаларға 

суды  дайындауды  көрсеттім,  қандай  құралдарды  қолдану  керектігін  

түсіндірдім.  Суды  дайындау  үшін  суға  крахмал  (желім  не  қоюландырғыш) 

қосылады.  Ол  су  бетіндегі  бояуды  ұстап  тұрады.  Балалар  су  бетіндегі  бояуды 

таяқшаларды  қолдана  отырып,  ғажайып  бейнелерді  жасай  білді.  Мысалы; 

көбелек,  гүлдер,  жүрекше  т,б  бейнелер.  Бұл  әдіс  балалар  бойындағы 

қорқынышты жоюға, өзін ортада еркін ұстауға бейімдейді.  

Сия  тамшысы  арқылы  сурет  салуда  балалар  «Гүлдеген  алма  ағашы», 

«Томпақ  бізде  қонақта»  тақырыптарында  жұмыстар  жасады.  Әртүрлі  бағытта 

жүргізілген сызық неге ұқсайтынын тауып, қосымша бөлшектерін бейнеледі.  

Томпақ  жайлы  өз  ойларынан  шыққан  өлең  шумақтарын  ортаға  салды. 

Мысалы:  

Томпақ, Томпақ, Томпақсың 

Сүп сүйкімді ғажапсың 

Сенімен бірге әдемі 

Аспан жұлдыз әлемі   

Саусақпен  сурет  салу  әдісі  бойынша 

боялған  саусақты  басу  арқылы  піл,  шаян, 

құс, балық т.б. суреттер сала білді. 

Балалар  Монотипия  сурет  салу  әдісі 

бойынша 

жүргізілген 

жұмыста 

табиғаттағы жыл мезгілдерін көрсете білді. 

Осы әдіспен жұмыс жасауды дамыту 

аясында  ата-аналарға  балалармен    үй 

тапсырмасы ретінде қосымша тапсырмалар 

берілді.  

Көпіршікпен  сурет  салуда  «Бақбақ», 

«Қиял  әлемі»  тақырыптарында  жұмыс 

жүргізілген 

кезде, 


түрлі 

түсті 


көпіршіктерді  қолданып,  қағаз  бетіне 


264 

 

түтікше арқылы гүлдерді, бейнелерді сала білді. Көпіршікпен сурет салу балаға 



ең қызықты іс әрекеттің бірі.  

Нәтижесінде 

балада 

көркемөнер 

туралы 

білімі 


қалыптасады, 

шығармашылығы  дамиды,  отбасы  және  балабақша  ынтымақтастығы  орнайды, 

сурет салу іс-әрекеттері арқылы бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілік оянады. 

Іскерлік қабілеті дамып, эстетикалық талғамы артады. 

 


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау