2
УДК 373
ББК 74.1я73
М 48
Баспаға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің Редакциялық баспа кеңесі мақұлдап ұсынған
Пікір жазғандар:
Жиенбаева С.Н. – пед.ғылым. докторы, профессор;
Таубаева Ғ.З. – пед.ғылым.
кандидаты доцент
Метербаева К.М.
М 48. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып
сөйлеуін қалыптастыру
әдістемесі 5-7 жас:
оқу құралы.
Метербаева
К.М.
– Алматы: «Қыздар университеті» баспасы, 2013 –
95 бет.
ISBN 978-601-224-491-5
Оқу құралында 5-7 жастағы балаларды байланыстырып сөйлеуін
қалыптастыру ерекшеліктері мен жолдары, әдіс-тәсілдері қарастырыл-
ған.
Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыс-
тырып сөйлеуін қалыптастырудың психологиялық, педогогикалық
мүмкіндіктері нақтыланып оны жүзеге асырудың теориялық құры-
лымы ұсынылған.
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша
даярланатын студенттер мен магистранттарға, мектепке дейінгі ұйым
тәрбиешілері мен педагогикалық колледж және жоғары оқу орнының
оқытушы мамандарына арналған.
УДК 373
ББК 74.1я73
ISBN 978-601-224-491-5
© Метербаева К.М.,2013
© «Қыздар университеті» баспасы,2013
3
КІРІСПЕ
Тіл – әр ұлт өмірінің тарихы мен мәдениетін, әдет-
ғұрып, салт-дәстүр, тыныс-тіршілігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу-
ші құрал. Олай болса, егеменді ел болашағы ертеңгі жас ұрпаққа
сапалы білім, саналы тәрбие беруде олардың байланыстырып
сөйлеу тілін дамытудың маңызы аса зор.
Қазақстан Республикасының “Тіл туралы” заңында “ұлт
тілінде жұмыс істейтін балалар мекемелерін құру қамтамасыз
етіледі” деп [1], оқу-тәрбие жұмысын ана тілінде жүргізуді бала-
бақшадан бастау керектігін атап көрсетті. “Білім туралы” Заң-
ның 23-бабында үздіксіз білім беру саласының алғашқы баспал-
дағы, балабақшаның мақсаты мен міндеттері айқындалған[2].
Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жол-
дауында балабақшалар жүйесін қалпына келтіруге және толық-
қанды мектепке дейінгі білім беруді қалыптастыруға кірісу, яғни
мектепке дейінгі білім беруді мектептер аясында дамыту қажет-
тігі нақты көрсетілген [3].
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасында жасын және өзіне тән ерек-
шеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін
даму ортасын құрайтын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі
анық белгіленген [4].
Бала тілін сәби кезінен бастап дамыту олардың ойын өр-
біту, сол арқылы жеке басының қалыптасуына жағдай жасау –
оқу-тәрбие мәселесіндегі негізгі мақсаттардың бірі. Бала өз
ойын тіл арқылы жеткізеді. Ал бала тілінің дамуы, оның сөйлеу
мүмкіндігінің қалыптасуы бірден пайда болмайтын күрделі пси-
хологиялық процесс. Ол жүйелі жүргізетін жұмыс түрлерінің
негізінде жүзеге асады.
Осы міндеттерді жүзеге асырудың алғы шарты ретінде
үздіксіз тәрбие мен білім берудің тұжырымдамалары жасалып,
соның негізінде оқыту, тәрбиелеу мазмұнын түбегейлі жақсарту
көзделіп отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметі 1999 жылы 22 қараша-
да (№ 1762) “Балаларды мектеп алдындағы даярлаудың міндетті
4
мәселелері” деген қаулы қабылдады [5] Осы қаулыны жүзеге
асыру үшін әзірленген тұжырымдамада мектепалды даярлықтың
мақсаты 5-6 жасар балалардың жалпыға бірдей ақыл-ой, дене
тәрбиесін дамытып, олардың жалпы білім беретін мектептердің
басқы буынындағы білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеруге
әзірлігін қамтамасыз ету болып табылатындығы көрсетілген.
Жоғарыда келтірілген деректерге назар аударсақ, үкімет тара-
пынан жарық көрген құжаттарда балалардың тілін дамытуға
баса көңіл бөлініп отырғанын көреміз.
Көне түркі халқының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұн
ақылдың көркі тіл, тілдің көркі – сөз дегеніндей, тіл арқылы
жеке адамның тәжірибесі, санасы үздіксіз дамып отыратынды-
ғын айқындаған [6].
Сондай-ақ, философтар қоршаған дүние, яғни табиғат
құбылыстарының қарым-қатынасы, адамның рухани дамуы ана
тілі негізінде жүргізілетінін қарастырған. Философтардың ой-
пікірлеріне сүйене отырып, біз баланың байланыстырып сөйлеуі
оны қоршаған дүниеге деген сезімін, ойын тәрбиелеуге ықпал
жасайды деген тұжырымға келдік.
Психологтардың зерттеулерінде жас кезінде баланың та-
нымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына
байланысты тілді тез меңгеретіні ғылыми негізде дәлелденген.
Баланың тілдік сезгіштік қасиеті балалардың мектепке
дейінгі және мектептің бастауыш оқыту кезеңдерінде өз ана тілі-
нің ерекшелігін айыра білу қабілетін дамытып отырады. Тіл ар-
қылы ойды қабылдау және сезінудің жолдары әр түрлі екендігі
белгілі. Яғни, күнделікті көру, есту, сөйлеу қабілеті практика-
лық жұмыстармен байланысты дамиды. Біз қабылдаған заттар
мен құбылыстар санамыздан ізсіз жоғалып кетпейді, ми қырты-
сында бейнелер түрінде сақталады, заттар мен құбылыстардың
біздің көз алдымызда жоқ кезінде де оймен қайта жаңғыртып
отырған олардың бейнесі елес (еске түсіру) болып табылады.
Қазақ халқының белгілі психологы Ж.Аймауытов тіл үй-
ретуде баланың өз тәжірибесі, көрген-білгенін, оны қоршаған орта,
нәрсе, заттардың орнын ерекше бағалай келе, баланың алғашқы
көріп-білетіні қоршаған орта екенін, сол қоршаған орта арқылы